М??алім: Ал, сіз неге амандаспайсыз? ?депті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсіз бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем б?йырмасын!
М??алім: М?ны тіпті мына б?лдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сия?ты ?лкен ?йел адам?а ескертуді? ?зі ?ят. Сіз не, мектепте о?ымады?ыз ба?
Жалмауыз кемпір: О?ы?ан жо?пын! Ма?ан бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай ?ызы?ты болады, бір барып к?рсе?, к?рсе? ?ой деп ?оймап еді, ал, бардым ... Онда кешке дейін та?па?-?ндер, к?бейту кестесін жаттатады, ал м??алімдері б?рамалы ойыншы? сия?ты: ?анша? Неше? ?айда? Ойланы?дар, ойланы?дар -дейді де жатады, не одан бас?а с?з жо? па? Еще 45 минут партада ?адалып отыру керек. Б?йткен мектебі ??рысын!
М??алім: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып т?р ма? Мектепте к??ілсіз бе? Айты?даршы мектепке не ?шін барады?
Балалар ?олдарын к?теріп : сауат ашу ?шін , жазу , сызу , санау, кітап о?уды ?йрену ?шін ,сурет салу ?шін.
Жалмауыз кемпір: -Ой, сендер ?андай ?нерлі, а?ылды балалар еді?дер, мені кешірі?дерші? Мен сендерді? мерекелері?ді б?за жаздаппын ?ой. /Си?ырлы с?здерін айтып, к?бірлейді./ Ал, енді ?ліппені ша?ырулары?а болады.
Қатысушы кейіпкерлер: Әліппе, ана тілі, Дымбілмес, Жалқаубек,
Барысы : 1. Залда музыка ойнап тұр.
2.Ортаға немересін жетектеген қария шығады.
Музыка әуенімен қосылып дауыс естіледі:
Жеті жасар баласын
Жетпісте әже жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп?» -деп.
Жетпіс келед сүрініп,
Жеті келед жүгіріп.
/Жетпіс пен жеті/. Қ.Аманжолов.
Әжесі: /Немереме өсиет./ С.Сауытбеков.
Алып келем жетелеп,
Мынау нұрлы сарайға.
Қарлығашым, бұл – мектеп,
Білім берген талайға.
Қанаттанды мектептен
Әкең менен анаң да.
Ғылым үшін тер төккен
Тәтең менен ағаң да.
Соларға ұқса, жүрегім,
Жолың болсын әрқашан!
Әжең қатты жүдейді,
Ұстаз тілін алмасаң.
Қарлығағашым, қуандың,
Жайнап оттай жанарың.
Менің титтей шырағым,
Құтты болсын қадамың!
Немересі: Алақай-ау, алақай!
Алақай-ау, алақай!
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай «балақай».
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке,
Оқушымын мен енді. /Күзгі қуаныш./ Ж.Әбдірашев.
Дауыс: Жеті кетті жүгіріп,
Жетпіс қалды үңіліп.
- Бұл уақиға 2014 жылдың 1 - қыркүйегінде болған еді.
Арадан төрт айдай уақыт өтті.
/Музыка ырғағында сахнаға қолында гүлі бар көңілді
оқушы шығады./
Оқушы: -Сәлем, саған сүйікті мектебім!
Ассалаумағалейкум, жиналып келген қонақтар!
Ойлаймын, бүгін сіздер «Әліппемен қоштасу» мерекемізге жиналған боларсыздар!? Е-е, менің сыныптастарым әлі келмеген бе? Мен ерте келіп қалыппын ғой. Жарайды, олай болса мен сіздерді зеріктірмеу үшін, сыныбым жайлы сыр шертейін.
/ Экранда слайд, видео роликтер көрсетіледі./
- Мынау менің мектеп-лицейім. Қаламыздағы ең көркем, абыройлы мектептердің бірі. -Ал мынау желбіреп тұрған еліміздің - көк байрағы.
Көк байрақ - Қазақстан Мемлекеті рәміздерінің бірі. Әрбір адам өз Отанын сүйеді. Отан – жер бетіндегі ең ғазиз мекен. Онда біз әке-шеше, аға-іні, әпке-сіңлі, ата-әжемізбен бірге жасаймыз.
Дауыс: Отан дейміз – от жаққан жерімізді,
Отан дейміз - өсірген елімізді.
Отан дейміз – туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай көлімізді. /Отан./ Ө.Тұрманжанов.
