этом внеклассное мереприятие состоит из читырех этапов. на первом этаппе каждыую группу вопросы задавали. на втором этапе продолжить пословицы. на третьем этапе составляют различеные слова. на четвертом этапе ставитсярешение загадки на казахском на русском языке.на последнем этапе учащиеся показали жюри свое творчество7
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Оқушыларды топқа бөлу. Нақты жауап беруге және ұйымшылдыққа шақыру.
ІІ. Кіріспе кезеңі.
1 – жүргізуші.
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің 2 «Б» сыныбы мен 3 «Б» сыныбының «Тапқыр достар» интелектуалды ойнына қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші
Ал, қанекей, келіңдер, Бір - біріңе серік болып еріңдер Білімімізді тексеріп, барлығын еске түсіріп Интеллектуалды сайыста Бақтарыңды сынап, көріңдер - деп білім сайысына құлшынып келген білімді оқушыларымызды шақырамыз. Білім сайысына келген оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлініп, топ атын құрастырады. 1 - топ –«Болашақ» 2 - топ –« Арман» Шын жүйріктер сыналады жарыста Жарыстың ба орта жолда қалыспа Әділқазы бағалайды сіздерді Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.___________________________
2.___________________________
3.___________________________
4.___________________________ 1 – жүргізуші
Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
І кезең. «Қас – қағым сәтте»
ІІ кезең. «Мақалды жалғастыр»
ІІІ кезең. «Айшықты сөздер»
ІҮ.кезең «Тіл өнері»
Ү кезең. Жеңімпазды анықтау.
2 - жүргізуші
І кезең. «Қас – қағым сәтте» әр топ 1 минутта 10 сұраққа жауап берілуі қажет. Жауап аталған әріптен басталуы шарт.
1 топ Аәрпінен бастау.
1. ҚР астанасы? Астана
2. Қадірлі жан. Ана
3. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
4. Оқулықтың аты? Ана тілі
5. Ең тәтті жеміс? Алма
6. Алфавиттің бірінші әрпі? А
7. Жылқы, басқаша атауы Ат
8. Қаланың аты. Астана, Алматы, Ақтөбе, Алға.
9.Бал беретін жәндік? Ара
10.Аң патшасы не? Арыстан
1 - жүргізуші
2 топ Қ әрпінен бастау.
1. Біздің ұлтымыз Қазақ
2. Үлкен кісі, ата Қарт
3. Мемлекеттік тіл Қазақ
4. Сүттен алынған тағам? Қаймақ
5. Жылқының сүті? Қымыз
6. Музыкалық аспап ?Қобыз
7. Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан
8. Мына әріптен басталатын сөз Қ
9.Туымызда белгіленген құс? Қыран
10. Ең қорқақ жануар? Қоян
2 - жүргізуші
ІІ тур.Мақалды жалғастыр (Мақал оқылады, жалғасын кім бірінші көтереді сол топ жауап береді) Өзге елде сұлтан болғанша, ......
Өз еліңде ұлтан бол.
Өзге тілдің бәрін біл,....
Өз тіліңді құрметте.
Тіл тас жарады,.......... тас жармаса бас жарады. Туған жердей жер болмас, ....... Туған елдей ел болмас Аққуды атпа,...... досыңды сатпа! Жақсы байқап сөйлер,...... жаман шайқап сөйлер. 100 теңгең болғанша, ......... 100 досың болсын 1 -жүргізуші
Күннің шуағы жылы, ........ Ананың құшағы жылы.
Жақсы адам жан жағын байқай келеді,....
Жаман адам жан – жағын жайпай келеді.
Астың дәмін тұз келтірер,........... Ауылдың сәнін қыз келтірер. Білімдіге дүние жарық............. Білімсіздің күні кәріп. Жеті жұрттың тілін біл,............ Жеті түрлі білім біл. Білетінің бір тоғыз,................ Білмейтінің тоқсан тоғыз. Бөтен жердің гүлінен............... Туған жердің тікені артық.
2 - жүргізуші
ІІІ тур. «Ізденіс – жеміс кепілі» әр топ 1 минутта сөзтудырым жасайды.
1 топ – кемпірқосақ.
2 топ – саңырауқұлақ.
1 - жүргізуші
ІҮ.тур «Тіл өнері»бұл кезеңде әр топқа жұмбақ жасырамыз, ол жұмбақтың шешуін екі тілде (қазақ, орыс) айтады.
1 топ.
Қысты күні мамық
Ал көктемде ағып,
Қандырады шөлін
Бау-бақшаны бағып.
Қар – снег
Өзі сондай аппақ,
Жесең оны тәтті-ақ.
Қант – сахар
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Аю – медведь
2 - жүргізуші
2 топ
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу.
Түлкі – лиса
Жолбарысқа ұқсайды
Күнде тышқан ұстайды.
Мысық – кошка
Жасыл көйлегін үстінен
Қысы-жазы шешпейді.
Бір ұзарып өскен соң
Одан әрі өспейді.
Шырша – ёлка
1 - жүргізуші
Осымен біздің ойнымыздың барлық кезеңдері бітті. Әділқазыларымыз әділ бағаларын шығарғанша.
Қабылбек Дидардың «Отан туралы өлеңін» қабыл алыңыздар.
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзенн асқартау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған ,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған
Жаным менің кеудемнен жарып шық та
Боз торғайы бол оның шырылдаған.
Отан,Отан бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем
дей келе балалар, сіздерге тек сәттілік, бақыт және. Қазақстанымыз өркендей берсін. Ата – ана сенімін ақтаңыздар. Осымен біздің интелектуалды ойнымыз аяқталды келесі кездескенше қош сауболыңыздар.
«Бекітемін» «Келісемін»
« №5 орта мектеп» КММ директоры № 5 орта мектеп директорының _______________Э.Иманбердиева тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
. ________________ Г. Ахмето «_____» ____________2015 ж «_____» ___________ 2015ж