kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тікт?ртб?рышты? ауданын табу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:      Тікт?ртб?рышты? ауданын табу. №1-7

 

Ма?саты:

 

Білімділік:              О?ушылар?а тікт?ртб?рышты? ауданын есептеуді?

                                  жалпы т?сілін ме?герте отырып, пысы?тау.

 

Дамытушылы?:    Есептер шы?ара отырып о?ушыларды?

                                   логикалы? ой ?рісін дамыту.Аудан атаулар ??ындыру.

 

Т?рбиелік:              Е?бекс?йгіштікке,??ыптылы??а т?рбиелеу.

 

Саба?ты? т?рі:        Жа?а саба?.

 

Саба?ты? ?дісі:        т?сіндіру,баяндау, с?ра?-жауап есеп шы?ару.

 

Саба?ты? к?рнекілігі:   пішіндер,суреттер,кесте.

 

П?наралы? байланыс:   ?аза? тілі,логикалы? математика

 

Саба?ты? барысы:    І ?йымдастыру кезе?і

 

О?ушыларды т?гендеп зейіндерін саба??а аудару.

 

1.Б?гін бізге ?о?а??а шебер Зере апай келіпті. Кім саба??а белсене араласып,д?рыс жауап берсе ?з ?олынан жаса?ан б?йымын сый?а тартады екен.

 

?й тапсырмасын тексеру.

 

1-тапсырма «Кім жылдам» ойыны ар?ылы тексеру

2-тапсырма  ?ткен саба?ты пысы?тау  «Кубизм »  ойыны ар?ылы

 

1.Тікт?ртб?рышты? периметрін ?алай табамыз?

 

2.Периметрді? ?лшем бірлігін ата?

 

3.?лес дегеніміз не?

 

IV.Сергіту с?ті.

 

О?улы?ты мектебім

Берер ма?ан теп-тегін

Білмеймін - -ау мен біра?

?аншама е?бек кеткенін

О?улы?ты ??рметтеймін

К?тіп ?стаймын,кірлетпеймін

Кішілерге табыс етемін

Да? т?сірмей  бір бетке 

 

V. Жа?а саба?

 

Тікт?ртб?рышты? ?зынды?ы табаны,ал ені  биіктігі деп аталады.

Тікт?ртб?рышты? ауданы оны? табаны мен биіктігіні? к?бейтіндісіне те?.

Сонымен мына формула?а назар аударайы?.

y-Аудан латын алфавитіні? бас ?рпімен (S) белгіленеді.

 

S=а+в 

 

3.тапсырма    О?улы?пен ж?мыс

 

№1 а) Аудан ?лшем бірлігі

        Квадрат дециметр-дм

        Квадрад метр –м  

1дм=100см

1м  100дм

 

?) Тікт?ртб?рышты? ауданын тап

    5 • 2  10см  S=10см

 

б) 40см  80см = 320см  =32дм

 

№2. 1)-те? екі б?лікке б?лінеді.

 

1.   ¼      б?лігі      2.      ?  б?лігі 3.     1/6  б?лігі

 

№3. а) 4 • 3 =12см                         ?) 5  • 4  =20см

3 • 4 = 12см                                       4  • 5 = 20см

 

№4

 

2 • 4 = 8cм                                           4 • 2  =8 см

 

№5

 

4 • 4  = 4                    2 • 2=  2                 6 • 6 = 6

5 • 5 = 5                     1 • 1 = 1                 3 • 3 = 3

 

                 

 

4 = 4 • 4=16            5 = 5 • 5 = 25         6 = 6 • 6 = 36

 2 = 2 • = 4               3 = 3 • 3 = 9          1 = 1 • 1 = 1

 

 

 

№6

 

1000- ( 250+360+220) = 170           1000- (220+330+160) = 290

1000- (140-330-160) = 370               1000- (360+330-140) =170

 

 

№7.

 

46,60,40,49,96,69,90,64

 

Саба?

Жа?а саба?ты пысы?тау:

 

Зере ?жей тапсырманы д?рыс орында?андар?а сыйлы?ын таратып ,рахмет айтты.

 

Саба?ты ?орытындылау:

 

А) ба?алау

?) ?йге : №5 (?) 138 бет

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тікт?ртб?рышты? ауданын табу »

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданын табу. №1-7


Мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға тіктөртбұрыштың ауданын есептеудің

жалпы тәсілін меңгерте отырып, пысықтау.


Дамытушылық: Есептер шығара отырып оқушылардың

логикалық ой өрісін дамыту.Аудан атаулар ұғындыру.


Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап есеп шығару.


Сабақтың көрнекілігі: пішіндер,суреттер,кесте.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,логикалық математика


Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі


Оқушыларды түгендеп зейіндерін сабаққа аудару.


1.Бүгін бізге қоңаққа шебер Зере апай келіпті. Кім сабаққа белсене араласып,дұрыс жауап берсе өз қолынан жасаған бұйымын сыйға тартады екен.


Үй тапсырмасын тексеру.


1-тапсырма «Кім жылдам» ойыны арқылы тексеру

2-тапсырма Өткен сабақты пысықтау «Кубизм » ойыны арқылы


1.Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?


2.Периметрдің өлшем бірлігін ата?


3.Үлес дегеніміз не?


IV.Сергіту сәті.


Оқулықты мектебім

Берер маған теп-тегін

Білмеймін - -ау мен бірақ

Қаншама еңбек кеткенін

Оқулықты құрметтеймін

Күтіп ұстаймын,кірлетпеймін

Кішілерге табыс етемін

Дақ түсірмей бір бетке


V. Жаңа сабақ


Тіктөртбұрыштың ұзындығы табаны,ал ені биіктігі деп аталады.

Тіктөртбұрыштың ауданы оның табаны мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.

Сонымен мына формулаға назар аударайық.

y-Аудан латын алфавитінің бас әрпімен (S) белгіленеді.


S=а+в


3.тапсырма Оқулықпен жұмыс


1 а) Аудан өлшем бірлігі

Квадрат дециметр-дм

Квадрад метр –м

1дм=100см

1м 100дм


ә) Тіктөртбұрыштың ауданын тап

5 • 2 10см S=10см


б) 40см 80см = 320см =32дм


2. 1)-тең екі бөлікке бөлінеді.


1. ¼ бөлігі 2. ⅓ бөлігі 3. 1/6 бөлігі


3. а) 4 • 3 =12см ә) 5 • 4 =20см

3 • 4 = 12см 4 • 5 = 20см


4


2 • 4 = 8cм 4 • 2 =8 см


5


4 • 4 = 4 2 • 2= 2 6 • 6 = 6

5 • 5 = 5 1 • 1 = 1 3 • 3 = 3


4 = 4 • 4=16 5 = 5 • 5 = 25 6 = 6 • 6 = 36

2 = 2 • = 4 3 = 3 • 3 = 9 1 = 1 • 1 = 1




6


1000- ( 250+360+220) = 170 1000- (220+330+160) = 290

1000- (140-330-160) = 370 1000- (360+330-140) =170



7.


46,60,40,49,96,69,90,64


Сабақ

Жаңа сабақты пысықтау:


Зере әжей тапсырманы дұрыс орындағандарға сыйлығын таратып ,рахмет айтты.


Сабақты қорытындылау:

А) бағалау

ә) үйге : №5 (ә) 138 бет

























































ҰБТ-ы болатын пән мұғалімдеріне!


Тарау бойынша тест жинақтары әр айдың 8 сәуір, 22 сәуір, 6 мамыр,

20 мамыр күндері болатынын ескерте отырып, осы күндері тапсырманы кешіктірмей орындау керек екенін хабарлаймыз.



Мектеп әкімшілік тест орталағы























Тақырыбы : Ал, қанекей қыздар !

Мақсаты : Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету;
оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін , эстетикалық талғамын,
шеберлігін дамыту;көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге , әдептілікке, мейірімділікке сұлулыққа тәрбиелеу.
Барысы,мазмұны:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сайыс шарттарымен таныстыру.
3.Әділ қазылар алқасымен таныстыру.


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез , ұлттық тәрбие , жақсы дәстүрімізді жаңғыртып , ұлағатты қасиеттерді сіңіріп , үлгі өнегеге баулу мақсатында мектебіміздің ару қыздары арасында сайыс өткізбекшіміз. Ендеше «Ал, қанекей қыздар» сайысына хош келдіңіздер !

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстырар болсақ:
1-бөлім Топты таныстыру.
2-бөлім Топ бойынша викториналық сұрақтарға жауап беру.
3-бөлім Дастархан мәзірі (жасалған тағамды талдап , түсіндіру)
4-бөлім Үй тапсырмасы (мерекелік сән үлгісі , көктем тақырыбына байланысты газет шығару )
5-бөлім Өнерлі өрге жүзер (қыздардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары , жасап көрсету немесе таныстырып шығу , ән айту және би билеу )
6-бөлім Мақал-мәтел сайысы . Оқушылардың шешендік өнерін бақылау.
Ал, ендігі кезекте бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ысқақова Биға апай
Мектеп тәлімгері: Сағындықова Раушан


2-жүргізуші: Арулар – аяулылар , ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

1-жүргізуші: Ендеше Әділет көрермендерді көп күттірмей аруларымызды ортаға шақырайық!

2-жүргізуші: Иә, шақырсақ шақырайық.
Уа, арулар , арулар!
Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
Оны қазың бағалар.

1-жүргізуші : Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,
Баласын шапағаты саялаған .
Ежелден қыз өсірген қайран қазақ ,
Ақ батасын арудан аямаған.

Біздің бүгінгі сайысымызға қатысатын қыздар тобын ортаға шақырамыз.
8 «А» сыныбының арулары «Арулар» тобы.
Енді бұл топтың аруларына тоқталатын болсақ , бос уақыттарында әдеби кітаптарды оқып түріктің және корей халқының телесериалдарын көргенді ұнатады. Сонымен бірге музыка тыңдағанды ұнатады , бос уақыттарында әр ұлттың билерін билегенді жөн деп санайды.

2жүргізуші: 8 «Ә» сыныбының арулары « Қалампыр » тобы. Бұл топтың арулары бос уақытында ән тыңдап, кітапханаға барып әдеби қызықты кітаптарды оқығанды ұнатады. Өмірлік қағидалары – әрқашанда адал болу , өтірік айтпау және үлкенге қамқор болу. Аруларға деген қошаметтеріңіз…

1-жүргізуші : 9 «А» сыныбының « » арулар тобы. Бұл топтың арулары бос уақыттарын босқа өткізуді дұрыс емес деп санайды. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ендеше сол өмірді мәнді де сәнді етіп өткізуді жөн деп санайды.

2-жүргізуші : 9 «Б» сыныбының « » арулар тобы. Бұл топ аруларының сүйікті ісі ән айту , би билеу және бос уақыттарында үй шаруасына көмектесу.

1-жүргізуші : 10 «А»сыныбының « » арулар тобы . Бол топтың аруларын ерекше қыздар деуімізге болады. Себебі аруларымыз қазақтың ақын-жазушыларының өлеңдерін оқығанды және әдеби кітаптарды оқуды басты мақсатымыз деп санайды.

1-жүргізуші : Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқымның сақтай білген игі салтын.

2-жүргізуші : Әділет мен бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын ортаға 7 «Ә» сыныбының әнші қыздарын ортаға «Ару қыздар » әнімен шақырғым келіп отыр. Қарсы алыңыздар Нұржайнат пен Алтынай сіздердің қошеметтеріңізбен!
Ендігі кезекте сайысымыздың бірінші бөлімі бойынша топты таныстыру. Әр топ өз топтарын таныстырады және таныстыруды өлең немесе қара сөз түрінде айтуға болады.

1-жүргізуші: 8 «А» сыныбы
8 «Ә» сыныбы
9 «А» сыныбы
10 «А» сыныбы
10 «Б» сыныбы

Таныстыру бөлімінің бағасын бірден айтып өтсеңіздер.

2-жүргізуші : 2-бөлім бойынша викториналық сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты және ғылым-білімге байланысты болады.

Топ басшылары ортаға келіп алдарыңыздағы конверттерді алыңыздар. Оның әрқайсысында 3 сұрақтан бар. Дұрыс жауапқа ең жоғары ұпай 5 ұпай болып есептелінеді.

Сайысымыздың осы бөлімінің бағасын беріп өтсеңіздер.

1-жүргізуші : Жүрекке ән әлдиін жаттағанмын ,
Ұрпақпен келешекке аттанамын .
Қастерлеген адалдықты барлығынан ,
Мен қазақ қыздарымен мақтанамын.
Кең өлке бар ма қазақ даласындай ,
Ал дана бар ма қазақ данасындай,
Қазақтың ән мен биін асқақтатқан ,
Бар ма екен әнші биші аруларым.
Дей келе ортамызға 7 « А» сыныбының әнші қыздары «Қыз сыны » әнімен ортамызға шақырамыз.

2-жүргізуші : Сайысымыздың 3-бөліміне кезек берсек. Әр топ өздерінің дайындаған ас мәзірін таныстырады және қандай ерекшелігі бар сол жөнінде айтып өтеді.
Ортаға қыздар топтарын шақырамыз.

1-жүргізуші : Құрметті қазылар алқасы енді осы бөлімнің бағасын берсеңіздер…

2-жүргізуші: Сайысымыздың келесі 4-бөлімі Үй тапсырмасы деп аталады. Бұл бөлімде әр топ өз фантазияларымен дайындаған мерекелік сән үлгісін көрсетеді және көктем мезгіліне байланысты шығарған қабырға газеттерін таныстырады.

1-жүргізуші: Ендігі кезекте Үй тапсырмасы бөлімінің бағасын берсеңіздер…

2-жүргізуші : Сайысымыздың келесі бөлімі Өнерлі өрге жүзер деп аталады. Бұл бөлімде біз аруларымыздың қолынан не келетіндігін білетін боламыз. Ендеше іске сәт.

1-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі Мақал-мәтел жарысы деп аталады. Алдарыңыздағы конвертте арнайы жазылған тақырыптар бар .Сол тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді айтуларыңыз керек.

2-жүргізуші : Иә құрметті көрермендер біз осы бөлім арқылы біздің аруларымыздың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін аңғарамыз.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар қазылар алқасы өз шешімін жасаймын дегенше ортаға қыздар тобын шақырамын.

Викториналық сұрақтар қойылады.
1.Досы жоқпен сырлас , досы көппен сыйлас дегенді қалай түсінесіз ?

2.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата және олардың жасалу жолын білесіз бе ?

3.Оқу инемен құдық қазғандай мақалының мәні неде ?

1.Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіз және оларға мысалдар келтіріңіздер.

2.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты? (1991ж)

3.Жаңа туылған нәрестеге жасалатын барлық салт-дәстүрлерді атаңыздар.

Викториналық сұрақтар.
1.Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел , қыран бүркіт , берен мылтық , құмай тазы ,ілім-ғылым , )

2.Қазақтың қандай ырымдар мен тиымдарын білесіздер ?

3.Жаратылыстану ғылымдарын атаңыздар. (математика, физика, химия, биология, география )

1.Әке көрген оқ жонар , ана көрген тон пішер мақалының мағынасын ашып беріңіз.

2.Адамның қандай асыл қасиеттерін білесіз , оларды атаңыздар.

3.Ұлттық тағамдарды атаңыздар.

Викториналық сұрақтар.
1.Қазақтың белгілі сал-серілерін атаңыздар .(Біржан сал , Ақансері Қорамсаұлы)

2.Барлық мемлекетіміздегі халықтар неге құқылы ?

3.Мүшел жас тулады не білесіздер ,мысал келтіріңіздер.

4.Қазақтың қандай той-томалақтарын білесіздер ?

5.Қазақтың қандай батырларын білесіздер ?
Викториналық сұрақтар.
1.Қымызмұрындық дегеніміз не ?

2.Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында Конституция қанша рет қабылданды ?

3.Діни рәсімдерді атаңыз .

4.Жеті ғашықты атаңыз.

5.Қыз балаларға тән қасиеттерді атаңыз.

1-жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы бөліміне кезек берсек. Сән үлгісін көрсету деп аталады .
Ортаға топ аруларын шақырамыз.

Сонымен бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ысқақова Биға апайға беріледі.

2-жүргізуші : Сонымен құрметті ұстаздар мен оқушылар біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жеткен тәрізді. Олай болса біз сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.

Марапаттау.









Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар – 201 » байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2. – директордың тәрбие ісі ж өніндегі орынбасары

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Жү

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.

Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей


Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.

.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.« Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді / үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу/, ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.

6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді.

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.
«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).
6.Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Әнші Мадина … (Ералиева)
9.Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9.Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

4-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.

5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Ең зор байлық (денсаулық)

6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. Әнші Роза … ( Рымбаева)
10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)

6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар - ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!



8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Арулар,асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы
1-жүргізуші:
Кеуделерде жас көктем жайраң күліп
Келді көктем көрген көзді қайран қылып-
Құйып кетті көшеге нұр шуағы
Қыздарды қызыл гүлге айналдырып-деп ағамыз жырлаған,асыл жандар,жаны нәзік жандарға жыр арнаған.
2-жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым бүгінгі 8-наурыз халықаралық қыз,келіншектер, ана,апаларымыздың мерекесіне орай ұйымдастырылған «Арулар,асыл жандар.жүрегі жарқын жандар» атты кешімізді сіздерге ұсынып, көңілдеріңізді көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлау біздің ер жігіттердің яғни азаматтардың міндеті деп білеміз. Бүгінгі кеште сіздерді таң-тамаша қылар, жүректеріңізден ерекше орын алар мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Іздесе мені кімде-кім
Шырағдан етсін әнімді
Әнімнің жайсаң өрнегін
Табарда ұғар сырымды- дей келе сіздердің құрметтеріңізге қымбатты да аяулы жандар орындауында «Сезім гүлі» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Елеусіздей ел ағасының
Оқушылар жағасының
Жүрек жарды лебізін тыңдайық
–дей келе келесі сөз кезегін мектебіміздің басшысы Елеусіз ағайға береміз.
1-жүргізуші: Жұлдыз куә, түн куә сөздеріме
Сезімімді мен саған сездірдімде
Бар шынымды,өзіңе жайып салдым
Қарап тұрып сенің әсем мүсініңе-деген өлең жолдарымен Тұрымбетов Қанаттың орындауындағы ән осындағы барша аруларға арналған «Қыз мүсіні» әнін бірге тыңдайық.
2-жүргізуші: Президентіміз бар өзімізбен бірге жүрген
Жанымызды түсінуге уәде берген
Тыңдайық Рауанның тілектерін
Сіздерге арнау үшін алып келген-дей келе мектебіміздің «Мектеп Ұланбасы» президенті Тұрсынбаева Аиданы ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Ортаға үш жігіттер намысқа тырысып шықсын.Барынша 1 курстан. Сіздерге мен сұрақтар қоямын сол сұрақтарға жауап беру арқылы сіз бағалы сыйлыққа қол жеткізесіз. Мында үш конвертте Маханбетова Құралай, Орымбетова Фариза, Мұхашева Айнұр деп жазылған. Сол конверттің бірін таңдап ішіндегі сұраққа жауап бересіздер. Осы үш министр сіздердің жауаптарыңыздың қаншалықты нақты екенін анықтап, сіздерге бал береді. Ал алға арулар.
2-жүргізуші:
Жаралғанбыз о бастан біз намыстан
Жерін аңсап,оралған қазақ алыстан
Өмір қымбат,сіздер қымбат біздерге
Әрқашанда бас иеміз сіздерге.
Арулар біздің мектебіздің ақыны, мақтаулы жігіт, жақтаулы жігіт, қыздардың жүрегіне жақын жігіт Шамшатты ортаға шақырып сіздерге арналған туындысын барлығымыз тыңдайық.
1-жүргізуші:Арулар қазір ортада «Көктем аруы» байқауы өтеді. Сайысқа 5 қыз қатысады. Сайысқа Құралай,Айнұр, Фариза,Құндыз сынды министрлеріміз төрелік етеді. Сайыс соңында жеңімпаз анықталып, оған бағалы сыйлық беріледі. Сайысқа қатысушы аруға қосымша бал алып беру үшін сол арудың мастері немесе топ жетекшісі өнер көрсетіп бал алып бере алады. Аруларды ортаға шықырамыз.
2-жүргізуші:
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Жоқтан бар шығару.Сән үлгісі
4.Ситуациялық сұраққа жауап бер. (Сұрақты сол жерден жюри қояды.)
Ал ендеше арулар іске сәт. 1 тур таныстыруды бастаймыз.

1-жүргізуші:
Жаның таза мөлдірсің-ау бұлақтан,
Өзге әнші іздемейміз жырақтан
Шарықтап ән салғанда шаттанып,
Азамат ұлдың әні кетпес құлақтан-дей келе Азаматтай асыл жігіт, дара жігіт сіздерге өзінің әнін тарту етпек. Ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Ал қазір арулар сіздерді сынайтын кез келген сынды. Ең ақылдымын,ең сұлумын, тәтті қылығыма ел куә деген арулар ортаға шықсын. Арулар бүгінгі кеште бағалы сыйлықтар алып, өз өнерлеріңізді, білімдеріңізді шыңдаңыздар. Арулар сайыс шарты былай: Сіздер осында жиналған ер жігіттерің ішінен бір жігітті таңдап және оның атын атап ең жаман қылықтарын бетіне айтасыңдар. Есесіне ол жігіт ренжемиді,тек өз кемшіліктерін біліп жүреді деген мен жақсы ойдамын. Әрине ол ер азамат болса.
-Рахмет арулар.
1-жүргізуші:
Қай жағына алып бір қарасаңда,
Әзілсіз сірә кештер жараса ма?
Кәнекей ортамызда қызықтайық
Кезек беріп тапқыштардың көңілді клубына.Ортада лицейіміздің әзілкеш жігттерінің өнерін тамашалап, бар жақсы жағынан мақтап,жақтап отырайық арулар.
2-жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып
Көңілім әнді ұғады
Жүрегім бойды жылытып-деген тамаша өлең жолдарымен ортаға «_____________» шақырамыз.
1-жүргізуші:
Көрерменге қызықты ғой би деген,
Мың бұрала бишілер бар билеген
Талай өнермен тамсандырар бұл сәтте
Енді бір сәт танысайық бименен. Қымбатты арулар лицейіміздің жас бишілері,спортшылары сіздердің назарларыңызға брэк биін ұсынбақ.Қол шапалақтап қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Ал келесі кезекті мектебіміздің апайларына берсек. Ортаға мен тобымның намысы үшін барлығын істеймін дейтін 3 апаймыз шықса. Ол апайлары біздер сынақтан өткіземіз.
1-Апай сіз Ахметов Болат ағайдың орнында бір күн директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары болсаңыз не істейсіз?
2-Апай сіз Роза Рымбаева сынды ән айта аласызба?
3-Сән үлгісін көрсетуші болып көре аласыз ба, қалай?

8-наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы(сыныптан тыс шара)

-Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.
Ал,бүгінгі күн қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін көрсету үшін «Ақ ару» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.

Әділқазы болды бүгін,
Ұстаздар ғой біздердің.
Әділдікпен бағалады,
Өнер білім сайысын.
(әділқазыларды таныстыру)
Қыздарды таныстырып,ортаға шақыру.
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Гүлжан да қатарынан қалмаған.

Атыңнан айналайын Нұрсәуле деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Гүлдананың алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

9-сынып оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
Сұлушаш өнерлі қызымыз.

Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен,ізетпен танысуға,-дей келе
қыздарымыз өздерін таныстыруға өтсін.

Бағдарлама бойынша келесі кезекте «Бәйге» (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1-ару.
1. Ананың көңілі балада,
.............Баланың көңілі далада.
2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,
............Қарызыңнан құтыла алмайсын.

2-ару.
1. Ана сүтін ақтамағанды,
............Ешкім мақтамайды.
2. Атасыз үй батасыз,
.............Анасыз үй панасыз.

3-ару.
1. Ананың құны,
.............Ананың сүті.
2. Анасын сүйгеннің
..............Баласын сүй.

4-ару.
1. Ата-ананың қадірін,
................Балалы болғанда білерсің.
2. Ағайын алтау,
.................Ана біреу.

ІІІ. « Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер » демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан
да кемде емес сияқты.
ІҮ. Жаңарған сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салты бабаның
Алып келді осы күн, - дей келе қыздарымыз салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берсін.
6 – сынып.
1. Күйші ана кім? ( Дина Нұрпейісова )
2. Халқымыздың батыр қыздары? ( Әлия, Мәншүк )
3. « Сұлу » деген сөздің синонимі ? ( Ару)




7 – сынып.
1. Әйелдің күші аз, несі көп? ( Айласы )
2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар - жар», « Беташар »,
« Сыңсу»).
3. Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталды?
(Венера планетасы ).
8- сынып.
1. Әйелі көркі неде? (Ақылда)
2. Адамға не қымбат? (Бала)
3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
9- сынып
1. Әйелдердің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы? (Алқа)
2. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Әйгерімнің шын есімін ата? (Шүкімән)
3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?(7)
Ү. Ұй тапсырмасы. (мерекелік бүктеме жасау және мерекелік тағам дайындау)
ҮІ. «Шешеге қарап, қыз өсер» демекші қазақ қыздары өте өнерлі болған. Жүннен әртүрлі тоқу тоқыған. Біздің қыздарымыз одан да кемде емес, ендеше, қыздарымыз ен көне дәстүріміздің бірі – жүн иіруді көрсетсін.
ҮІІ. Көркемөнер – жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған бал қаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, - дей келе қыздарымыздың өнерімен танысайық.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
І. Шайхиева С. 9-сынып оқушысы. Мектеп Аруы-2007
ІІ. Асанова Г. 8-сынып оқушысы.

"Ақ ару" қыздар сайысы(сыныптан тыс шара)

8-наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы(сыныптан тыс шара)

-Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.
Ал,бүгінгі күн қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін көрсету үшін «Ақ ару» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.

Әділқазы болды бүгін,
Ұстаздар ғой біздердің.
Әділдікпен бағалады,
Өнер білім сайысын.
(әділқазыларды таныстыру)
Қыздарды таныстырып,ортаға шақыру.
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Гүлжан да қатарынан қалмаған.

Атыңнан айналайын Нұрсәуле деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Гүлдананың алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

9-сынып оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
Сұлушаш өнерлі қызымыз.

Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен,ізетпен танысуға,-дей келе
қыздарымыз өздерін таныстыруға өтсін.

Бағдарлама бойынша келесі кезекте «Бәйге» (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1-ару.
1. Ананың көңілі балада,
.............Баланың көңілі далада.
2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,
............Қарызыңнан құтыла алмайсын.

2-ару.
1. Ана сүтін ақтамағанды,
............Ешкім мақтамайды.
2. Атасыз үй батасыз,
.............Анасыз үй панасыз.

3-ару.
1. Ананың құны,
.............Ананың сүті.
2. Анасын сүйгеннің
..............Баласын сүй.

4-ару.
1. Ата-ананың қадірін,
................Балалы болғанда білерсің.
2. Ағайын алтау,
.................Ана біреу.

ІІІ. « Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер » демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан
да кемде емес сияқты.
ІҮ. Жаңарған сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салты бабаның
Алып келді осы күн, - дей келе қыздарымыз салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берсін.
6 – сынып.
1. Күйші ана кім? ( Дина Нұрпейісова )
2. Халқымыздың батыр қыздары? ( Әлия, Мәншүк )
3. « Сұлу » деген сөздің синонимі ? ( Ару)

7 – сынып.
1. Әйелдің күші аз, несі көп? ( Айласы )
2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар - жар», « Беташар »,
« Сыңсу»).
3. Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталды?
(Венера планетасы ).
8- сынып.
1. Әйелі көркі неде? (Ақылда)
2. Адамға не қымбат? (Бала)
3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
9- сынып
1. Әйелдердің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы? (Алқа)
2. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Әйгерімнің шын есімін ата? (Шүкімән)
3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?(7)
Ү. Ұй тапсырмасы. (мерекелік бүктеме жасау және мерекелік тағам дайындау)
ҮІ. «Шешеге қарап, қыз өсер» демекші қазақ қыздары өте өнерлі болған. Жүннен әртүрлі тоқу тоқыған. Біздің қыздарымыз одан да кемде емес, ендеше, қыздарымыз ен көне дәстүріміздің бірі – жүн иіруді көрсетсін.
ҮІІ. Көркемөнер – жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған бал қаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, - дей келе қыздарымыздың өнерімен танысайық.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
І. Шайхиева С. 9-сынып оқушысы. Мектеп
ІІ. Асанова Г. 8-сынып оқушысы.





