/Әнұран ойналады./
-Қарағанды – мен туылып өскен қала. Қаламыз көркем, әсем, бай қаланың бірі.
Біздің «Алғашқы қоңырау» мерекеміз. Сол күні алғашқы ұстазымызға шәкірт болдық. Ал, мына жерде мектебіміз директоры бізді 1-сыныпқа қабылдануымызбен құттықтап, үлгілі оқуларымызға тілек білдіруде.
Сыныбымыз тату, ұйымшыл. Өнерлі, дарынды, білімді
оқушыларымыз баршылық. Бұлар - сынып старосталары. Мына жерде сынып жиналысын өткізіп жатыр.- Сынып тазалықшысы оқушылардың тазалығын,
оқулықтар күтімін тексеруде.
- Мына жерде біз сыныбымызбен С.Сейфуллин театрындамыз.Балалар «Жас ұлан» балалар ұйымына қабылдану үстінде.Бұлардың барлығын айта берсем таусылмас, дұрысы біздің сынып қандай екендігін өз көздеріңізбен көріңіздер.
Осының барлығы мына біздің мектепте болып жатыр.
Әне, өздері де шуылдап келіп қалды, қой менде соларға барып қосылайын.
/Оқушы жүгіріп шығып кетеді/./ Музыка қойылып, слайд көрсетіледі./
/ «Первоклашка» әуенімен сынып жетекшілерімен оқушылар ортаға шығады./
Мұғалім: Қымбатты ата-аналар, аяулы ұстаздар!
Бүгінде елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы тойланып жатқан шақта, тойымызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсау кесер тойы іспеттес. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа мініп шапқылап жүргендер бүгінде бойларына жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық алғашқы борыштарының асуын аман-есен өтіп, бір қадам алға басып отыр.
Қуаныш қайырлы болсын!
1 бастаушы:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тойға келген қуанып
Бәрі: Қонақтар сізге мың сәлем (иіледі)
2 бастаушы:
Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!
(Бәрі) Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын.
Шашу,шашу, шашайық ,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық. (Шашу орнына жылтырақ шашылады)
Мұғалім:-Балалар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: - Әліппе!
Мұғалім:Олай болса, бүгінгі мерекеміздің себепшісі қымбатты Әліппемізді ортаға шақырайық!
Балалар: - Әліппе! Әліппе! (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Мұғалім: Ал, сіз неге амандаспайсыз? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсіз бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!
Мұғалім: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. Сіз не, мектепте оқымадыңыз ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймап еді, ал, бардым ... Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: Қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар -дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па? Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!
Мұғалім: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?
Балалар қолдарын көтеріп : сауат ашу үшін , жазу , сызу , санау, кітап оқуды үйрену үшін ,сурет салу үшін.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)
-Түсіндіңіз бе? Сіз өзі қайдан шықтыңыз? Біз Әліппені шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: -Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?
Әліппе сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен оны сиқырлап тастадым, енді ол келмейді ха-ха-ха (деп секіреді)
Мұғалім: Неге олай еттіңІЗ? Әліппесіз қандай мереке болмақ?
Жалмауыз кемпір: -Ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)
Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)
Мұғалім: Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: Я,не болды?
Мұғалім: -Біздің мерекеге өзіңді де шақырамыз, көңілді болады, Әліппені бізге қайтаршы...
Мұғалім: -Я, айта беріңіз, біз дайынбыз, солай ғой балалар?
-Я, дайынбыз!
Жалмауыз кемпір: -Олай болса, 1-шартым, менің жұмбақтарымды шешіңдер, 2-жаңылтпаш айтыңдар, 3-өнерлеріңді көрсетіңдер.
Жалмауыз кемпір: -Ой, сендер қандай өнерлі, ақылды балалар едіңдер, мені кешіріңдерші? Мен сендердің мерекелеріңді бұза жаздаппын ғой. /Сиқырлы сөздерін айтып, күбірлейді./ Ал, енді Әліппені шақыруларыңа болады.
Мұғалім: - Құрметті Әліппе! Байқайсың ба, бүгінгі күнді балаларымыз асыға күтті, олар барлық әріпті түгел үйреніп алды. Өнерлі, өнегелі, білімді екендіктерін көрсетуге даяр.
Әліппе: - Дұрыс екен. Екі тоқсан артта қалып, шәкірттерімнің алған білімдерін сынап көретін де уақыт жетті. Қане, ықылас қоя сендердің үйренген тақпақ-тарыңды тыңдағым келіп тұр.
Мұғалім: Балалар, мектепке алғаш келгенде ұстаздан кейінгі ақылшымыз кім болды?
Бәрі: Болашаққа жол бастар
Ол сүйікті Әліппе
Ол сүйікті Әліппе.
1 бастаушы: Бүгін біздің қунышымызда шек жоқ.
2 бастаушы:Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
1 бастаушы:
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық
2 бастаушы:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
1 оқушы
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым атасы
Әліппеден басталған
Даналақтың данасы
2 оқушы
Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Әліппеге бар бала
Алғыс айтып жүреді
Мұғалім: Олай болса әліппеміздің алғашқы бетін ашайық. (бір бала жүгіріп шығады)
Аружан: Ой, балалар , сендер мені ұмытып кете жаздадыңдар ғой. Сәлеметсіздер ме , қонақтар? Мен де осы сыныптың оқушысымын.
Мұғалім: Балалар бұл кім?
Балалар: Бұл Аружан ғой.
Аружан: Ия ,мен Аружанмын. Мен де балалармен бірге Әліппені бітірдім.
Ал ең бірінші үйренген әріп қандай еді?
Балалар: А дыбысы болатын.
Аружан: А-ны айтқанда даусымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимыз, айырып буынды енді.
1-бастаушы: Альфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба?
«Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші?
2-бастаушы: «А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол – балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуіде кәделі.
Мұғалім: - Балалар сендер, білім не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
1 оқушы: Әліппеде тізілген,
Қырық екі әріп бар.
Тізілген сол ізімен,
Өз кезінде танып қал.
Жаттап бәрін алмасаң,
Сауатты бола алмайсың.
Сауатты бола алмасаң,
Ақылың жетіп толмайсың.
Әліппені біткенде
Кітапқа басқа көшесің,
Тез оқуға жеткенде,
Білімді болып өсесің.
2 оқушы: Өзіңде оқып аласың,
Ертегіні ғажайып
Мүмкін ғалым боларсың
Білімің әбден молайып.
Ақылды сөзді ақыл деп,
Айырып оны аларсың.
Үйренген мұны ақыл деп,
Мәніне құлақ саларсың.
Оқу келер еңбекпен,
Қиындықты жеңбекпен.
Еңбектен қашқан әр кезде
Кездеседі дөңбекпен.
3 оқушы: Ғылымның қиын жалғасын,
Кітаптан оқып аларсың.
Көрмеген алыс елдерге,
Қиялмен жетіп барарсың.
Білімнің көп қой саласы
Әліппе соған жол ашар
Оқымай қалсаң адасып
Өзі кеп қалай жанасар!?
Мұғалім: -Ал, Нұрсұлтан білім алуда нені
армандайды екен соны естейік.
4 оқушы: Корабльді басқарып,
Көк жүзіне самғасам,
Тауды бұзып, тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Таңдандырар бар елді
Ғажап үйлер сала алсам,
Жасартатын әжемді
Дәрі ойлап таба алсам.
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне. /Білім керек бәріне./ Ф.Оңғарсынова.
Мұғалім: -Балалар мына экранда кімдерді көріп тұрсыңдар?
Оқушылар: - Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин атамызды көріп тұрмыз.
Мұғалім: - Осы кісілер білім жолында қандай еңбек етіп, недей өсиет қалдырған?
Оқушылар: - Қазақ балаларына алғаш мектептер ашып,оқу-білімге шақырған.
1 оқушы: «Кел, балалар, оқылық» .
2 оқушы: «Ғылым таппай мақтанба».
Мұғалім: - Міне, Әліппе, балалар өзіңнің әріптеріңмен танысып болды. Бұрын оларға журналдарды ата-аналары, аға-әпкелері оқитын, енді өздері оқи алатын болды.Солай ма балалар?
Оқушылар: - Иә, оқи аламыз.
Мұғалім: - Ендеше балалар, әріптерді қалай танығанымызды айтайық.
Ал Нұрасылды мына сұрақ қызықтырыпты.
1 оқушы: - Ата, зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А» тұрады?-
Деп бір күні сұрадым.
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты:
- Ата, Ана, Ақыл, Ар, Адам, ...
«А-дан» басталар,
Содан шығар, Құрбаным,
«А-ның» алда тұрғаны! /«А». Қ.Мырза Әли./
2 оқушы: Атам жақсы көреді,
Алса алғыс өрені.
Алқа топта мақтар кеп,
Атасына тартқан - деп.
3 оқушы: Әжем бесік тербетіп,
Әлди әнін салады,
Әй - әй сәби ержетіп,
Әже еңбегі жанады.
4 оқушы: Бақ майсасын баулап,
Бағбандар жүр баптап.
Бала гүлдер лаулап,
Бара жатыр қаптап.
5 оқушы: Гүл суарып көшеде,
Гүлзар ішін жинадым.
Гүлхадиша шешеме
Гүлшоғын мен жинадым.
6 оқушы: Дала екінші есімі,
Дархан қазақ елінің.
Даналықтың бесігі
Дариға кең мейірім.
7 оқушы: Жылқыбайлар мініпті
Жылқы ішінде көлікті.
Жылқышы деп атайды,
Жылқы баққан жігітті.
8 оқушы: Келдібай жалқау саспайды,
Келе ойынды бастайды.
Кірсін қалай миына,
Кітап бетін ашпайды.
9 оқушы: Мезгілге керуен көшірер,
Мектеп білім отауы.
Мейірлі етіп өсірер
Мен сияқты ботаны.
10 оқушы: Найза болып тиеді.
Намысты зорға да,
Нансаң сол киелі –
Нанды қорлама.
11 оқушы: Ұрыспаймын, ұрмаймын,
Ұғысқанды жөн көрем.
Ұрқияны сыйлаймын,
Ұл баламын мен деген.
12 оқушы: Үйдің сыйлы қонағын,
Үбектеймін жанды сап.
Үлкен жігіт боламын,
Үлкендерден алғыс ап.
13 оқушы: Фараби бабаң,
Фарабта туды ол.
Ф – деген фабрика,
Ф- деген футбол.
Мұғалім: -Ал енді, кезекті математикадан алған білімді сынауға берсек қайтеді?
14 оқушы: Бір дегенім – белдік,
Екі дегенім – ерлік.
Үш дегенім – үзік,
Төрт дегенім – түбіт,
Бес дегенім – балта,
Алты дегенім – алқа,
Жеті дегенім – желкен,
Сегіз дегенім – семсер,
Тоғыз дегенім – тоқу,
Он дегенім – оқу. / Санамақ./ Ж.Қашқынов.
Әліппе: - Мен сендердің әріптерді,сандарды жақсы оқып үйренгендеріңе әбден көзім жетті. Араларыңда жалқау, салақ, әдепсіз балалар жоқ деп ойлаймын.
Мұғалім: - Біздің оқушыларымыз қазірдің өзінде ақ, болашақ жайында, «Кім болсам екен?» деген сұрақ төңірегінде ойланып жүр. Менің ойымша Дәния суретші болады.
1 оқушы: / Қолына қарындаш, қағаз ұстаған оқушы шығады./
Мынау – сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау – қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау – қара қарындаш,
Мұнымен түнді бояймын.
Мынау – жасыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынауым – көк қарындаш,
Мұнымен туды бояймын.
Мен суретші боламын,
Қарындашты аламын.
Ақ мамамның суретін
Ақ бояумен саламын. /Қарындаштар./ Ұ.Есдәулетов.
2 оқушы: Менің батыр денеме,
Дәрігер таң қалады.
- Батыр болғың келе ме? -
Деп арқамнан қағады.
Жаттығулар таңертең
Күнде жасап жүремін.
Ержеткенде мен ертең,
Шымыр болам, білемін. /Батыр болғым келеді./ К. Байзақов.
3 оқушы: «Кім болам?» Б.Ысқақ.
Елді жиып жер-көктен,
Тебірентіп, тербеткен.
Өлең-жырды өрлеткен,
Әнші болғым келеді.
4оқушы: Тыңдаған жан тамсанған,
Күмбірлетіп жар салған.
Бармағынан бал тамған,
Күйші болғым келеді.
5 оқушы: Өнер жиған өмірден,
Мың бұралып төгілген,
Жанарында күн күлген,
Биші болғым келеді.
6 оқушы: Өлең - сөздің серкесі,
Жүрегінде өлкесі,
Туған жердің еркесі,
Ақын болғым келеді.
7 оқушы: Мақтанышы Атамның
Тәтті бала атандым.
Құшағында Отанның
Өркендегім келеді.
Мұғалім: - Сендер аз уақыт ішінде көп нәрсеге ерістіңдер.
Осының бәріне кімдер үлес қосты деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: -Мектеп.
-Мұғалім.
- Әліппе.
-Ата – ана.
1 оқушы: Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар еді
Ұстазым оның кілтін алып берді. /Ән: «Ұстазым»./
Мұғалім: Жеміске құты тола ма?
Бір-бірлеп теріп алмасаң.
Әп сәтте шыға қоя ма?
Еккен дәнін ойласаң.
Білім де сондай қарағым,
Біртіндеп сіңір ойыңа.
Ұғып ал білім боларын
Шам шырағың жолыңда.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріппең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең» - деп ақын
Мұзаффар Әлімбаев жырлағандай, бұл – білімнің бастамасы.
1 басқарушы: -Мұғалім, біз Әліппені бітірдік қой, енді қандай
оқулық оқимыз?
Мұғалім: - Иә, бітірдіңдер. Енді жаңа достармен танысамыз.
Әліппе: - Дұрыс балалар, енді сендерге әрі қарай білім
беретін «Ана тілі» болады. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар.
Мұғалім: -Әліппе, балалардың өзіңе арнаған жырлары бар екен, соны естітелік.
1 оқушы: Әліппем, менің Әліппем!
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2 оқушы: Қош бол құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
3 оқушы: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппем білім бесігі.
Оқушылар:
1.Әліппем, менің Әліппем,
А деген бастап әріптен,
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
2. Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің әліппе
Ақылшым сен мұғалім
Үйретіп жазудың да өрнектерін
Ойымды әліппемен тербеткенім
3. Үйретті бізді әліппе
42 дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке
4. Әліппем менің Әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам 100 рет
Өзіңе көп, көп рахмет!
5. Әліппе білім анасы,
Әліппе кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы?
6. Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе. Хор: «Әліппем».
Әліппе: Ау, балалар, балалар,
Ұрпақтарға келесі
Сыйлығы көп бересі.
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар.
Оқып ана тілінен,
Ақыл білім алыңдар.
Айналайын балғындар,
Менен білім алыңдар.
Озат достар оқыды,
Ойға білім тоқыды.
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтанам.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам.
Аттанатын жолым бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Аман есен болыңдар,
Аман есен болыңдар!
Бәрі: - Қош, бол құтты Әліппем!
- Әліппе, саған мың алғыс! (қол бұлғайды)
1 бастаушы:
Сәлем ана тіліміз,
Сенсің асыл үніміз.
Ана тілін сүйеміз,
Ардақтап бас иеміз. (бәрі бас иеді)
Ана тілі: Рахмет достарым,
Бүгін ниет қосқан күн.
Аямаймын сырымды,
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.
Менен оқып алыңдар!
Мұғалім: Ал, енді Әліппені ерінбей, жалықпай жанымызда отырып үйреткен ата-аналарға жыр жолдайық.
1 бастаушы:
Бақыт не деп сұрасаңыз атадан,
Бақыт не деп сұрасаңыз анадан.
Бақыт деген сол дер еді ойланбай
Еш жамандық көрмеу туған баладан.
2 бастаушы:
Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Ата-анаға арнап бір ән салайық. Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз».
1 оқушы: Көрінер көктен дәйім біз,
Өнерлі күн мен айыңбыз.
Сенім артса ата-ана,
Оқуға, міне, дайынбыз.
2 оқушы: Бала емеспіз енді біз.
Талабымыз көрдіңіз.
Тәлімді де білікті
Боларыма сендіңіз.
3 оқушы: Тақпақты да жаттаймыз.
Әнге, биге баптаймыз.
Ата-ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймыз.
4 оқушы: Жігерін төгіп қаншама,
Ертегін шертер тамсана,
Ата-әже, папа-мама,
Бәрі:Рахмет баршаңа!
5 оқушы: Желкілдеп өскен көкпеңбек,
Көктей боп, көңіл көктем боп.
Жеткізген бізді тәлімгер –
Бәрі:Ұстазға алғыс көптен-көп!
Мұғалім: - Қымбатты балалар! Сендердің білім жолындағы алғашқы жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын. Әліппе тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сонымен бірге сендерді достыққа, мектеп ережелеріне мойынсұнатын, тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың оң болсын!
Сендер міне, жүрегімді қопарар,
Сендер мені жұмаққа да апарар.
Сендер менің мәңгі жасыл көктемім,
Бағбаның боп жүргенім сол, боталар!
Осындайда шын сырымды ақтарам,
Ұстаздықтан әлі талай бақ табам.
Қызығынан қиыны көп болса да,
Шәкіртімнің жеңісі үшін мақтанам!
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар. Құттықтау сөз беру.