kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"То?ылда?" ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: То?ылда?.
Ма?саты:  білімділік.. О?ушылар?а м?тінні? мазм?нын т?сіндіру, м?тінні? мазм?ны бойынша с?ра? ?ою ар?ылы  жан-жа?ты ойлау?а ?йрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды? дыбысталуы мен ?олданылуы жайлы ма?л?маттарын ке?ейте т?су. С?з ішінде дауысты дыбыстарды ажырата алу
Дамытушылы?: О?ушыларды? ой-?рісін дамыту, с?здік ?орын молайту. Сауатты жазу?а ?йрету.   ?з ойларын толы? жеткізе алу?а ?йрету. Шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру.                                                                     Т?рбиелік: О?ушылар?а экологиялы? т?рбие беру, таби?ат – ананы, онда?ы ?сімдіктер д?ниесі, ??стар тіршілігіне деген с?йіспеншілік сезімдерін т?рбиелеу.

К?рнекілігі: презентация; ??старды?, то?ылда?ты?, а?ашты? суреттері, дауысты, дауыссыз дыбыстар ?ріптері, постер суреттерімен
Саба? т?рі: жа?а саба?ты т?сіндіру
?діс-т?сілдер: с?ра?-жауап, т?сіндіру, к?рнекілік, ??гімелеу, талдау-жина?тау ?дістері, проблемалы? с?ра?
Саба? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і
О?ушыларды саба??а даярлау. (музыка ойнайды) 2 слайд

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"То?ылда?" ашы? саба?»

Тақырыбы: Тоқылдақ.
Мақсаты: білімділік.. Оқушыларға мәтіннің мазмұнын түсіндіру, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың дыбысталуы мен қолданылуы жайлы мағлұматтарын кеңейте түсу. Сөз ішінде дауысты дыбыстарды ажырата алу
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. Сауатты жазуға үйрету. Өз ойларын толық жеткізе алуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат – ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация; құстардың, тоқылдақтың, ағаштың суреттері, дауысты, дауыссыз дыбыстар әріптері, постер суреттерімен
Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу, талдау-жинақтау әдістері, проблемалық сұрақ
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау. (музыка ойнайды) 2 слайд

  • Балалар, ненің дыбысы естіледі?

  • Не у-шу болып тұрған? Бұл әуенді қайдан естуге болады? (Дұрыс айтасыңдар, орман әуені)

  • Орман сендерге ұнайды ма? Несімен?

  • Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы орманға байланысты болмақ. Бүгін жаңа мәтінмен танысамыз. Ол мәтінмен жұмыс жасаймыз, әртүрлі тапсыралар орындау арқылы көп білім үйреніп аласыңдар деп үміттенемін. Сондықтан барлығымыз сабаққа белсенді қатысып және тәртіптілік сақтайық.

  • Балалар, орман дегенде не елестейді? (3 слайд)

  • Ерте, ерте, ертеде және одан ертеде орманданда бір үлкен ағаш болыпты. Ол көп жыл өмір сүрген екен. Өзі орманның сәнін беретін, саялы ағаш екен. (4 слайд) Маңында үнемі жан-жануарлар мекендеп, құстар сайрап, көлде аққу, қаз-үйректер балапандарымен ерекше бір көрік беріп тұрған ғой.

Содан күндердің бір күнінде ағаш ауырып қалады екен, ол ауру маңындағы көлді де ластайды, содан құстар да жан-жануарлар да азая бастайды. Ағаш тіптен не істерін білмей уайымға салынады.

  • Балалар, ағаштың өзінің ауруға күші жетпей сендерді көмекке шақырады. Көмектесеміз бе?

  • Ағаштың тапсырмасы: (6 слайд)

Өткен тақырыптарды пысықтау.

  1. Дыбыс деген не? Әріп деген не?

  2. Сөз неден құралады?

  3. Дауысты дыбыстарды қалай ажыратамыз?

  4. Дауыссыз дыбыстарды ше?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • 12-жаттығу. Сөздердегі дауысты дыбыстарды атау.

сауысқан қарға суықторғай шағала

(жеке-жеке сурет арқылы әр топқа талдату.)

  • Балалар, құстардың пайдасы бар ма? Олар біздің өмірімізге қажет пе?

ІІІ Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу. (14 слайд)

Ағашта болса егер мең,

Хабар берiп морземен,

Тұмсығымен емдейдi,

Сосын көңiл демдейдi.   



  • Оның жауабы не?

  • Ендеше, бүгін «Тоқылдақ» деген мәтінмен танысады екенбіз.

А) Мұғалімнің мәтінді оқуы

Ә) Оқушылардың іштей оқуы

Б) Тізбектей оқыту.

  • Тоқылдақ қайда отыр? Дің деген не?

  • Ол тұмсығымен діңді не істейді?

  • Ағаш қабығында нелер бар?

  • Тоқылдақ немен қоректенеді?

  • Жерге түскенді нелер жейді?

  • Тоқылдақ қандай құс?

  • Сонымен тоқылдақ – орман емшісі немесе орман дәрігері дейді екен.



Сергіту сәті

  • Балалар, саусақ жаттығуларын орындап алайық.

Орманда жоғары, (қолдарды жоғары көтеру)

Ағашқа қонады. (алақанды ашу)

Тұмсығын балта етіп, (саусақтарды бүгу)

Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (әр саусаққа тигізу)

ІҮ Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Тоқылдақ – орман емшісі.

  1. деген сөйлемді 1 оқушыға тақтаға жазғызу. (қалғандары дәптерге орындайды)

  2. Дауысты әріпті белгілеу

  3. Осы сөйлемде неше сөз бар?

Ү Топтық жұмыс «Жаңалық ашу» (15 слайд)

Әр топқа постер таратып, Тоқылдақ құсы жайында мәтінде жоқ, яғни сендер үшін жаңалықты табу керек. Және әр топ өз тоқылдағын әдемілеп сәндеу керек. Тоқылдақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

15 см

































ҮІ Сергіту сәті.

ҮІ Қорытынды

  • Біз бүгін қандай құс туралы өттік?

  • Тоқылдақтың қандай пайдасы бар?

  • Дауысты дыбыс дегеніміз не?

  • Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

  • Құстарға қандай көмек көрсете аласыңдар?


ҮІІІ Сабақты бекіту. Үйге тапсырма беру

  • Балалар, сабақ басында ауырып қалған ағаш жайында айтқан болатынбыз. Осы ағашқа сендер көптеген көмек көрсеттіңдер, себебі ол ағаштың ауруы не еді?

  • Осы құрттарды тоқылдақ жеп, ағашымызды аман сақтап қалды. Ағаш сендерге ризашылығын білдіріп, рахмет айтып тұр.

  • Енді сендер тақтадағы, тоқылдақты сабақтан ескерткіш ретінде алып, артында үй тапсырмасын орындап келу.

  • 16 беттегі жұмбақты көшіріп, дауысты, дауыссыз әріптердің астын сызу


ҮІІІ. Бағалау.

 Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап өту.





























































































































15 см


































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"То?ылда?" ашы? саба?

Автор: ?она?бай Г?лжан Мухит?ызы

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283081


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства