kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырып: «Шыншылды?-адамды?ты? белгісі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

iн-?зiтану саба?ыны? жоспары

Мектеп:№18 ЖББОМ КММ

Мерзiм:12.03.2016 жыл

Саба?:№ 22

Та?ырып: «Шыншылды?-адамды?ты? белгісі»        

??ндылы?: Ішкі тынышты?

?асиеттер : сыпайылы?; ашуланбау, ой тынышты?ында отырып ?йрену, шыдамдылы?.

М??алiм: Ны?метова Еркеш Нурдильдиновна

Сынып:1

О?ушылар саны: 20

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырып: «Шыншылды?-адамды?ты? белгісі»»

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп:№18 ЖББОМ КММ

Мерзiм:12.03.2016 жыл

Сабақ:№ 22

Тақырып: «Шыншылдық-адамдықтың белгісі»

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер : сыпайылық; ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық.

Мұғалiм: Нығметова Еркеш Нурдильдиновна

Сынып:1

Оқушылар саны: 20


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығын ояту;

Дамытушылық: сыпайылық, өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік::
не болсада ақылмен шеше білуге,ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;


Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. (әуен ойналады)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға

Сұрақтар:

1.Балалар,жаттығу барысында не сездіңдер?

2. Қандай күйде болдыңдар?

3. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?

Қорытынды:Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ертегі «Түлкі мен ешкі»

Cұрақтар:

1.Түлкінің әрекеті дұрыс па?

2. Осылай істеуге бола ма?

3. Сол уақытта ешкі қандай күйде болды?

4. Сол күйден шығудың қандай жолын іздестірдіңдер?

Қорытындылау:Олай болса, балалар, ашуды ақылмен жеңіп ,әр қашанда күн тәрізді әлемді, жан-жағымызды нұрға бөлеп жүрейік.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді»

Түсіндіру: шыншыл ақылды адамдар әрқашан бәрін ақылмен,сабырлықпен шешеді, не болсада сабырмен шешуіміз керек.

Сұрақтар:

- Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?

Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?

- Ішкі тыныштықты қалай орнатуға болады?

Қорытынды: не болмасын сабырмен шеше білейік,сабырлық ақылдының ісі,ақыл адам көрігі.


  1. Әңгiмелеу.

«Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)

Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.

Бір күні Шыдамдылық пен Сабырсыздық кез болады.........../ Ары қарай не болды?

/Өз ойларымызбен жалғастырайық/

Сұрақтар:

  1. Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?

  2. Сабырсыздық деген қандай қасиет?

  3. Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

Қорытынды:

Ендеше, балалар, әрқашанда шыдамды, ақылмен дос болайық, шындықты айтып, әр ісімізде дұрыс әрекет жасап, ішкі тыныштықтарыңды сақтаңдар.



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: Шыншыл дегенді қалайтүсінесіңдер?

2 - топ: Сеніңше шыншыл бала қандай болады?

3 -топ:Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Дәптермен жұмыс:

1-тапсыпма: «Шындық»неге жеткізеді? ал «өтірік»ше? Осыларды анықтап ,түзу сызық арқылы бағыттап көрсет.

2-тапсырма:Мақал-мәтелді оқып, мағынасын түсіну.

Қорытынды: Балалар, сендер мына мақалды естеріңе сақтап, өтірік айтпауға ,сабырлы, шыдамды болуға тырысыңдар. Олай болса, босқа ашуланбай , ішкі тыныштығымызды сақтайық.




  1. Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.

Сұрақтар:

Өлең не жайлы айтылған?

Осы өлеңнен не түйесіңдер?

Қорытынды:

Әнде айтылған кешірімді,мейірімді ,кішіпейіл бола біліп, дұрыс әрекет жасап, өзіміздің жан тыныштығымызды сақтау.


  1. Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс.

82-83 бет оқу.


  1. Сабақтың қорытынды сәтi.

- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы қасиеттерді үйрендік.Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Та?ырып: «Шыншылды?-адамды?ты? белгісі»

Автор: Ныгметова Еркеш Нурдильдиновна

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309414


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства