О?у іс-?рекетіні? ма?саты:
- Балаларды? ойыншы? туралы т?сініктерін ке?ейту, ??ыптылы??а, тазалы??а т?рбиелеу.
- Ойыншы?тарды к?тіп, ??ыпты, таза ойнау?а ?йрету.
С?здік ж?мысы: ар?ыма?, ?ар?ып.
?діс-т?сілдер: С?ра?-жауап, т?сіндіру, ?ле?ді сызба ар?ылы жаттау.
О?у іс-?рекетіні? к?рнекіліктері: Ойыншы? суреттері.
О?у іс-?рекетіні? барысы:
?йымдастыру кезе?і. Балалар шатты? ше?беріне т?рады. Б?рі бірге ?осылып айтады:
Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту. Мені? ойыншы?тарым.»
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.
Сөздік жұмысы: арғымақ, қарғып.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ойыншық суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттың шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықты жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Педагог:
- Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Дәптермен жұмыс:
Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).
Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.
Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.
Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),
Мінем оған қарғып-ақ.
Мына тұрған қояным (қоянның суреті),
Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.
Сөздік жұмысы:
- Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.
- Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.
Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».
Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.
- Менің ойыншығым ... /әдемі/.
- Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.
- Допты жоғары ... /лақтырдым/.
Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бұл дірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).
Дәптермен жұмыс:
- Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.
- Жұмбақтың шешуін тап.
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды,
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон).
Қорытынды:
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
- Қандай ойыншық түрлерін білесің?
- Ойыншықты кімдер жасайды?
- Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?