Ұйымдастыру кезеңі | | Психологиялық дайындық: Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан. Топтарға біріктіру: І топ: Наурыз ІІ топ: Сәуір ІІІ топ: Мамыр | Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа даярлығын көрсетеді. Оқушыларды қораптағы қима қағаздарда жазылған ай атаулары бойынша 3 топқа бірігеді | Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық ахуал туғызу және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Үй тапсырма- сын сұрау. Жеке жұмыс. Топ аралық бағалау. | | «Көңілді тізбек» ойыны арқылы үй тапсырмасы жазбаша түрде сұралады. (Жазылым) «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіледі Қызығушылық ояту: «Ой қозғау» сұрақтары: - Балалар, алдыңғы сабақта да көктем ай атаулары бойынша бөлінген болатынбыз. Соның ішінде наурыз айына көбірек тоқталып «Наурыз» өлеңмен таныстық, наурыз айында болатын табиғат құбылыстарымен таныстық. Наурыздан кейін қайдай ай? - Сәуір айында қандай өзгерістер, құбылыстар болады? - Жануарларда қандай өзгерістер болады? - Ауа райы қандай болады? Мадақтау. - Балалар, сәуір айында қысқы ұйқыдан оянатын жануарлардың бірі –ол тасбақа екен. Тақтаға назар аударып, тасбақа туралы мәлімет алайық. (Тақтадағы ақпататты бір оқушы оқып таныстырады. - Балалар, сонымен, тасбақа қандай жануар екен? - Осы тасбақа туралы әңгіме жазған Әбіш Кекілбаев атты жазушы атамыз бар. (Авторды тану) Әбіш Кекілбаев 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді.Қазақтың белгілі жазушысы,қоғам қайраткері. 2009 жылы 70 жыл толып,мерей тойы аталып өтті.Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б.роман, повестері бар.Қазір Астанада тұрады. | Оқушылар тізбектеліп, қатар бойынша өлең шумақтарын жазып шығады Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын тексеріп бағдаршам түстері арқылы бағалайды. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сәуір айында болатын өзгерістерге, оның ішінде жануарлар тіршілігіндегі өзгеріс туралы, жануарлардың қыстың ұйқыдан оянатыны туралы айтып өтеді. Ақпараттық тақтадағы тасбақа туралы мәліметпен танысады. Алған мәліметтері бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар автор туралы мәлімет алады. | Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау. Өткен тақырып пен жаңа сабақ арасында көпірше орнату, жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау. |
Негізгі бөлім Жаңа сабақ Жеке, жұптық жұмыс Топтық жұмыс Топаралық бағалау Жеке жұмыс | | Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, іштей оқу.Жұптасып талқылау Дәптермен жұмыс. Сөздікпен жұмыс. (Алдын-ала қабырғаларға ілініп қойылады) Тасбақа – черепаха - turtle Кібіртік - тоқтап сүрініп жүреді-подскальзнутся - slip Мимырт - жай жүреді- медленно ходить - walk slowly Сала құлаш- ұзын – длинный - A long Шыбыртқы- шыбық тәрізді таяқ –шпиндель палочка –spindle wand Көсік - далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік – совок -scoop Топтық тапсырма: «Наурыз» тобына – Мәтін бойынша түсінік айту «Сәуір» тобы – Мәтін бойынша топтағы оқушылармен сұхбат ұйымдастыру «Мамыр» тобы – мәтіннің мазмұнын суретті сюжет арқылы түсіндіру «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау. Бес жолды өлең құрастыру. 1. Тасбақа 2. Мықты, киелі 3. тарбаңдайды, жорғалайды, жүреді 4. тістеп шыққан шөбі бар 5. Жануар Сергіту сәті. Критериалды бағалау жүргізіледі. Бағалау критерийлері: 1. Мәтіннің мазмұнымен танысу, жұптарымен талқылау 2.Мәтіннің мазмұнына сәйкес тапсырманы топта белсенділікпен орындау 3. Тасбақа туралы 5 жолды өлең құрастыру. | Бағалау критерийлерімен танысады. «Тасбақаның» шөбі» мәтінін дауыстап,іштей оқып мазмұнымен танысады, жұптасып мәтін мазмұнын талқылайды. Сөздікпен жұмыс жүргізеді. Оқушылар топтық тапсырма орындайды Топтар бір-бірін «бағдаршам түстері арқылы бағалайды Оқушылар берілген тірек сөздер бойынша бес жолды өлең құрап жазады. | Жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсінуге жағдай жасау Жаңа сөздермен танысу және үш тілділікті дамыту. Оқушылардың әңгіме мазмұнын меңгергендігін тексеру Оқушыларды сергіту |
Қорытынды: Топтық жұмыс Топ аралық бағалау Үйге тапсырма: Рефлексия | | Кестемен жұмыс. № | Қандай ырымдар білесің? | Неге? | 1 | | | 2 | | | «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау «Тасбақаның шөбі» мәтінін оқу, мазмұндау Оқушыларға «Не білдің? Не үйрендің? Не қиын болды?» деген сауалдар қойылған парақшалар таратылады. | Оқушылар топтық жұмыс жүргізеді. Өздерің бұрын білетін ырымдары туралы жазады және оқып таныстырады. Топтар бір-бірін бағалайды. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне толтырады. Оқушылар парақшалардағы сұрақтарға жауап беріп, мұғалімге тапсырады. | Жаңа тақырыпты бекіту Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Кері байланыс орнату |