"Көктем аруы" қыздар арасында байқауы

Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Жүргізуші: Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Ақ ару» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Жумагалиева Қ.Т. сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) ..................... қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2) ................... қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) ........................ қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4)Ақша бетті ........................
Ұқсайды хор қызына
5) ........................... үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
6)........................ қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7)Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
.................... да қатарынан қалмаған.
8)Атыңнан айналайын ..................... деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
9) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
........................... алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
10) - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
.................. өнерлі қызымыз.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. ...................................................................................................................
2. ...................................................................................................................
3. ....................................................................................................................
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады. (5 мин)
2-шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3-шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де атын айтады.
4-шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру.
5 А
5 Б
6 А
6 Б
7 А
7 Б
8 А
8 Б
9 Б
10 А
10 Б
11 А
11 Б
2 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
3 тур: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз шашқа сән жасау.
4 тур: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин
в) Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады). 1 мин
5 тур: «Сұрақ-жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
6. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)
7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т.б. (мата)
16. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)
17. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
21. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
22. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы металл (алтын)
25. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)
Қолөнер: Киіз үйдің жабдықтарын ата. (кереге, уық, шаңырақ, түндік, босаға)
География: Кофенің отаны. (Африка)
Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін ою-өрнек (қошқармүйіз)
География: Төрт түліктің киелісі - түйе малының шыққан жері. (Орта Азия, Қазақстан)
Сурет: Магиялық ою. (тұмарша)
Биология: Етте қандай дәрумендер тобы бар? (А,Д,ПП,В)
Медицина: Ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақта тиісті дәрумендердің болмауынан адам қандай ауруға ұшырайды? (авитаминоз)
Технология: Киімдегі қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атаймыз? (аксессуарлар).
Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
Физика: Тоқты өткізбейтін материалдарды ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ ағаш).
Геометрия: Ою-өрнекке түрлендірудің қай түрі қолданылады? (симметрия)
География: Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ (ОҚО)
Медицина: Адам тамақтан улануда қандай ауруға ұшырайды? (интоксикация)
Ауыл шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын арттыруға қолданылатын заттар. (тыңайтқыштар)
География: Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
Медицина: Гемоглобин түзілуге қатысатын дәрумен. (ПП)
Сурет: «Дастархан» натюрмортының авторы кім? (А. Ғалымбаева)
Сызу: Заттың үлкен кішілігін білдіретін сан (масштаб)
Өнер: Өнер саласын зерттеген академиктің аты (Марғұлан)
Тарих: Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бастапқы элементтері қай дәуірге жатады (тас дәуіріне)
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс-шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!























































Төрлет, Құтты Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.


Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 – жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 - жүргізуші: Аида байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?

2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әділет, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.

1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.

2 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)

Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).

1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ән:_____________________________

1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры __Назарбаев Қанат ағайға береміз.

Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Ән:_Кұ__________________________

2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?

2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың жігіттерінен құралған «Жастар» КВН командасын шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Ұлу жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)

1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,
ҰЛУ жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Ұлу жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.

Ұлу жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.


1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Жылан жылы келеді.

Жылан жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Жыланмын мын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Жылан жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.


2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Аида мен Жанар)

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.

Ән: «Аппақ гүлдер» Құралай мен Әсел

2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен

Испан биі:___Сайлауова Аида

1 – жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
Спорттық би: Асел.Жанерке ,Аружан

Рахмет қыздар.
Ойын ойнатылады.
Клоун: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.

2 – жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін ең алғаш 42 әріпті талмай үйреткен аяулы да, ардақты алғашқы ұстазымыз Пернеш апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Олай болса ортаға қошеметпен апайымызды шақырамыз.
(рахмет апай).
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата –аналардың құрметіне арналады.
Ән: Әлішердің орындауында: «___Балдәурен_
Би: Айдана (өзбек биі)

1 – жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай қарайсыз?

Үнді биімен орталарыңызда Аида
(рахмет, не деген би десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

2 – жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)

Хор: «Жаңа жыл»

1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтас.

Ән: Айдана халық әні «Гүлдерайым»

Рамазан мен Дулаттың орындауында «Қара жорға» биі

2 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.

1 – жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.

2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!

1 – жүргізуші: Қой жылы – той жылы
Мешін жылы – мейірім жылы,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Жылан жылы – сауық жылы болсын, ағайын!

Хор: Қош келдің Жаңа жыл!




































«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса,

оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Аида
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Әділет.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Назарбаев Қанат ағайға береміз. Рахмет ағай !
ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын – класс оқушысы Серікова Арайлым.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мәженов Бейсен ағайдың жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Өзденбай .
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет !
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.

ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!









































Тақырыбы: Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем !

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

2- жүргізуші:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

1-жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2- жүргізуші:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

1-жүргізуші:
Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Қалия Үкімашқызының бейнесін көреміз.

2-жүргізуші:
Қалия апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

1-жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді мектебіміздің басшысы Дәулетова Қалия Үкімашқызына беріледі
Ән. Алдажарова Гүлзаданың орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші:
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Мұз боп қатып, жанартау боп сабақтарда қайнаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География, саяхатқа шығамыз деп жайнаймыз.

1-жүргізуші:
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Осы өмірге мұғалім боп жаралған.
Мектеп –интернатымыздың оқу ісі меңгерушісі Қонысбаев Биғазы ағай мен тәрбие ісінің меңгерушісі Әбдіжаппарова Гүлшат апайға сөз кезегі беріледі.
Ән: Смағұлова Райса «Әке – ана».

2- жүргізуші:
Несібелі апай үйретеді бар білгенін өзінің,
Шын жүректен тілек тілеп бәріміз,
Құттықтаймыз ұстаздардың күнімен.

1-жүргізуші:
Күнім деген күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң, жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
Ұмытпаймыз, ардақтаймыз,
Ұлболсын апай сізді біз.

2-жүргізуші:
Көңіліңіз болсын ақ қардай,
Жарқылдап көзді тартқандай.
Ел жұртың сені ардақтап,
Жүре берсін, Жаннат апай.

1-жүргізуші:
Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

2-жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

Ән: «Құтты болсын төл мейрам»

1-жүргізуші:
Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.

2-жүргізуші
Әні сізге қалықтай,
Қиялменен шарықтай
Құттықтаймыз біз сізді
Ұстазымыз Дабыл ағай.

1-жүргізуші:
Атақ-даңқы аңыз болған талайға,
Ағаларға баға беру оңай ма?!
Баулыған темірдейін тәртіпке,
Мың рахмет Құдайберген ағайға

2-жүргізуші.
Дене шынықтыру сабағының сусындатып білімін
Себепшісің солмай өсіп – жайнауына денемнің.
Сен арқылы білдім өмір оңы менен солын мен.
Сен арқылы қадірін де білдім атқан күнімнің
Ұстазымыз Құрақбай ағайдың және де ұстаз – әкелеріміздің құрметіне ән Қарлығаш пен Назеркенің орындауында «Әке» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Ұл-қызын мәпелеп аялаған,
Досынан қол көмегін аямаған.
Бүгінде ортамызда Роза апай,
Мектеп үшін еңбегін аямаған.

2-жүргізуші:
Білім, өнер, бәріне бар талабы,
Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.
Баян апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

1-жүргізуші:
Пернегүл апай нұрын шашқан зейіндінің,
Нұрлы шаш сәулесіндей зейіндінің,
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе
Дамыттың дарын отын бейімдінің

2-жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.
Ақ көңіл де қарапайым қашанда құрметтейміз өзіңізді Алтынай апай ұстазым
Ән. Қасымханов Нұрлыхан: «Гүлдәурен» әні

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген тәрбиешілердің еңбегі зор.

2-жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Тәрбиеші апайларымызға арнау:

1-жүргізуші:
Лиман апай көп ойлаумен бала қамын
Нұрланып атар іспен әрбір таңы.
Ғаламды жадыратқан күн секілді,
Баланы аялаған алақаны.

2-жүргізуші:
Келешектің кезінде,
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Бар шәкірттің анасындай
Бағда апай осындай.

1-жүргізуші:
Шәкірттерін баптаған
Тәрбиешім Күміс апай деп мақтанам
Тәрбие берген біздерге
Көп-көп рахмет сізге де.

2-жүргізуші:
Гүлсім апай! Ұлық тұлға өр екен.
Таси түссін берекең
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең!

1-жүргізуші:
Бағдаш апай өзің барда қам жемедім,
Тәрбие бердің үйреттің, жетеледің.
Шаршауды ешқашан білмеп едің
Ол біздің тәрбиеші апай деген едім.

Ән: «Анашым»

2-жүргізуші:
Ақыл-кеңес көп қой онда ұққанға,
Ардың туын асқақ ұстап шықты алға.
Шетел тілін оқуға бізді үйреткен,
Мың рахмет Алмажандай апайға.

1-жүргізуші:
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып бір өң берген?

2-жүргізуші:
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін, деп қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын пәндерінің мұғалімдерінің құрметіне

Би»Қаражорға

1-жүргізуші:
Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.
2-жүргізуші:
Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.- дей келе тәрбиешілерімізді төл мерекелерімен құттықтаймыз.
Ән:

2-жүргізуші:
Алғашқы менің ұстазым
Күлімдеген, күнім деген.
Қамқор болған ұстазым.

1-жүргізуші:
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?

Бастауыш сынып мұғалімдерінің құрметіне би: «Бипыл»

2-жүргізуші:
Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз.
Аттары да аталмаған ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз

1-жүргізуші:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
2-жүргізуші:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
Ән:

1-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
- деп кешімізді қорытындылау мақсатында сөз кезегін мектебіміздің басшысы Дәулетова Қалия апайға беріледі.

Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем



























Тақырыбы: « Туған тілім – ана тілім »
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар, үнтаспа, 20-жылға арналған суреттер.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.
Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту.

II. Тәрбиеші сөзі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі даярлық тобының «Туған тілім – ана тілім» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!
«Тәуелсіздіктің 20-жылдығы –ел тарихының жарқын беті» Қазіргі кезгі Қазақстанның шежіресі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Жаңа дәуір 1991 жылдың желтоқсанынан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің сын сағаттарында нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады.

III. Осы 20-жыл ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жеткеніне тоқталайық.
1- бала Ардақ
Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
2-бала Сабира
Қазақстан Республикасының Туы.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Әнұран
3-бала Налсұр
Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 жылы қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.
4-бала Ару
Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
5-бала Берікжан
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.
6-бала Нұрасыл
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның бірінші төрағасы ретінде тарихқа кірді.
7-бала Алишер
Елордамыз – Астана қаласы.
Бүгінгі Астана – Қазақстан тарихи жеңістерінің белгісі.
8-бала Еркежан
Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.
9-бала Жанерке
Келген жыл елдің басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылы деп жарияланды

Тәрбиеші сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.

V. Тақпақтар
Сабира
Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді

Алишер
Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

Ару
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

Еркежан
Қазақ тілім туын биік ұстаған
Қазақ ттілім кең далама ұқсаған
Қазақ тілім мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.

Ғалия
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өшемін
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.

Мәди
Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам

Жанерке
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

Нұрасыл
Тіл сенің
Тірліктегі жан ләззатың!
Тіл сенің -
Ар арманың,
Махаббатың.

Малсұр
Ана тілім –елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін

Ардақ
Сенің әрбір тынысыңмен күш кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.

Берікжан
Ана тілім - тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.

Әділхан
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Назира
Тілсіз келген білімнің,
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.

IV. Кәне балалар, сендермен бой жазып қара жорға биін билеп жіберейік.
Би. «Қара жорға»

VI. Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)

VII. Ән «Ана тілім» Жанерке мен Ару

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!

Осымен «Туған тілім –ана тілім» атты ертеңгілігіміз аяқталды
Көп рахмет!








Тіл-татулық тірегі

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
(Әнұран)
І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.

Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 22 жыл толып отыр.
І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші»
1.Осы жерде терме орындалады.
2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды.
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін...

Қазыбек би:
Налыма!
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.

Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

7– сынып оқушысы Серікова Арайлым «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.
І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
І – жүргізуші:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
Оқушылар орыс,ағылшын тілінде өлең оқиды.
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .

І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

Ән «Атамекен»
І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін.
ІІ– жүргізуші: Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жарияланады.






























































Сандуғаш
.Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы Мадияр
Бұл қай мезгілдің келгені

Мадияр

. Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Сандуғаш бұл Алтын күздің келгені.

Гүлжан

Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып
Қарасам жан- жағыма күз келіпті
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп

Ердос
Күн де тұнжыр ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс, десем де баспа мұңға
Көктем – пейіл бәйшешек жыр іздесе,
Жазда өтіп кетіпті –ау қас қағымда

Гүлжан
Күздің желі гуілдейді бір сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ
Қоштаспасын тек жаздағы жыр- сағым

Ердос
Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге, бірақ, көңілім сәл жасыды
Қалғытпа тек қысы – жазы жырымды,
Жаз- ғұмырдың жүректегі жасыны.

Сандуғаш
Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
Мадияр
. Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар , жалынды да , жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Гүлжан
Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналымыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
Ердос
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Сандуғаш

Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Мадияр
Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.

Гүлжан
Қарсы алыңыздар: Балымыздың үміткер ханзадасы мен ханшалары!
1- жұп. Ахметов Еламан, Берістемова Махаббат. Қалған жұптар сахна сыртынан хабарланады.
2- жұп. Тоқанов Ерболат, Тұрлыбекова Гауһар
3- жұп. Сансызбаев Нұрсұлтан, Қасымбек Жанар
4- Жұп . Әбжанов Ұланбек, Нұрлыбекқызs Алтынай
5- Жұп. Әбдірахманов Мұрат, Шылмырзаева Толғанай
6- Жұп. Шонықбай Әсет, Рашидова Ару

Сандуғаш
Аяулы күз, Алтын күз -201 байқауының үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамасерік Қоныс ағай, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмырзаева Күлайша апай, лицей социологы Темірбеков Бақыт ағай, География пәнінің мұғалімі Серимова Гүлмират апай, «Алтын күз-2009» байқауының ханшайымы №165 –ші оқу тобының оқушысы Әшірбаева Гүлзинет.

Ердос
. Ендеше бүгігі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз
7 кезеңнен тұрады

1. – кезең. Резюме.
2. – кезең Таныстыру /3 минут /. Үміткерлер өздерін таныстырады
3. – кезең Өз өнері деп аталады. Үміткерлер өз өнерлерін көрсетеді
/5- минут/
4. – кезең Парасатты арулар мен білімді жастар
/сұрақ- жауап/ Мұнда үміткерлердің білімдері сарапқа салынады. / 2 минут/.
5. – кезең. Арулар фантазиясы және сөздің көркі мақал деп аталады. Бұл кезеңде аруларымыз қиялдан туған ас мәзірін дайындаса, ұлдарымыздың мақал – мәтелдердің жалғасын айту арқылы ой ұшқырларын байқаймыз.
6. – кезең Сән үлгісі. Жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады
7. – кезең Балл биі. Үміткерлердің жұптасып билеу мәнерлері бағаланады.

ЕСКЕРТУ. Әділқазылар алқасы үміткерлеріміздің бағасын жеке- жеке шығарады. Яғни аруларға бөлек, жігіттерге бөлек баға қойылады. Ең төменгі бал -3 , ең жоғарғы бал- 5. Хаттамаға толтырасыздар.

Сандуғаш
Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет- пердесін ашып, үміткерлерге сәт –сапар тілеу үшін сөз лицейіміздің директоры Мұсатаева Жанат апайға беріледі.

Алпысбаева Бағиланың орындауында «Бұлқынды жүрек» әнін тыңдаңыздар.

Гүлжан
Жандары жақсылыққа тұнып дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын …. .деп ақын жырлағандай ортамызға сыр-сымбаты мен ақыл – парасаты жарасқан өткен жылғы Алтын күз байқауында жеңіпаз атанған ханзадамыз №165 –ші оқу тобының оқушысы Асанов Нұртаспен …
Ердос
Ақылына көркі сай, ибалы да , инабатты, білім мен тәрбиенің озық үлгісін көрсетіп, ізгі қасиеттірімен дараланып, әділқазылар шешімімен «Алтын күз 2009» байқауының Ханшасы болып танылған №165 –ші оқу тобының оқушысы Әшірбаева Гүлзинетті қошеметпен сахна төріне шақырайық.
/Олар өздерінің өнерлерін көрсетеді./

Сандуғаш
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
Мадияр
Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.

Міралиев Бекжанның орындауында «Қазақ жігіттері»

2 тур. Өз өнері / Қол өнері,ән,би/
Гүлжан
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты.

Ердос
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
. Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
Гүлжан
Өз өнерін көрсететін бірінші жұбымыз Ахметов Еламан мен Берістемова Махабатт.
Қалған үміткерлерді сахнаның сыртында хабарлап отырады.

Араб биі. Орындайтын №165 –ші оқу тобының оқушысы Теңлібаева Балайна

Сандуғаш Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.

Мадияр
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар

Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.
№1 . Жеті қазынаны атаңыздар? /Ержігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, қара қазан, жүйрік ат, қыран бүркіт /
№ 2. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз?
Адыраспан, дермене, қараша.
№3. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?
Сабан той.
№4 Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
№ 5.Жеті атаны атаңыз?
(Ата, әке, бала, немере,
шөбере,шөпшек, немене)
№6. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?
(Көкпар)
№7. Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім?
(Сырым батыр)
№8. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа.

№9. Күзде келетін құстарды атаңыз?
Ала қарға, үйрек, көкшымшық.
№9 Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?
(Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин)
№10 Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады

№11. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.
(Әулет).
№12. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
/Қауынқұрт, қақ, кепкен өрік, мейіз, жиде/
нқұрт,қақ, Қонақ қызымыз Алданова Салтанаттың орындауында «Қазағымның ұл – қыздары» әнін тамашалаңыздар.л Алданеоолллборро
длдщддщщепкен өрік, жиде, мейіз)
ББбБ

Гүлжан
Ердос , білесің бе Ұлт тәрбиесінде дана халқымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген, Қыз баланың бойында сыпайылық пен мейірбандылық, сезімталдық пен ізгілік ,қасиеттерімен бірге, киім тіге білуге, дәмді тамақ пісіру сынды еңбекқорлыққа тәрбиелеген.
Ердос
Дұрыс айтасың Гүлжан, қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, терең ойлы болуымен қатар, он саусағынан өнері тамған шебер болуы тиіс. Сонымен қатар «Жігітті тәрбиелеген- әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген ұлтты тәрбиелейді » деген ғой дана халық. Халықтың рухын, намысын арман- үмітін арқалайтын жігіттеріміз ұлттық тәлім- тәрбиенің тағылымдарын бойына сіңіріп отанымыздың үмітін ақтайтыны сөзсіз.

Гүлжан
Олай болса, келесі кезеңде ас мәзірін дайындаудағы «арулар фантазиясын» және ұлдарымыздың ой ұшқырлығын байқап көрсек. Бұл кезеңде аруларымыз алдын- ала дайындалған рецептер бойынша «қиял асын» дайындаса, ұлдарымыз мақал- мәтелдердің жалғасын айтулары тиіс.
Ердос
Ата – дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге Дей келе қыздарымыз қиял асын даярлап болғанша, ұлдарымыздың тапқырлығын байқап көрейік.

Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.
1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
4 .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
8. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
10.Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
. 12.Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ

Ән. Сейітбекова Сандуғаштың орындауында « »
Мадияр
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған.
Ендігі кезекте аруларымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар

Сандуғаш
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны, Еркелейді еріксіз сырласына. дей келе бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық

Ән. Дәуменов Оразәлі. Сен сұлу.

Гүлжан.

Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,
Сулулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған.
Биімен айналады қылықты қыз
Ердос
Енді әдемі шарттарымыздың бірі, Бал биі. Үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, өздерін бүгінгі балдың нағыз Ханзадасы мен Ханшасы екендерін көрсете білулері тиіс.

Гүлжан.
Сонымен , Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген .арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ……….
Ердос
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді , айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарамызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.
Сандуғаш
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Мадияр

Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,

«Аяулы күз, алтын күз-2010» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз
Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңіпаздарын марапатайды.
Ердос
Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Гүлжан.
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар







Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын.

Ақтоты: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

1-оқушы (Клара): Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

2-оқушы (Санат): 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

3-оқушы (Айнұр): 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

Ақтоты: Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

4-оқушы (Ардақ): Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

5-оқушы (Ұлжалғас): ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

6-оқушы (Ақжол): ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Нұрсұлтан: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.

Алтауы (бірге):

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Ақтоты: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

Нұрсұлтан: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

Ақтоты:
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық! – деп жастарды салауатылыққа шақыратын «Болашақ» тобымен таныс болайық.

Топ басшысы: Ринат
Топ мүшелері: Балжан, Ералхан, Даяна, А.Еламан, М.Ақерке, Қуанышбек, Айгерім.

Тобымыздың аты – «Болашақ»,
Келгеніміз жоқ жай бірақ.
Денсаулығымызды қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Кілең сайдың тасындай
Сегіз ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасындай,
Осындай топ боламыз.

Нұрсұлтан:
Иманыңды, дидарыңды
Тазалап ал, қазағым,
Ұрпақтарың, ұл-қыздарың
Түзу бассын қадамын! – деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген «Денсаулық» тобын ортаға шақырайық,

Топ басшы: Ақерке
Топ мүшелері: М.Еламан, Дана, Бақыт, Алтын, Расул, Әлия, Данияр

Салем бердік қауымға,
Үлкен- кіші ауылға.
«Денсаулық» тобымызды
Таныстырдық баршаға.
Зиянды әдеттерден озбайтын,
Жамандыққа бармайтын,
Салауатты өмір салтын ұран ғып,
Баршағымызға келіп тұрмыз.

Ақтоты:
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (Екі топ кезек-кезекпен айтады).

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

Ақтоты: Денсаулық тобына
Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)

Нұрсұлтан: Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Ақтоты: Келесі кезеңіміз, Ситуациялық жағдайды талдау. Ойналуға 2 минут уақыт беріледі.
«Болашақ» тобына
1. Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Нұрсұлтан: «Денсаулық» тобына
2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?



Біз СПИД-ке қарсымыз!
Бүкіл әлем күресуде
Індетімен ғасырдың,
Емін әлі  таппады ешкім,
Сол бұл зұлым пақырдың.

8-оқушы (Әлия):

Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?
Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақталмай-ақ кетіп барады арманы
Жалғыз бала деп өсірген әкенің.
Кім кінәлі аялаған анаң ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

9-оқушы (Динара):
Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

9-оқушы (С.Ақерке): «Ғасыр уы»

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Нұрсұлтан: Тесттің нәтижесі – «Болашақ» және «Денсаулық» топтары – 15 сұраққа барлығы да дұрыс жауап берген. Қорытындыға келетін болсақ, бұл тәрбие сағатымыздан екі топта мұнда айтылған мәліметтердің барлығында естерінде  жақсы сақтаған деген шешімге келеміз.



Мұғалімнің  сөзі:
Міне, балалар ауруды  жұқтырмау  өз  қолымызда,  «Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын  жол іздейік!».







































Жүру барысы:
І тур. Өзін-өзі таныстыру
ІІ тур. «Бәрін білгім келеді»

1.Жалпы сұрақтар
2. Көкпар
3. Бәйге

ІІІ. “Мен елімнің болашағымын”

1.Жалпы сұрақтар
1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?
А) этимология В) риторика С) геральдика

2 сұрақ. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров

3 сұрақ. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз
А) плутократия В) автократия С) демократия

4 сұрақ. Қазақтан шыққан тұңғыш грек-рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы
А) Балуан Шолақ     В) Қажымұқан  С) Д. Тұрлықанов

5 сұрақ. Қазақ елінің дарынды күйшісі, “Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы
А) Дәулеткерей В) Ықылас С) Құрманғазы

6 сұрақ. “Мыңжылдық Адамы” атағы берілген ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар
А) Әмір Темір В) Бату хан С) Шыңғыс хан

7 сұрақ. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша В) 28 қазан С) 22 қыркүйек

8 сұрақ. “Бақытсыз Жамал” романының авторы кім?
А) М.Дулатов В) І.Жансүгіров С) Ж.Аймауытов

9 сұрақ. “Хижра” сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) Жыл санау В) Уақыт өлшеу С) Қоныс аудару

10 сұрақ. Металл ақшалардың айналымын, тарихын зерттейтін ғылым саласы
А) бонистика В) нумизматика С) пегуния

11 сұрақ. 2010-шы жылы жүз жылдығы тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар.
А) Т. Бигельдинов В) Б. Момышұлы С) Т. Тоқтаров

12 сұрақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы
А) М. Мәметова В) Ә. Молдағұлова С) Х. Доспанова

13 сұрақ. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері
А) А. Байтұрсынов В) М. Дулатов С) Ә. Бөкейханов

14 сұрақ. “Адамдық борышың” өлеңінің авторын ата?
А) А.Құнанбаев В) С.Мәуленов С) Ш.Құдайбердиев

15 сұрақ. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қашан қабылданды?
А) 16 желтоқсан 1991 жыл В) 27 шілде 2007 жыл С) 20желтоқсан 1986 жыл

II тур “Көкпар”
Қазақстан тарихы

1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды? (“Отырар опаты”)

2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? елтаңбаларды

3. Суретте бейнеленген жәдігер қай жерде орналасқан? (Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде )

4. “Дарабоз” атанған батыр? Қабанбай

5. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келді?

(1940 жылы шілде айының 6-шы жұлдызында)

Математика

1. Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе? ( иә, егер ол 29-шы ақпанда дүниеге келсе )

2. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым қалай аталады? аксиома

3. “Ақын жанды болмасаңыз, математик те бола алмайсыз” деп айтқан орыстың әйел математигі (С. Ковалевская )

4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы қалай аталады  (шеңбер)

5. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырғанда қандай сан шығады 999

Биология

1. Биология сөзіне анықтама беріңіз? (“Биос” – тіршілік, “логос” – ғылым )

2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің “Жануарлар” кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты? (Халел Досмұхаммедов )

3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )

4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )

5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр )

Қазақ тілі

1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң )

2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер )

3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)

4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (СИНТАКСИС )

5. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

География

1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? ( Хан Тәңірі )

2. Австралия аборигендерінің имек ағаш түріндегі қаруы қалай аталады? (бумеранг )

3. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы? (Ш. Уәлиханов)

4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия)

5. “Тұманды Альбион ” атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания )

Қазақ әдебиеті

1. “Ер Төстік” ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық )

2. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы (І. Есенберлин )

3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл Жабаев)

4. “Мен қазақпын” поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев )

5. Көп жылдар бойы “Балдырған” журналын басқарған жерлесіміз, балалар ақын (М. Әлімбаев )

ІІІ тур “Бәйге”

Ғылым 10 20 30 40

Тұлға 10 20 30 40

Спорт 10 20 30 40

“Ғылым”

10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )

20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (экология)

30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )

40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )

“Тұлға”

10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. (Томирис )

20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР-ның Халық Қаһарманы

(Т. О. Әубәкіров )

30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, жерлес ғалым. (Қ. И. Сәтбаев )

40. Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш. Уәлихановтың досы. (Г. Н. Потанин)

“Спорт”

10. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион)

20. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )

30. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (қысқы Азия ойындары)

40. 2000-шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. ( Б. Саттарханов )

ІV тур “Мен елімнің болашағымын” (өз ойын қорытып айту)



















«Тіл мерекесі».

Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Балбөбек» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

1-жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

2-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

1-бала Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.


















1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым

2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығап «Бипыл» биін билейді.

1-жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.

2-жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.

1-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам –мектебім!
ӘН орындалады

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М -мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман

2-жүргізуші:
Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады

1-жүргізуші:
Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би орындалады.

2-жүргізуші:
Оқытыңдар,ұл-қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете,ұстаздар.

1-жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тікт?ртб?рышты? ауданын табу

Автор: Сагиндикова Раушан Амантуркызы

Дата: 09.12.2014

Номер свидетельства: 141384


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства