Ма?саты: 1.О?ушылар?а д?нді да?ылдар жайлы т?сінік бере отырып, м?тінді т?сініп о?у?а ?йрету. А? к?рішті? атасы Ыбырай Жа?аевты? ?мірінен ма?л?мат беру.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: К?ріш туралы сыр»
Алматы облысы Панфилов ауданы
«Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Роза Торғайқызы
Тақырыбы: Күріш туралы сыр
Мақсаты: 1.Оқушыларға дәнді дақылдар жайлы түсінік бере отырып, мәтінді түсініп оқуға үйрету. Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың өмірінен мағлұмат беру.
2.Тілін, ой өрісін,мазмұндай білуін дамыту.
3.Білімділікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке табиғат байлығын күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер дәнді дақылдар кеспе суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кубизм: «Миуалы ағаш» мәтінді оқыту,мазмұндату.
ІІІ. Өткенді қорыту: Қалай ойлайсың мәтін не туралы екен?
Өз пікірің?
1. Мәуелі доланаға қамқорлық жасаған адам туралы әңгімеле.
2.Мәтінде туған елге, жерге деген сүйіспеншілік қалай суреттелген?.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.