kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл дамыту п?ні "Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру салалары: «Таным» 
Б?лімдері: «Экология негіздері» 
Та?ырыбы: «Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі» 
Ма?саты: 
Білімділік: Балалар?а жануарлар туралы т?сінік беру.?й жануарлары мен жабайы а?дар, жануарлар жайлы т?сініктерін ке?ейту. 
Дамытушылы?: Жануарларды ажырата білуге ?йрету. Жануарлар тіршілігі жайлы айту. 
Т?рбиелік: ?ам?орлы??а, е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу. 
К?рнекілік: Жануарлар суреттері 
С?здік ж?мыс: ?й жануарлары, жабайы жануарлар мен а?дар. 

   Балалар мен сендерді шатты? ше?беріне ша?ырамын. 
?азір жылды? ?ай мезгілі? 
Олай болса «?ыс» жайлы та?па? айтайы?.
?ыс келді, ?ыс иы?тап, 
?алды аюлар ?йы?тап. 
?ыс келді, ?ыс м?з-?арлы, 
?ыраулы да, ыз?арлы. 
?ыс келді, ?ыс боранды, 
?ырат к?рпе оранды. 

Балалар бізге к?жек ?она??а келіпті, сендермен бірге суреттер тамашала?ысы келетінін айтады.  

Балалар сендерді? ?йлері?де жануарлар, малдар бар ма? 

?й жануарларын атайы?шы. 

Малдарды адамдар т?рмыс жа?ыдайына пайдалану ?шін асырайды. 
Малдарды? пайдасы ?те к?п. Малды? с?ті, еті, ж?ні, терісі бізге к?п пайда ?келеді. 
?йдегі малдар?а ?ыста ересек адамдар ?ам?орлы? к?рсетеді.?олдан ш?п, жем, су беріп асырайды. 
Ал жазда малдар даладан ?оректенеді. 
Малды? с?ті мен етінде денсаулы??а пайдалы д?румендер ?те к?п.

  Жабайы жануарлар олар дала а?дары. Себебі, олар ормандарда, тауларда ?мір с?реді сонды?тан оларды? ?ыс?ы тіршілігі, ?й жануарынан бас?аша болып келеді.

   Алдымен жабайы а?дарды атайы?:б??ы, тиін, т?лкі, ?ас?ыр, аю, ?оян т.б.

Мысалы аю апанда ?йы?тайды. ?й?ы?а жат?ан жануарлар ?з денесіндегі майын ?орек етеді.

  Ол к?ктем шы?ып, ?ар ерігенше осылай ?й?ыда болады. Апанда жатып ?зіні? кішкентай ?онжы?ын туады. Аю – а?ылды, иіс сезгіш, жырт?ыш а?. Біра? ешкімге тиіспейді. К?біне ?сімдікпен ?оректенеді. Жазда жеміс-жидек тереді.

  ?оян ?ыста ?йілген мияларды? т?бінде, не а?аш ?уысында ?ыстайды. ?орегі т?рлі ш?птер, а?аш ?абы?тары. Ол жылы тоныны? ар?асындасуы??а то?байды. ?ыста а? тон киіп, ал жазда ?о?ыр тонын киеді. ?зі ?ор?а?, с?бізді, ?ыры??абатты жа?сы к?реді.

   ?ыста тиін ?р жердегі ?зі ты??ан азы? ?орымен ?оректенеді. ?те аязды суы? к?ндері а?аш ?уысында?ы ?ясында отырып, к?зде жина?ан азы?ын жейді.

  К?з кезінде т?лкі тыш?анды оп-о?ай аулайтын еді. ?ыс т?сісімен тыш?андар ?ар астына кетіп, оларды табу о?ай емес. Т?лкі – иісшіл, са???ла?, ?ыра?ы к?з а?. Ол ?ар астында?ы тыш?андарды? сыбдырын, ши?ылын тез ести ?ояды. Сол жерді? ?арын ая?ымен аршып жібіріп, тыш?анды тез-а? ?стап алады.


Сергіту с?ті. ?зын ??ла? с?р ?оян

                       Естіп ?алып сыбдырды,

                       Ойлы – ?ырлы жерлермен

                        Ыт?ып – ыт?ып ж?гірді.

                        ?арап еді артына

                        ?иы?ын сап к?зіні?,

                        Келе жат?ан томпа?дап

                        К?жегі екен ?зіні?.


 
 
  
 

«Кім тап?ыр» ?леміне саяхат жасаймыз. Ж?мба? шешу:

Орманда т?рады, ?зі бір ?у, ж?рген жері ай?ай да шу. (Т?лкі)

Ор?ы?ан ?ор?а?, к?зі ?ыли еді,

?ыс пен жазда екі т?рлі тон киеді. (?оян)

Жазда ?ыдырыды,

?ыста тыны?ады. (Аю)

Б?тадан- б?та?а секірген,

Кішкентай ?ана шапша? а?.(Тиін)

Суретпен ж?мыс а?дарды? балаларын атайы?.

 Е? бірінші ?й жануарларын атайы?. Сиыр- бызау, ат- ??лын, т?йе-бота, ?ой- ?озы, ешкі-ла?, ит- к?шік.

    Жабайы а?дар: аю- ?онжы?, т?лкі-к?шік, ?оян-к?жек, до?ыз-торай, ?ас?ыр-б?лтірік.

Саба?ты ?орыту:

  1. Балалар орманда ?андай а?дар ?мір с?реді?
  2. Олар немен ?оректенеді?
  3. Дала жануарлары мен ?й жануарларына? айырмашылы?ы неде?
  4. ?ыста ?ай жануар орманда ?йы?тап жатады?
  5. ?ай жануар ?ор?а??

Тау?а шы?сан – ?алы? ?ар,

Сай?а т?ссе? – ?алы? ?ар,

Шырша ?сті – ?алы? ?ар,

Бай?а?дар, ?ар астында

?йы?тап жат?ан аю бар.

?йге тапсырма: жабайы а?дарды? суретін салу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту п?ні "Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі"»

Жануарлардың қысқы тіршілігі



Білім беру салалары: «Таным» 
Бөлімдері: «Экология негіздері» 
Тақырыбы: «Жануарлардың қысқы тіршілігі» 
Мақсаты: 
Білімділік: Балаларға жануарлар туралы түсінік беру.Үй жануарлары мен жабайы аңдар, жануарлар жайлы түсініктерін кеңейту. 
Дамытушылық: Жануарларды ажырата білуге үйрету. Жануарлар тіршілігі жайлы айту. 
Тәрбиелік: Қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Көрнекілік: Жануарлар суреттері 
Сөздік жұмыс: Үй жануарлары, жабайы жануарлар мен аңдар. 

  Балалар мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. 
Қазір жылдың қай мезгілі? 
Олай болса «қыс» жайлы тақпақ айтайық.
Қыс келді, қыс иықтап, 
Қалды аюлар ұйықтап. 
Қыс келді, қыс мұз-қарлы, 
Қыраулы да, ызғарлы. 
Қыс келді, қыс боранды, 
Қырат көрпе оранды. 

Балалар бізге көжек қонаққа келіпті, сендермен бірге суреттер тамашалағысы келетінін айтады.  

Балалар сендердің үйлеріңде жануарлар, малдар бар ма? 

Үй жануарларын атайықшы. 

Малдарды адамдар тұрмыс жағыдайына пайдалану үшін асырайды. 
Малдардың пайдасы өте көп. Малдың сүті, еті, жүні, терісі бізге көп пайда әкеледі. 
Үйдегі малдарға қыста ересек адамдар қамқорлық көрсетеді.Қолдан шөп, жем, су беріп асырайды. 
Ал жазда малдар даладан қоректенеді. 
Малдың сүті мен етінде денсаулыққа пайдалы дәрумендер өте көп.








 



Жабайы жануарлар олар дала аңдары. Себебі, олар ормандарда, тауларда өмір сүреді сондықтан олардың қысқы тіршілігі, үй жануарынан басқаша болып келеді.

Алдымен жабайы аңдарды атайық:бқғы, тиін, түлкі, қасқыр, аю, қоян т.б.


Мысалы аю апанда ұйықтайды. Ұйқыға жатқан жануарлар өз денесіндегі майын қорек етеді.

Ол көктем шығып, қар ерігенше осылай ұйқыда болады. Апанда жатып өзінің кішкентай қонжығын туады. Аю – ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң. Бірақ ешкімге тиіспейді. Көбіне өсімдікпен қоректенеді. Жазда жеміс-жидек тереді.


Қоян қыста үйілген миялардың түбінде, не ағаш қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасындасуыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Өзі қорқақ, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді.


Қыста тиін әр жердегі өзі тыққан азық қорымен қоректенеді. Өте аязды суық күндері ағаш қуысындағы ұясында отырып, күзде жинаған азығын жейді.


Күз кезінде түлкі тышқанды оп-оңай аулайтын еді. Қыс түсісімен тышқандар қар астына кетіп, оларды табу оңай емес. Түлкі – иісшіл, саққұлақ, қырағы көз аң. Ол қар астындағы тышқандардың сыбдырын, шиқылын тез ести қояды. Сол жердің қарын аяғымен аршып жібіріп, тышқанды тез-ақ ұстап алады.


Сергіту сәті. Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып – ытқып жүгірді.


Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

 




 
 

«Кім тапқыр» әлеміне саяхат жасаймыз. Жұмбақ шешу:


Орманда тұрады, өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)


Орғыған қорқақ, көзі қыли еді,

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (Қоян)


Жазда қыдырыды,

Қыста тынығады. (Аю)


Бұтадан- бұтаға секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.(Тиін)


Суретпен жұмыс аңдардың балаларын атайық.

Ең бірінші үй жануарларын атайық . Сиыр- бызау, ат- құлын, түйе-бота, қой- қозы, ешкі-лақ, ит- күшік.

Жабайы аңдар: аю- қонжық, түлкі-күшік, қоян-көжек, доңыз-торай, қасқыр-бөлтірік.


Сабақты қорыту:

  1. Балалар орманда қандай аңдар өмір сүреді?

  2. Олар немен қоректенеді?

  3. Дала жануарлары мен үй жануарларынаң айырмашылығы неде?

  4. Қыста қай жануар орманда ұйықтап жатады?

  5. Қай жануар қорқақ?


Тауға шықсан – қалың қар,

Сайға түссең – қалың қар,

Шырша үсті – қалың қар,

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.


Үйге тапсырма: жабайы аңдардың суретін салу.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тіл дамыту п?ні "Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі"

Автор: Ташпулатова Диана Акрамовна

Дата: 27.01.2016

Номер свидетельства: 283902


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства