kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Адам ?айдан ,?ашан пайда бол?ан?

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Адам ?айдан ,?ашан пайда бол?ан? »





Дүниетану- 4 класс



1.Тақырыбы: Адам қайдан ,қашан пайда болған?

Мақсаты: Адам қайдан, қашан пайда болғаны жөнінде қасиетті діни кітап пен ғылыми зерттеудегі айтылған ойларды талқылап ,түсіндіру. Ой-өрісін, әңгімелеп жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке ,адамдық қасиетті бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.Дүниетану оқулығын таныстыру. Кітапта шартты белгілер бар,сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған.. Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің.Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де , Білімді тексеру кезеңі:

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

-Балалар , Дүниетану сабағы бізге нені үйретті?

-Бізді қоршаған орта деп нені атаймыз?

-Адам мен табиғат бір-біріне тәуелді ме?

-Адамға ең қажетті не деп ойлайсыңдар?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Адам қайдан ,қалай пайда болған?

Балаларға мақсатын айтып өтемін

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: -Бұл - адамдарды ежелден толғандырып келе жатқан сұрақ. Ғылым әлі дамымаған кезде әртүрлі аңыздар айтылып жүрді.

Мұндай аңыздар діни кітаптардан да орын алып жүрді.Онда Алла-тағала өз құдіретімен әуелі жер-дүниені, жан—жануарларды ,одан кейін барып ,топырақтан ең алғашқы адамды ,яғни Адам Атаны жаратқаны айтылады.

Ғылым саласында үлкен сұраққа жауапты ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин 19 ғасырда

«Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу »атты еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің өзгергіштігін анықтап , қазіргі түрлерінің табиғи сұрыпталу жолымен ертедегі басқа түрлерден шыққанын дәлелдеді. Ал адамның арғы тегі маймылдардың ерекше бір түрі болып табылатынын баяндады.

Өте ерте заманда өмір сүрген адам тәрізді маймылдар мен адамдардың жер қыртысында сақталған қалдықтарын зерттеудің арқасында олардың басының көлемі кішірек ,қаңқа сүйектері жүрген кезде қолға сүйемелдеуге келетіндей болған .Яғни әр адым аттаған сайын адам мен хайуанаттар арасындағы айырмашылықтардың күшейе түсуі ,әсіресе адамдардың ойлау жүйесінің артуы, бұл қасиет «сана» деп аталады. Осы қасиеттің арқасында адам тәрізді маймылдар тастан түрлі күнделікті тұрмысқа қажетті құралдарды жасап, еңбек түрлерін қолдана білді.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқушыларға оқыту.

а) іштей ә) дауыстап тізбектей оқу

Сурет бойынша әңгімелету.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Алғашқы адамның жаралуы туралы ғылымда не дейді, діни кітаптарда не дейді?

-Адамның пайда болуы жайлы жазған ғалым кім? -Маймыл мен адамның ұқсастығы бар ма?

-Ерекшелігі неде деп ойлайсың?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 5,6,7 беттерді оқып, мазмұнын айту

    1. Бағалау.



2 Тақырыбы: Алғашқы адам.

Максаты: Алғашқы адам туралы түсінік беру .Өткен материалды меңгергенін тексеру.

Ой-өрісін, тіл байлығын, алғашқы адам туралы білімдерін дамыту.

Бірлесіп еңбек етуге , достыққа , тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Адам қайдан ,қалай пайда болды? (Оқушылардан мазмұнын сұрау). Алғашқы адам туралы мұражайдан білгендері болса, әңгімелету.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Алғашқы адам».

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Алғашқы адам қазақ жерінде бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған .Мұны археологтардың жүргізген зерттеулері дәлелдеп отыр. «Археолог» деген тарихты зерттеуші мамандар.Жердің даму тарихында «Мұз дәуірі»деп аталатын кезең болған. Бұл дәуірде жердің оңтүстігінде де, солтүстігінде де ауа райы күрт суытып ,соның салдарынан ормандар жойылып, оның орнына далалы жерлер пайда болды. Ормандарда тіршілік еткен маймылдар енді ашық жерде қалып қойды. Енді маймылдарға өз тіршілігін сақтап қалу оңайға соқпады. Суық желден ,азулы, тырнақты, жүйрік жыртқыштардан қорғануға, даланы кезіп, азық тауып жеуге бейімделу керек болды. Осындай суық ауа райына төзе алмағандары қырылып кетті. Ал тірі қалғандары таяқ,тас,сүйек сияқты заттарды алдыңғы аяқтарымен ұстап,солардың көмегімен жауларынан қорғанып, қорегін тауып жеді. Найзағай түсіп жанған отқа жылынды. Өртеніп өлген жануар етін жеп, оның шикі еттен дәмді екенін сезді.Қатал табиғат жағдайына бейімделгендері іріктеліп, сұрыпталып, жаңа жағдайға төзімділігін арттыратын белгілері дамып, жетілгендері ғана тірі қалды.

