kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тікт?ртб?рышты? (шаршыны?) периметрі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Та?ырыбы: Тікт?ртб?рышты? (шаршыны?) периметрі

Ма?саты:   Тікт?ртб?рышты? шаршыны? ?абыр?аларын ?лшеу ж?не

                      оларды? ?зынды?тарыны? ?осындысын табу, периметрін табу

                      жайында т?сіндіру. Ой-?рістерін дамыту.Зеректікке т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: кеспе ?рнектер, плакат

Т?рі: аралас

?дісі: с?ра?-жауап,  т?сіндіру, талдау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тікт?ртб?рышты? (шаршыны?) периметрі »

Мен бұл мамандықты неге таңдадым? Ол жан-жақты зерттейді. Мен-дем беруші,бағыт көрсетуші,құтқарушы псхологпын.Менің басты бағытым,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу.Балаларды алға ұмтылуға,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін,жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру!Оқу бітірген соң мен «Барыс» мекемесінде директорың орынбасары қызметін атқардым. Ол жерде көптеген адамдардың қиналғанын,тығырықтан шығар жол таппай қиналып жүргендерін, оларға бірінші шыдам,ал ең бастысы үміт керек екенін түсіндім.Бірте-бірте менің өзіме және басқада адамдарға деген көз қарасым өзгере бастады.Сөйтіп мен көптеген адамдарға, біздің балаларымызға тек қана физиологиялық емес,сол сияқты психологиялық көмектің қажет екенін түсіне бастадым.
Осылайша мен Ақтөбе Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің психология факультетіне түсіп,оқуымды бітіріп,мамандығым бойынша мектепке педагог-психолог болып орналастым.
Бұл мамандық ерекше саналады.Өйткені күні бойы көптеген адамдардың басынан өткергендерін,олардың қиындықтарын,қуаныштарын тыңдап,оларға ақыл кеңес бере отырып,қолдау көрсету керек. Сондықтанда бұл мамандықты әр адам әр қалай түсінеді.
Мен үшін психолог мамандығы не? Ол кең мағыналы.
Мен – дем берушімін
Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесіне үңіліп,олардың бүгіп,ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын.Мен оқушылардың,балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болсада шығып,өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,жастық шақтарын босқа өткізбей,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын.Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл,таны,аш сол кезде әлемді де біліп ,аша аласың» сонымен қатар «Жаныңды ұсақ уайым,болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз»деген нақыл сөзді айтқым келеді.
Мен -жол көрсетушімін
Қасыңда келе жатқан адам.Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жүгіртіп,соларды іздейміз.Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп тауып,сол адаммен өзінің көңіл-күйін,ішкі сезімін,жан-дүниесімен бөлісіп,өзін босқа кінәлай бермей,сол адамнан қолдау тапса деймін.
Мен психологты «құтқарушы» мен салыстырамын.Мен өтінішті күтпеймін.Өйткені мына әлемде көптеген адамдар жайдан-жай көмек сұрай алмайды.Менің мамандығымның жауы-басқа адамның қайғысына бей-жай қарау.Қандай жағдай болмасын,мен ойланбастан сол адамға әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрамын.
Мен –мұғаліммін.
Мен күнделікті ұсақ-түйек шаруаға күш жұмсауға үйретіп,өзіңнің ішкі дүниеңдегі ғажайыпты көре білуге үйретемін.Әлем айна сияқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз мойныңа жауапкершілікті ала білуге,берген уәдеңде тұруды үйретемін.Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген кездерімде,жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен «Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін есіме аламын.
Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып,күйзеліске ұшырасада,өмірге деген сенімін,құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болсада бар күш-жігерін жинап,алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп,жүрегінде де,жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына,барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек.С.Торайғыровтың «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу»дегім келеді.
Менің өмірдегі басты мақсатым-балалар өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап,олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық,жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін.













«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу –  сезімнің ақындығы» - дегендей,  мен ұстаз болуды арман еттім...             Бала күнімде ең бірінші арманым – әнші болу еді. Өсе келе, жоқ,  мен телеарнадан хабар таратып, жаңалық жүргізіп отыратын диктор боламын деген де ой болды.  Адам жас кезінде өте арманшыл, қиялшыл болады екен. Әрбір естіген, көрген жаңа нәрсеге еліктеп, жақсы адамдарды кезіктірсең, мен неге сондай болмаймын? Сол кісідей неге солай сөйлемеймін, неге киінбеймін, бәрі мені сол кісідей неге жақсы көрмейді, құрметтемейді деген сияқты сұрақтар ойыңды мазалайды екен.  Өзінің сондай ерекшелігімен мені оқушы күнімнен өзіне қатты еліктірген, жүрегімнің түкпірінен орын алған жандардың  бірі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжаһан апайым еді. Сол кісінің әсері ме, әлде қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығым ба, әлде әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің өміріне деген құштарлығым ба, тағы да, бірнеше жылды артқа тастап, мұғалім болуды армандадым.  Мектепті «жақсы», «өте жақсы» деген бағалармен бітіріп, тарих, қазақ тілі, неміс тілі, қоғамтану сияқты пәндерден «Мадақтама қағаздарын» алғаннан кейін, мұғалім болу мамандығын таңдауыма азғантайда болса, септігі тиердей болды. Осылайша білім қуып, өмір деген өзеннің ағысына еріп, ұстаздық мамандығын таңдадым. Және қайда дейсің? Сонау Оңтүстіктен Батысқа қалай келгенімді, оқуға қалай түскенімді де білмей қалдым. Бұл жаққа келіп, білім аламын деген ой үш ұйықтасам, түсіме де кірмеп еді. Қазақстанда Орал деген қаланың барын да білмейді екенмін. Уақыт өте келе көптеген қызықтар мен қуаныштарға қол жеткіздім.  Балаға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбие сіңіруші адам – мұғалім. Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Институт қабырғасында оқып жүріп бала күнгі арманымдарыма қол жеткіздім. Наурыз мерекесі алғаш тойланып, сахнаға шығып ән айттым, көрініс қойып, шығарма мазмұнын баяндап тұратын автор да болдым. Ұстаздық жолын алғаш бастап, мектепке келісімен түрлі сайыстар өткізіп, шараны жүргізуші де болдым. Мен ұстаздық мамандығын еш қателеспей таңдаған екенмін. Себебі, педагогика саласы сені ұстаз болуға да, әртіс болуға да үйретеді екен.  Әрбір баланың жүрегіне жол тауып, біліммен қатар бала бойына мейірім шуағын дарыту - кез- келген ұстаздың қолынан келе бермейтін іс.         Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысы болар  әдіскер-ұстаз деп таныр едім. Себебі, әдіскер- ұстаз,  үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен лигвистикалық-турнирлер және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады. Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру – кезек күттірмейтін мәселе.          Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде.          Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады. Олар мыналар: - Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру; - Білімнің деңгейін көтеру; - Мамандардың кәсіби білімі мен білігі. Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған факторлардың барлық сатысынан өтуіне бірден- бір ықпал етуші адам. Құрамындағы әрбір ұстаздың уақытылы біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңа технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн сілтеп, керек жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар ешқашан  «Мен өзімді жетілдіріп болдым » деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп жатырмын» деп айта алады.         Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше, сол компьютерлерде пән мұғалімдері тек сабақ үрдісінде пайдаланып немесе жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынып, мұғалімдердің пән бойынша электрондық көмекші құралдар мен  әдістемелік құралдары жарық көруде. Бұл уақыт талабы, ғаламдану талабы. Компьютер қызметін жетік білетін ұстаз ғана оқушылардың ақпараттық техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолдануына көмек көрсете алады.             



Ұстаз болу – жүректің батырлығы,  Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.  
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  
Ұстаз болу – адамның асылдығы, 
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.   Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. 
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!   Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді..Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет.Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.   
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. 
Шаршаса да осы жолдың бойында, 
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.       


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Тікт?ртб?рышты? (шаршыны?) периметрі

Автор: Бекжанова Нурия

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163910


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства