Мотивациялы-ынталандыру кезеңі Ұйымдастыру кезеңі Рефлекстік-түзету кезеңі | Балалар,қане орынымыздан тұрып, келген апайлармен амандасайық. Жарайсыңдар енді шаттық шеңберіне тұрайық. Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық, Күннен жылу алайық, Жүрекке жылу салайық. Жиналган жылы шуакты, Бір-бірімізге сыйлайық. Жарайсыңдар балалар, көңіл-күйлерің қалай? Ендеше осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын,бірлесе отырып табайық. 1Жуынып болғанда Жүреді қолдарда (орамал) 2 Түйістіреді көзіңді көзіңе Жолықтырады өзіңді өзіңе (айна) 3 Қалтамда жатыр тісі бар Тістемей –ақ істер ісі бар (тарақ) 4 Қант та емес,ұн да емес. Ұқсастық бар ептеген. Тістің бәрін аппақ қып, Тигізеді септігін. (тіс пастасы) 5 Арқалығы сүйектен, Жапсырылған қылы бар. Тістен көрсе кірлерді, Тұра алмайтын жыны бар. (тіс щеткасы) 6 Жылпылдап қолда тұрмайды, Ақ көбік боп зырлайды. Кір қоқысқа жаны қас, Түк қалдырмай қырнайды. (сабын) 7 Дәмі де жоқ, түсі де жоқ, Пайдаланбас кісі де жоқ. (су) Жарайсыңдар, балалар, жұмбақтарды шешіп,суреттерін тақтаға орналастырдық.Бұл нәрселер не үшін керек екенін білесіңдерме? Иә, тазалық үшін.Үнемі таза жүру біздің міндетіміз.Таза жүріп, таза ауамен жиі дем алсақ деніміз сау болады. Енді «тазалық» туралы ақыл кеңесті балабақшамыздың медбикесі Айгүл Жанұзаққызынан сұрайық. (есікті қағып медбике келеді.) Медбике: Сәлеметсіздер ме, балалар.Ой,қандай таза,ұқыпты,әдемі балалар.Көңіл-күйлерің де жақсы сияқты.Солай ма, балалар? (осы мезгілде ішке асығып кір қожалақ бала кіреді.) Кір қожалақ бала: Тісім-ай,тісім-ай, мен сізді іздеп жүр едім.Менің ішімде,басым да барлық жерім ауырып барады,не істесем екен,а? Медбике: Балалар, қараңдаршы қандай кір қожалақ бала.Туу тырнағыңда алынбаған,шаштарыңда,үстің де кір-кір.Сондықтан да ауырасың Балалар айтыңдаршы тісіміз,басымыз ауырмау үшін не істеуіміз керек? Медбике: Міне,түсіндіңбе,балалар не деді жуыну керек.Бар жуынып кел. (кір қожалақ балақай шығып кетеді де бірер минуттан кейін қайта кіреді) Кір қожалақ балақай: Менің тісім қатты ауырғасын сендермен де амандасуды ұмытып кетіппін ғой, амансыңдар,есенсіңдерме балалар.Мен жуынып,таранып келдім.Тісімнің ауырғаны қойды,енді мен үнемі осылай жуынып таза жүремін.Рахмет сендерге. Медбике: Үнемі таза жүрумен қатар ертеңгілік жаттығуларды да ұмытпаңдар және дұрыс тамақтаныңдар.Жемістерді үнемі жуып ,жеп тұру керек,олар көптеген дәрумендерге бай Иә,медбике апай біздің балалар үнемі жуынып,тістерін тазалап сүртініп жаттығуларын жасайды.Оны мына суреттерден көруге болады. (жуынып,сүртініп жаттығу жасап жатқан балалардың суреттерін тамашалайды.Медбикемен балақай балалармен қош айтысып шығып кетеді де ішке көңілді әуенмен қолжуғыш кіреді) Қолжуғыш: Сәлеметсіздерме,балалар,қандай әдемі,таза балақайлар отыр мұнда.Мен кір қожалақ балаларды ұнатпаймын.Сендермен көңілді би билегім келіп тұр (көңілді әуенмен сергіту сәтін жасайды.) Қане,қане бәріміз Дос боламыз алақай! Хош иісті сабынның Көбігіне малындым. Тісімді тазартып, Барлық кірден арылдық. Айнаға қарадым, Шашымды тарадым. Жуынамын күнбе күн Тамаша екен бұл деген Балақайлар бәріңде Дос болыңдар менімен. Менің көңілім тіптен көтерілді сау болыңдар балалар (қолжуғыш шығып кетеді) Жарайсыңдар тазалық туралы көп нәрсе білдік.Үнемі жуынып,денені шынықтырып жүруді әдетке айналдырайық.Міне осылай жүрсек деніміз сау,мықты болып өсеміз.Ендеше денсеаулық туралы тақпақ айтайық 1Денсаулық-ол шыныққан Барлық дене мүшесі. Денсаулық-ол тыныққан, Жүйке тамыр жүйесі. 2 Денсаулық –ол күлуің Көңіл-күйің жадырай Денсаулық-ол жүруің Ешбір жерің ауырмай. Балаар тазалық туралы әңгімеледік,жұмбақ шештік.Енді д/ойын : «Таңдап ал да,атын ата.» Шарты: Балалар қорапша ішіне қолын салып таңдаған нәрсесін алады . Таңдап алған заттың атын,қандай нәрседен жасалғанын және түсін,пішінін айтуы керек. Мультфильм көру. «Кір қожалақ»(Мой додыр) | Балалар орындарынан тұрып амандасады. Жақсы Балалар тәрбиешінің көмегімен жұмбақтардың шешуін табады. Әдемілік,тазалық үшін керек. Жақсы Басымызды су сабынмен,тісімізді үнемі тіс пастасымен қолымызды сабынмен жуып, құрғатып орамалмен сүртуіміз керек. Сәлеметсізбе Балалар колжуғышпен бірге қимылдай жүріп сергіту сәтін жасайды Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды Балалар мультфильмді тамашалау арқылы таза жүру керек екенін түсінді. |