-Балалар,жыл?ы,?ой,т?йе,сиыр,ешкі-барлы?ын бір с?збен ?алай атау?а болады?
-Т?рт т?лік.
-Д?рыс,балалар,б?гінгі т?рбие са?атымыз т?рт т?лік мал?а байланысты болма?.
?аза? –ежелден мал шаруашылы?ымен айналыс?ан халы?.?асырлар бойынша ?алыптас?ан бай т?жірибесі бойынша олар малды? ?рісін,тіршілік таби?атын,?адір-?асиетін ?бден зерттеп білген.Малды? с?ті,ж?ні,терісі,м?йізі,с?йегіне дейін ?з ?ажетіне пайдаланып отыр?ан.Мінсе к?лігі,т?тынса б?йымы да бол?ан.
«Малым-жанымны? сада?асы,жаным-арымны? сада?ас» деген ата-бабаларымыз.?аза?стан жері мал ?сіруге аса ?олайлы.Бізді? жерімізді малсыз елестету м?мкін емес.?р малды? ?су жолына ?арай былай ата?ан.
1-о?ушы:
Мал ?сірсе?,?ой ?сір,
Табысы оны? к?л к?сір.
?озы ?ссе-к?рпеш,кепе,мар?а,т?са?,не ісек,??нан ?ой,д?нен ?ой,?ош?ар болады.
2-о?ушы:
Сиыр адам?а ?йір. Сиырды? с?ті-елді? ??ты.Б?заудан торпа?,тайынша,?гізше,??нан,д?нежін,сиыр не б??а ?седі.
3-о?ушы:
Ат-ер ?анаты.??лыннан тай,тайдан ??нан не байтал,д?ен,бесті,бие,ат,ай?ыр,с?урік дегендер ?седі.
4-о?ушы:
Нар жолында ж?к ?алмас.Ма?-ма? бас?ан,ма? бас?ан,шудаларын ша? бас?ан,т?рт ая?ын те? бас?ан-т?йе деген жануар.
Ботадан тайла?,тайла?тан буыршын,одан ?рі бура ?седі.?лек,інген,нар,?оспа? деген т?йені? т?рлері де бар.
Балалар,хал?ымызды? ??ымында ?р малды? пірі немесе киесі бар деп айтылады.?аза? атамыз малды? пірлеріне сыйына отырып малдарды? к?п болып ?сіп-?нуін тілейді.
Енді сол пірлермен танысайы?. Т?йені? пірі-Ойсыл ?ара,жыл?ы пірі-?амбар ата,сиыр пірі-Шешек ата.Бізге жа?сы таныс болу ?шін с?з кезегін т?рт т?лікті? пірлеріне берейік.
Балалар,т?рт т?лікке ?атысты ?андай ырымдар мен тыйым с?здер білесі?дер?
1.Малды бас?а ?рма.
2.А?ты жерге т?кпе.
3.Малды теппе.
4.??ры?ты аттама.
Санама?.
С?ра?тар:
1.Т?рт т?лікке нелер жатады?
2.Т?рт т?лікті? т?лдерін ата.
3.Т?рт т?лік бізге не береді?
Міне,балалар,біз б?гін т?рт т?лік мал туралы к?птеген ма?л?маттар алды?,пайдасы к?п екенін білдік.Біра? оны? пайдасын к?ру ?шін к?п е?бектену керек. Малды д?рыс к?тпесе,бізге ол с?т те,етте,жа?сы теріде,жа?сы ж?н де бермейді. Сонды?тан мал к?туде ?лкендерге ?ол?абыс тигізуіміз керек.
Осымен т?рбие са?атымыз ая?талды.
?ызылорда облысы,?арма?шы ауданы,
А.Жанпейісов атында?ы №105 орта мектепті?
бастауыш сынып м??алімі Т?жібаева Г
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
-Балалар,жылқы,қой,түйе,сиыр,ешкі-барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
-Төрт түлік.
-Дұрыс,балалар,бүгінгі тәрбие сағатымыз төрт түлік малға байланысты болмақ.
Қазақ –ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Ғасырлар бойынша қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін,тіршілік табиғатын,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.Малдың сүті,жүні,терісі,мүйізі,сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.Мінсе көлігі,тұтынса бұйымы да болған.
«Малым-жанымның садақасы,жаным-арымның садақас» деген ата-бабаларымыз.Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы.Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес.Әр малдың өсу жолына қарай былай атаған.
1-оқушы:
Мал өсірсең ,қой өсір,
Табысы оның көл көсір.
Қозы өссе-көрпеш,кепе,марқа ,тұсақ,не ісек,құнан қой,дөнен қой,қошқар болады.
2-оқушы:
Сиыр адамға үйір. Сиырдың сүті-елдің құты.Бұзаудан торпақ,тайынша,өгізше,құнан,дөнежін,сиыр не бұқа өседі.
3-оқушы:
Ат-ер қанаты.Құлыннан тай,тайдан құнан не байтал,дөен,бесті,бие,ат,айғыр,сәурік дегендер өседі.
4-оқушы:
Нар жолында жүк қалмас.Маң-маң басқан,маң басқан,шудаларын шаң басқан,төрт аяғын тең басқан-түйе деген жануар.
Ботадан тайлақ,тайлақтан буыршын,одан әрі бура өседі.Үлек,інген,нар,қоспақ деген түйенің түрлері де бар.
5-оқушы:
Ешкі –төрт түлікке қоймен қоса айтылатын мал.Лақ,туша,бөрте,шыбыш,серке,саулық,теке.
Балалар,халқымыздың ұғымында әр малдың пірі немесе киесі бар деп айтылады.Қазақ атамыз малдың пірлеріне сыйына отырып малдардың көп болып өсіп-өнуін тілейді.
Енді сол пірлермен танысайық. Түйенің пірі-Ойсыл қара,жылқы пірі-Қамбар ата,сиыр пірі-Шешек ата.Бізге жақсы таныс болу үшін сөз кезегін төрт түліктің пірлеріне берейік.
1-оқушы:
Шаруаның бір пірі –қамбар та,
Тілегенде өзің бер ақ жол бата.
Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,
Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата.
2-оқушы:
Шаруаның бір пірі-Зеңгі баба,
Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама.
Кең өрісте шұбыртып өзің бағып,
Кешке жақын қотанға әкеп қама.
3-оқушы:
Қойды көсем бастайтын,
Өткелден үркіп саспайтын,
Қарағай мүйіз серкелі,
Шүйде жалды,желкелі,
Шекшек ата баласы.
4-оқушы:
Шаруаның бір пірі-Ойсыл қара,
Түйені өсір жарылқап болып пана.
Ит –құс,пәле індеттен аман сақтап,
Той-той қылып боталап аруана.
Сәйкестендіру тесті
Жануарлар төлдейді.
Сиыр қоздайды
Жылқы лақтайды
Қой бұзаулайды
Түйе құлындайды
Ешкі боталайды
Балалар, бәріміз тақтаға қарайық.Төрт түліктің төлдерінің аттарын суретке қарап жазып шығайық.
БОТА
ҚҰЛЫН
БҰЗАУ
ҚОЗЫ
ЛАҚ
Ән: «Төлдер»
Өздеріңізді әке-шешелерің жақсы көреді,еркелетеді.Адам түгілі малда өз төлдерін еркелетеді,жақсы көреді,сүйеді екен.
1-оқушы:
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмеген момыным деп.
2-оқушы:
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
3-оқушы:
Түйе сүйеді баласын боташым деп,
Жаудыраған көзіңнен тоташым деп.
4-оқушы:
Жылқы сүйеді баласын лағым деп,
Тастан тасқа секірген шұнағым деп.
5-оқушы:
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп,
Тұлпар болар жүгірген жұрыным деп.
Қай мал қалай дыбыстайды?
Жылқы кісінейді
Түйе боздайды
Қой маңырайды
Сиыр мөңірейді
Ән: Қошақаным
1-оқушы:
Сиыр деген мал екен,
Дауысы бар адамдай.
Желіні бар қазандай,
Мүйізі бар жылтылдақ.
2-оқушы:
Маң-маң басқан,маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркеші қос басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
3-оқушы:
Ауылдардың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
Сауса тәтті сүті бар,
Сойса тәтті еті бар.
4-оқушы:
Көгалда көзді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған.
Шыңғыртып асау құлынды,
Қыл арқанмен байлаған.
Әр малдың төлін тап. (Суретпен жұмыс)
Балалар,төрт түлікке қатысты қандай ырымдар мен тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды басқа ұрма.
2.Ақты жерге төкпе.
3.Малды теппе.
4.Құрықты аттама.
Санамақ.
Сұрақтар:
1.Төрт түлікке нелер жатады?
2.Төрт түліктің төлдерін ата.
3.Төрт түлік бізге не береді?
Міне ,балалар,біз бүгін төрт түлік мал туралы көптеген мағлұматтар алдық,пайдасы көп екенін білдік.Бірақ оның пайдасын көру үшін көп еңбектену керек. Малды дұрыс күтпесе,бізге ол сүт те,етте,жақсы теріде ,жақсы жүн де бермейді. Сондықтан мал күтуде үлкендерге қолғабыс тигізуіміз керек.