kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "Шы?ыс септік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Шы?ыс септік

Саба?ты? ма?саты:

            Білімділік. Зат есімні? септелуі туралы білімдерін толы?тыру. О?ушыларды шы?ыс септік с?ра?тарымен,жал?ауларымен таныстыру, зат есімдерді шы?ыс септігінде айту?а ?йрету.

            Дамытушылы?. Ойын, с?здік ?орын, тілін дамыту, шы?армашылы? ?абілетін жетілдіру, сауаттылы? де?гейін, к?ркем жазу да?дысын ?алыптастыру.

            Т?рбиелік. П?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, топпен ж?мыс істей білуге, сауатты жазу?а т?рбиелеу.

            Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, жатты?у, ой ?оз?ау, топпен ж?не жекелей ж?мыс.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Саба?ты? к?рнекілігі: та?ырып?а ?атысты мысалдар, с?ра?тар мен тапсырмалар жина?ы, ассоциация, семантикалы? карта, Венн диаграммасы, тест, екі жа?ты т?сіндірме к?нделік.

Саба?ты? барысы:

I. ?йымдастыру б?лімі.

            - О?ушылар назарын саба??а аудару.

            - О?ушыларды саба? ма?сатымен таныстыру.

            - Психологиялы? к??іл-к?й орнату.

Психологиялы? дайынды?

            ?аза? тілім, бал тілім,

            ?зі? барда шал?ыдым.

            Тілімнен н?р табармын,

            Тіліме кім та?ар мін?!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Шы?ыс септік"»

Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік


Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды шығыс септік сұрақтарымен,жалғауларымен таныстыру, зат есімдерді шығыс септігінде айтуға үйрету.

Дамытушылық. Ойын, сөздік қорын, тілін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру, сауаттылық деңгейін, көркем жазу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, ой қозғау, топпен және жекелей жұмыс.


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты мысалдар, сұрақтар мен тапсырмалар жинағы, ассоциация, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, екі жақты түсіндірме күнделік.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Оқушылар назарын сабаққа аудару.

- Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

- Психологиялық көңіл-күй орнату.


Психологиялық дайындық

Қазақ тілім, бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Тілімнен нәр табармын,

Тіліме кім тағар мін?!


II. Үй тапсырмасын тексеру.

6-жаттығу (12-бет). Сурет бойынша құрастырған сөйлемдері және сөйлемдерден тапқан жатыс септігінің жалғауы жалғанған сөздері оқытылады.


Қызығушылығын ояту.

- Топтарға бөлу, әр топқа сұрақтар қою.


І топ:

- Қазақ тілінде неше септік бар?


ІІ топ:

- Септік жалғаулары дегеніміз не?


ІІІ топ:

- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?


«Септіктер» ассоциация





Семантикалық карта.


Сөздер

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Бөлмеде, құмда, Айданада







Суретшінің, ағаштың, оқушылардың







Оқушы, кітап, ағаштар







Шеңберді, саңырауқұлақты, Әсемді







Ауылға, мектепке,

Сәулеге







Сәбиден, таудан, Абайдан








«Қайың» сөзін септеу.



III. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.

1. Шынар ағаштың саясында алыс жер-ден келген адамдар демалады. 2. Бұлақ басын тау-дан алады. 3. Жанармай және жағармай мұнай-дан алынады. 4. Кейбір көлдер-ден су ағып шықпайды. 5. Мұхиттар климатты жұмсартып, бізді жазда қатты ыстық-тан, қыста аяз-дан қорғайды.


Шығыс септіктің сұрақтары: кімнен? неден? кімдерден? нелерден? қайдан?

Шығыс септік жалғаулары: -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып, әр сөзбен байланыстырып жаз.

көру

асу

тау... тұру

шығу

етегі

болу

алды

үй... кіру

сату

шығу

тауды көру үйде болу

таудан асу үйдің алды

тауда тұру үйге кіру

тауға шығу үйді сату

таудың етегі үйден шығу

келу

адамы

ауыл... бару

тұру

сағыну

іші

отыру

машина... түсу

міну

жүргізу

ауылға келу машинаның іші

ауылдың адамы машинада отыру

ауылға бару машинадан түсу

ауылда тұру машинаға міну

ауылды сағыну машинаны жүргізу


3-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқы. Шығыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қой, жалғауын тап.

Шегірткеден қорыққан егін екпес.

Баладан мін табылса,

Ата-анаға сын тағылар.

Түлік төлден өседі.

- Мақалдардың мәнін түсініп, жаттап ал.


Сергіту сәті.

Кімнен? Неден? Сұраймын

Сол жалғауға құлаймын.

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен деп

Сендерге ғана ұнаймын.


Топпен жұмыс.

І топ: Өлеңді мәнерлеп оқы, шығыс септікте тұрған сөздерді тауып, жалғауларын белгіле.

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

ІІ топ: Мақалдан шығыс септігінде тұрған сөзді тап, астын сыз, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

ІІІ топ: Жұмбақты шеш, шығыс септікте тұрған сөздердің астын сызып, сұрақ қой.

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бірақ жортады.

Кіп–кішкене арадан,

Үп–үлкен боп қорқады.


4-жаттығу. Ребусты шеш және сол сөздерге шығыс септік жалғауын жалғап, сөйлем құрастыр.

Мата, жауын, жүзім, кірпіш.

6-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздерге қай септік жалғау жалғанады?

Күрек - ағаштан жасалған сабы бар еңбек құралы.

Жерошақ - жерден қазылған қазан асатын орын.

Қайық - судан өтуге арналған көлік түрі.

Венн диаграммасы. Жатыс септік пен шығыс септікті салыстыру.

Жатыс септік Шығыс септік




ІV. Сабақты бекіту.

Жұмбақ шешу. Шығыс септіктегі сөздерді тап.

Аттан биік,

Қойдан аласа. (Ертоқым)


«Кім шапшаң» ойыны.

Сөздерден сөйлем құрау. Шығыс септіктегі сөздердің астын сызу.

1) Ағаштан, жасады, кебеже.

2) Кірпіштен, ұста, жасады, үй.

3) Дүкеннен, сүт, апам, әкелді.


V. Сабақты қорытындылау.

Тест жұмысы.

1. Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 6 в) 7 с) 5

2. Сөйлемнен шығыс септігінде тұрған сөзді тап:

Кеше Сәуледен хат келді.

а) Сәуледен в) келді с) кеше

3. Шығыс септігінің сұрақтарын тап.

а) кімде? неде? в) кімнің? ненің? с) кімнен? неден?

4. Шығыс септігінің жалғауларын тап:

а) - да, - де, -та, -те в) –дан, -ден, -тан, -тен

с) –ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

5. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.

а) мектептен в) мектепте с) мектептің


VІ. Үйге тапсырма.

5-жаттығу (14-бет). Сөйлемдерді көшіріп жазу және шығыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қою тапсырылады.


VІІ. Бағалау, мадақтау.

Оқушылардың жұмыстары талданып, сабаққа қатысуларына қарай бағаланады және ең белсенді қатысқандары мадақталады.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: "Шы?ыс септік"

Автор: Калиева Нургайша Махуетовна

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309664


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства