Мақсаты Күтілетін нәтиже | Білімділік: оқушыларға тамақтануды тиімді ұйымдастыруды, тамақтану ретін, ішек – қарын аурулары туралы ақпараттар беру. Дамытушылық: оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырып, өз бетімен қосымша материалдарды іздеуге, пайдалануға дағдыландыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттырып, ізденімпаздыққа баулу. Тәрбиелік: ортамен, айналасындағылармен, өз - өзімен қарым – қатынас барысында жауапкершілік сезімін өз мойнына ала білуге, жолдастарымен сыйласа білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, графикалық диктант, сөзжұмбақ. Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, цитаталар. |
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үшін, бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанған адамның ас қорыту мүшелерінің бездеріне темеқ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді. Мезгілімен тамақтану – оның жылдам қорытылуына және жақсы сіңіуіне аса қажетті жағдай. Күніне төрт мезгіл тамақтанған жөн. Күніне төрт рет тамақтанатын асты былай мөлшерлеген дұрыс: Ертеңгі ас – 25% Түскі ас – 40% Сәскелік ас – 15% Кешкі ас – 20% Ас кенеулі және әртүрлі болуы тиіс. Тамақтану мерзімі ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Ішек – қарын аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар қайнатылмаған су ішкенде, жуылып, тазартылмаған көкөніс пен жемістер жегенде, лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп организмді уландырады. Әсіресе, қантышқақ, ішсүзегі, тырысқақ өте қауіпті ішек – қарын аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда – ішектің жұмысы бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Мұндайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделу адам өміріне қатер туғызады. Бұл қауіпті ауруларды шыбындар мен тараканджар таратады. Тамақтанған соң тамақтың қалдықтарын үстел үстінен жинап, ыдыс аяқты тазалап жуып, шкафта сақтайды. Ас қалдығын сақтайтын шелектің бетін жақсылап жауып, күнделікті тазартып, жуып отыруды ұмытпау керек. Адам организмінде тірішілік етуге бейімделген ішекқұрттардың түрлері көп. Адамның ішқұрты дайын қоректік заттармен қоректенеді де улы заттарды өзінен бөліп шығарып, адамды уландырады. Ішқұрт ауруымен ауырған адам тез шаршайды, ұмытшақ болады, басы ауырады, жүрегі айнып, құсады, қаны азаяды. Ішқұрттар кір қолдан, жуылмаған жеміс пен көкөністен жұғады. Кейбір ішқұрттар шала піскен ет пен балық арқылы да адам организміне өтеді. Ішқұртымен ауырған адам өз ауруын басқа адамдарға жұқтырады. Сондықтан өз беи\тімен емделмей, дәрігерге қаралып, емделуі қажет. |
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
Ой толғаныс | Тамақтану мәдениетінің 10 ережесі: 1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс. 2. Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді. 3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек. 4. Ыстық тағам температурасы 50-600С, салқын тағам 100С —тан төмен болмау керек. 5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек. 6. Тамақтын түрін (рационын өзгертіп тұру керек) 7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы. 8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек 9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек 10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек Топтарға саяхат. 1-тапсырма. Әр топ өз алдындағы тағамдарды бүгінгі тақырыпта айтылған тағамдық құнды заттары барма, қай тамақта қандай заттар бар айтып көрсету. 2-тапсырма. 1-топ. Нәруызы көп тамақтын суретін ватманға салады. 2-топ. Көмірсулары көп тағамды салады. 3-топ. Дәрумендері көп тағамды салады. 4-топ. Минералды заттар мен майлары бар тағамдарды салады 3-тапсырма. Әр топ асқа, тағам, дастарханға байланысты ырымдар айту. 1-топ. Тамаққа қарап түшкіру әдепсіздік. Жүкпен үйден шыққанда, үйден тұз алмайды. 2-топ. Шөлдегенде су бермеген жаман ырым. Қол жумай асты ішпейді. 3-топ. Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді. Тамақ үстінен аттамайды. Дастарханға алдымен нан қойылады. 4-топ. Таңертеңгі асты тастамайды. Тамақты сол қолмен жемейді. Дастарханға бата бермей мұсылмандар тұрмайды. |