Просмотр содержимого документа
«Таңдаулы курс бағдарламасы "Функционалдық сауаттылықты дамыту" 4 сынып»
Түсінік хат
Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және бастауыш сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 4- сыныптарына арнайы құрастырылған.
«Функционалдық сауаттылықты дамыту» таңдау курсы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері қамтылған. PISA халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Зерттеудегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге оқушыларға математиканың олардың өмірінде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседі. Оқу сауаттылығына білім алушының жазба жұмыстарды түсінуі және оларға рефлексия жасауы, өзінің мақсаттарына жету жолында олардың мазмұнын пайдалана алуы, білімінің дамуы және қоғамдағы өмірге белсене қатысу мүмкіндігі жатады. Оқығанын өмірлік мақсаттарға қолдана алу түсінігі мен қабілеті бағаланады.
Курстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздерін әзірлеу.
Міндеттері:
бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалып- тастыру жөніндегі шетелдік тәжірибені зерделеу және талдау;
бастауыш мектепті бітірушінің функционалдық сауаттылығының моделін құрастыру.
математика курсы, жаратылыстану және гуманитарлық цикл курстарына енетін оқу пәндері бойынша игерілетін білім аясын кеңейту;
білім, білік, дағды мен құзыреттіліктің деңгейін жоғарылату;
білім алушылардың өз тағдырын, соның ішінде кәсіби бағыт-бағдарын анықтауда белсенділік танытуына септігін тигізу;
оқу пәндеріне деген қызығушылық қалыптастырып дамыту.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:
‒ оқу, жазу сауаттылығынан;
‒ жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
‒ математикалық сауаттылығынан;
‒ компьютерлік сауаттылықтан;
‒ денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
‒ құқықтық сауаттылығынан
Пәнаралық байланыс:
Кез келген сабақ пәнаралық байланыста болады. Оқушының білімін жетілдіру үшін, қызығушылығын ояту үшін математика, дүниетану, сауат ашу, бейнелеу өнері пәндермен тығыз байланыста болады. Оқушылар сабаққа белсене қатыса отырып, жаңа сабақта берілген тапсырмаларды өздігінен меңгере алады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған. Сабақтың басында көңілді жаттығулар өткізіп, қызықты тапсырмаларды пайдалана отырып, математикалық басқатырғыштар орындату, әрі ширату, көзге арналған жаттығуларды орындау. Оқушыларға графикалық диктант салуды, ойын түрінде өткізуге, үлестірмелі материалдарды қолдану арқылы өткізуге болады. Сонда мұғалім әр оқушының тапсырманы қалай орындағанын бақылай алады. Тапсырмаларды орындауға қосымша дәптер арнауға, жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарда орындауға болады.
Математика
Әдебиеттік оқу
Дүниетану
Қазақ тілі пәндерімен байланысты
Күтілетін нәтиже:
Сыныптастарымен шағын топтардың жұмыстарын сараптай алады.
Хат, құттықтау, хабарландыру жаза алады.
Біріккен іс- әрекетте өзі үшін, өзге үшін жауапкершілік алады
Шапшаң, мәнерлеп, дұрыс оқи алады, оқыту барысындағы графикалық тілді қолданады, кесте, сызба, модельдермен жұмыс істей алады
Ойластыра отырып, міндеттерді шешу үшін өздігінен бірнеше әрекет
түрін жоспарлайды.
Бір мақсатты шешуде әртүрлі жоспарды салыстырады, таңдау жасай алады.
Математикалық мазмұны бар тұжырымдарды , сөйлемдерді құру кезінде қазақ тілінің ережелерін қолдану.
1
26
Математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімді қолдану
1
27
Математиканың дүниетанумен байланысы
1
28
Табиғат
1
29
Өсімдіктер әліппесі
1
30
Жануарлар әліппесі
1
31
Ғарышқа жол
1
32
Материктер
1
33
Менің Отаным-Қазақстан
1
34
Тест жұмысы
1
Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә. Бірмағамбетұлы, Г.М.Байгушикова айналаны қоршаған орта «Алматыкітап» 2010ж.
2. К.Жүнісқызы, К.Аймағанбетова, К. Жапанбаев Дүниетану. Оқыту әдістемесі. Алматы 2012 ж. «Атамұра» 2012ж.
3. Қазақстандағы жануарлар әлемі 2009 ж.Алматы
4.Т.В.Благовестная. Математика пәнінің дидактикалық материалдары.
5.«Келешек», 2008 жыл. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.
6.PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту. Әдістемелік құрал. Развитие математической грамотности учащихся на основе заданий исследования PISA, TIMSS. Методическое пособие. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 97 б.
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:
1.А.Р. Алябаева, Г.М. Байгушикова Айналаны қоршаған орта «Алматыкітап» 2010ж.
2. Т.С. Иделова, Ә.Қ. Қисымова қоршаған орта «Алматыкітап» 2010ж.
3.Жалпы орта білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. «Алматыкітап» 2015ж.