kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіснді са?та 2сынып д?ниетану

Нажмите, чтобы узнать подробности

2-cынып

Д?ниетану

Тісі?ді са?та.

Ма?саты: Білімділік:ауыз ?уысы гигиенасы туралы білімдерін ке?ейту.

Тісті ?алай аман са?тау керектігі туралы т?сінік беру

Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі да?тарды ?алай жуып кетіруге болатыны ж?нінде ??гімелеу, білімдерін ке?ейту.
Дамытушылы?: Жан - жа?ты білім беру, ?иялын, сана - сезімін дамыту.
Т?рбиелік: ?лкенні? тілін алу?а, сыпайылы??а, ??ыптылы??а, салауатты ?мір салтын кіші жастан бастап ?алыптастыра білуге, е?бек?орлы??а т?рбиелеу

К?рнекілігі: тіс пастасы, щетка, «Тісі?ді са?та» атты плакат

Саба?ты? барысы

  1. ?йымдастыру. О?ушыларды? саба??а дайынды?ын тексеру, назарын саба??а аудару

А) Психологиялы? дайынды?

Жалы?паймын саба?тан,

О?имын да, жазамын.

Білім н?рін тарат?ан

?стазда ыл?и - назарым.

  1. ?й тапсырмасын тексеру. Д?рыс тама?тану-денсаулы? кепілі. «Н?мірленген бастар топтасады» ?дісі
    1. ?алай д?рыс тама?тану керек?
    2. Жануар тектес азы? –т?ліктерді ата.
    3. ?сімдік тектес азы?-т?ліктерді ата.
    4. Тама?тан?анда ?андай ережелерді есте са?та?ан ж?н?

3. ?ткенді ?айталау.

А) ?зекті жа?даятты шешу.

     Алмат ба?шадан ?иярды ?зіп алып, оны бірден жеді. Бір са?аттан со?, Алматты? іші ауыра бастады. Алматты? іші неге ауырды? Алмат ?андай ?ателіктер жіберді?

О?ушы жауаптары ты?далады.

 ?) Ж?мба? шешу ар?ылы жа?а саба?ты? та?ырыбы ашылады.

Отыз екі мы?ты,

?аз-?атар боп шы?ты.

Он алтысы асты,

Он алтысы ?сті.               (Тіс)

4.Жа?а саба?.

А) Тама?тануда тісті? р?лі ?андай деп ойлайсы?дар?

Ас ?орыту ?те к?рделі процесс. Тама?ты? ?згеріске ?шырауы ауыз ?уысынан басталады. Ауыз?а келіп т?скен ас тіс ж?не тілді? к?мегімен механикалы? ?згерістерге ?шырайды. Шайнау-рефлексті ?рекет. Жа?сылап шайнал?ан ас сілекей ??рамында?ы ферменттерді? ?серінен химиялы? ыдырау?а ?шырайды. Барлы? сауы?тыру туралы кітаптарда та?амды ?за? уа?ыт шайнап ж?не м??ият ж?ту да?дысы 60 жаста?ы американды? Флетчерді? есіміне «флетчеризм» деп аталып к?рсетіледі. Ауыз?а келіп т?скен та?амды тістер майдалайды.

  • Тіс неден т?рады?

?рбір тісті? ?сті а? т?сті зат эмальмен (кіреуке) ?апталады. Ол тісті ?йкелуден ж?не бактерияларды? енуінен са?тайды. Оны? астында ?атты с?йекке ??сас ты?ыз зат- дентин жатады.Тісті? іші ?уыс, ол борпылда? ?лпадан ??ралады, оны? арасынан ?антамырлар мен ж?йке талшы?тары ?теді. ?антамырлар тіске кенеулі зат, ал ж?йкелер о?ан сезімталды?  ?асиет береді.

 

Тістерді к?ту

Асты? д?рыс ?орытылуы ?шін тісті? сау болуы ?ажет. Ауру тістер – микробтарды? жиналатын орны. Тісті? ауру?а шалды?уы кіреуке ?абатыны? жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жа??а? ша?у, темірді тістеу, ысты? ж?не суы? та?амды бірінен со? бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс д?рігері- стомотолог емдей алады. Тістерді зерттейтін ?ылым- стомотология. Тісті  д?рыс к?тпесе тіс тасы, тіс жегісі, ?анжел, ?ан??рт аурулары пайда болады. Тіс ауруларынан са?тану жолдарын ?немі есте ?стау керек. Салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда ма?ал- м?телдерді? де ролі зор. Мысалы:

1.     Денсаулы?ы ?алымны? – денсаулы?ы адамны?. Білім за?ы. 48-бап.

2.     Адамны? ?мірі ?за?, біра?  оны ?зі ?ыс?артады. Сенека.

3.     Салауатты к?н кешу, саналы ?мір с?румен ?ндесу.

4.     Дені сау адам- таби?атты? е? ?ымбат жемісі.

5.     Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

6.     Саулы?ты? кепілі – салауатты ?мір.

7.     Апыл-??пыл ішкен ас, ас?азан?а т?скен тас.

 

«С?ра?-жауап» дидактикалы? ойыны.

  1. Тісті не ?шін тазалайды?
  2. Тазаланба?ан тіске не т?рып ?алады?(н?л)
  3. Н?лді? ??рамында нелер бар?( тама? ?алды?тары, микробтар)
  4. Тісті? арасына не т?рып ?алады?
  5. Тісті? арасы таза болу ?шін не істеу керек?
  6. Тісті немен тазалаймыз?
  7. Тісті к?ніне неше рет тазалау керек?

Практикалы? ж?мыс.

М??алім тіс тазалау т?ртібін айтып т?рады, о?ушылар оны ?имылмен к?рсетеді.

  1. ?рбір тісті сырт ж?не іш жа?ынан тазалау керек.

2. Жо?ары, т?менгі, тіпті т?пкі де тісті жо?арыдан т?менге, т?меннен жо?ары?а ?арай тазалайды.

О?улы?пен ж?мыс.

Сурет бойынша ж?мыс.

–Суретте бейнеленген балаларды? ?айсысына тіс ауруыны? ?аупі т?ніп т?р?Неліктен?

-Тісті аман са?тау ?шін ?андай тама? жеу керек?

Сау тіс жа?сы ма, ?лде ауру тіс жа?сы ма? Жауабы?ды д?лелде.

-«Тісі?ді са?та» м?тінін о?ып, жауаптары?ны? д?рысты?ына к?зі?ді жеткіз.

Ба?ылау к?нделігімен ж?мыс.э

О?ушылар тапсырмаларды ?з беттерінше орындайды.

Саба?ты ?орытындылау.

С?ра?-жауап ар?ылы ал?ан білімдерін ?орытындылайды.

?йге тапсырма беру

М?тінді т?сініп о?ып келу.К?нделікті ?мірде гигиеналы? ережелерді орындау

(М?сылман к?нтізбесі.Алматы.2004.)

?йге: Шы?армашылы? ж?мыстар берілді. Тіс туралы ?осымша ж?мба?тар, ?ле?дер жинастыру, тіс пастасын жарнамалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіснді са?та 2сынып д?ниетану »


2-сынып. Ашық сабақ

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Керемет баға

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әңгімемен таныстыру арқылы шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, оларға мәдени, әдеби сөйдей білу нормаларын үйрету. Кейіпкерлердің ісін талдау, рөлге бөліп оқу дағдыларын, сұрақтарға толық, нақты жауап беру әрекеттерін іске асыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу тілін жетілдіру.

3. Әдептілікке, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Термин арқылы болжау», «Араласқан кезең», «Баяндап беру» стратегиялары.

Формасы: сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.

Типі: ойды қорыту және жүйелеу.

Көрнекілік: әңгіме желісі бойынша сурет, Р.Әбдіқадырованың суреті, терминдер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру. Сабаққа қажетті құралдарды түгендеу ( әзірлігін тексеру)

Психологиялық дайындық. ( 1 мин )

Пайдамыз тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Слайд №1 (2мин)

-Үйге не берілді? Балабидің білгірлігі.

Жалғастыр ( шешендік сөзін): Жерден ауыр дегенім – ...(ақыл-білім,)

Судан терең дегенім – ...(оқу-ғылым,)

Оттан ыстық дегенім – ...(адамның өмірі,)

Көктен биік дегенім – ...(тәкаппардың көңілі.)

  • Тәкаппар деп қандай адамды айтады?

ІІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Өткенді қайталау.(2 мин)

  • қандай шығармалар түрін білеміз? ( шешендік сөздер, мақал-мәтел, т.с.с.)

  • бүгін өтетін әңгімені балалар жазушысы - Роза Әбдіқадырова жазған. Слайд № 2

Бұл жазушы туралы ақпаратты кітапхана барып іздестіру өздеріңе үйге тапсырылады.

Ондықтарды өсу ретімен орналастырсақ, бүгінгі өтілетін әңгіме атауы шығады. ( белсенді тақтада) Слайд №3

«Ауыстырылған кезең» стратегиясы

30

60

70

20

40

10

50

80

110

90

120

100

р

е

т

е

е

К

м


ғ

б

а

а


ІV. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

А) қызығушылығын ояту. Тақтаға әңгіме мазмұнына сәйкес терминдер жазылады. Слайд №4.

  • Керемет баға әңгімесі не туралы деп ойлайсыңдар ? Болжау әдісі.

( балалар болжап айтады) 2 мин

Жұмбақ шешу: Адам бетін ашады, 1 мин.

Білім нұрын шашады.(Кітап) Слайд №5

- кітап не үшін керек? Оқу үшін. Ендеше кітапты біз де ашайық, оқиық.

Ә) Мағынаны ажырату

Оқулықпен жұмыс.

А) Жаңа сөзбен жұмыс. (Экранда жаңа сөз және оның түсініктемесі шығады)

Ә) дәптермен жұмыс : Сүбелі – қоңды, семіз, майлы. (Жазып алу)

Сөйлем құрату. Интербелсенді тақта сөндіріледі.

Мәтінмен жұмыс. Болжау әдісімен жұмысты жалғастырамын.

Мәтінді алдын-ала оқиға желісіне қарай 4 абзацқа бөліп қоямын.

( өз оқулығымда) І-бөлімін оқып беремін, не болғанын айтқызамын.

Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар? Балалар әрі қарай болжап айтады.

Әрі қарай балалар кезектесіп тізбектей оқиды. Осылайша барлық бөлімдер оқылып талданады. Апасы не деп айтады деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті.

А) - Екі көзің не үшін қажет?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі құлағың не үшін қажет?

- Ақыл- кеңес тыңдау үшін.

- Екі қолың не үшін қажет?

- Елге көмек беру үшін.

- Екі аяғың ше?

- Шетте жүрсем, туған елге қайту үшін.

Ә) Биік ағаштар – аласа ағаштар

Кең көше – тар көше ( жаттығу жасап отырып, қимылмен көрсетеді )

Б). Ой толғаныс.

Оқи берсең, көзің ашылады,

Отыра берсең, жалқаулық басынады.

Мақалдың мағынасын түсіндір. Жеке, жұппен, топта ойланады.

Әр топ өз ойларын айтады.

V. Бекіту. Баяндап беру стратегиясы.

  • Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар? (Қойылым жасалады.)

VІ. Қорытынды.

  • Бүгінгі сабақта не білдік?

  • Әңгіме бізді неге үйретеді?(Әдептілікке, адалдық пен еңбекқорлыққа)

  • Ойымызға не түйдік? (Өмір бойы біреудің аузына қарап, өзің еңбектенбесең, алысқа бармайсың)

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма:Әңгімені мазмұны, рөлге бөліп оқуға дайындалып келу

Кітапханаға барып, осы әңгімені жазған жазушы-

Р.Әбдіқадырова туралы ақпарат біліп келу.

2-сынып. Ашық сабақ

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Керемет баға

Сабаққа өзіндік талдау.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда бұл тақырып маңызды, тәрбиелік мәні бар: көшіріп жазып алғанның пайдасы болмайтынын , бағаны өз еңбегіңе қарай қойылатынын түсінді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Термин, сурет арқылы болжау», «Араласқан кезең», «Баяндап беру» стратегияларын қолдандым: «Араласқан кезең» стратегиясы арқылы тақырыпқа шығу, және жұмбақ шешу оқушылардың назарын тақырыпқа аудартып, қызығушылығын оятты. Мағынаны ажыратуда «Термин, сурет арқылы болжау» стратегиясы арқылы әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар деп баланың шығармашылығын дамыта отырып, әңгіме мазмұнын өздеріне меңгерттім. Бекіту мақсатында «Баяндап беру» стратегиясын қолданып, балалар с ахналады. Жетелей отырып, қорытындыны өздері жасады, әңгіме қандай болуға үйрететінін өздері айтты.

Математика пәнімен пәнаралық байланыс болды, балалар 100-ге дейінгі сандарды өтіп жатыр.

Сынып ерекшелігі. Сыныпта 9 оқушы, 2-уі үздік, 3-еуі екпінді.

2 балада анықтама қағаздары бар. Білімдері жеткілікті деңгейде. Сабаққа үнемі дайындалатындар 6-уы: Үнемі дайындалмай келетіндер -3 оқушы.

2 оқушының түсінбегендіктен оқуға деген қызығушылықтары төмен.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әңгімемен таныстыру арқылы шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, оларға мәдени, әдеби сөйдей білу нормаларын үйрету. Кейіпкерлердің ісін талдау, рөлге бөліп оқу дағдыларын, сұрақтарға толық, нақты жауап беру әрекеттерін іске асыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу тілін жетілдіру.

3. Әдептілікке, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу болған.

Түрі: жаңа сабақ

Формасы: сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.

Типі: ойды қорыту және жүйелеу.

Көрнекілік: әңгіме желісі бойынша сурет, Р.Әбдіқадырованың суреті, терминдер.

