: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды, топпен бірлесе жұмыс істейді, бір - бірінің пікірлерін тыңдай біледі, мәтіннің мазмұны арқылы адамның ішкі жан дүниесінің бұлақтай таза болу керектігін түсінеді. Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, тапсырмаларды орындап шығуға ықпал жасау. Көрнекілігі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Таза булак Ы.Алтынсарин»
Класс: 3
Пәні: әдебиетті оқу
Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин Сабақтың мақсаты: әңгіменің мазмұнын баяндай отырып, әңгіменің мазмұнының идеясын түсінеді. Күтілетін нәтиже: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды, топпен бірлесе жұмыс істейді, бір - бірінің пікірлерін тыңдай біледі, мәтіннің мазмұны арқылы адамның ішкі жан дүниесінің бұлақтай таза болу керектігін түсінеді. Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, тапсырмаларды орындап шығуға ықпал жасау. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, маркер, А3 форматты қағаз, қима қағаздар, желім, оқулық, смайликтер, бағдаршам. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдіс - тәсілдері: С. Т. О.- стратегиялары, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, постер қорғау, АКТ - ны қолдану, жаңа әдістер. Пән аралық байланыс: музыка, дүниетану Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын сұрау 3. Үй тапсырмасын бекіту 4. Жаңа сабақ 5. Жаңа сабақты бекіту 6. Қорытынды 7. Бағалау 8. Үйге тапсырма І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы назарын сабаққа аудару Психологиялық дайындық (Өлеңді хормен айтады) Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Орнымызға жайғасып, сабаққа назар аударайық. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. - Үйге қандай тапсырма берілді? - Ш. Құдайбердиевтің «Жаз келер» өлеңін оқып, мазмұнын айту. 1 - топқа - «Көңілді көктем» эссе 2 - топқа - Көктем мезгіліне байланысты сурет салу. 3 – топқа – Шығармашылық тапсырма: Көктем мезгіліне байланысты ойдан 1 шумақ өлең шығару. Жақсы жазған оқушының шығармасын оқыту, суреттерді тақтаға ілу, оқушыға талдау жасату, өлеңдерін оқыту. Бағалау Сұрақтар: - Жаз келер өлеңіне ұқсайтын Абайдың қандай өлеңін білесіңдер? - Көктемде қандай мерекелерді тойлаймыз? - Көктемгі табиғат құбылыстарын ата. Мұғалім: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, шығарма жазу, сурет салу, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыптың мазмұнын ашып, көктем мезгілі туралы жан - жақты мағлұматтар алдық. - Жаз мезгілінің ерекшелігі қандай? (күн ыстық болады, біз жазғы демалысқа шығамыз) ІІІ. Өткенді пысықтау Сөзжұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады. Б Ұ Л А Қ Сөзжұмбақ шешу «Бұлақ» 1. Қазақтың ұлы ақыны (Абай) 2. Абайдың анасының аты (Ұлжан) 3. Мұхтардың әжесінің аты кім? (Дінәсіл) 3. Қаныш Сәтбаев кім? (Ғалым) 4. Еңбекқор жәндік (құмырсқа) IV. Жаңа сабақ Ендеше бүгін біз Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз. (Дәптерге күннің ретін тақырыпты жазу) Сабағымыздың мақсаты мәтіннің мазмұнын түсіну, автордың әңгімені не мақсатта жазған ойын білу. Ой қозғау Ы. Алтынсарин кім? - Қандай өлең әңгімелерін білеміз? Слайд (Ы. Алтынсарин) Бұлақ дегеніміз не? (су) 1 - топ Судың пайдасы 2 - топ Судың зияны 3 - топ Су туралы нақыл сөздер айтады. Су туралы тыйым сөздер айтады. Слайд (бұлақ) Экранға назар аударайық. - Ненің суретін көріп тұрсыңдар? - Суы қандай? Бұлақ туралы түсінік беру. Бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты суы. Бұлақтың 3 түрі болады. 1) ыстық бұлақ – санаторияларда адамдарды емдеу үшін пайдаланылады. 2) ащы бұлақтардан тұз өндіріледі. 3) тұщы бұлақтар ауыз су ретінде пайдаланылады. Ыстық бұлақтар Италия, Камчатка, Исландияда кездеседі. V. Жаңа сабақты бекіту Мағынаны тану «Таза бұлақ» әңгімесі не туралы айтылғанын білу үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз. 1. Іштей оқыту 1. Жақсы, балалар, енді мәтінді бөліктерге бөліп беремін, әуелі жұппен, тобыңмен талқылап алыңдар. 2. Мағынасы қиын сөздерге түсінік бере кетейін. Тақтаға қарайық. Ғибрат алу - үлгі алу. (интер. тақтада көрсету) 1 – топ 1 - бөлік басынан бастап, «дейді бірінші жолаушы» деген сөйлем қоса алынады. 2 – топ 2 - бөлік «Сонда екінші жолаушы басын шайқап» деген сөйлемнен бастап, «Ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе деген ақыл ұғуға болады» деген сөйлем қоса алынады. 3 – топ 3 - бөлік «Жолаушының үшінші көркем жас жігіт үндемей тұрады» деген сөйлемнен соңына дейін. 2. Мазмұнын сұрау (3 топтан) 1 – топ - Әңгіме неден басталған екен? 2 – топ - Әрі қарай не болды? 3 – топ - Немен аяқталды? 3. Тауып оқыту (тастағы жазуға байланысты айтылған сөзді) 1 – топ 1 жолаушының пікірі 2 – топ 2 жолаушының пікірі 3 – топ 3 жолаушының пікірі Тастағы жазуды тауып оқыту. 4. Дәптермен жұмыс (дәптерлеріне жаздыру) Интербелсенді тақтадан көрсету - Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол! Сергіту сәті 5. Сұрақ - жауап бөлімі. «Бинго» ойыны - «Бинго» ойыны немен ойналады? 1 – топ: 1. Бұлақ басында неше жолаушы кездесті? 2. Бұлақтың қасында не бар? 3. Суы қандай? 4. Бұлақтың қасына не қойылған? 5. Тасқа не жазылған? 6. Үш жолаушы не істеді? 7. Неге көздері түсті? 2 – топ: 1. Бұлақ қандай жерлерге барады? 2. Бұлақтар қосылып не болады? 3. Қай уақытта мұратыңа жетесің? 4. «Адал қызмет қыл, жалқауланып тоқтап қалма» Кімнің сөзі? 5. Ыстықтағанда бұлақтың қандай пайдасы бар? 6. Не үшін ақы дәметпейді? 7. Әңгіме неліктен «Таза бұлақ» деп аталған? 3 – топ: 1. «Біреуге жақсылық етсең, міндет етпе» Кімнің сөзі? 2. Жолаушының үшіншісі қандай жігіт еді? 3. Бұлақтың суы бір орында тұрса, бұлаққа не ынтық болар еді? 4. Не үшін адам бұлаққа ынтық? 5. Бұлаққа ненің сәулесі түсіп тұрады? 6. «Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» Кімнің сөзі? 7. «Таза бұлақ» әңгімесінің авторы. - Балалар, жаңа сабақты қалай түсінгендеріңді білу үшін шығармашылық жұмыстар орындаймыз. Шығармашылық жұмыс: Постер қорғау 1 - топ Адам бойындағы жақсы қасиеттер (топтастыру) 2 – топ «5 жол өлең» әдісі «Бұлақ» сөзін қатыстырып 5 жол өлең құрастыру. 1) Зат есім... 2) 2 сын есім... 3) 3 етістік... 4) 4 сөз (сөйлем құрау) 5. Синонимін табу 3 - топ Әңгіме кестесін толтыру ӘҢГІМЕ КЕСТЕСІ 1. Әңгіменің аты: 2. Әңгіменің авторы: 3. Әңгіменің кейіпкерлері: 4. Әңгімедегі негізгі ой: 5. Әңгіме немен аяқталды? 6. Әңгіме не берді, не үйретті? VI. Жаңа сабақты қорытындылау Оқушылар, «Таза бұлақ» әңгімесін оқыдық, мазмұнын айттық, сұрақтарға жауап бердік, топтық жұмыстар орындадық. Әңгіме бізге не үйретеді? «Түйін сөзді» табамыз. Слайд (Бұлақ басындағы үш жолаушының суреті) Экранға назар аударайық. - Суретте кімдерді көріп тұрмыз? а) Сұрақтар: Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болды? Олар нені байқап қалды? 1 - жігіт тастағы жазуды қалай түсінді? 2 - жігіт ойын қалай жеткізді? 3 - жігіт қандай ойға тоқталды? ә)«Менің де айтарым бар» Тастағы жазуға және үш жолаушының пікіріне өз ойларың қандай, қалай ойлайсыңдар?(оқушылардың жауаптарын тыңдау) б) Мұғалімнің қорытынды сөзі Слайд (Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» 5 асыл іс, 5 дұшпан) Кері байланыс Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақ түсінікті болса, ұнаса стикерді көңілді смайликке, түсініксіз болса, ұнамаса көңілсіз смайликке жапсырасыңдар. VІI. Үйге тапсырма Таза бұлақ әңгімесінің мазмұнын айту. Шығармашылық тапсырма 1 - топ -«Су - тіршілік көзі» шығарма жазу. 2 - топ -«Сусыз тіршілік жоқ» тақырыбына сурет салу. 3 - топ - Адамгершілік қасиеттерге байланысты мақал - мәтелдер жазып келу. VІІI. Бағалау