kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Толы? онды?тар мен ж?здіктерді к?бейту ж?не б?лу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты: атал?ан т?рдегі к?бейту ж?не б?лу т?сілдерін ме?геру, есептеу да?дыларын жетілдіру.

П?ндік н?тиже: о?ушылар толы? онды?тар мен ж?здіктерді ауызша к?бейту ж?не б?лу амалдарыны? орындалу кезектілігін(алгоритмін) ай?ындайды.

Саба? барысы

Білімдерін белсендіру ж?не о?у іс-?рекетіндегі ?иынды?тарды аны?тау.

О?улы?та?ы 1-тапсырма тізбек бойымен ауызша орындала­ды. Та?та?а 10 мен 100 сандарына к?бейту ж?не болу ережесі ілінеді.

Кестелік к?бейту мен б?луді бекітуге арнал?ан «Компьютер», «?ай ?атар жа?сы?», «Математикалы? волейбол» ойындарын ж?ргізген (сипаттамасын ?ткен саба?тардан ?ара?дар), 1-ші мен3-тапсырмаларды? бір ба?анын ауызша есептеген орынды.

«?андай ?ша?пен ?шатыны?ды біл» деген жа?а ойын ?ткізуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Толы? онды?тар мен ж?здіктерді к?бейту ж?не б?лу"»

Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және

бөлу


Сабақ мақсаты: аталған түрдегі көбейту және бөлу тәсілдерін меңгеру, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Пәндік нәтиже: оқушылар толық ондықтар мен жүздіктерді ауызша көбейту және бөлу амалдарының орындалу кезектілігін(алгоритмін) айқындайды.

Сабақ барысы

Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

Оқулықтағы 1-тапсырма тізбек бойымен ауызша орындала­ды. Тақтаға 10 мен 100 сандарына көбейту және болу ережесі ілінеді.

Кестелік көбейту мен бөлуді бекітуге арналған «Компьютер», «Қай қатар жақсы?», «Математикалық волейбол» ойындарын жүргізген (сипаттамасын өткен сабақтардан қараңдар), 1-ші мен3-тапсырмалардың бір бағанын ауызша есептеген орынды.

«Қандай ұшақпен ұшатыныңды біл» деген жаңа ойын өткізуге болады.

Ойынның мақсаты: көбейту және бөлу кестесі білімін бекіту.

Ойын үшін жауаптар 61, 25, 70, 18, 63, 60, 900, 50, 36, 35, 49, 28, 6, 42 жазылған ұшақтардың суреттері қажет болады. Мұғалім қиықшаларға жазылған есептерді шығару арқылы оқушылардың әрқайсысы ұшатын ұшақтарды анықтауды ұсынады.

7 • 10 - 9, 6 • 3 + 7, 90 : 9 • 7, 54 : 6 + 9, 900 : 100 ■ 7, 24 : 4 • 10, 81 : 9 • 100, 35 : 7 • 10, 63 : 7 • 4, 28 : 4 • 5, 42 : 6 • 7, 700 : 100 • 4, 540: 10:9,380: 10 + 4.

Одан кейін оқушыларға мына тапсырма ұсынылады:

Қиындық орны мен себебін анықтау.

Оқушылар өз жауаптарын түсіндіреді. Олар мұндай есеп­тер шығарылмағаны туралы қорытынды жасалады. Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу жағдайларын қалай түсіндіру керектігін білмейді.

Қиындықтан шығу жобасын құру.

Жоспар құрылады:

Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу кезінде әрекеттердің дұрыс кезектілігін (алгоритмін) айқындау.Сынаң тапсырмасын түсіндіре отырып орындау.

Мұғалім алгоритм қадамдарын мына түрде береді:

Толық ондықтар мен жүздіктерді есептеу бірліктері түрінде жазу: 200 = 2 жүзд.

Көбейту не бөлу амалдарын көбейту кестесін және сәйкес бөлу жағдайларын қолдана отырып орындау.

Есеп бірліктерін толық сандарға ауыстыру.

Толың ондықтар мен бірліктерді жазу.

Дауыстап түсіндіру арқылы алғашқы бекіту.

Бастапқы бекіту үшін демонстрациялық материалдағы кестені пайдалануға болады.

Одан кейін оқулықтағы 3-тапсырманың қалғаны ұсынылады.

Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруге арналған өздік жұмыс.

Жаттығу үшін 4-тапсырманың екі бағаны орындалады.

Бұдан әрі мұғалім ұсынған үлгі бойынша өзін-өзі тексеруді жүргізеді.

Білім жүйесіне енгізу және қайталау.

Алған білімдерін қолдану үшін 5, 6, 7-тапсырмалардыңбөліктерін орындауды сұрайды. Іс-әрекетті қорытындылау.

Сабақ рефлексиясы өткен сабаққа ұқсас жүргізіледі. Үйге берілетін тапсырманы оқушылардың өздері айқындағаны маңызды. Үй тапсырмасы ретінде 4-жаттығудың екі бағаны және6-шы не 5-жаттығудың бір бөлігі беріледі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Толы? онды?тар мен ж?здіктерді к?бейту ж?не б?лу"

Автор: Жусупбекова Келбет Майдановна

Дата: 21.02.2016

Номер свидетельства: 296756


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства