Просмотр содержимого документа
«төрт түлік мал кмж 4 сынып»
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы сабақ. А. Тоқмағанбетов.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу. Төрт түлік туралы түсінігін кеңейту; түлік туралы жан-жақты мағлұмат беру; малдың жасына қарай аталуын білу;
2.Өлеңді нақышына келтіріп оқыту, рөлге бөліп оқуды үйрету, ой-өрісін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Халықтық кәсіпті танып, оны бағалай білуге үйрету. Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
«Ана тілі» Ғафу Қайырбековтың өлені өленді мәнерелп оқу
Ғафу Қайырбеков ақын әрі жазушы .1928 -1994 ж.Ақынның қырықтан астам кітабы жарық көрген.»ана тілі»өлеңінде қазақ тілінің ерекше қасиеті мен байлығын паш етеді.
Сұрақ жуап
І топ Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді ?
ІІ топ. Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?
Екі топқа бірдей тапсырма : тақырыпқа байланысты бір шумақ өлең шығару.
III. Жаңа сабақ. Оқушыларға суреттер көрсету
Бұл суреттерде не көріп тұрсыздар ? Жұмбақтарды шешу әр топқа тарату
1. Келеді бір жануар, үстінде бір тауы бар. (Түйе)
Түйенің пірі? (Ойсылқара)
2. Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (Жылқы)
Жылқының пірі? (Қамбар ата)
3. Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Сиыр)
Сиырдың пірі? (Зеңгі баба)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Қойдың пірі? (Шопан ата)
5. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
Ешкінің пірі? (Сексек ата)
Жылқы төрт түліктің патшасы
Түйе түлік төресі
Сиыр төрт түліктің сыйлысы
Қой мен ешкі түлігі.
-Міне, балалар, алдарыңда төрт түлік тұр. Олардың қасында төлдері бар. Көктем мезгілінде төрт түлік те төлдейді. Төлдері келесі көктемге дейін өсіп, үлкен мал болады.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңі.
Неге «бес түлік емес ,төрт түлік» төрт түлік мал жылқы ,сиыр,түйе, және ұсақ малдар .Ұсақ малдар есебінде ешкі мен қой қосылып бір түлік болып саналады.Сондықтан «төрт түлік »деп аталады.
Тапсырма әр топқа автор туралы тірек сызбаға салу..\постерға \
Асқар Тоқмағамбетов (1905-1983) 19 қыркүйегінде қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келді. Кедей шаруа отбасында туған.Алғаш Ташкент политехникалық техникумын кейін Мәскеу баспа институттарында білім алған.Республикалық түрлі басылымдарда қызмет жасады. Көрнекті лирик ақын, әрі жазушы. Оның «Батыр Әлия», «Ажалды жеңген алыптар», «Берлин көшесінде». т.б. өлеңдер жинағы, «Жыр күмбезі» тарихи романы бар. А. Тоқмағамбетов – қазақ поэзиясында поэма жанрын өрнектеуде жемісті еңбек еткен адам.Қазақ халқы көшпелі болған. Төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған. Терісінен, жүнінен әр түрлі бұйымдар жасаған. Мал – халықтың байлығы. Қала халқын мал өнімдеріменауыл қамтамасыз етеді. Малшы еңбегі өте ауыр. Жазда ыстықта, қыста суықта мал соңында жүреді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Ленин жолы»(қазіргі «Сыр бойы»), «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында әр түрлі қызметтер істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шыққан.
Оқулықпен жұмыс.
a) Оқушыларға өлеңді мәнермен, дауыстап оқыту.
ә) Рөлге бөліп оқыту.
б) Өз сөздерімен түсінгенін айтқызу.
Сөздікпен жұмыс
Сөзуар - сөзшен
Жобалауы - ойынша
Даурықты - таласты \шешімін таба алмады\
Топпен жұмыс.
1. Қошақандар тобы: Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.аяқтау
a) Сиырлының үйі – айран
Сиырсыздың үйі – сырдаң.
ә) Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
б) Малды бақсаң сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
в) Қойдың сүті – қорғасын.
3. Құлыншақтар тобы: Төрт түлік мал туралы тыйым сөздер.
a) Малды теппе. ә) Малды басынан ұрма. б) Ақты баспа.