Сабақтың құрылымында барлық кезеңдер көрініп тұрды, әр кезеңге уақыт дұрыс бөлінген.

Үй тапсырмасы әңгіме мазмұны түсінікті болғандықтан, рөлге бөліп оқуға дайындалу және Р. Әбдіқадырова туралы ақпарат ( іздену жұмысы) тауып келу берілді, үйренсін. Мен өзім кітапханадан тауып қойдым, барса болды кітапханашы көрсетеді.

Сергіту сәті уақытында өт кізілді. Ауызша сабақ болғандықтан айтып отырып, жасады.

Сабақ мақсатына жетті.



2-cынып

Дүниетану

Тісіңді сақта.

Мақсаты: Білімділік:ауыз қуысы гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Тісті қалай аман сақтау керектігі туралы түсінік беру

Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі дақтарды қалай жуып кетіруге болатыны жөнінде әңгімелеу, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Жан - жақты білім беру, қиялын, сана - сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкеннің тілін алуға, сыпайылыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын кіші жастан бастап қалыптастыра білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: тіс пастасы, щетка, «Тісіңді сақта» атты плакат

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару

А) Психологиялық дайындық

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да, жазамын.

Білім нәрін таратқан

Ұстазда ылғи - назарым.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі. «Нөмірленген бастар топтасады» әдісі

  1. Қалай дұрыс тамақтану керек?

  2. Жануар тектес азық –түліктерді ата.

  3. Өсімдік тектес азық-түліктерді ата.

  4. Тамақтанғанда қандай ережелерді есте сақтаған жөн?

3. Өткенді қайталау.

А) Өзекті жағдаятты шешу.

Алмат бақшадан қиярды үзіп алып, оны бірден жеді. Бір сағаттан соң, Алматтың іші ауыра бастады. Алматтың іші неге ауырды? Алмат қандай қателіктер жіберді?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Ә) Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Отыз екі мықты,

Қаз-қатар боп шықты.

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті.               (Тіс)

4.Жаңа сабақ.

А) Тамақтануда тістің рөлі қандай деп ойлайсыңдар?

Ас қорыту өте күрделі процесс. Тамақтың өзгеріске ұшырауы ауыз қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен ас тіс және тілдің көмегімен механикалық өзгерістерге ұшырайды. Шайнау-рефлексті әрекет. Жақсылап шайналған ас сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды. Барлық сауықтыру туралы кітаптарда тағамды ұзақ уақыт шайнап және мұқият жұту дағдысы 60 жастағы американдық Флетчердің есіміне «флетчеризм» деп аталып көрсетіледі. Ауызға келіп түскен тағамды тістер майдалайды.

  • Тіс неден тұрады?

Әрбір тістің үсті ақ түсті зат эмальмен (кіреуке) қапталады. Ол тісті үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайды. Оның астында қатты сүйекке ұқсас тығыз зат- дентин жатады.Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қантамырлар мен жүйке талшықтары өтеді. Қантамырлар тіске кенеулі зат, ал жүйкелер оған сезімталдық  қасиет береді.



Тістерді күту

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістің сау болуы қажет. Ауру тістер – микробтардың жиналатын орны. Тістің ауруға шалдығуы кіреуке қабатының жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жаңғақ шағу, темірді тістеу, ыстық және суық тағамды бірінен соң бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс дәрігері- стомотолог емдей алады. Тістерді зерттейтін ғылым- стомотология. Тісті  дұрыс күтпесе тіс тасы, тіс жегісі, қанжел, қанқұрт аурулары пайда болады. Тіс ауруларынан сақтану жолдарын үнемі есте ұстау керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мақал- мәтелдердің де ролі зор. Мысалы:

  1. Денсаулығы ғалымның – денсаулығы адамның. Білім заңы. 48-бап.

  2. Адамның өмірі ұзақ, бірақ  оны өзі қысқартады. Сенека.

  3. Салауатты күн кешу, саналы өмір сүрумен үндесу.

  4. Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі.

  5. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

  6. Саулықтың кепілі – салауатты өмір.

  7. Апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас.


«Сұрақ-жауап» дидактикалық ойыны.

  1. Тісті не үшін тазалайды?

  2. Тазаланбаған тіске не тұрып қалады?(нәл)

  3. Нәлдің құрамында нелер бар?( тамақ қалдықтары, микробтар)

  4. Тістің арасына не тұрып қалады?

  5. Тістің арасы таза болу үшін не істеу керек?

  6. Тісті немен тазалаймыз?

  7. Тісті күніне неше рет тазалау керек?

Практикалық жұмыс.

Мұғалім тіс тазалау тәртібін айтып тұрады, оқушылар оны қимылмен көрсетеді.

  1. Әрбір тісті сырт және іш жағынан тазалау керек.

2. Жоғары, төменгі, тіпті түпкі де тісті жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай тазалайды.

Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша жұмыс.

–Суретте бейнеленген балалардың қайсысына тіс ауруының қаупі төніп тұр?Неліктен?

-Тісті аман сақтау үшін қандай тамақ жеу керек?

Сау тіс жақсы ма, әлде ауру тіс жақсы ма? Жауабыңды дәлелде.

-«Тісіңді сақта» мәтінін оқып, жауаптарыңның дұрыстығына көзіңді жеткіз.

Бақылау күнделігімен жұмыс.э

Оқушылар тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

Үйге тапсырма беру

Мәтінді түсініп оқып келу.Күнделікті өмірде гигиеналық ережелерді орындау

(Мұсылман күнтізбесі.Алматы.2004.)

Үйге: Шығармашылық жұмыстар берілді. Тіс туралы қосымша жұмбақтар, өлеңдер жинастыру, тіс пастасын жарнамалау.























2-cынып. Дүниетану

Тақырыбы: Сен және сенің достарың

Мақсаты: 1) достармен ізгі қарым-қатынас жасауды да білу керектігі жайында түсінік беру

2) қиялын, сана-сезімін дамыту

3) мінез-құлық мәдениетіне және достыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, нөмірлер жазылған қағаздар

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару

А) Психологиялық дайындық

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да, жазамын.

Білім нәрін таратқан

Ұстазда ылғи - назарым.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта «Мектепте» тақырыбымен танысқанбыз, үйге не берілді? (сұрақтарға жауап іздестіру берілді). Слайд -1. Сұрақтар. «Нөмірленген бастар топтасады» әдісі

  1. Оқушының міндеті қандай?

  2. Мектепте қандай кабинеттер бар?

  3. Кітапханада қандай кітаптар бар?

  4. Мектепте қандай үйірмелер жұмыс істейді екен ?

3.Өткенді қайталау. Жаңа тақырыпқа шығу.

Үнтаспадан дос, достық туралы ән тыңдатылады.( Слайд-2. Сурет . музыка)

–Ән не туралы? ( достық туралы)

-Достық дегеніміз не? « Дөңгелек үстел» стратегиясы.

(4 мин, әр топқа 2 минуттан)

- Сенің досың бар ма?

- Оның аты кім?

- Сендер бір-біріңе қалай көмектесесіңдер?

ІV. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын хабарлау:

- Сен және сенің достарың. Кәне, балалар, назарымызды тақтаға аударайық.

А) қызығушылығын ояту.

Мәтіннің бір бөлігін бірігіп, интербелсенді тақтадан оқыту.

Марат мектептен үндемей, көңілсіз қайтты. Ол тамағын ішті де, өз бөлмесіне кіріп кетті. Серуенге де шыққан жоқ.

- Саған не болды? – деп сұрады атасы Мараттан.

- Мен досыммен ренжісіп қалдым, - деп жауап берді Марат.- Ол менімен дөрекі сөйлесті, ал мен оған : «Ақымақсың!» -дедім.

Атасы немересінің басынан сипады да, былай деді:

  • Сендер дұрыс қарым-қатынас жасауды білмейсіңдер.

Проблемалық сұрақ: Біздің оқушылар арасында осындай жағдайлар бола ма? Болса, біз де ендеше дұрыс қарым-қатынас жасауды білмейміз.

Ә) Мағынаны ажырату. «Жұпатасып қорытынды жасау» стратегиясы

- Қалай дұрыс қарым-қатынас жасауды қазір барлығымыз кітаптан оқып білеміз. Мәтінді оқымас бұрын, партада бірге отырған балалар №1-ші мен №2-ші болып нөмірленейік. (бастарына нөмірлерін кигізу)

Оқулықпен жұмыс.

Мәтін екі бөлікке бөлінеді: А бөлігі және Ә бөлігі

Мәтіннің А бөлігін оқуға уақыт беріледі. №1-шілер репортерлер қызметін атқарады. Олар сауал алушының сұрақтарына жауап беруге дайындалады. №2-шілер сауал алушылар қызметін атқарады. Олар репортерлерге сұрақтар қоюға дайындалады.

Берілген уақыт өтісімен А бөлігінің мазмұны бойынша сұрақтарын қойып, жауап алысады. Қорытынды жасайды. ( әуелі жұппен, сосын топта). Топ басқа топқа сұрақтарын қойып жауап алысады,қорытынды жасайды. (ұжыммен жұмыс)

Ә бөлігін оқығанда рөлдер ауысады. Керісінше №2-шілер енді репортерлер қызметін атқарады. Олар сауал алушының сұрақтарына жауап беруге дайындалады. №1 -шілер сауал алушылар қызметін атқарады. Олар репортерлерге сұрақтар қоюға дайындалады.

