?ылыми жобаны? негізгі ма?саты – шайды тиімді пайдалануды? тиімді жолдарын табу, іздестіру. ?ылыми негізде д?лелдеп, ?мірде пайдалану жолдарын к?рсете білу, зерттеу ж?мыстарын ж?ргізу.
Ж?мыс?а жалпы сипаттама берер болса?:
Та?ырып ?зектілігі (актуальдылы?ы):
Шайды? ?аншалы?ты сапалылы?ын аны?тау ?шін оны? т?сіне, иісіне ж?не ?айнат?ан кезде к?бік пайда бола ма, жо?па, со?ан назар аудару керек. Егер шайы? сапалы болса, онда ?айнат?ан кезде к?бік шы?уын, к?бік пайда болмаса шайы?ызды? сапасыз, не д?рыс емес екенін аны?тау.
А) Шайды ?зірлейтін ыдыстарды сайлап алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:Жыл?ы-?асиетті мал »
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қожағұлова Гүлжаһан
Аннотация
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты – шайды тиімді пайдаланудың тиімді жолдарын табу, іздестіру. Ғылыми негізде дәлелдеп, өмірде пайдалану жолдарын көрсете білу, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Жұмысқа жалпы сипаттама берер болсақ:
Тақырып өзектілігі (актуальдылығы):
Шайдың қаншалықты сапалылығын анықтау үшін оның түсіне, иісіне және қайнатқан кезде көбік пайда бола ма, жоқпа, соған назар аудару керек. Егер шайың сапалы болса, онда қайнатқан кезде көбік шығуын, көбік пайда болмаса шайыңыздың сапасыз, не дұрыс емес екенін анықтау.
А) Шайды әзірлейтін ыдыстарды сайлап алады.
Ә) Шайды үнемді пайдаланудың жолдарын, көзін табатын зерттеу нысанасы.
Шай Қытайда, кейінірек Үндістанда, Индонезияға және Шри-Ланка аралдарында кеңінен таралған. Шайдың қасиетін әдебиеттер беттерінен ізденіп оқу арқылы дәлелдеп көрсету.
Ботаниктер шай бұталарын камелил тұқымдас өсімдіктерге жатқызады. Шай бұталары «ұзақ жасайды». Шай басқа өсімдіктерге қарағанда эпидемиологиялық ауруларға аса беріле қоймайтын өсімдік. Ол тропикалықыстыққа да, қатты аяздарға да шыдайды.
Қытайлар шай әзрлеуді үлкен өнер ретінде қарайды. Әуелі олар шай әзірлейтін ыдыстарды сайлап алады. Нағыз қытайлық шәйнек міндетті түрде қыштан жасалған болуы керек. Олардың айтуынша қыштан жасалған ыдыста шай «жақсы демалады», ал темір не өзге ыдыстрға салынған шай тұншығып қалуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Жарнамалыр арқылы, қазіргі заманның талабына сай интернет арқылы іздену.
Әдебиеттер мен газет-журналдар материалдарын пайдалану.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары.
Шайды үнемі пайдалану жолдарын іздестіру.
Шайды тиімді пайдалана білумен бірге, ауыл, қала өмірінде маңызды рөл атқарары сөзсіз.
Ғылыми зерттеу кезінде шайдың дамуына іше отырып, шайдың көп пайда әкелетініне көз жеткізу және халыққа кеңінен таратып, қолдану аясын дамыту.
Жапондар шай ішкен кезде иықты түзу ұстауға да үлкен мән береді. Олардың пікірінше дастархан басында әдемі отырмау-қонақтарды, үй иелерін сыйламаушылық болып табылады.
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Шайдың шығу тарихы
2.Шайды дайындау технологиясы
3.Шайдың адам ағзасына пайдасы және маңызы
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
Шайдың отаны болып есептелетін Қытайда шайдың пайда болуына байланысты аңыз әңгмелер көп. Соның бірін қытайлықтар белгілі қасиетті буддист Та-Моның есімімен байланыстырады. Бұл аңыз мынандай айналасындағылардан оқшауланып, азырақ демалу үшін Та Мо Қытай астанасына қыдырып келеді. Бірде жан тәнімен құдайға сыйынып отырып, Та Мо байқаусызда қалғып кетеді. Оянып кетіп өзінің әлсіздігіне күйінген ол қабағын жұмып алып, жерге лақтырып тастайды. Осы жерге шөп шығыпты. Жай шөп емес, тұлбасын ішсең, бойыңа қуат беретін ерекше қасиеті бар шөп өсіп шыққан. Кейін бұл шөпті қытайлықтар»ча» деп атап кеткен. Орыстың «чай» деген сөзі осыдан шыққан деседі. «Ча» деген сөз қытай тілінде «жол жапырақ» деген мағына береді екен.
Шай жасау мәдениетінің негізін салған – Қытай, кейін бұл мәдениет әуелі Жапония мен Кореяға, одан соң барлық әлемге тарады.
Негізгі бөлім
Шай Қытайда біздің заманымыздан 2700 жыл бұрын пайда болған. Кейінірек Үндістанға, Индонезияға және Шри-Ланка аралдарына тарады.
Ресейде шайдың осыдан 200 жылдан астам бұрын патша сарайындағы адамдар татып көрді. Ал шай бұтасын өсіру тек 1833 жылы қолға алынған болатын. Оның тұқымы мен көшеті алғаш Қырымдағы Никита ботаникалық бағында өсірілді. Бұл бақта әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген жабайы өсімдік түрлері сол кездің өзінде көп болатын. Алайда шай бұтасы мұнда өспеді. Енді Кавказда, Сухуми маңында өсіруге әрекет жасалды. Бұдан кейін шай Қытайдан тасылды. Түйелі керуенге тиелген шай теңдері Нижегород жәрмеңкесіне жеткенше бір жылдай уақыт кететін. Шай жер жерге осы жәрмеңкеден тарайтын.
Шай бұтасын өсіретін ең қолайлы жер Ұлы Октябрь революциясы қарсаңында ғана табылды. Ол Грузиядағы Батумиге таяу (Чаква) болатын.
Еліміздегі тұңғыш шай плантациясы міне осы Чаквада пайда болды.
Ал ең ірі плантациялары біздің елде тек Совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Грузияда, Азербайжанда және Краснодар өлкесінде орын тепті. Біздің ғалымдар осы бір тропиктік нәзік өсімдіктің климаты едәуір қатал аймаққа бейімделген жаңа сорттарын шығарды. Бұл сорттар 14 градус суыққа шыдай береді.
Шайдың шығу тарихы
Тропиктік елдерде шай бұтасы жыл бойы дерлік тұқым береді. Бізде шай қыркүйекте гүлдейді. Гүлі ақ немесе қызғылт түсті, оның бес-жеті жапырақшалары болады.
Алайда шай бұтасын түлі мен тұқымына бола өсірмейді. Оның ең қажетті жемісі-жұмсақ жас өркендері. Одан шөл қандыратын хош иісті сусын шай әзірленеді.
Шай жүз жылға дейін не бұдан да артық тіршілік етеді, 10 жылдан 70 жылға дейін жақсы өнім береді.
Шайдың қара және көк, үгілген және кірпіш, плитка күйінде престелген түрлері болады. Оның қағаз шай, тас шай, кірпіш шай деген сияқты толып жатқан атаулары бар. Ал кез-келген шай жапырағы иісі бұрқыраған шипалы сусын күйінде дастарханға жеткенше талай өңдеуден өтеді: оны дегдітеді, ширатады, кептіреді, сорттайды, қорапқа салады. Осы операциялардың барлығын машина атқарады. Ал шайды демдеушілердің оның бағалы қасиеттері жоғалмауын, ондағы кофеин, танин, эфир майы секілді заттардың сақталуын қадағалайды.
Кофеиннің адамды сергітетін қасиеті бар, танин шайға тұтқыр дәм, ал эфир майы хощ иіс береді.
Шай өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін екі тұрі бар. Оның біреуінің қытай және жапон шайы деген екі түрі бар. Қытай шайы Оңтүстік Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биіктігі 3 м мәңгі жасыл бұта. Ассам шайы бірнеше түр тармағына (ассам,лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань т.б.) бөлінеді. Шайдың бұл түріне Цейлон шайы да (қытай шайы мен ассам шайының табиғи гибриді) жатады.
Ассам шайы биіктігі 10-15 метр, мәңгі жасыл ағаш жабайы түрі Үндістанда Ассам орманында өседі. Шайдың білік тамыры 2-3 метр тереңдікке кетеді. Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Байқа шайы үгітілген және тақта шай деп бөлінеді. Байха шайы қара (ең көп таралған түрі), көк және сарғыш қара және көк шай қоспасы болып бөлінеді.
Шайды дайындау технологиясы
Шай шығарғанда ерекше бап керек. Шәйнекті қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі айнектің 1/3 мөлшерінде құядыда, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып бұқтырып алғаннан кейін, шайнекті бүркеп, 5-7 минутқа тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шайдың түбіне толық тұнса, онда оның әзір болғаны.
Бұқтырылған шайды қыздыруға не қайнатуға, келесі күні шамасына шай қосып шығаруға болмайды. Шайға ас содасын не күйдірілген қант қосуға болмайды, себебі одан дәмі нашарлайды. Егер шайға жаңадан қайнатылған судың орнына тұрынқырап қалған жылы су құйса да дәмсіз болады.
Шайда фарфор не фаянс шайнекте шығарған жөн. Металл шайнекте шығарылған шай құсып кетеді, дәмі көңілдегідей болмайды. Қарашайды қантпен, қайнатпа немесе балмен, кәмпитпен, лимонмен, клюквамен, кілегей не сүтпен (жылытылған), жаңғақпен, пастиламен тағы басқа тәтті тағамдармен ішеді. Шайды шығарғанда оған бал не қант қосуға болады.Жазда шайды жаңа жиналған жеміс жидекпен ішкен жақсы.
Көк шайды әдетте қантсыз ішеді, шаймен бірге дастарханға кептірілген өрік-мейіз қоюға болады.
Қарабайха шайының мынандай таңдаулы түрлері көбірек таралған: Грузия букеті, Азербайжан букеті, Краснодарлық букет, орыс шайы.
Көкбайха шайын ішетін негізінен Орта Азия республикаларының тұрғындары. Көк шайдың иісі мүлдем басқа. Оның дәмі сәл ашқылдым, ол шөлді жақсы қандырады. Күні ыстық жерлерде өте жоғары бағаланады. Сергітетін қасиеті мен Р витаминнің құрамы жөнінен көк шай қара шайдан асып түседі.
Престелген тақта шай (қара және көк), кірпіш (қара және көк) болып бөлінеді. Қара тақта шайды шай өнеркәсібінің екінші кезектегі өнімдерінен (байха шайының қиқымы мен қауызынан) өндіреді. Ол күштілігі, түсі, дәмі мен иісі жағынан байха шайымен бірдей. Оны 100, 500 және 200 г мөлшерінде төртбұрыштап престейді. Тақта шайды башқұрт, татар халықтары Приуралье, сібір, әсіресе Қиыр Солтүстік тұрғындары пайдаланады.
Кірпіш шайды ерте солған ірі жапырақтарды жинап, арнайы әдіспен өңдейді де, сонан соң салмағы 2 кг мөлшерінде кірпіш формасында престейді. Оның ауыз қуыратын дәмі және сәл хош иісі болады.
Түйіршік шайдың тақта шайдан айырмашылығы, оның ең жоғарғы сортты қиқымдарын әуелі майдалап үгітіп, 3-5 грамнан түйіршіктеп престейді. Кейде үгінді престелмей кішкентай қағаз қапшыққа салады (бір, екі не төрт стакан шайға жетерліктей)
Дәмді әрі хош иісті шай тұнбасын алу үшін, оны құрғақ орында, қақпағы жақсы жабылатын банкіде не арнайы шай салғышта сақтайды.
Қорытынды
Шайда адам организміне аса қажет в,с,р витаминдері мен қант, белок, эфир майы секілді бағалы заттар көп.
Ал жапырағында химиялық зат кофеин бар.
Шай – ыстықта өл қандыратын, суықта бой жылытып, қан тарататын қасиеті бар сусын. Сонымен қатар көздің көруін жақсартады, нерв жүйесіне жақсы әсер етеді, бүйрек қызметін үдетеді адамның еңбек қабілетін, ой қызметін атқарады.
Осы тақырыпты зерттей келе шайдың құдіреттілігін байқады. Біріншіден денсаулыққа пайдасы, екіншіден тәрбиелік мәні жағынан келетін болсақ, адамның сыйластық қарым-қатынасына, қонақжайлыққа үлкен әсері бар. «Ет жемесекте, шай ішкендей болдық» деген халқымның мақылы текке айтылмаса керек. Жалпы шай ішу халықтың дәстүріне айнала отырып, отбасындағы сыйластық, бір-біріне деген мейірімділікті, бірлікті көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Шаңырақ (Қысқаша үй тұрмысы энциклопедиясы) / Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев – Алматы: Қаз.Сов. Энцикл. Бас редакциясы – 1990-568 бет
Ол кім? Бұл не? Төмендегі класс оқушыларына арналған 3 томдық энциклопедия. Бас редак., Р.Н.Нұрғалиев-Алматы: Қаз