«Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқыту немесе жатқа сұрау.
III-кезең Үй тапсырмасын қорыту,бекіту.
Сұрақтарға жауап алу.
1.Анасы баласын қалай жұбатады?
2.Анасы баласына тілегін қай жолдарда айтады?
3.Өлең неліктен бесік жыры деп аталған?
-Балалар,анамыз сендерді еркелеткенде қандай сөздерді айтады?
Мыс:құлыным,ботақаным,қара қозым,лағым т.б.
-Яғни,қазақ халқы төрт түлікті жақсы көрген,құрметтеген. Сондықтан өз балаларын қозым,ботам,құлыным,-деп еркелеткен.Ендеше,балалар қазақ халқының негізі мал шаруашылығымен тікелей байланысты болғандықтан
біз бүгін төрт түлік мал туралы жырларды оқи отырып, білімімізді кеңейтеміз.Яғни өмірмен байланыстыра отырып,оқып үйренеміз.
III-кезең Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Жүріңдер, балалар қазақтың кең даласы жайлауға серуенге барып келейік- -Неткен керемет,әсем табиғат,малдар төлдеп жатыр.
\Төрт түлік туралы видео\
Кіріспе бөлім
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі арқасында малдың өрісін,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген,өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып,малдың еті,сүті,терісі ,мүйізі,сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.
Мал шаруашылығы бүгінгі таңда маңызды сала болып қала бермек.Қазір елімізде «Сыбаға бағдарламасы іске асырылуда»...
Біз халқымыздың төрт түлікке қатысты ұғымдарымен бай тәжірибесін ұмыт
пай,күнделікті тіршілігімізде қолдана білуіміз керек.
Жылқының етінен әзірленетін тағамдар Жылқы малынан алынатын өнімдер Қымыз және оның түрлері Қазы Жал - құйрық(қыл)- арқан жіп, сүзгі тоқу, тұзақ есу Уыз қымыз - бие бау Қарта Қобыз шегі Бал қымыз, бесті қымыз, Шыртылдақ - еттің сары майы Тайтұяқ аспабы, асатаяқ Дөнен, жуас, құнан қымыз Томыртқа - еттің сорпасы Жылқы қылын терімен қаптап - көпшік, бөстек Қысырық, ту қымыз, Қарын Тұяғы - дәрі алынады Қысыр, сары қымыз Жал - жая Былғары - әмиян, сөмке, етік... Сірге жияр қымыз, түнеме қымыз
Қымыз дерек көздерінен – қымыздың жасалуы және пайдалы қасиеттері (видео) Жалпы күш беретін сусын Құрамында А, В, С, Е дәрумені бар. Қымыз бие сүтінен(саумалдан) жасалады Қымыз туралы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 4 - ғасырда айтылған Скифтердің сүйікті сусыны Қымыз дайындау технологиясы 21 - ғасырда да сақталып отыр Алдымен саумал жиналады 1 – сауу 200 мл - ге тең(жиі - жиі сауады) Бие күніне 4 – 6 рет сауылады Саумал. Ағаш ыдыс бөтен иіс пен дәмнен қорғайды Қор түнемел Пісуі: 1 – сағат, 20 - градустық жылылықта Қымыз жылы орында өздігінен ашиды Ашуы: сүтті – қышқылды Күштілігі: сақталу ұзақтығына байланысты 1 – тәулікте сәл қышқыл, 2 - тәулікте қышқыл және ащы 3 – тәулікте өте қышқыл Қымыздың 100 мл - і 40 килокалорияға тең келеді Алмада 70 килокалория Қымыз тез сіңеді Зарарсыздандыратын қасиеті бар Қан айналымын жақсартады Ас қорытуды қалпына келтіреді Қымыз – құнарлы сусын V. Сабақты қорытындылау: 5 - тапсырма: Ақын болар ма екенсің? Өлең жолын жалғастырып көр, 3 мин уақыт беріледі Әр топтан 1 бала тұрып, өз өлеңдері
ЖАН-ЖАНУЛАР, ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ ТУРАЛЫ
Ат болатын тай саяққа үйір, Адам болатын бала қонаққа үйір. Қулық (байтал) құлын жанды. Құлындаған биеден, құдықтағы су артылмайды. Саулықтың жасы үлкен, Қошқардың басы үлкен. Түйе — шудасын, Жылқы жалын, Сиыр мүйізін төсейді. Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды. Байтал шауып бәйге алмас. Ел көркі — мал, өзен көркі— тал. Бір түлікке бай болғанша, Әр түлікке сай бол. Түлік — төлден өседі.
Сауып ішсең мың күндік, Сойып ішсең бір күндік. Малдың жайын баққан білер, Оттың жайын жаққан білер. Мал жайған малдың жайылғанына тояды. Жоғалып табылған мал олжа, Ауырып жазылған жан олжа. Мал жуасы — қой, Аң жуасы — қоян. Мал аяған аттан құр, Төл аяған ақтан құр. Сауып ішсең мың күндік, Сойып ішсең бір күндік. Малды қыс құмға, Жаз шымға айда. Қарағайға сүйеніп тал өсер, Басқа сүйеніп мал өсер Ат аяған жерге қарар, Құс аяған көкке қарар. Ұлдының ұрты өседі, Малдың сырты өседі. Бақпаса мал өспейді, Баптамаса егін өспейді. Алтай баққан арықты, Бір күн ұрынған өлтірер. Үйірі басқаны ноқта қосар. Жабу астыңда жал қалады,Жал қалмаса жан қалады. Түзде бұзауы жамырағанның, Үйде айраны төгілер. Ат қадірін білмесең, Жаяушылық көрерсің. Ас қадірін білмесең, Ашаршьшық көрерсің. Үш бие бұлақ басы, Екі бие ел асы, Бір бие жоқтың қасы. Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит малға серік. Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді. Тай атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер. Жалғыз аттың пайдасы көп, Жалғыз ердің айласы көп. Жылқы — малдың патшасы, Түйе — малдың қасқасы. Теңге тиыннан өсер, : Жылқы құлыннан өсер. Жолға салсаң — жорға, Жонға салсаң - жүйрік. Атының сыры иесіне мәлім. Алдыңғы айылдың батқанын, Иесі білмес ат білер. Арық атқа қамшы ауыр. Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы. Жалғыз шапқан ат жүйрік Жаман жасаққа жарамайды, Желінсау қосаққа жарамайды. Қара арғымақ арыса, Қарға адым жер мұң болар.
Алтай баққан арықты, Бір күн ұрынған өлтірер. Үйірі басқаны ноқта қосар. Жабу астыңда жал қалады,Жал қалмаса жан қалады. Түзде бұзауы жамырағанның, Үйде айраны төгілер. Ат қадірін білмесең, Жаяушылық көрерсің. Ас қадірін білмесең, Ашаршьшық көрерсің. Үш бие бұлақ басы, Екі бие ел асы, Бір бие жоқтың қасы. Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит малға серік. Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді. Тай атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер. Жалғыз аттың пайдасы көп, Жалғыз ердің айласы көп. Жылқы — малдың патшасы, Түйе — малдың қасқасы. Теңге тиыннан өсер, : Жылқы құлыннан өсер. Жолға салсаң — жорға, Жонға салсаң - жүйрік. Атының сыры иесіне мәлім. Алдыңғы айылдың батқанын, Иесі білмес ат білер. Арық атқа қамшы ауыр. Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы. Жалғыз шапқан ат жүйрік Жаман жасаққа жарамайды, Желінсау қосаққа жарамайды. Қара арғымақ арыса, Қарға адым жер мұң болар. Тістейтін жылқы тісін көрсетпес. Көбең мініс көтермейді, Мәстек жүріс көтермейді. * Қасқа айғырдың баласы төбел туады. Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас. Атты ақысын жаяуға жібермейді. Ат сүрінбей жер танымас, Ер сүрінбей ел танымас. * Тай тулап үйірінен шықпас.* Құрық тимес құлын жоқ, Қырықтың тимес қозы жоқ. Жылқыны шұбырған тауысар, Етті қуырған тауысар. Арық атқа қамшы үйір, Жыртық үйге тамшы үйір. Атсыздың атасының құны кетеді. Жақсы аттың тісін ашпа. Жылқыны бөгелек аздырар, Ешкіні кебенек аздырар. Көшің көрнекті болсын десең, Көлігің күтімді болсын. Жылқының етін жесең тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді. Арықты мінгенше аяғыңа мін. Аттың аты үлкен, Түйенің табаны үлкен. Ат шаппайды, бап шабады Жорытар аттың тоғы игі. Саумал ішсең, қымыз жоқ, Байтал мінсең, құлын жоқ. Күйсіз көлік жүгірмес. Атты күнде мінсең — тулақ, Аптада мінсең - қунақ,
Айына мінсең — ат, Жылына мінсең — тұлпар. Түйе баласы төре баласы. Түйе байлық, жылқы мырзалық. Көтерем деп түйеден безбе, Салтанатың емес пе, Тебеген деп биеден безбе, Қос қанатың емес пе. Тайдың мінгені білінбес, Баланың жүгіргені білінбес. Қоныс ақысын түйе қайтарады. Түйе өлген жерде жүк қалады. Нар ботасын қарпып сүйеді. Ақсақ түйенің аузына, Жел айдаған қаңбақ түсер. Түйе қашып жүктен құтылмас. Түйені жел шайқаса, Ешкіні көктен табарсың. Түйенің үлкені көпірден таяқ жер. Жебір түйе жабуын жер. Малды бақсаң қойды бақ, Май кетпейді шарадан. Ит асырасаң сырттаннан, Қой бермейді қорадан. Қойдың сүті - қорғасын. Қойдың іші - береке, Жылқының іші — мереке. Ешкі сойғанның екі малы бар: Мүйізі пышағына сап, Терісі балаңа жарғақ. Тоқсан қабат торқадан, Тоқтышағым терісі артық. Семіздікті қой көтереді. Ешкіні құдай ұрарында, Қойшының таяғына сүйкенер. Күн батса қойға соқпақ табылады. Кәрі қойдың басы піскенше, Тоқты қойдың басының арсасы шығады. Ақсақ қой жатып семіреді. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Тоқты күз болмай, Қойға қосылмайды. Қой семізі қойшыдан. Қой тілегі - амандық, Бөрі тілегі - жамандық. Сүтсіз қой маңырауық. Өгіз өлгенше өседі. Сиыр су ішкенде, Бұзау мұз жалайды. Сиыр сауған шөлдемес. Бас білген өгізге, «Өк» деген өлімнің қарабасы. Сүзеген сиырға құдай мүйіз бермейді. Сиыр өз тілінен қыршаңқы болады. Қой егіз туса, шөп басы айыр шығады. Түйенің тынығаны жапырақ, Малды іріктемесең, тұқымы азады, Қонысты жаңаламасаң, өрісі тозады. * Ай-айдың аты басқа, Аяқты малдың өрісі басқа. Жылқының көркі құйрық, Үйдің көркі мүлік. Тағасының күмісіне мақтанба, Атыңның жүрісіне мақтан. Өріске мал жарасады, Атқа жал жарасады.