Берілген уақыт өтісімен Ә бөлігінің мазмұны бойынша сұрақтарын қойып, жауап алысады.( әуелі жұппен, сосын топта және ұжымда)

Сергіту сәті. Музыкалық қозғалыс.

-Мультфильмді жақсы көресіңдер ме? Ендеше мульфильм кейіпкерлерімен сергіту сәтін өткізіп жіберейік

А) - Екі көзің не үшін қажет?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі құлағың не үшін қажет?

- Ақыл- кеңес тыңдау үшін.

- Екі қолың не үшін қажет?

- Елге көмек беру үшін.

- Екі аяғың ше?

- Шетте жүрсем, туған елге қайту үшін.

Ә) Биік ағаштар – аласа ағаштар

Кең көше – тар көше ( жаттығу жасап отырып, қимылмен көрсетеді )

V. Бекіту: (егер балалар құрастырған сұрақтарда төмендегі сұрақтарды қойып, мен жауап алысамын)

  • Ерулік деген не? Түсіндір.

  • Қарым-қатынас дегеніміз не?

Мен енді досыммен қарым-қатынаста боламын дей отырып, өзіме адас достыққа тән төмендегі қасиеттерді таңдаймын. «Ішіне-сыртына» стратегиясы.( интербелсенді тақтада)

Адал достыққа қатысты қасиеттерді «ішіне», қатысы жоқ қасиеттерді

«сыртына» топтаймыз: өзара сыйластық, мазақтап күлу, ерегесу, сөзін тыңдамау, жамандау, шыншыл болу, өзара көмектесу, түсіністік, кешірмеу, қолындағысымен бөлісу.

Б). Ой толғаныс.

Өзекті жағдаятты шешу.

Берік пен Ерлан бір аулада тұрады. Екеуі өздерін доспыз деп санайды. Бірде екеуі киноға барды.Кинотеатр алдында Ерлан танысын кездестірді. Ол танысымен әңгімелесіп тұрып қалды.Ерлан бірер уақыттан соң Берікке бұрылып:

- Мен киноға кірмеймін. Өзің бара бер. Досыммен қала аралап серуендеймін, - деді.

Сұрақ:

- Ерланның әрекеті дұрыс па?

- Оның орнында болсаң сен не істер едің?

Әуелі әрқайсысы жеке ойланады, жұбымен пікір алмасады, топта ортақ жоба құрады. Спикерлер оны корғайды.Спикерлерге пікір айтылады.

VІ. Қорытынды.

  • Бүгінгі сабақта не білдік?

  • Мәтін бізді неге үйретеді? (досыңмен жақсы қарым-қатынаста болуды)

  • Ойымызға не түйдік? (Кез келген адамның өзіңмен қалай сөйлескенін қаласаң, онымен сен де солай сөйлес. Сыпайы, адал бол, сонда сенімен үлкендер де, балалар да ізетпен қарым-қатынас жасайды.)

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма:

Достық туралы өлеңдер, әңгімелер жинастыру.


2-cынып. Дүниетану

Тақырыбы: Мал шаруашылығы

Мақсаты:

1)үй жануарларын өсіріп және күтіп-баптаудағы ерекшеліктерді түсіндіру;

2)танымдық әрекеттерін дамыту; пікірлерін қорытындылай білуге;

3) жануарларға қамқорлықпен қарауға баулу.

Көрнекілігі: Слайдтар, жануарлар бейнеленген суреттер, нөмірлер жазылған қағаздар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару

А) Психологиялық дайындық

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да, жазамын.

Білім нәрін таратқан

Ұстазда ылғи - назарым.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта «Жеміс және көкөніс шаруашылығы» тақырыбымен танысқанбыз, үйге не берілді? (сұрақтарға жауап іздестіру берілді). Слайд -1. Сұрақтар. «Нөмірленген бастар топтасады» әдісі

  1. Қандай өсімдіктерден ұн алады?

  2. Қандай өсімдіктерден жарма дайындалады?

  3. Күріш өсіру үшін қандай жағдайлар керек?

  4. Мақта еліміздің қай жерінде өсіріледі ?

3.Өткенді қайталау. Жаңа тақырыпқа шығу.

Үнтаспадан малдардың даусы жазылған үзінді тыңдатылады.( Слайд-2. Сурет . музыка)

- Үйде қандай мал ұстайсыңдар ?

- Ауылымызда мал өсіретін шаруа қожалығы бар ма?

ІV. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын хабарлау:

- Мал шаруашылығы. Слайд-3. Жергілікті жердегі «Илларбек» және Қызылтаң бөлімшесіндегі шаруа қожалықтарынан фото-слайд

А) қызығушылығын ояту.

Проблемалық сұрақ:

-Қалай ойлайсыңдар мал шаруашылығы не үшін керек?

« Дөңгелек үстел» стратегиясы.

(4 мин, әр топқа 2 минуттан)

Ә) Мағынаны ажырату. «Жұптасып қорытынды жасау» стратегиясы

- Мәтінді оқымас бұрын, партада бірге отырған балалар №1-ші мен №2-ші болып нөмірленейік. (бастарына нөмірлерін кигізу)

Оқулықпен жұмыс.

Мәтін екі бөлікке бөлінеді: А бөлігі және Ә бөлігі

Мәтіннің А бөлігін оқуға уақыт беріледі. №1-шілер репортерлер қызметін атқарады. Олар сауал алушының сұрақтарына жауап беруге дайындалады. №2-шілер сауал алушылар қызметін атқарады. Олар репортерлерге сұрақтар қоюға дайындалады.

Берілген уақыт өтісімен А бөлігінің мазмұны бойынша сұрақтарын қойып, жауап алысады. Қорытынды жасайды. ( әуелі жұппен, сосын топта). Топ басқа топқа сұрақтарын қойып жауап алысады,қорытынды жасайды. (ұжыммен жұмыс)

Ә бөлігін оқығанда рөлдер ауысады. Керісінше №2-шілер енді репортерлер қызметін атқарады. Олар сауал алушының сұрақтарына жауап беруге дайындалады. №1 -шілер сауал алушылар қызметін атқарады. Олар репортерлерге сұрақтар қоюға дайындалады.

Берілген уақыт өтісімен Ә бөлігінің мазмұны бойынша сұрақтарын қойып, жауап алысады.( әуелі жұппен, сосын топта және ұжымда)

Сергіту сәті. Музыкалық қозғалыс.

А) - Екі көзің не үшін қажет?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі құлағың не үшін қажет?

- Ақыл- кеңес тыңдау үшін.

- Екі қолың не үшін қажет?

- Елге көмек беру үшін.

- Екі аяғың ше?

- Шетте жүрсем, туған елге қайту үшін.

Ә) Биік ағаштар – аласа ағаштар

Кең көше – тар көше ( жаттығу жасап отырып, қимылмен көрсетеді )

V. Бекіту: (егер балалар құрастырған сұрақтарда төмендегі сұрақтарды қойып, мен жауап алысамын)

  • Қандай малдарды ірі қара мал дейді?Ұсақ малдарға қандай жануарлар жатады? Түсіндір.

  • Қазақстанда малдың қандай түрлері өсіріледі?

Б). Ой толғаныс.

Өзекті жағдаятты шешу.

VІ. Қорытынды.

  • Бүгінгі сабақта не білдік?

  • Мәтін бізді неге үйретеді? (досыңмен жақсы қарым-қатынаста болуды)

  • Ойымызға не түйдік? (Кез келген адамның өзіңмен қалай сөйлескенін қаласаң, онымен сен де солай сөйлес. Сыпайы, адал бол, сонда сенімен үлкендер де, балалар да ізетпен қарым-қатынас жасайды.)

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма:

Достық туралы өлеңдер, әңгімелер жинастыру.



2-cынып. Дүниетану

Тақырыбы: Біздің көлік

Мақсаты: 1) арнай көлік түрлері туралы білімдерін кеңейту;

2) Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру.

3) оқушыларды үйде, мектепте , жолда жүрген кезде міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтап жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, нөмірлер жазылған қағаздар

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру.

А) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру:

-Сабаққа дайынсыңдар ма? Партада дүниетану кітабы мен дәптері, күнделік, қалам жатуы керек.

Ә) Психологиялық дайындық (назарын сабаққа аудару)

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да, жазамын.

Білім нәрін таратқан

Ұстазда ылғи - назарым.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге не берілді? (сұрақтарға жауап іздестіру берілді). Слайд -1. Сұрақтар. «Нөмірленген бастар топтасады» әдісі

  1. Көп қабатты үйлер қалай салынады?

  2. Ауылда үйді қалай салады?

  3. Құрылыс материалдарын ата.

  4. Қаладағы және ауылдағы құрылыстың ұқсастығы неде, айырмашылығы қандай?

ІІІ.Өткенді қайталау. Жаңа тақырыпқа шығу.

Көліктердің дауысы жазылған үзінді тыңдатылады.

  • Нелердің дауысы? (Машиналардың)

  • Бұларды бір сөзбен не деп атайды? (Көліктер)

  • Қандай көлік түрлерін білесің? (жерде, ауада, суда жүретін)

Семантикалық картаны толтыру


Кеме

Ұшақ

Велосипед

Автобус

Пойыз

Зымыран





Жерде











Ауада











Суда












Сонымен, көлік дегеніміз не? Қалай анықтама бересіңдер? (ауада, жерде және суда жолаушылар мен жүк тасымалдайтын қатынас құралдары) «Дөңгелек үстел» әдісі

ІV. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

- Біздің көлік.

Дәптермен жұмыс. Күнді, тақырыпты жазу. Дәптерлерін жауып қояды.

Кәне, балалар қала көшесіне саяхат жасап көрейік. Слайд -

А) қызығушылығын ояту.

Мәтіннің бір бөлігін бірігіп, интербелсенді тақтадан оқыту.Слайд №

Қалада сен күн сайын көшеден жолаушылар мен түрлі жүк тасып жүрген көліктерді көресің. Бірақ кейде көшедегі көліктер дабылын қосып, асығыс келе жатқан машинаға жол беріп тұрады. Бұл – арнаулы, ерекше көліктер. Олар шынында ерекше. Арнайы машиналар жауапты жұмыс үшін қажет. Аяқ астынан жәрдем қажет болып қалған жағдайда, оларды телефонмен шақырып алады.

Проблемалық сұрақ: Бұлар қандай көліктер деп ойлайсыңдар?

Ә) Мағынаны ажырату. «Жұптасып қорытынды жасау» стратегиясы

- Бұл көліктер туралы қазір барлығымыз кітаптан оқып білеміз. Мәтінді оқымас бұрын, топта отырған балалар №1-ші мен №2-ші болып нөмірленейік. (бейджиктерді тарату)

Оқулықпен жұмыс.

Мәтін екі бөлікке бөлінеді: А бөлігі және Ә бөлігі

Мәтіннің А бөлігін оқуға уақыт беріледі. №1-шілер репортерлер қызметін атқарады. Олар сауал алушының сұрақтарына жауап беруге дайындалады. №2-шілер сауал алушылар қызметін атқарады. Олар репортерлерге сұрақтар қоюға дайындалады.

Берілген уақыт өтісімен А бөлігінің мазмұны бойынша сұрақтарын қойып, жауап алысады. Қорытынды жасайды. ( әуелі жұппен, сосын топта).

Ә бөлігін оқығанда рөлдер ауысады. Керісінше №2-шілер енді репортерлер қызметін атқарады. Олар сауал алушының сұрақтарына жауап беруге дайындалады. №1 -шілер сауал алушылар қызметін атқарады. Олар репортерлерге сұрақтар қоюға дайындалады.

Берілген уақыт өтісімен Ә бөлігінің мазмұны бойынша сұрақтарын қойып, жауап алысады. ( әуелі жұппен, сосын топта )

Мәтін мазмұнына сәйкес топтық жоба жасайды, спикер дайындайды.

Әр топ спикері топтық жобаны қорғайды. «Интервью әдісі» (Ұжыммен жұмыс).

Сергіту сәті. А) Музыкалық қозғалыс.

-Мультфильмді жақсы көресіңдер ме? Ендеше мульфильм кейіпкерлерімен сергіту сәтін өткізіп жіберейік

Ә) Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Суда жүйткіп жүземіз.
Кемелерді түземіз,
Жол тәртібін сақтап,

Көліктерге мінеміз. /қимылдарын көрсетіп жасаймыз/

V. Бекіту.

Өзекті жағдаятты шешу.

Көшеде өтіп бара жатып, келе жатқан машинаны байқамай қалдың. Машина қағып кетіп, сен жарақат алдың. Адамдар қандай көлікті шақырады?

Оқушы жауаптары:

-№102 нөмірімен полиция қызметкерлерін шақырады.

-№103 нөмірімен «жедел жәрдемді» шақырады.

Ой толғаныс.

І-топ. Жедел жәрдем дәрігерлері

ІІ-топ. Полиция қызметкерлері.

-Бұл жұмыс оңай ма екен?

-Ол үшін не керек? (Білім)

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Дидактикалық ойын «Дауысынан таны». Жол полициясының және жедел жәрдем машиналарының сиренасының даусы қойылады. Тапсырма: Дауысынан жедел жәрдем және милиция машиналарының дауысын ажырату.

VІ. Қорытынды.

  • Бүгінгі сабақта не білдік?

  • Мәтін бізді неге үйретеді? ( Арнаулы, ерекше көліктерді шақыру нөмірлерін білуге)

  • Ойымызға не түйдік? (Қауіпсіздік ережелерін білуіміз және сақтауымыз керек)

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: Буклет беріледі.

Өрт қауіпсіздігі, Жол жүру, Суда, ережелерін біліп келу





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Тіснді са?та 2сынып д?ниетану

Автор: Досмагамбетова Гульбаршын Шариповна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 173885


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства