kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «Са?ан м??гі басымды ием, Бастауышым!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімні? сара жолы мектептен басталатынын, білімні? ке? д?ниеде ?мірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген ??штарлы?ын арттыру, о?у?а, білімді болу?а ша?ыру. Мектепті я?ни, білім ордасын, ?стаздарын ??рметтеп, е?бекті ба?алай білуге т?рбиелеу. Ата-анасыны?, Отаныны? адал ?л-?ызы болу?а жетелеу, т?рбиелеу. А?ыл, ой ?рісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімні? ал?аш есігін аш?ан ?стаздарымен ?оштастыра отырып, жо?ар?ы сынып м??алімдеріне ?р баланы ?з ерекшелігімен таныта отырып, с?т сапар тілеп табыстау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Са?ан м??гі басымды ием, Бастауышым!»»

Тақырыбы: « Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!»

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

          Көрнекілігі: жазылған сөздер:

          «Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.   «Білім кілті – бастауышта» - слайд тақырыбы. «Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.»      «Оқусыз – білім жоқ,   Білімсіз – күнің жоқ»

             Мұғалімнің кіріспе сөзі:

          Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

          Сіздер «Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым! » атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызға кіретін балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш  сыныпта  білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

         Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4-ші сыныпты ортамызға. Айгерим: Шашу, шашу шашайық Ақ сандықты ашайық. Бастауышпен қоштасу, Бастаңғысын жасайық ( шашу шашылады)  1-бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан. Өмір деген үлкен жолда тарландар. Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ. Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан Лаулап жансын болашағың шамшырақ.     2- бастаушы:   Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,   Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар   Алдарыңызда жауқазындай құлпырған Біз алаңсыз балғын шақты балалар.     Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,   Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне, бастауышпен қоштасады Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

 Бақтияр : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Айдос: Қолға қалам ұстатып,
                   Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»
Кенжегул : : Бала шаққа болашақты жырлатып, 
                        Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
                        Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
                        Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !
    Хормен: Мектеп – кеме, Білім-теңіз, Барар жолға тез жетеміз.   Адаспаймыз ұлы жолда Ұстаз берген білім қолда.

   Айгерим: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным Өз қолыммен«Әліппені» алғаным  Санай ашып«Әліппенің» парағын Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым. Айдос  :       Армысың сен, алтын ұя мектебім
                        Саған айтар жыр – алғысым көп менің
                          Жүректерге жаққан білім шырағын . Мектебіме арналады бұл әнім! Ән« Мектебім» Жүргізуші: Ия,мектебімізге қандай жыр арнасаңда жарасады. Айжан: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, . Алтын ұя, ақ босаға киелі. . Қанат қаққан білім алып өзіңнен . Күллі шәкірт саған басын иеді. Кенжегул: Мектеп деген- білім кені, жыр кені. . Мектеп деген- ғылымның ең үлкені, . Мектеп деген- тәрбиеші адамға, . Мектеп деген- даналардың мекені. Бақтияр: Білімнің қайнар бұлағы . Өмірдің жарық шырағы . Тұрағы өзің мектебім . Шәкірттіңасыл қырағы.   Айгерим:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны   Айқара есік ашып тастағаны Бір мереке думан боп осы маңда Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны   Енді міне, сағымдай боп өте шықты   4 жыл уақыт аз ба екен, кім білген    Ұстаз ана жасады мына бізден    Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

    Диас  : Үйретіп бізге алғаш әліппені,   Ұстазым ғылымға жол салып берді. Адамның ой-арманы мақсаттары,   Оқудың сәулесімен жарық көрді. Қыздар биі

  1. жүргізуші:  «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

Айжан: Талай- талай баспалдақты аттармыз, Ата- ананың үмітінде ақтармыз. Ұстаздан алған ақылды, Есімізде мәңгі бақи сақтармыз. Бақтияр: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді. Бар асылын бізге жиып мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 Ән (хормен) «Ұстазым». Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғыс мына отты жүректерден! Жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді, жақсы оқып, еліне қалаулы азамат болса екен дейді. Дүниеге әкелген ол де сенің анашың Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын аман болсын анашым. Ән « Анашым» Айдос: Өтті сенде қызық шағым Бастауышым – балбұлағым Қоштасар күн жетті міне Қимастықпен қол бұлғаймын Диас Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Бастауышта алған білім жырларым, Азық болар мәңгі талай жылдарға Би «Қыздар» Жүргізуші:Құрметті ұстаздар әрбір пәндерді ардақтаймыз және осы пән мұғалімдеріне де арнау айтуды дұрыс санадық.

Өзін-өзі тану мұғаліміне Сөз сөйлесе жарқын-ақ, Күніміздей жарқылдап. Біздермен ойнап –күледі, Сырымызды біледі. Гүлбаршын мұғалім қашанда, Қамқор болып жүреді.

2.Еңбек пәні мұғаліміне Баулыған әрбір өренді Альмира мұғалім өнерлі Қолы шебер Әрбір ісі мәнерлі Қызықтырып еңбекке Бізді үйретіп келеді

3- Денешынықтыру Кемшілікті кезінде , Кесіп айтар өзіңе. Өсиет көп сөзінде Спорттың ол шебері Көп шәкірттің досындай Серік мұғалім осындай

4. Музыка пәнінің мұғаліміне Сырлары көп әуеннің Шешілмеген әлі де Өз аузына қаратқан Әсем әннің шебері Сүйеді ән-күй сабағын Жолжақсы мұғалім өнерлі

Айгерим: Ажырамай мектептен бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпен өзіңізге, Түлектерге арналсын тілегіңіз. Сөз кезегін ұстаздардың ұстазы Зурахан мұғалімге береміз. Осы ұстаздардың құрметіне қыздар мен ұлдар биін қабыл алыңыздар.

Оқушыларға өз портфолиоларын ұсынамын, мұны жоғалтпай 5 – ші сыныпқа дейін сақтандар. Кенжегул Қош бол бастауыш» әнін қабыл алыңыздар. Мұғалім: Енді осы бастауышты бітіріп орта буынға аттағалы отырған түлектерге арналған шағын сыйлықты тапсыруға рұқсат етіңіздер.2. Осы балаларыңызды өсіріп тәрбиелеп осы дәрежеге жеткізген ата-ана сіздердің де еңбектеріңіз осы түлектер ата-ана үмітін ақтайтын егемен еліміздің көркеюіне үлес қосатын бір үлкен болашақ иесі болып шығуларына, аттаған қадамдарына сәттілік тілеп жақсы нәтиже көрсетіп ,биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспін.Осы балаларды тәрбиелеген ата-аналарын да назардан тыс қалдырмай марапаттауды дұрыс деп ойладық. Сөз кезегін Ата – аналарға берейік. 1-бастаушы:   Қағылды міне әуенге бөлеп, Қағылды соңғы қоңырау. Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен, Шындық па осы япыр-ау!

Қорытынды:  Бүгінгі ұрпақ- ертеңгі болашақ.Осы оқушылар мектептің жоғарғы сатыснан сүрінбей өтіп биік- биік белестеден көрінуіне тілектеспін дей келе осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен- көп рақмет.







 

 



Начало формы



Начало формы

Конец формы

Начало формы

Начало формы


Конец формы












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: «Са?ан м??гі басымды ием, Бастауышым!»

Автор: Саникей Зоя

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 278961


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства