Просмотр содержимого документа
«"Т?рт т?лік" ертегісі»
Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Төрт түлік ( ертегі).
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсінігін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету Төлдерге қамқорлықпен қарауға үйрету.
Типі: жаңа сабақ Түрі: дәстүрлі Әдіс- тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету. Сөздік жұмыс: төрт түлік, төл. Көрнекілік : үй жануарлары және төлдерінің суреті.
Оқу іс- әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз
Жарқыраған күндейміз Ренжісуді білмейміз
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемнің ерекшелігі қандай?
-Көктем айларын ата
-Аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
Біз қандай ертегілер білеміз.
Бұл қай ертегі?
Әр түрлі ертегіден суреттер, кейіпкерлер ілінеді, сол ертегінің атын атайды.
Ертегінің басқа шығармадан айырмашылығы қандай?
Ертегіде жануарлар сөйлейді.
Жабайы жануар мен үй жануарының айырмашылығы қандай?
Жабайы жануарлар табиғатта өз бетімен тіршілік етеді, ал үй жануарлары адамға жақын қорада жүреді.
Иә, төрт түлік мал халқымыздың байлығы.
Төрт түлік малға үй жануарлары жатады: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі
Үй жануарларының баласын төл деп атайды.
Д\о: "Төлін тап"
Ойын шарты: Тақтаға үй жануарларының суреті ілінеді. Балалар әрбір үй жануарының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс.
Жылқы төлі -құлыншақ Түйе төлі -ботақан Тұяғы жерге ұрыншақ. Мөлдіреп көзі ойнаған.
Сиыр төлі -бұзау Қой төлі - қошақан Сүйкімді әрі асау Өріске қашқан қорадан
Ешкі төлі -лақ Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Бүгін осы төлдерге байланысты жаңа ертегімен танысамыз.
"Төлдер айтысы " ертегісімен балаларды таныстыру.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
-Төлдер бір бірімен не үшін айтысты? -Лақ не айтты? -Құлын ше? -Бұзау не деді? -Қошақан, бота не деді? -Адам не жауап берді?
Ертегі желісі бойынша ролдерге бөліп ойнату.
Жұмбақтар шешу.
Аласа ғана бойы бар, айналдыра киген тоны бар (қой)