Просмотр содержимого документа
«Темекі ?мірді б?зушы »
Тақырыбы: «Темекі өмірді бұзушы».
Мақсаты: Оқушының бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, жаман әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Түрі: Пікір алмасу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: газет, журнал материалдары, әр түрлі мазмұндағы қабырға газеттері, даналардың нақыл сөздері, үлестірмелі материалдар, қажетті әдебиеттер, суреттер.
Жасөспірімді саалуаттылыққа, өмірді сүюге,қадірлеуге тәрбиеледе ғасыр дерті болып отырған темекі,ішімдік,нашақорлық жөнінде ой қозғамақпыз.
Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз. 21 ғасыр табалдырығын аттағанымызға да аз болған жоқ.Бүгінгі жастар арасында адам ағзасын аздырып,орны толмас өкінішке соқтырар темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады. Мұны аз десеңіз ғасыр індетіне айналып үлгерген есірткіде етектен алып жатыр. Жаман әдет жұқпалы аурулардай,сол жаман әдеттен бойымызды аулақ ұстауда халық болып күресетін күн туды.
Үнді халқының тамаша мақалы бар: «Жақсы мен жаманның айырмасы-сиыр мен жыланның айырмасындай,бірі шөпті сүтке айналдырады,ал екіншісі шөпті уға айналдырады».
Қазір енді сіздің назарыңызға ұсынғалы тұрған «жарнамаға» кезек берсек.
Жарнама: Темекі талында 1мг никатин, 1.5 мг аммииак, 15 мг шайыр мен 20 см көлемінде көміртек тотығы болады екен. Темекі түтінінде күйенің
миллиондаған бөлшектері болады.Күніне жиырма тал темекі тартатын адам жиырма жыл ішінде өкпесіне түтінмен бірге 6 кг күйе шөкьіреді.Ал никатин болса,жүрек тамырларын,аяқ тамырларын тарылтады.
Соңғы кездегі зерттеу жұмыстарының көрсеткіштер темекі құрамында радиоактивті полоний де бар екенін дәлелдеген болатын. Кейбір журналисттер «нейтронды бомбаның шағын түрі» деп те атаған.
Жүргізуші: Қоршаған ортаны темекіиен де ластап жатқанымыз рас. Бәрінен де оның адам денсаулығына тигізетін зиянын ойлап қарасақ,төбе шашымыз тік тұратынын сөзсіз.
-әр темекі талы адам өмірін 15 минутқа қысқартады.
- әр темекі тартқан адам 0.4 - 0.5 мг. улы никотин қабылдайды.
-темекіден ауаға жылына 720т. күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 600 мың тонна темекі майы, 550 мың тонна иісті газ шығады екен.
Арақ - шараптың зиянын да көрмей тұрғанымыз жоқ.Соны біле тұра қазіргі жастарымыздың көпшілігі соған еліктеуде.Осыған орай «Шарап жүоген жерде шатақ жүрер», «арақты кім көп жұтқан,ұятты сол ұмытқан» деген ойлар көп айтылуда.
Арақ ішсең кемиді екен жасың да,
Жетпей мезгіл ағарады шашың да.
Миың құрғап,шағылады тауың да,
Ойланыңдар досың ба,әлде қасың ба?
Арақ ішсең солады екн ажарың,
Ерте тарқап қызығың мен базарың.
Арақ деген білесіздер қас дұшпан,
Арақ деген ерте жеткен ажалың.
Арақ ішсең адасасың бағыттан,
Жұрдай болып,ынта,жігер,шабыттан.
Мең-зең болып бөлектеніп жүресің.
Ұжымнан,өз ортаңнан,халықтан.
Арақ деген бақытсыздық,сор-ау шын,
Жан азығын.ар азығын тонаушың.
Араққұмар-адамдықтан азғындап,
Айуандыққа бара жатқан жолаушың.
Міне, осы өлең шумақтарын тыңдай отырып ішімдіктің зиянын еш нәрсемемен өлшей алмаймыз деп ой түюге болатын секілді.