Күні:2.12.2015ж
Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Бейімбет Майлин «Күлпаш» С. Торайрғыров «Кедей»
Мақсаты мен міндеттер: өлеңді, мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: суреттер
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеріп шықты.
Үй тапсырмасын тексеру: Амангелді батырым өлеңін жатқа айту
Барлық оқушылардан сұрап шықты. Бірден үй тапсырмасын бағалап шықты.
"5" оқушылар: Аян, Асылан, Наргиз.
"4" оқушылар: Айсана, Аяужан, Ансар, Тимур.
"3" оқушылар: Дариға, Гүлназар.
Өлең жолдарын нашар жаттаған оқушыларға қосымша сұрақ қойды.
1.Оқулықтағы Амангелді батырдың суретін салған суретшінің аты -жөні кім?
2.Қанадай батырларды білесің?
3.Батырдың шабуылға шыққанда киетін киімдерін ата?
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Кедей- ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?
Ашаршылық- ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?
Бүгін Б. Майлинның «Күлпаш», С. Торайғыровтың «Кедей» шығармаларымен танысамыз.
Б. Майлин- әңгіме жанрының шебері әрі ақын.
С.Торайғыров - талантты ақын әрі жазушы.
Оқулық бойынша жұмыс 93 бет «Күлпаш», 96-бет «Кедей»
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
мәтінде, өлеңде не туралы айтылған?
Мәтін желісі бойынша сұрақтар қойды.
Осы сұрақтарға Тимур, Дариға, Аян, Ансар жақсы жауап берді.
1.Ашығу, қарын ашу деген сәттер бастарыңнан өтті ме?
2.Ондай сәтте қанадай әрекет жасайсыңдар?
3.Аштыққа адам неше күн шыдайды деп ойлайсыңдар?
4.Ел басынан өткен бұл әңгімеде оқиға қай кезде болған?
5.Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтті?
6.Олар неге жылады?
Мәтінмен жұмыс жасады.
1.Күлпашты суреттеген жерді тауып оқы
2.Мақтымды суреттеген жерді тауып оқы
3.Үйлерін суреттеген жерін тауып оқы (Күлпаштың үйін сипаттады)
Сергіту сәті
Мұғаліммен бірге орындады.
3.Жаңа білімді бекіту:
95 бет сурет бойынша жұмыс
-суретте кімдер бейнеленген?
-олардың тұрмысы қандай?
-Олар кімді күтіп отыр?
Сурет бойынша әңгіме құра.
Шығармашылық жұмыс (жұптық жұмыс кестенің 2 жағындағы пікірге ой білдіреді)
1топ | 2топ |
Қазір кедей адам жоқ | Қазіргі кезде де кедей адамдар бар |
Әр тотың ойларын ортаға салу, бағалау.
Жұптық жұмыста: Айсана мен Наргизаның жауаптары жақсы болды. Олар қазіргі заманда жұмыс істеген адам аш болмайтынын айтты.
Сонымен қатар Ансар мен Аяужанның жауаптары жақсы болды. Ақша табу арқылы жақсы өмір сүруге болатынын әңгімеледі.
Аштық, кедейлік болмау үшін не істеуге болады деп ойлайсың?
Ойыңды дәлелдеп көрші деп оқушылардың өз ойларын айтқызды.
Балалар оз ойларын жеткізе білді.(Тағы да өмірмен байланысты мысалдар келтіру керек еді.)
4. Үйге тапсырма: 93-96 бет әңг. бет мәнер. оқу.