kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топыра?. Топыра?ты? ?асиеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? жоспары д?ниетанудан 2 сынып?а арнал?ан. Саба? жоспарында о?ытуды? жа?аша т?сілдері ?олданыл?ан. О?ушыларды? білімін, танымын ке?ейтуге арнал?ан. Б?л саба? о?ушыларды? топыра? топыра?ты? ??нарлы ?абаты туралы ал?ан білімдерін толы?тыру?а; т?жірибе ар?ылы топыра?ты? негізгі ?асиеттерін, топыра?ты? ??рамын аны?тау?а ба?ыттал?ан; 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топыра?. Топыра?ты? ?асиеттері »

Дүниетану 2-сынып


Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақтың қасиеттері

Сабақтың мақсаты: оқушылардың топырақ топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру; тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын анықтау; топырақтың қалай пайда болатынын және туған өлкенің топырағы туралы мағлұмат беру; байқампаздықтарын, әуесқойлықтарын және ақыл-ойларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек қағаздар, бір стақан су, сорғыш қағаз, таяқшалар, штатив, ұстағыш, топырақ қабаттары бейнеленген сурет.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық. Кіріспе әңгіме.

  • «Жер» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

  • Жер - құрлық, планета, үстіңгі қабат, топырақ.

  • Дұрыс. Бүгін біз топырақ, топырақтың құрамы, оның қасиеттері және пайда болуы туралы өтеміз.

Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.

- Топырақ дегеніміз не?

Тақтаға топырақтың қабаттары бейнеленген сурет ілінеді. Оның жанына «Топырақ - жердің өсімдік өсетін, құнарлы, беткі қабаты» деген плакат ілінеді.

  • Топырақтың ең негізгі қасиеті қандай?

  • Топырақ неге құнарлы болады?

  • Топырақтың құрамында не бар?

Жоғарыдағы берілген сұрақтарға жауап беру үшін оқулықтағы мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады.

а) Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу.

ә) Оқушылар мәтіннен топырақтың құрамын баяндайтын жерді белгілейді.

3. Практикалық жұмыс топ бойынша жүргізіледі. Әр топ өз тәжірибесін орындап, топырақтың қасиеттерінің бірін дәлелдейді. Нәтижесінде мынадай сызба шығады:





Тұздар

Құнарлы

Құм

Топырақ

Саз

Су

Шірінді

















Оқушылар жұмыс дәптерлеріне топырақтың қасиеттерін жазады.

  1. Мұғалім жер бетіндегі алғашқы топырақтың түзілуі туралы әңгімелейді (мәлімет тарихи деректерден алынады).

  2. Оқулықпен жұмыс. Мәтіннен қарындашпен топырақтың түзілуі туралы баяндаған жерді белгілеп отырады.

  3. Топырақ өсімдік пен жануарлар үшін маңызды рөл атқаратындығы туралы айтылған жерді белгілейді.

  4. Алынған мәліметтерге мысалдар келтіріп, олардың дұрыстығын дәлелдейді.


Кестені толтырады.

Топырақ қабаттары

Түсініктемелер

Үстідгі қабат

Гумус пен шірінді. Олар шіріген өсімдіктерден түзіледі.

Жоғарғы қабат

Жоғарғы қабаттағы жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын бунақденелілер қайта өңдейді.

Топырақ асты

Топырақ асты қабатында микроорганизмдер аз.

Борпылдақ қатты

Бұзылған тастардан тұрады.

Қатты қабат

Топырақ түзуші қатты жыныстар орналасқан.



Сызба құрастыру. «Топырақтың түзілуіне не қатысады?»

өсімдіктер жануарлар микроорганизмдер

Дәптермен жұмыс. Сабақты қорытындылау.

Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріледі.

Үйге тапсырма беру.

Зерттеу жұмысы:

  1. Қазақстан жерінің топырағы қандай?

  2. Топырақ өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қалай әсер етеді?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Топыра?. Топыра?ты? ?асиеттері

Автор: Шамганова Гульназ Амантаевна

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 212803


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства