kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рт т?лігім - ырысым

Нажмите, чтобы узнать подробности

№5 орта мектеп

«Біз білімді боламыз» атты ?зартыл?ан к?н тобы

апталы?ыны? аясында ?ткізілген іс-шара

?ткізген: ?итаманова ?.С.

2015-2016 о?у жылы

25.11.2015ж

Та?ырыбы: Т?рт т?лігім – ырысым.

Ма?саты: ?й жануарларын таныстырып, т?рт т?лік жайлы т?сініктерін ке?ейту. Т?рт т?лік малды? иесімен ж?не т?лдерімен таныстыру. О?ушыларды? с?йлеу тілін дамыту, с?здік ?орын байыту. Балалар?а жануарларды к?тіп ба?у?а с?йіспеншілігін ояту, олар?а ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: А?дар, ?й жануарлары мен т?лдерді? суреттері, презентация.

Саба? барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і.

Амандасу

?уан, шаттан, ала?ай,

?уанатын к?н б?гін.

К?ліп шы?ты к?н б?гін,

?айырлы та?, ?айырлы к?н!

2. Жа?а саба?

-Таби?атта?ы тірі денелерді атайы?

-?андай жануарларды білеміз?

-Мына жануарларды ?алай атаймыз?

-Жабайы а?дар.

- Мына жануарларды ?алай атаймыз?

-?й жануарлары, я?ни т?рт т?лік мал дейміз.

-Олай болса, балалар, б?гін біз т?рт т?лік малдар ж?не т?лдері туралы айтатын боламыз. Малдарды? пірлерімен, олардан алынатын ?німдермен танысамыз.Т?рт т?ліктер туралы ?ле?дер айтып, ж?мба? шешіп, ма?ал-м?телдер айтамыз.

М??алім:-?аза? хал?ы ерте уа?ыттан мал шаруашылы?ымен айналыс?ан Халы?. Бабаларымыз т?рт т?лікке ерекше к??іл б?лген. ?рі ас-ау?аты, ?рі киімі, ?рі к?лігі, ?ымызы ем, ?рі жек-жат ж?ртымен жасайтын алыс берісіні? к?зі, байлы?ы бол?анды?тан, ?аза? ?шін осы т?рт т?лік мал аса ?ымбат д?ние бол?аны белгілі. Халы? бірін-бірі к?ргенде «мал-жан аман ба?» деп аманды?-саулы? с?рас?ан. Я?ни ?аза? хал?ыны? ?мірі, салт-д?ст?рі осы т?рт-т?лікпен ты?ыз байланыста бол?ан.

Ж?мба? айту: Кезікті бір жануар,

?стінде екі тауы бар.

Б?л ?андай жануар? (Т?йе)

-Олай болса, «Т?рт т?лікті? т?ресі- т?йе» туралы не білеміз?

Н?рба?ыт: Т?йе-т?лік басы. Т?йе- к?шті? к?лігі. О?ан к?бінесе ж?к артады. С?тінен

Ш?бат, бал?айма?, ??рт дайындайды. Ж?нінен жылы киім то?иды, к?рпе

тігеді

Н?ржан: Т?йе – байлы?, салтанат

Т?йе атасы - Ойсыл?ара.

Айтол?ын: Екі к?зі танадай

Екі ?ркеші баладай

Елпе?деген ойна?тап

Енесіне ?арамай

Ойсыл?ара баласы

Бота?аным ?айдасы??

К?с, к?с.

Н?ржан : Т?йе т?лі бота?ан

М?лдіреп к?зі ойна?ан.

Аружан: Е? зор т?лік т?йемін

Тікенді ш?пті с?йемін

Пайдаланса?, с?тім- ш?бат

Дертке дауа, жан?а ?уат.

М??алім:

-?те жа?сы.Т?йе атасын ?алай атаймыз?

-Т?йе т?лін ?алай атаймыз?

Т?йені ?алай ша?ырамыз?

Т?йе ?алай дыбыстайды?

-Т?йе с?тінен не дайындайды?

-Т?рт т?лік малды? ішінде е? ?асиеттісі т?йе болып есептеледі. Ол ?ыры? к?н ш?лге шыдайды. Ж?к артса- к?лік, жесе – ет, ал ж?ні киімге жара?ан.

М??алім ж?мба? жасырады:

2.Ая?ында та?асы бар,

Мойнында жа?асы бар.

Мінсе к?лік болар,

Сауса ?ымыз болар.

М??алім: « Жыл?ы – ер ?анаты» Жыл?ы туралы не білеміз?

Н?ртілек: Жыл?ы – т?рт т?лікті? бірі. Сауса? – ?ымызы сусын, мінсе? к?лік.Суы??а т?зімді. Оны? майы сал?ында то?азымайды. Еті де, ?ымызы да ем.

Диляра: Жыл?ы – с?ндік, ма?тан.

Жыл?ы атасы – ?амбарата

Еркеназ: ?жем жиі сауады

Боз биені бая?ы

С?ті неткен к?п еді,

Суалмай-а? келеді.

??лыны да тояды,

Сабамыз да толады.

?анады ?бден ?ымыз?а

Бізді? ?йді? ?она?ы.

Елдос: ??лдыр-??лдыр ??лынша?,

Жібек жалды ??лынша?.

Ж?йріктігі ??йындай

??лынша?ты мінде шап

Алиарман: Жол?а шы?сам, к?лігім,

Жапанда ж?рсем, серігім.

?амбар ата ?сірген,

??лыным мені?, ?айдасы??

??рау, ??рау!

Г?лд?урен: К?мбірлеген ?ні бар,

Желкілдеген жалы бар.

Желкілдейді ж?йрігім,

Желмен шап?ан жануар.

Айша: Жыл?ы т?лі – ??лынша?,

Т?я?ы жерге ?рынша?.

            Сергіту с?ті: «?ара жор?а» биі

М??алім:

-?те жа?сы. Жыл?ы атасын ?алай атаймыз?

- Жыл?ы т?лін ?алай атаймыз?

- Жыл?ыны ?алай ша?ырады?

- Жыл?ы ?алай кісінейді?

- Жыл?ыны? с?тіне не дайындайды?

М??алім: ?аза?ты? ?асиетті малдарыны? бірі - жыл?ы. Жыл?ы - ж?йрік жануар, к?лік ретінде мінген. Жыл?ы малын аса жо?ары ба?ала?ан ?аза?тар, оны ?лкен ас тойларда жарыс?а салып, б?йгеге ?ос?ан. Ер азаматтар?а жасалатын сыйды? да ?лкені ат мінгізіп, шапан жабу бол?ан.

Ж?мба?: Айран берген, ??рт берген,

Шелек-шелек с?т берген,

Айты?даршы балалар,

Б?л ?андай мал, кім білген? (сиыр)

-Олай болса, сиыр туралы не білеміз?

Ерзат: Сиыр – ірі ?ара?а жатады. Оны к?біне - к?п с?ті ?шін ?стайды, етін азы? етеді. Сиырды? с?тінен ?айма?, май, айран, ??рт, с?збе, ірімшік дайындайды.

Н?расыл: Сиыр - ?ана?ат, а?ты?

Сиыр атасы - Зе?гібаба.

А?ерке: Мінезі жайлы сиырмын,

Байлы?ымын бір ?йді?.

Сырымды мені? ??ып ал

Етім – д?мді, с?тім – бал

Аянат: А? б?зауым ?найды,

«М? - м?» деп с?т с?райды.

А? б?зауды ба?амын,

Апамнан ал?ыс аламын.

Келеді ?сіп к?н санап,

?оямын ба т?мшалап.

Т?мсы?ын созып ?арайды,

Тілімен м?рнын жалайды.

Н?ртілек: ?укім, ?укім, сиырым,

М?йізі?ні? с?йірін!

Ш?йгін жерге келгелі

Шы?ып ?апты б?йірі?.

М??алім:

-?те жа?сы. Сиыр атасын ?алай атаймыз?

- Сиыр т?лін ?алай атаймыз?

- Сиырды ?алай ша?ырады?

- Сиыр ?алай м??ірейді?

- Сиырды? с?тіне не дайындайды?

Ж?мба?: Кішкене ?ана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Б?л ?андай жануар?

М??алім: «?ой – т?рт т?лікті? момыны» ?ой туралы не білеміз?

Г?лд?урен: ?ой – т?рт т?лікті? ?са?ы. Терісінен тон тігеді, Ж?нінен киіз басады. Жіп иіріп, ?ол?ап, ш?лы? то?иды. ?ойды? с?ті ?ою болады.

Диляра: ?ой – ?азына, мырзалы?,

?ой атасы - Шопаната

Айтол?ын: Кішкене, мома?ан,

?оша?анды ?натам

С?йеді апам ?озым деп,

?оша?аным ?зі? деп.

Н?расыл?ой баласы ?о?ырым,

?ойдай жуас момыным.

Шопаната т?легі,

?оша?аным, ?айдасы??

П?шайт, п?шайт !

Исламбек: «М?? - м??» деген ?ні бар

Жібек тоны - с?ні бар.

?оша?аным мома?ан,

С?йкімді бір жануар.

Айша: Жайылады а??арда,

Ма?ырайды албарда.

Тістемейтін, теппейтін.

?ойдан момын мал бар ма?

М??алім:

-?те жа?сы. ?ой атасын ?алай атаймыз?

- ?ойды? т?лін ?алай атаймыз?

- ?ойды ?алай ша?ырады?

- ?ой ?алай ма?ырайды?

- ?ойды? с?тіне не дайындайды?

-?ой ж?нінен не жасалады?

- Жіп иіріп, киім то?ылады. Киіз басады, терісінен тон тігеді.

М??алім: ?ой - т?рт т?лік малды? ішіндегі ?аза?ты? е? с?йіктісі десе де болады. «?ойды? с?ті - ?ор?асын, ?ойды ??рт?ан о?басын» дейтін ?аза?ты? ?ой ?сіруге ынта - ы?ыласы мол – а?. ?ой майда, ?рі ?сімтал, мома?ан.

Ж?мба?: Асты пыша?,?сті істек

?зіне лайы?тап киім пішкен

Секіріп-секіріп т?скен

Б?л ?ай жануар ? (ешкі)

М??алім :

-«Ешкі – ?сімтал мал» Ешкі туралы не білеміз ?

Елдос: Ешкі иесі – Сексеката.

Диляра: Жауын жауса, ба?ыр?ан,

Ешкі атасын ша?ыр?ан.

?рісте ?скен жануар,

Ш?кетайым, ?айдасы? ?

Ш?ре, ш?ре !

Ерзат: Ешкі т?лі – ла?,

Тыныш т?рмайды ол біра?

АянатШ?ре-ш?ре, ла?ым,

Тентек болма, шыра?ым.

Секектеме, демі?ді ал,

Селте?демей ??ла?ы?.

М??алім:

-?те жа?сы. Ешкі иесін ?алай атаймыз?

- Ешкі т?лін ?алай атаймыз?

- Ешкіні ?алай ша?ырады?

- Ешкі ?алай ма?ырайды?

-Ешкі ж?нінен не то?ылады?

М??алім:

-Д?рыс айтасы?дар. Ешкі ?сімтал малды? бірі. Ешкіні? еті же?іл, ?рі сі?імді, с?ті аса ??нарлы болады. Ешкіні? с?ттісін арнайы ?стап, ана с?тіне жарыма?ан баланы ешкі с?тімен асырайды.

М??алім:

-Балалар, т?рт т?лік мал туралы ?андай тыйым с?здер білеміз?

Алиарман: Малды теппе, а?ты т?кпе.

Аянат: Малды басынан ?рма.

А?ерке: Мал?а теріс мінбе.

Т?рт т?лік туралы ма?ал-м?телдер

Аружан: Сиырды? с?ті тілінде.

Н?ртілек: Сиыр сау?ан ш?лдемес.

Елдос: Ат-адамны? ?анаты.

А?ерке: Атты? к?ркі

??йры?-жалы, ??ла?ы.

Тауды? к?ркі

Тасы менен б?ла?ы.

Еркеназ: Т?йе атасы - нар,

А?аш атасы – шынар.

Алиарман: ?ойды? с?ті - ?ор?асын,

?ойды ?р?ан о?басын.

Айтол?ын: Сиырды теппейді,

С?тті т?кпейді.

М??алім: Ойын: «Т?лдері ?айда?»

            Балалар біздерге т?рт т?лікті? ж?не т?лдеріні? орны ауыстырылып берілген орнына апару ?шін біздер тапсырмалар орындауымыз керек.

1-тапсырма: Математика п?ніне байланысты болма?.

            3, 5, 6, 8 саныны? ??рамын айт.

            2, 4, 7 саныны? к?ршісін айт.

2-тапсырма: Сауат ашу п?ніне байланысты.

            Жыл?ы, т?йе, сиыр, ?ой, ешкі с?здеріне дыбысты? талдау жаса

3-тапсырма: Д?ниетану п?ніне байланысты.

            Таби?ат ??былыстарын ата

4-тапсырма: Математика п?ні бойынша.

            1-ден 10-?а дейін ?су ретімен сана

            10-нан 1-ге дейін кему ретімен сана.

5-тапсырма: Сауат ашу?а байланысты

Т?рт т?лік мал?а жеке-жеке с?йлем ??ра.

?орытындылау.

М??алім: 

  • Жарайсы?дар балалар!
  • Сонымен біз б?гін ?андай та?ырып ?ттік?
  • Т?рт т?лік малды? пірлерін, т?лдерін атайы?.
  • Оларды? пайдас ?андай?

Осымен саба?ымыз ая?талды.

Біз а?ылды баламыз,

Айт?ан тілді аламыз.

Б?гінгі келген ?она??а,

«Сау болы?ыз!» - деп айтамыз.

Саба?ты ая?тау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рт т?лігім - ырысым»

5 орта мектеп





















«Біз білімді боламыз» атты ұзартылған күн тобы

апталығының аясында өткізілген іс-шара

















Өткізген: Қитаманова Ә.С.





















2015-2016 оқу жылы





25.11.2015ж

Тақырыбы: Төрт түлігім – ырысым.

Мақсаты: Үй жануарларын таныстырып, төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік малдың иесімен және төлдерімен таныстыру. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Балаларға жануарларды күтіп бағуға сүйіспеншілігін ояту, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Аңдар, үй жануарлары мен төлдердің суреттері, презентация.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

2. Жаңа сабақ

-Табиғаттағы тірі денелерді атайық

-Қандай жануарларды білеміз?

-Мына жануарларды қалай атаймыз?

-Жабайы аңдар.

- Мына жануарларды қалай атаймыз?

-Үй жануарлары, яғни төрт түлік мал дейміз.

-Олай болса, балалар, бүгін біз төрт түлік малдар және төлдері туралы айтатын боламыз. Малдардың пірлерімен, олардан алынатын өнімдермен танысамыз.Төрт түліктер туралы өлеңдер айтып, жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдер айтамыз.

Мұғалім:-Қазақ халқы ерте уақыттан мал шаруашылығымен айналысқан Халық. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы ем, әрі жек-жат жұртымен жасайтын алыс берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбат дүние болғаны белгілі. Халық бірін-бірі көргенде «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Яғни қазақ халқының өмірі, салт-дәстүрі осы төрт-түлікпен тығыз байланыста болған.

Жұмбақ айту: Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Бұл қандай жануар? (Түйе)

-Олай болса, «Төрт түліктің төресі- түйе» туралы не білеміз?

Нұрбақыт: Түйе-түлік басы. Түйе- көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен

Шұбат, балқаймақ, құрт дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды, көрпе

тігеді

Нұржан: Түйе – байлық, салтанат

Түйе атасы - Ойсылқара.

Айтолқын: Екі көзі танадай

Екі өркеші баладай

Елпеңдеген ойнақтап

Енесіне қарамай

Ойсылқара баласы

Ботақаным қайдасың?

Көс, көс.

Нұржан : Түйе төлі ботақан

Мөлдіреп көзі ойнаған.

Аружан: Ең зор түлік түйемін

Тікенді шөпті сүйемін

Пайдалансаң, сүтім- шұбат

Дертке дауа, жанға қуат.

Мұғалім:

-Өте жақсы.Түйе атасын қалай атаймыз?

-Түйе төлін қалай атаймыз?

Түйені қалай шақырамыз?

Түйе қалай дыбыстайды?

-Түйе сүтінен не дайындайды?

-Төрт түлік малдың ішінде ең қасиеттісі түйе болып есептеледі. Ол қырық күн шөлге шыдайды. Жүк артса- көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған.

Мұғалім жұмбақ жасырады:

2.Аяғында тағасы бар,

Мойнында жағасы бар.

Мінсе көлік болар,

Сауса қымыз болар.

Мұғалім: « Жылқы – ер қанаты» Жылқы туралы не білеміз?

Нұртілек: Жылқы – төрт түліктің бірі. Саусаң – қымызы сусын, мінсең көлік.Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.

Диляра: Жылқы – сәндік, мақтан.

Жылқы атасы – Қамбарата

Еркеназ: Әжем жиі сауады

Боз биені баяғы

Сүті неткен көп еді,

Суалмай-ақ келеді.

Құлыны да тояды,

Сабамыз да толады.

Қанады әбден қымызға

Біздің үйдің қонағы.

Елдос: Құлдыр-құлдыр құлыншақ,

Жібек жалды құлыншақ.

Жүйріктігі құйындай

Құлыншақты мінде шап

Алиарман: Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім.

Қамбар ата өсірген,

Құлыным менің, қайдасың?

Құрау, құрау!

Гүлдәурен: Күмбірлеген әні бар,

Желкілдеген жалы бар.

Желкілдейді жүйрігім,

Желмен шапқан жануар.

Айша: Жылқы төлі – құлыншақ,

Тұяғы жерге ұрыншақ.

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі

Мұғалім:

-Өте жақсы. Жылқы атасын қалай атаймыз?

- Жылқы төлін қалай атаймыз?

- Жылқыны қалай шақырады?

- Жылқы қалай кісінейді?

- Жылқының сүтіне не дайындайды?

Мұғалім: Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Жылқы - жүйрік жануар, көлік ретінде мінген. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар, оны үлкен ас тойларда жарысқа салып, бәйгеге қосқан. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған.

Жұмбақ: Айран берген, құрт берген,

Шелек-шелек сүт берген,

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қандай мал, кім білген? (сиыр)

-Олай болса, сиыр туралы не білеміз?

Ерзат: Сиыр – ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды, етін азық етеді. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.

Нұрасыл: Сиыр - қанағат, ақтық

Сиыр атасы - Зеңгібаба.

Ақерке: Мінезі жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Сырымды менің ұғып ал

Етім – дәмді, сүтім – бал

Аянат: Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө - мө» деп сүт сұрайды.

Ақ бұзауды бағамын,

Апамнан алғыс аламын.

Келеді өсіп күн санап,

Қоямын ба тұмшалап.

Тұмсығын созып қарайды,

Тілімен мұрнын жалайды.

Нұртілек: Әукім, әукім, сиырым,

Мүйізіңнің сүйірін!

Шүйгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің.

Мұғалім:

-Өте жақсы. Сиыр атасын қалай атаймыз?

- Сиыр төлін қалай атаймыз?

- Сиырды қалай шақырады?

- Сиыр қалай мөңірейді?

- Сиырдың сүтіне не дайындайды?

Жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Бұл қандай жануар?

Мұғалім: «Қой – төрт түліктің момыны» Қой туралы не білеміз?

Гүлдәурен: Қой – төрт түліктің ұсағы. Терісінен тон тігеді, Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою болады.

Диляра: Қой – қазына, мырзалық,

Қой атасы - Шопаната

Айтолқын: Кішкене , момақан,

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

Нұрасыл: Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шопаната түлегі,

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт !

Исламбек: «Мәә - мәә» деген әні бар

Жібек тоны - сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.

Айша: Жайылады аңғарда,

Маңырайды албарда.

Тістемейтін, теппейтін.

Қойдан момын мал бар ма?

Мұғалім:

-Өте жақсы. Қой атасын қалай атаймыз?

- Қойдың төлін қалай атаймыз?

- Қойды қалай шақырады?

- Қой қалай маңырайды?

- Қойдың сүтіне не дайындайды?

-Қой жүнінен не жасалады?

- Жіп иіріп, киім тоқылады. Киіз басады, терісінен тон тігеді.

Мұғалім: Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті - қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта - ықыласы мол – ақ. Қой майда , әрі өсімтал, момақан.

Жұмбақ: Асты пышақ,үсті істек

Өзіне лайықтап киім пішкен

Секіріп-секіріп түскен

Бұл қай жануар ? (ешкі)

Мұғалім :

-«Ешкі – өсімтал мал» Ешкі туралы не білеміз ?

Елдос: Ешкі иесі – Сексеката.

Диляра: Жауын жауса, бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың ?

Шөре, шөре !

Ерзат: Ешкі төлі – лақ,

Тыныш тұрмайды ол бірақ

Аянат: Шөре-шөре , лағым,

Тентек болма , шырағым.

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Мұғалім:

-Өте жақсы. Ешкі иесін қалай атаймыз?

- Ешкі төлін қалай атаймыз?

- Ешкіні қалай шақырады?

- Ешкі қалай маңырайды?

-Ешкі жүнінен не тоқылады?

Мұғалім:

-Дұрыс айтасыңдар. Ешкі өсімтал малдың бірі. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды.

Мұғалім:

-Балалар, төрт түлік мал туралы қандай тыйым сөздер білеміз?

Алиарман: Малды теппе, ақты төкпе.

Аянат: Малды басынан ұрма.

Ақерке: Малға теріс мінбе.

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер

Аружан: Сиырдың сүті тілінде.

Нұртілек: Сиыр сауған шөлдемес.

Елдос: Ат-адамның қанаты.

Ақерке: Аттың көркі

Құйрық-жалы, құлағы.

Таудың көркі

Тасы менен бұлағы.

Еркеназ: Түйе атасы - нар,

Ағаш атасы – шынар.

Алиарман: Қойдың сүті - қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

Айтолқын: Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

Мұғалім: Ойын: «Төлдері қайда?»

Балалар біздерге төрт түліктің және төлдерінің орны ауыстырылып берілген орнына апару үшін біздер тапсырмалар орындауымыз керек.

1-тапсырма: Математика пәніне байланысты болмақ.

3, 5, 6, 8 санының құрамын айт.

2, 4, 7 санының көршісін айт.

2-тапсырма: Сауат ашу пәніне байланысты.

Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі сөздеріне дыбыстық талдау жаса

3-тапсырма: Дүниетану пәніне байланысты.

Табиғат құбылыстарын ата

4-тапсырма: Математика пәні бойынша.

1-ден 10-ға дейін өсу ретімен сана

10-нан 1-ге дейін кему ретімен сана.

5-тапсырма: Сауат ашуға байланысты

Төрт түлік малға жеке-жеке сөйлем құра.

Қорытындылау.

Мұғалім: 

  • Жарайсыңдар балалар!

  • Сонымен біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Төрт түлік малдың пірлерін, төлдерін атайық.

  • Олардың пайдас қандай?

Осымен сабағымыз аяқталды.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

«Сау болыңыз!» - деп айтамыз.



Сабақты аяқтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рт т?лігім - ырысым

Автор: ?итаманова ?сем Серікбай?ызы

Дата: 02.06.2016

Номер свидетельства: 332290


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства