kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рт мезгіл Калина Малина

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

1.Білімділік:Балаларды? жыл мезгілдері туралы білімдерін ж?йелеу, ?орыту, ?р жыл мезгілі туралы ??ымдарын жетілдіру, ?р мезгілді? ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жатты?тыру. С?з тіркестері мен с?йлем ??рау да?дыларын арттыру. Сурет бойынша ??гіме ??рап айту?а ?йрету;
2. Дамытушылы?:Жыл мезгілдері туралы айта келіп, о?ушыларды? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін жетілдіру, с?здік ?орларын молайту. Берілген с?ра?тар?а на?ты, д?рыс жауап беруге да?дыландыру.
3. Т?рбиелік: Таби?атты? ?сем к?рінісін ?ызы?тай білуге, ?орша?ан ортаны с?юге, оны аялай білуге, ?з денсаулы?ын шы?дау?а,таби?атты?  берген кереметтерін д?рыс  пайдалана білуге т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рт мезгіл Калина Малина»

Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдері» (Калина Малина болгар ақыны)
Мақсаты:

1.Білімділік:Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жүйелеу, қорыту, әр жыл мезгілі туралы ұғымдарын жетілдіру, әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жаттықтыру. Сөз тіркестері мен сөйлем құрау дағдыларын арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету;
2. Дамытушылық:Жыл мезгілдері туралы айта келіп, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. Берілген сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, оны аялай білуге, өз денсаулығын шыңдауға,табиғаттың берген кереметтерін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, диалог, оқу, аудару,, топпен жұмыс, әңгімелеу.
Көрнекілігі: карточкалар, тірек - сызба, слайдтар, сандықша, деңгейлік тапсырмалар «Жыл мезгілдері» презентациясы,қарындаштар,стикерлер,видео материал, көрме «Көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек»

Басшылыққа алған технология: Дамыта оқыту технологиясы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,түгендеу,псих-лық дайындық.

А) топқа бөлу (түске байланысты әр жыл мезгілдеріне бөлу)

Ә)топ басшысын сайлау

В) бағалау көрсеткіші, бетшелерімен таныстыру.

Қол ұстасып құрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Күлімсіреп тұрайық,
-Жарассыншы сәніміз,

-Жарассыншы әніміз,
- Арайлап атсын таңымыз,

-Жайнасын гүл бағымыз.

-Апайлардың жүзі жарқырап,

-Аман болайық бәріміз!

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

« Сыр сандық» таблосы арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықтарын ояту (Менмен емен тақырыбына байланысты салынған сурет)

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бекіту.

-Ертегі қандай емен жайлы?

- МЕНМЕН сөзін мағынасы жуық тағы қандай сөздермен алмастыруға болады?

-Қарадауыл еменнен өшін қалай алды? (Қарадауылды сипаттау)

-Ертегінің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жинау, дауыстап оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Жыл мезгілдері»

Әр топқа қима қағаздар салынған конверттер үлестіру арқылы, жаңа сабақ тақырыбын ашу.Берілген сөздерді өрбітіп сөйлем құрау.

1-топ.Көбелек,гүл,көк майса,өрістен қайтқан малдар (жаз)

2-топ. Сарғайған жапырақ,қайнаған еңбек,қайтқан құстар,егін ору (күз)

3-топ. Терезе ою, жер беті аппақ, боран (қыс)

4-топ. Мал төлдеп,жер бусанып,күн ұзаран, жәндіктердің оянуы (көктем)

Әр топ өзара талдап қорытынды түйінді ойларын айтады.

Оқулықпен жұмыс.

Авторы Калина Малина, болгар ақыны туралы түсінік беру. (1898,03,08-1979,04,01)

Райна Иванова Радева-Митова (1898-1979) Болгарияның София қаласында дүниеге келген. Калина Малина атымен танылған Болгар халық жазушысы балаларға арнап 50ге жуық кітаптар жазған, сонымен қатар «Золотое сертце» (1929) атты роман жазған.

«Жыл мезгілдері»

Қозы-лақтар маңырап,

Жататұғын жамырап,

Білесің бе, қай мезгіл?

Күн сарғайтып көгіңді,

Оратын кез егінді,

Білесің бе, қай мезгіл?

Жап-жалаңаш қырқалар,

Кетеді ұшып тырналар,

Білесің бе, қай мезгіл?

Ағарып жер қап-қара,

Ұлып тұрар ақ боран,

Білесің бе, қай мезгіл?

-Өлеңнің бірінші шумағында қай жыл мезгілі суреттелген?

-Егінді қай кезде орады? «Егінді жазда орады» деген пікірге келісесіңдерме?

«Шығармашыл жұп» (5-минут)

1-жұп Бейнелеуші жұп «Алтын күз бен қоңыр күз» (сурет салу)

2-жұп. Сипаттаушы жұп (Сипаттау арқылы) «Боранды қыс, ақ қар күмістей жарқырайды, қыстың бір ашық күні»

2-жұп Сөз тапқыштар (мақал-мәтелдер)

4-жұп. Екі жақты пікір айту.Кері байланыс құру (Жағымды, жағымсыз жақтары.)Венн диаграммасы

«Ой қозғау» (5-минут)

-Осы тақырыпа тағыда қандай өлеңдер білеміз?

(Оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты жаттаған өлеңдерін еске түсіреді)

Сергіту сәті

«Ақылды доп» ойыны.

1ж.неше күн бар? (356-366 күн бар)

1ж. Неше ай бар? (12 ай бар)

1айда неше күн бар? (30-31 күн, ақпанда 28-29 күн)

1айда неше апта бар? (4апта)

1аптада неше күн бар? (7 күн)

1тәулікте неше сағат бар? (24сағат)

1сағатта неше минут бар? (60 минут)

1мин. Неше секунд бар? (60 секунд)

«Әр жыл мезгілі өзінше тамаша!»
Слайд: Тақырыпқа сай дайындалған слайд, Жыл мезгілдерінің суреттері, видео материал.

Дәптермен жұмыс жүргізу

Жыл мезгілдері-времена года-Season

Көктем-весна-spring

Жаз-лето-summer

Күз-осень-autumn

Қыс-зима-winter

«Жыл мезгілдері» өлеңін оқушыларға тізбектей оқыту.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.

Тынық күнде,бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп.
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-деп. (қыс)
Күзгі орманда жапырақ,
Жел тұрғанда шуылдап.
Дыбыстайды ыш-ыш-ыш – деп. (күз)
Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс –деп (көктем)
Көктем туралы мақалды кім айтады: 
-Сәуір болса.
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.
-Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.
-Мезгіл жетсе,мұз ерір.
-Сәуір дегі жауын, сауып тұрған сауын.
-Қыс азығын, жаз жина.
-Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.
-Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.
-Егіндікті күз суар,
Күз суарсаң , жүз суар
-Жаз –береген,
Күз-алаған


ІV. Қорытындылау бөлімі. «Екі жұлдыз -бір тілек»

Мұғалім тарапынан оқушыларға рефлекция парақтары таратылады,ал оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.

Бағалау: Күнделікпен жұмыс.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Т?рт мезгіл Калина Малина

Автор: Мусаева Асель Кудайбергеновна

Дата: 25.02.2016

Номер свидетельства: 298913


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства