Жердің қатты қабатын- жер қыртысы дейді.Ол көптеген тау жыныстарынан тұрады. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары деп аталады.
Тау жыныстары күн көзінің, жауын-шашынның, желдің әсерінен үнемі бүлініп, өзгеріп отырады. Үгітілген тау жыныстары жауын суларымен ағып өзен, көл түбіне жиналады да, жылдар өте қатады.Осындай құбылыстардан жаңа тау жыныстары түзіледі. Бұл процесті тау жыныстарының пайда болу кезеңдері деп атайды.
Пайдалы қазбалар
Газ тәрізді
Табиғи жанатын газдар
Сұйық
Кенді
Көмір
Мұнай
Минералды сулар
Қатты
Кенге жатпайтын
Кенге жатпайтын тау жыныстары тығыз және бос күйінде кездеседі.
Жанғыш пайдалы қазбалар.
Тас көмір- қара түсті болады, жақсы жанады және жылуды көп береді. Таскөмір кесегін қолыңа алып, сындырып көр. Сындыра алмайсың.Таскөмір-қатты . Енді көмір кесегін балғамен ұр. Ол кішкене кесектерге бөлінеді. Таскөмір- морт сынғыш.
Мұнай-қоңыр түсті, айрықша иісі бар майлы зат.Мұнай жақсы жанады және жылуды көп береді.Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында өндіріледі.
Мұнаймен бірге табиғи газ ілесе жүреді. Оны ілеспе газ дейді, ал шығатын орыны мұнай-газ кен орны дейді. Кейде тек қана газ жатқан жер де кездеседі Оны газ кен орны деп атайды.Газ құбыры жоқ жерде газды газ баллондарына құйып, үйді-үйге таратады.Газды жылу электр стансаларында электр энергиясын алу үшін де пайдаланады.
Кенді пайдалы қазбалар.
Темір-темір кенінен алынады.Темір кені тастай қатты,қоңыр қызыл түсті келеді. Ол әртүрлі тереңдікте жатады.
Алюминий- бойында алюминий бар кеннен алынады. Ол кеннің сыртқы түрі сазға ұқсайды.Бірақ ол суға жібімейді. Алюминий –күмістей жарқыраған жеңіл металл.
Мыс- кенінің түсі қызғылт болады. Мыс электр тогын жақсы өткізеді. Сондықтан оны теледидар, радиоқабылдағыш, телефон, магнитофон, компьютер және басқа техника түрлерін жасағанда қолданады.
Күміс пен алтын- бағалы металдар. Олардан зергерлік бұйымдар жасайды. Олар табиғатта қоспасыз таза күйінде кездеседі.
Тығыз (қатты) тау жыныстарына гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір және басқалары жатады. Олардың ішінен гранитпен танысамыз.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Гранит-қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбінесе жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады. Гранит қазақша «түйіршікті» деген сөз.Гранит күннің, желдің, судың әсеріне өте төзімді.Сондықтан оны үйдің іргетасын, көріп тірегіш, ескерткіштер жасауға пайдаланады.
Мәрмәр- әктастың тағы бір түрі, оның қасиеттері борға қарама-қарсы.Ол өте беріе және қатты.Әдемі,табиғи реңктегі әртүрлі өрнекті болып келеді. Мәрмәр жақсы жылтырайды. Жылтыратылған мәрмәрмен қабырғалар, сарай бағаналары және метро стансалары қапталады.
Әктас-ақ немесе ақшыл сұр тас. Оны кірпіш, бетон тақта және блоктарды бекіту үшін қолданылатын цемент дайындауға пайдаланады.Әктастан қабырға мен төбені ағартатын әк алады. Сен тақтаға жазатын бор да – әктас.
Құм- суға ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады. Құрғақ құм түйіршіктері сусып,бір-бірімен байланыспай тұрады.Түйіршіктердің құрамына қарай құмның түсі де түрліше – ақ, қара, сұрғылт, сарғыш болып келеді.Құм су қоймаларында ауыз суда сүзіп, тазартуға қолданылады. Мұнан басқа құмды цементпен қосып үй құрылысына пайдаланады, сазбен араластырып кірпіш құяды. Таза құмнан әйнек дайындайды.
Саз-өте майда тау жынысы. Ол үгілген тау жыныстарының ең ұсақтарының суда тұнуынан пайда болады.Саздан құм араластырып кірпіш құяды, отқа төзімді заттар, бағалы ыдыс-аяқ, құмыралар жасайды. Саздан қалыпқа келтіріп алған заттарды берік болуы үшін отқа күйдіреді.
Тұз- Қазақстандағы ас тұзының негізгі көзі-тұзды көлдер. Егер көлден өзен ағып шықса, ондай көл ағынды деп аталады.Қуаңшылық ауданда өзен ағып шықпайтын көлдер бар. Оларды ағынсыз деп атайды.
V.Суретпен жұмыс. Суреттерді қара .Заттар қандай қазбадан жасалған?
VІ. Сабақты бекіту сұрақтары. Сөзжұмбақ.
1.Омыртқаға қабырғалар мен тағы қандай сүйегі жалғасады? (Төс)
2.Желдің күшін және бағытын анықтайтын құралды ата? (Желбағар)
3.Адамның ішкі мүшесінің бірін ата?(Бауыр)
4.Ас қорыту мүшесіне не жатады? (Жұтқыншақ)
5.Иіс сезу мүшесін ата? (Мұрын)
6. Адамның ішкі мүшесінің бірін ата?(Қарын)
7.Бес қажеттіліктің бірін ата?(Жылу)
8.Көздің қорғанышын ата? (Кірпік,қабақ, қас)
9.Жүрекке баратын қан тамырын қалай атайды?(Көк тамыр)
10. Жүрек ауруын емдейтін дәрігерді қалай аталады?(Кардиология)
11. Жүректен тарайтын қан тамырларын қызыл тамыр немесе қандай деп атайды?(Артерия
12.Қандай бұлттың кезінде жауын-шашын жаумайды?(Шарбы бұлт)
VІІ.Үйге тапсырма беру.
Тау жыныстары және оны қорғау. Тау жыныстары. Пайдалы қазбалардың суретін дәптерлеріне салып келу.
VІІІ.Бағалау
Бекітемін: А.Кудайбергенова.
Күні: 7.12.15.
Сыныбы: 2
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы:Балапан қанат қақты М.Жұмабаев.
Мақсаты: Оқушыларға бүгінгі тақырыппен ақынның өмірі туралы мағұлмат беру.
Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Өз есімдерінен басталатын әріптерге байланысты жылы сөздер айту.
ІІ.Өткенді пысықтау.
Сұраққа жауап беру арқылы ағашты алмаға толтыру.
1.А.Байтұрсынұлы кім? Тұңғыш қандай оқулық жазды?
2. «Кімнің мекені жақсы» мәтінінің авторы кім? Қандай кейіпкерлер кездеседі?
3.Ж.Аймауытов кім? Қандай романдарын білесіңдер?
4.М.Дулатов қай жылдар аралығында қмір сүрген?
5. «Күн шыққанда» өлеңінің авторы кім? «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?
6. М.Мақатаевтың қандай өлеңін білесіңдер?
7.Туған тілім өлеңінің авторы кім?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін математика сабағымен байланыстыра отырып «Ойлан тап» кестесінің сырын ашып көрейік.
2*7=14 Б 6*9=54 Қ 9*6=54 Қ
2*5=10 А 5*2=10 А 2*5=10 А
3*7=21 Л 2*10=50 Н 6*9=54 Қ
5*2=10 А 2*5=10 А 5*5=25 Т
2*2=4 П 5*5=25 Т 2*4=8 Ы
2*5=10 А
2*10=50 Н
Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Балапан қанат қақты»
М.Жұмабаев (1893-1938) жылдар аралығында қмір сүрген. Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында туған. Бала кезінде зерек болған Мағжан 4 жасында ауыл мектебінің есігін ашқан. Қазақтың аса көрнекті ақыны жазушы педагог. «Өткен күндер», «Қарағым», «Аққала» т.б шығармалары бар.
Жаңылтпаш.
Қыс қатты-ақ
Қыспаққа ап,
Құс тоңып жүр
Қыстап қап.
Жаңылтпашқа сүйеніп, қыс мезгілі туралы әңгімелеу.
Балапан қанат қақты.
Балапан қанат қақты...
Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. Амалсыз қақты. Солтүстіктің суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегіне жетті. Ызғар өкпесіне өтті.
Ұшып орманға барып еді. Ағаштар бұған мойынын бұрмады.
Балапан баспана таба алмады.
Балапан қанат қақты...
Аштан өлетін болды. Ойды-қырды қар басқан. Бір қылтанақ таба алмады.
Тоңып,дірілдеп,аласұрып жүрген балапанды көріп,....
Суретпен жұмыс:
-Жылдың қай мезгілі бейнелеген? Не көріп тұрсын?
-Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?
-Мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып, суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипатта.
Ребус.
Шешуі: « Балапан қанат қақты »
ІV. Жаңа материалды бекіту. Сөзжұмбақ.
