Күні: 21.01.2016 | Сынып: 3 | Пәні: дүниетану |
Тақырыбы | Топырақ. Топырақты қорғау |
Мақсаты | Топырақ оның түрлері мен құрамын, негізгі қасиетін білу |
Табыс көрсеткіштері | Топырақтың түрлері мен құрамын біледі. Негізгі қасиеттерін ажырата алады. Қорғау жолдарын біледі. |
Жұмыс түрі | Жеке, жұптық, топтық |
№ | Сабақ кезеңдері | уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
1 | Ұйымдастыру а/ психологиялық сәт | 2 мин | Оқушыларға тілек жазылған стикерлер беріледі. | Қағаздарға жазылған тілектерді алады. |
2 | Топқа бөліну | | Топқа бөлу 1-топ: «Жасыл» 2-топ: «Қызыл» 3-топ: «Сары» | Өздеріне ұнаған суреттерді таңдайды. Топқа бөлінеді |
3 | Миға шабуыл | 2 мин | Топырақ жайында не білетіндерін білу. | «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесінің «Білемін» бөлігін толтырады. |
4 | Жаңа сабақ а/ Мәтінмен жеке, жұптық, топтық жұмыс | Жеке оқу-3 мин Жұпта – 2 мин Топта 5 мин | Жаңа тақырып мәтінін топтарға бөліп беру. № 1 Топырақ. Топырақтың құрамы №2 Топырақтың түрлері №3 Топырақты қорғау | Әр топ мәтін бөліктерімен танысады. Топтарында мәтін мазмұнын талқылайды. Қажетінше сызбалар әзірлейді. /жеке оқу, жұппен талқылау, топпен талқылау/ |
| б/ Ауыспалы топтарда жұмыс | 6 мин | Әр топта спикер қалдырып, топтар ауысып отырады. | Топтар ауысып отырады. Спикер түсіндіреді. |
| в/ Спикерлерге түсіндіру | 2 мин | Топ мүшелері спикерлерге түсіндіруін ұйымдастыру | Топ мүшелері спикерлерге түсіндіреді. |
| «Ой толғаныс» | 2 мин | Топырақ жайында не білгендерін жазғызу | «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесінің «Білдім» бөлігін толтырады. |
5 | Бекіту. | 10 мин | Әр топ тапсырмасы түсіндіріледі: №1- Зерттеу жүргізу /критерий беру/ Топырақ түрлерін ажыратады. №2- «Венн» диаграмасы /қара топырақ, сор топырақ, қоңыр топырақ/ №3- «Топырақ» бес жол өлең | Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. №1- Зерттеу жүргізеді./Ұлғайтқыш әйнек, топырақ/ №2- «Венн» диаграмасы / қара топырақ, сор топырақ, қоңыр топырақ / №3- «Топырақ» бес жол өлең |
6 | а/ жұмыстарын көрсету | 4 мин | Әр топ жұмыстарын көрсетуін ұйымдастыру | Әр топ жұмыстарын көрсетуін ұйымдастырады. |
7 | «Білгім келеді» | 2 мин | Топырақ жайында не білгілері келетіндігін жазғызу. Сол тапсырмаларын үйге береді | «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесінің «Білгім келеді» бөлігін толтырады. |
| в/ «Ұшақ ұшыру» әдісі | 1-2 мин | Ұшақтарды таратып береді | Әр топ ұшақтарға тақырып бойынша 1 сұрақ жазып жібереді. |
8 | Кері байланыс | 1-2 мин | Стикерге сабақ жайлы ойларын жаздыру | Стикерге сабақ жайлы ойларын жазады. |
9 | Бағалау | | Әр топтағы бағалаушы бағалау парағын толтыруын қадағалайды | Әр топтағы бағалаушы бағалау парағын толтырады. |