1.Қартқожа қай жазушының кейіпкері? Жүсіпбек
2.С.Жүнісовтың « Кімнің мекені жақсы? » мәтіннен өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке кімнің мекені? Құрбақа
3. « Астана » өлеңінің авторы кім? Ахметова
4. Балапанның халі сенде қандай көңіл күй туғызады? Аянышты
5. « Алтын ұяң – Отан қымбат » деп басталатын шешендік сөзді кім айтқан? Қазыбек би
6. М.Мақатаевтың қандай өлеңімен таныстық? Отан туралы
7.Ж. Аймауытовтың қандай романдарын білеміз? Ақбілек
8. « Туған тілім » өлеңінің авторы кім? Әбілев
V. Үйге тапсырма беру
Мәтіңді өз ойынмен аяқтау мазмұнын айту.
VI. Бағалау.
Бекітемін: А.Кудайбергенова.
Пәні: Қазақ тілі
Күні: 28.02.15ж
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Мақсаты:
Білімділік: Оқушының етістік туралы ұғымын толықтыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Өз есімдерінен басталатын әріптерге байланысты жылы сөздер айту.
ІІ. Өткенді пысықтау.
« Кубизм әдісі» арқылы.
1.Негізгі зат есім дегеніміз не?
2.Туынды зат есім дегеніміз не?
3.Зат есім дегеніміз не?
4. Сөз таптарын ата?
5.Туынды сөз дегеніміз не?
6.Сын есім дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ.
10
12
14
16
18
20
24
28
30
35
а
ә
б
в
г
ғ
д
е
ж
з
50
54
56
60
15
21
36
64
25
32
н
к
и
о
ө
п
р
с
т
у
45
81
72
63
4
70
8
27
5
48
ф
х
ц
ч
ш
ы
і
й
ң
э
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін математика сабағымен байланыстыра отырып «Ойлан тап» кестесінің сырын ашып көрейік.
4*7=28 Е
5*5=25 Т
2*4=8 І
8*8=64 С
5*5=25 Т
4*2=8 І
6*9=54 К
Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Етістік». Дәптерімізді ашып күннің жадын, тақырыпты жазамыз.Етістік дегеніміз не? Мысал келтір сұрақтарын ата? Сызба бойынша етістіктің түрлеріне тоқталдым.
Балалар бүгінгі сабағымыз «Балапандарды құтқару» ойыны арқылы өтеді.
Жай шуақ ашық күнде балапандарымен қыдырып жүрген тауықтың балапандарын аңдамай тұрғанда түлкі ұрлап әкетеді.
Енді біз тауыққа көмектесейік. Түлкі бізге сандық беріп жіберіпті. Ішінде тапсырмалар бар екен. Егер осы тапсырмаларды орындасақ түлкі балапандарды бір-бірлп қоя береді.
Балапандарды құтқарамыз ба?
Ендеше түлкінің тапсырмасын орындап көрейік: Түлкіге алданып қалмайық. Ол өте қу.
Сандықшаны ашып тапсырмаларды орындаймыз.
1-жаттығу.(ауызша) Сурет мазмұны бойынша әңгіме құра, әңгімеге ат қой. Не әстеді? Сұрағына жауап беретін сөзді тап. Бұл сөздер етістік болып табылады ма? Неліктен.
2-жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін тап.
Терме диктант.
Парта, келді,отырды, аю, көктем, жазады, ұшып жүр, қыбырлай бастады, сабақ жүреді.
3-жаттығу.Сөздерді оқу, екі бағанға бқліп жазу.
5-жаттығу. Өз бетінше жұмыс.
6-жаттығу ( Ауызша)
ІV. Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ.
Шешуі: Етістік
Балалар етістік дегеніміз не? Кім мысал келтіреді.
Етістіктің қандай түрлері бар?
V.Үйге тапсырма беру.
4-жаттығу. 164-бет
VІ.Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Қарасай негізгі мектебі
Тақырыбы: «Балапан қанат қақты»
(ашық сабақ)
Сыныбы: 2
Өткізген: А.Ж.Абдрахманова
2014-2015 оқу жылы
Қарасай негізгі мектебі
Тақырыбы: «Етістік»
(ашық сабақ)
Сыныбы: 3
Өткізген: А.Ж.Абдрахманова
2014-2015 оқу жылы
Қарасай негізгі мектебі
Тақырыбы: «Тау жыныстары және оны қорғау»
«Тау жыныстары.»
(ашық сабақ)
Сыныбы: 3
Өткізген: А.Ж.Абдрахманова
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін: А.Кудайбергенова.
Күні: 31.01.17.
Сыныбы: 3
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз Оразбек Бодықов.
Мақсаты: Оқушыларға бүгінгі тақырыппен ақынның өмірімен Ш.Қалдаяқов туралы мағұлмат беру.
Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Өз есімдерінен басталатын әріптерге байланысты жылы сөздер айту.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Әбілхан Қастеев
Сергіту сәті.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақты шеш.Ол үшін берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой.
1.... қолы көпке ортақ. (Шебердің)
2.Ұстаздан ... озар. (Шәкірт)
3.Өнерлі бала ... . ( Сүйкімді)
4.Ата көрген оқ жонар
Шеше көрген тон ... . (Пішер)
5.Жігіт адамға ... өнер де аз. (Жетпіс)
Көк жолақпен белгіленген торкөздегі сөз туралы не білесің?
Ш.Қалдаяқов өмірімен таныстыру.
1.1930жылы 15-тамызда ОҚО Отырар ауданында дүниеге келді.
2.1947-51 жылдары Сарыағашта мал дәрігерлік техникумда оқыды.
3.1951 жылы жолдама бойынша Ақтөбе облысында 9 ай зоотехнитік қызмет атқарады.
4.1951-53 жылдары әскери борышын өтеді.
5.1954-56 жылдары Ташкент қаласында музыкалық училищеде оқыды.
6.1956 ж. НЖұмекеновпен бірігіп, «Менің Қазақстаным» әнін жазды
7.1956-61 жылдары Алматы консерваториясында оқыды,100 –ден астам әндері дүниеге . келіп,Қазақстанға аты танымал композитор атанды.
8.1956ж Қазақстанның Ленин Комсомол сыйлығының иегері атанды.
9.1973-1991 жылдары 18 жыл бойы Тараз қаласының
10. 1991 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алды.
11. 1992 жылы29 ақпанда Алматыда ауыр науқастан қайтыс болды.
Аққұс туралы аңыз Оразбек Бодықов
Шәмшінің шырқап салатын әдемі даусы болмаса да, әннің табиғатын түсініп, оны тыңдаушысына жеткізе білетін әсем үні бар еді. Оның даусы кейде қырылдай шығып, биіктей алмаса да, тыңдар құлақты еріксіз елтітіп, қай жүректі болмасын баурап әкететін.
-Саған қай қасиет бұрын дарыды –ән салу ма, әлде ән шығару ма?-деп сұрағанымда, Шәмші сәл ойланып:
-Бетховен тас керең болса да ғажап музыка жазған. Байқадамов қазақ әндерін айтуға олақ болғанымен, нағыз қазақи әндерді жазған. Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір-бір Аққұс бар, -деген еді ол. Анамнан естіген хикая еді. Сол Аққұс туралы әңгімемді тыңда.
Алыстағы бір асқар таудың басын армандай сұлу Аққұс мекендесе керек. Ол төгілте ән шырқағанда тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі екен дейді. Оның әсем әнін аңсаған пенделер осы тауға ағылып, Аққұстың ұядан ұшуын апталап, айлап күтіп жатады екен. Өзінің әніне ынтық болған жұрт мол жиналған шақта, Аққұс аспандап ұшып, тау асып, бел асып махаббат жайлы шерлі де қуанышты әнін шырқайды екен. Ол небір қайғылы жүректің шерін басып, сөнуге айналған үмітке от жағады екен дейді.
Аққұстың ел-жұртты тамсандырған осы даңқы Қарақұсқа жетіпті. Өзінен басқаның жақсы болуын қаламайтын Қарақұс кәріне мініп, оның көзін жоюға бел байлапты. Аққұстың аңғырт, бейбіт шағын аңдыған ол бір күні шап беріп ұстай алып, қанды тырнағымен бүріп өлтіруге айналады.
Ақтық шағы тақалғанына көзі жеткен Аққұс: «Ең болмаса бір ән айтып өлейін» деп жалынған екен дейді.Қарақұс сәл ойланып: «Бір әнде тұрған не бар дейсің, айтсаң айт» деп рұқсат береді...
VI. Сабақ қорытындылау."Алма ағашын алмаға толтыру" ойыны.
Алмадағы нөмірленген алмаларды алып, сол нөмірдің сұрағына жауап беріп, алманы алма ағашына ілеміз. Алмада әріптер жазылған, Соңында "Жарайсыңдар" деген сөз шығады.
VII. Үйге тапсырма беру.
«Аққұс туралы аңыз» мәтінің оқып мазмұнын айту. «Шәмші әнінің құдіреті» деген әңгіме құрастыр.