Табиғаттың өзі ағзаға әсер етті . Табиғи сұрыптау нәтижесінде көне дәуір адамы пайда болды. Бұны –табиғат перзенті деуге болады.

Қосымша материал бойынша алғашқы адамдардың пайдаланған құралдарын таныстыру.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Алғашқы адамдардың қолданған құралдарын, олардың біртіндеп даму кезеңіндегі қалыптасқан қасиеттерін теріп жазу.

3.Сурет бойынша жұмыс Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқулықпен жұмыс 8,9,10 беттер Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап тізбектей

VII. Бекіту кезеңі: -«Мұз дәуірі» маймылдар тіршілігіне қандай өзгеріс әкелді?

-Маймыл адам мен алғашқы адамның негізгі ерекшелігі неде деп ойлайсың?

-Қазақ жерінде шамамен қанша жыл бұрын адам пайда болған?

Қорытындылау «Адамдардың алғашқы өмірі»деген тақырыпқа суретке қарап ауызша әңгімелеп беру.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 8,9,10, беттердіоқу ,мазмұнын меңгеру, сурет бойынша ауызша әңгімелегенін жазбаша орындау.

Бағалау Оқушыларды бағалап,күнделіктеріне түсіру.



3 Тақырыбы:Адамды адам еткен—еңбек.

Максаты: Жаңа тақырып мазмұнын түсіндіру, өтілген материал бойынша білімдерін тексеру.

Ойлау қабілетін ,тілін, сөздік қорын , ойын жүйелі түрде жеткізе білу дағдысын дамыту.

Еңбексүйгіштікке, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Гүл өсірсең терлеп, мұның аты—еңбек. Кесте тіксең зерлеп, мұның аты—еңбек.

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

ІІ Білімді тексеру кезеңі:

«Алғашқы адам»тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау. Бір-біріне сұрақ беру арқылы жұмыс жүргізу. 2. Қорытындылау Жазған әңгімелерін оқытып ,талдау.

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Адамды адам еткен-- еңбек»

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Балалар, адам өмірінде еңбектің рөлі қандай деп ойлайсыңдар?(еңбексіз өмірдің мәні жоқ екенін өздері түсінуі керек)

Адам мен маймыл ұқсас болғанымен тіршілік етуі мүлде бөлек.Маймылдар еңбек құралдарын кесіп, сындырып жасай алмайды. Нағыз еңбек тастан пышақ, балтаға ұқсас қарапайым құралдарды жасаудан басталған. Осы еңбектің арқасында адам маймыл тәрізді арғы тегі басқа жануарлардан күш-қуаты жағынан әлдеқайда жоғары тұрды.

Қол- еңбек мүшесі ғана емес ,еңбектің жемісі. Еңбектің арқасында қолдың еңбек құралы ретіндегі икемділігі қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жетіле берді;еңбек тәсілі де күрделене берді.Осының бәрі бүкіл ағзаның жетіліп, мидың көлемі мен салмағының артуына ,күрделенуіне, сезім мүшелерінің ,ақыл-ойдың дамуына зор әсер етті.Табиғи заттарды табу, өңдеу, пайдаға асыру тәжірибесі әкеден балаға өтіп отырды.

Еңбектің арқасында адам баласы өзінің арғы ата тегі ---жануарлар әлемінен бөлініп, дамудың жаңа сатысына түсті. Бұл жол—табын,үйір, отар,т.б. сияқты, жануарлар тобынан өзгеше өз заңы бар адамзат қоғамы деп аталады.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Өздік жұмыс.

«Алғашқы адамға еңбектің берген нәтижесі қандай болды?» Оқушылар өз ойларын қағазға түсіреді. Оқытып тексеремін.

Оқушыларға оқыту.

а) іштей

ә) дауыстап

VI. Бекіту кезеңі: Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша бір –біріне сұрақ беру.

VII. Үйге тапсырма беру кезеңі:11,12,13 беттерді оқу мазмұны. Бағалау.



4. Әлемнің жеті кереметі туралы түсінік.

Максаты: Өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.

Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын, қиялын дамыту.

Ойға алғанын орындап үйренуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Адамды адам еткен не ? Еңбектің нәтижесінде адам қандай жетістіктерге жетті?

-Адамды неліктен табиғат перзенті деп атаған?Алғашқы адамдардың топтасып тіршілік етуі не деп аталады? «Қоғам» сөзі қайдан шықты?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Сурет бойынша әңгімелету.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Техника ,құрылыс—ой мен еңбектің жемісі»

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

- Балалар , біз ертегілерден ұшатын кілем, қанатты пырақ туралы жақсы білеміз. Адамның ойы мен қиялынан туған дүниенің шындыққа айналуы мүмкін бе?

(Өз беттерінше білгенін ортаға салады.)

Ерте кезде адамдар шіркін құс сияқты ұша алсақ деп армандаған. Ыбырай Алтынсарин атамыздың өлеңінде ...»Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды» дегені де адам баласының қазіргі заманғы озық техниканы сол кезеңнен –ақ армандағаны белгілі.

Адам –табиғат перзенті. Ол табиғат ортасында өмір сүріп, тіршілік етеді.Адам тірі табиғаттың алуан түрлі құбылыстарына таңданды. Оған қарап ,қиялдап ,ойланатын болды.

Құс сияқты ұшуды, балық сияқты жүзуді армандады.Ол кезде бұл тек қиял ғана еді.

Бірақ ойланудың,армандаудың,ынталанудың нәтижесінде «адам оны да жасай алады ғой»деген пікірге келеді.

Адам табиғат сырын,құпиясын зерделеді. Оның « техникасын» меңгерді. Құс пен инеліктің ұшуын бақылап—ұшақ, тікұшақ жасады. Бал арасының ұясын , ағаш жапырақтарының діңі ,бұтақтарының орналасуын,құрылымын,т.б. зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды, құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды. Адамның аса терең ойдың иесі болғандықтан ,тірі табиғатты сол күйінде қайталамайды. Ойынан туған техниканы , ғимараттарды өз жағдайына икемдеп, күнделікті тіршілікке ыңғайлап, қолайлы етіп жасап алады. Тіршілігіміздің барлық саласындағы әр жаңалықтың басты себепшісі --алдымен адамның ақыл-ойы .Адамға ой салушы ,жетелеуші табиғаттың өзі.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқушыларға оқыту.

а) іштей ә) тізбектей дауыстап

-Балалар, адамдар мұнараны неге қарап жасады деп ойлайсыңдар?

-Биік өскен өсімдік мүшелеріне қарап жасаған.

-Көп қабатты үйлерді жасауда табиғаттың қосқан үлесі бар ма?

-Ара ұясына, биік ағаштарға қарап орындаған.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Адам неге табиғат перзенті аталады?

-Адам табиғат құпиясын қалай зерделеді? -Тақырып неге «Техника,құрылыс—ой мен еңбектің жемісі» деп аталады? -Адам ойымен ғарышқа да сапар шегеді дегенді қалай түсінесің?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:13,14,15 беттерді оқу, мазмұны. Бағалау.



5 Қазақстандағы ежелгі мәдени ескерткіштер.

Мақсаты: Мәдени-тарихи мұралар туралы, оларды қорғау жөнінде түсінік беру.

Оқушылардың ой-өрісін ,тіл байлығын, әлемнің жеті кереметі туралы түсінігін, өз ойын толық жеткізе білу дағдысын дамыту.

Тарихи мұраларды қорғауға, оларды мақтан тұтып жүруге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ . Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: «Әлемнің жеті кереметі»кітабы, суреттер, үлестірмелер (тест сұрағымен), карта.(тарихи)

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа әзірліктерін тексеру.Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?

-Адам ойлай білу қабілеті арқылы қандай жетістіктерге жетті?

- Ғимараттар мен техниканың пайда болуында адам үшін табиғаттың берері болды ма?

Оқушылардан мазмұнын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Д.М.1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Мәдени-тарихи мұралар—адам ақыл-ойы мен сезім-талғамының жемісі.Мәдени –тарихи мұраларды қорғау»

Д.М.2. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе:

-Мәдени-тарихи мұралар деген не? Мұра сөзін қалай түсінеміз?

-Тарих дегенді қалай түсінеміз? (қысқаша түсінік беру)

Адамның ақыл-ойының ұшқырлығынан туған қандай құрылыстарды білеміз?

(өзінің үйі, алып ғимараттар, көп қабатты үйлер,т.б.)

Адамның ақыл –ойы дами түсті. Тіршілігіне ,өміріне қажетті жағдайлар еңбек арқылы жасалды. Адам жан-жағындағы құбылыстарға қарап қуанды. Өзіне қауіптілерден қорқу сезімі туындады. Тарихтан белгілі Ұлы дала тұрғындары көшпелі өмір кешкен. Ғалымдар бұларды біздің халқымыздың ататегі деген болжам айтады. Көші –қонға қолайлы қой,ешкі,сиыр,жылқы қолға үйретіліп, мал шаруашылығы пайда болды.Көшпелі өмір—табиғи ортаға бейімделіп, тіршілік ету қажеттілігінен туындаған. Ұшы-қиыры жоқ Ұлы далада сұлулықты, табиғатпен тамаша үйлесімділікті бойына сіңіре білген. Адам мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін жасады. «Алтын адам», «Ахмет Йассауи кесенесі» көне дәуір мұраларына дәлел бола алады.

Тарихи мұраларға әлемнің жеті кереметі де жатады.

Грекиядағы тарихшылар әлемнің жеті кереметі деп Александр Македонский билік құрған аймақтарға жақын орналасқан құрылыстарды атады.

  1. Гизадағы Хеопстың ұлы пирамидасы

  2. Олимпиядағы Зевстің статуясы

  3. Галикарнастағы мазар(мавзолейі)

  4. Вавилондағы Семирамиданың аспалы бақтары

  5. Колосс Родосскийдің алып мүсіні

  6. Александрия маягы (манары)

  7. Эфестегі Артемида ғибадатханасы

Міне ,адам ақыл-ой еңбегі мен сұлулық-әсемдікті сезінуінің рухани жемісі – өнердің ең биік шыңы деуге болатын тарихи дүниелер осылар.

Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы естігендерің бар ма?

Бұл да тарихта қалатын мәдени –мұра жемісі болмақ.

  1. Данияның Данфос Университетінде орналасқан «Кулумбус»көрме залы.

  2. Лондондағы «Уэмбли» стадионы,1 мезетте 90 мың жанкүйер сыйып кетеді.

  3. Нью-Йорктегі Манхэттеннің төменгі жағалауында бой көтерген « Қазіргі заманғы өнер мұражайы».

  4. Ұзындығы 300 метрлік болаттан салынған орындықтары бар Қытайдағы Танчже саябағындағы «Қызыл бау».

  5. Дубайда орналасқан биіктігі 518 метрлік көп қабатты үй.

  6. Қиыршық әйнектерден тұрғызылған Вашингтондағы Смитсонов институтының ауласы.

  7. Онтариондағы тұрқы бөлек Король мұражайының «Хрусталь» жаңа көрме залы.

Осындай мәдени –тарихи мұраларды болашақ ұрпақ білуі үшін біз оларды қорғауға тиіспіз. Мұндай өнер туындысы өнер адамдарының еңбегі мен ой-сезімінің жемісі.Оларды жасауға қаншама адам қол еңбегімен көмектескенін ұмытпау керек.

Кейінгі ұрпақ қаншама уақыт өтсе де ,сол шеберлердің өнері мен еңбегіне сүйсініп, тамашалауда.Мұндай тарихи ескерткіштер бүкіл халықтың ,ұлттың рухани –мәдени ,ақыл-ойы деңгейін көрсететін өлшемге айналды. Біздің жеріміздегі «Алтын адам», «Ахмет Йассауи кесенесі»т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер ЮНЕСКО –ның есебіне алынып, адамзат мәдениетінің озық үлгілері ретінде әлемге әйгілі болды.1953 жылдан бері елімізде тарихи құрылыс ескерткіштері мен өнер мұралары есепке алынып келеді.

Олардың көбі күрделі жөндеуден өтіп,қалпына келтірілді.

Д.М.3 Оқулықпен жұмыс Дауыстап тізбектей оқыту Мәтінде аталған ескерткіштерді теріп оқу

Д.М.4 Дәптермен жұмыс

Күн ретін, ауа райын жазу.

ӨЗ еліміздегі көрікті құрылыс туындыларын жаздырту.

Әлемнің жеті кереметі орналасқан орындарды картадан табу( мұғалімнің көмегімен)

ІҮ. Қорыту

Оқулықта берілген тестік тапсырмамен жұмыс. (әр оқушыға жеке үлестірме ретінде тапсырылады.) Қосымша сұрақтар :

Елімізде тарихи құрылыс ескерткіштер қай жылдан бастап есепке алына бастады?

Еліміздегі қандай тарихи ескерткіштер жөндеуден өткізілді? «Қазақ елі »монументінің авторы кім? Оның биіктігі қанша метр?

Ү. Үйге тапсырма

15,16,17,18,19 беттерді оқу,мазмұны және дәптерге әлемнің жеті кереметін жазып келу. Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы мәлімет жинау.

ҮІ . Бағалау Оқушыларды бағалап , қатар бойынша қорытындысын шығару.

6. Тақырыбы:Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері

Мақсаты: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлы мағлұмат беру. Бақылаудың түрлерін таныстыру,тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін түсіндіру. Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойын анық жеткізе білу дағдысын дамыту. Табиғатқа жанашыр болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: -Біз қандай тарауды аяқтадық?

-Алғашқы адам жайлы ,оның дамуы жайлы не білдік?

-Мәдени –тарихи құрылыстар ,оларды қорғауды қалай түсінесіңдер?

-Әлемнің жеті кереметі туралы не білдіңдер?(жинаған материалдарын пайдалану)

Дәптерлерін аралап ,оқытып тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ Д.М.1. Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау «Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері»

Д.М.2. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе: Табиғат деп нені айтамыз?

Ойланып еске түсіреміз. 3 класта өткенді қайталайық. Табиғатты зерттеуде қандай басты әдісті қолданамыз? Өлі ,тірі денелерді бақылаудың қандай ерекшеліктері бар еді?Табиғатты зерттеуде қандай шамалар мен өлшем бірліктер қолданылады?

Оқулық бойынша балаларға түсіндіру.

Д.М.3. Оқулықпен жұмыс Дауыстап тізбектей оқыту

Зерттеу қорытындысы бойынша берілген мысалдарды теріп оқып ,талдау.

–Өздерің бақылау әдісін табиғат аясында пайдаланып көрдіңдер ме?

Ғарыштан бақылау туралы не айта аласыңдар? Тәжірибе не үшін қажет?

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту

- Адамдар нені бақылаған? - Ауа райын бақылау не үшін қажет деп ойлайсың?

- Өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау үшін не істеу керек?

-Аспан денелерін қалай зерттейді?

Ү. Үйге тапсырма: 22,23,24 беттерді оқу ,мазмұны. Дәптерге бақылау түрлерін кесте бойынша толтыру. «Бақылау күнделігіне »табиғатта байқағаныңды түсір.

ҮІ. Бағалау әр оқушыны жинаған фишкасына қарай бағалау.

7. Тақырыбы: Бағдарлау

Мақсаты: Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау- бағдарлау туралы түсінік беру. Көкжиек тұстарын тұсбағар және табиғи белгілерге қарап табу жолдарын үйрету.

Ойлау қабілетін, сөздік қорын, әңгімелей білу дағдысын дамыту.

Сенімді болуға , тиянақтылыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,проблемалық.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,тұсбағар.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Табиғатты зерттеу не үшін қажет?Оны зерттеудің қандай әдістері бар?

(мазмұнын сұрау) Дәптердегі сызбаны тексеру, «Бақылау күнделігін» тексеру

Үй тапсырмасын бекіту

-Антарктидаға ғылыми экспедиция шығып, бақылау жүргізу нәтижесінде нені білді?

-Барлық дәрі-дәрмекті пайдаланар алдында неге тәжірибе жасап көреді?

ІІІ.Жаңа сабақ Д.М.1. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау «Бағдарлау»

Д.М.2 . Кіріспе: көкжиек деген не еді , көкжиек сызығы ше?

Көкжиектің неше тұсы бар еді?

Егер сен туысыңа қонаққа барсаң, үйіне тауып бару үшін саған алдымен не керек болар еді? Елді мекенде көшесінің аты, үйдің реттік саны, жан-жағында орналасқан биік үйлер, ғимараттар ,т.б. арқылы тауып аламыз.

Ал елді мекеннен тыс жерде не істейміз? -Балалар , көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау бағдарлу деп аталады. Көкжиек тұстарын тұсбағар құралымен анықтаймыз. Тұсбағарды көрсетіп ,оны таныстыру.

«Сен білесің бе ?» белгісіндегі тапсырманы оқушыға оқыта отырып, түсінік беру.

Көкжиек тұстарын табиғи белгіге қарап та анықтауға болады. Суреттерін көрсетіп ,көкжиек тұстарының оңтүстік және солтүстік тұстарында ерекше белгілер болатынын ұғындыру.

Д.М.3. Оқулықпен жұмыс

Тізбектей дауыстап оқыту. Суреттер арқылы көкжиек тұстарын бағдарлау.

Д.М.4. Дәптермен жұмыс Күн ретін, ауа райын жазу.

Жұлдыздардың атын, көкжиек тұстарын жазу

ІҮ. Қорыту -Балалар, бағдарлау деген не болды?

-Тұсбағардағы көк түс үнемі көкжиектің қай тұсын көрсетеді?

-Табиғи белгіге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады?

-Тұңғыш тұсбағар қайда пайда болған?

-Тұсбағар қандай жерде ғана дұрыс бағдарлай алады?

Ү. Үйге тапсырма 24,25,26 -беттерді оқу, мазмұны. 27 -беттегі сарамандық жұмысқа берілген тапсырманы орындау. ҮІ. Бағалау.



8. Тақырыбы: Еліміздің географиялық картадағы орны

Мақсаты: Географиялық карта туралы, ондағы елімізлің орны жайлы , жер көлемі жайлы түсінік беру.

Картамен жұмыс жасай білу ,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Өз елін, жерін құрметтеуге , қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, географиялық карта, тұсбағар.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Бағдарлау тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.

Дәптерге түсірген белгілерін оқыту,тексеру.

-Магнитті тұсбағарды алғаш қандай ұлт өкілдері пайдаланды?

- Егер сені елсіз жерге апарып тастаса, сен көкжиек тұсын қалай білер едің?

-Темірқазық жұлдызы әр уақытта көкжиектің қай тұсын көрсетеді?

ІІІ. Жаңа сабақ Д.М.1. Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Д.М.2. Кіріспе : карта ,географиялық карта, басқа да карта түрлерін таныстыру

Физикалық картада не бейнеленеді? Картадан көкжиек тұстарын көрсете аламыз ба?

Біздің еліміз –Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы деп аталады. Ұлан –байтақ жеріміздің кеңдігі сонша, Батыс Еуропадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай- 5 мемлекет немесе Ұлыбританиядай -11 мемлекеттің ,Жапониядай -17 мемлекеттің жерімен пара-пар. Жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің ішінде 9-орында.Ол 2,7 миллион шаршы километр аумақты алып жатыр.

Сарамандық жұмыс.

Карта бойынша еліміздің батыстан шығысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан даласын көрсету.Шеткі нүктелердің арасын сызғышпен өлшеп, шыққан см санын масштаб өлшеміне көбейт.

Физикалық картадағы түстер нені анықтайтынын түсіндіру. Қара топырақты аймақтарда астық мол өндіріледі, ол еліміздің солтүстік өңірі,

«Пайдалы қазбалар қоймасы» деп те бекер аталмаған. Елімізде жер шарында кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі кездеседі. Картамыздан олардың шартты белгілерін кездестіреміз. Әрқайсысын атап ,түсінік беру.

Қазақстан мыс қоры жөнінен дүние жүзі бойынша 3-орында.

Темір кені қоры бойынша АҚШ-тан 1,5 есеге артық, яғни бүкіл Батыс Еуропадағы темір кенінің жалпы қорынан асып түседі. Атом қуатын өндіретін уранның дүниежүзілік қорының 25 % барланған.

Пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері жер бетіне шығып немесе жақын орналасқан.Сондықтан олар арзанға түседі.

Қазақстан Батыс пен Шығыс елдерінің арасында орналасқан. Оның аумағы арқылы Орта Азия мемлекеттерінен және Қытайдан Ресейге баратын және одан әрі Батыс елдерімен байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдары өтеді. Түрлі жолдар торабында жатуы шет елдермен сауда және шаруашылық қарым-қатынасын дамытуға барынша қолайлы жағдай тудырады.

Д.М.3 Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Пайдалы қазбаларды (өзі білетін) жазу . Жер көлемін жазып алу.

Д.М.4. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

ІҮ. Бекіту

Сарамандық жұмыс картамен орындау: Қазақстанның шекарасын ,қандай мемлекеттермен көрші екенімізді айтып,көрсету. -Қазақстанның жер көлемі қанша? -Неге « пайдалы қазбалар қоймасы »деп аталған? - Біздің еліміз қандай мемлекеттерді байланыстырады?

V. Үйге тапсырма беру кезеңі:27,28,29 беттерді оқу, мазмұны.. Картадан қандай елдер бізбен шекаралас екенін тауып, жазып келу. ҮІ. Бағалау.



9. Тақырыбы: Жазықтар

Максаты: Жазықтар туралы түсінік беру.

Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Картамен жұмыс жүргізуге баулу. Жерді күте білуге, үнемді пайдалануға, жазық жерлердегі пайда болған жыралардың ұлғаюына қарсы күрес жүргізуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелер, карта Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үй тапсырмасының мазмұнын сұрау -Қазақстанның жер көлемі қанша?

-«Пайдалы қазбалар қоймасы» деп аталу себебі не - Қандай мемлекеттерді байланыстырады? Сарамандық жұмыс

Картадан шекаралас мемлекеттерді көрсету.

ІІІ.Жаңа сабақ. Д.М.1 . Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау .

Д.М.2. Жаңа сабақты түсіндіру карта бойынша басталады. Физикалық картадан жер бетінің түрлі –түсті бояулармен бейнеленгенін бірден көзге түседі.

Жасыл түс ойпатты жазықтарды көрсетеді. Сарғыш түс – қыратты жазықтар .Қоңыр түс тауларға сәйкес келеді. Жазық пен тау құрлық бетінің негізгі түрлері.

Оқулық бойынша түсіндіру. Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді. Қырат, үстіртті жазықтар , жыралар жайлы мәлімет беру. Суреттер бойынша көрсетіп түсіндіру.

Сарамандық жұмыс . Картадан жазықтар, тегіс жазықтар,төбелі жазықтарды көрсетіп,қалаларын атап көрсету.

Д.М.3. Оқулықпен жұмыс Дауыстап тізбектей оқыту.

Д.М. 4. Дәптермен жұмыс . КҮН РЕТІН, АУА РАЙЫН ЖАЗУ.

Картадан көрген жазық аймақтарды жазу.

ІҮ. Қорыту -Жазық деп нені айтады? --Қандай түрлері бар? --Жыра неден пайда болады?

--Жыраның сайдан қандай айырмасы бар?

Ү. Үйге тапсырма.

30,31 беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге анықтамаларды жазу. ҮІ. Бағалау.



10. Тақырыбы: Таулар

Мақсаты: Оқушыларға таулар , таулардың төбелер мен қыраттардан айырмашылығы жайында түсінік беру.

Ойлау, өз ойын жүйелеп жеткізе білу қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.

Тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Физикалық карта, суреттер

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Мазмұнын сұрау.

  • Қандай тақырыппен таныстық?

  • Жазық дегеніміз не?

  • Жазықтың қандай түрлері бар?

  • Жыра қалай пайда болады?

  • Жыраны тоқтату жұмыстары қалай жүргізіледі?

  • Картадан ойпатты және қыратты жазықтарды табу.

IІІ.. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Таулар»

ІҮ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Түсіндіру:

-Балалар, тау дегенді бәріміз де білеміз.Ол жер бетінің ерекше биік жері.

Таулардың төбелерден айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? (өз пікірлерін тыңдау,түсінік беру).

Таулар жайында толық мәлімет беру.

«Сен білесің бе?» Дүние жүзіндегі «ең жылдам қар» біздің Шымбұлақта екен.

«Шымбұлақ»дүние жүзіндегі тау шаңғысы курорттарының ішіндегі ең таңдаулы үштікке кіреді. Сарамандық жұмыс.

Физикалық карта бойынша Сарыарқа, Алтай, Тянь-Шаньды тауып, биіктік шкаласы бойынша биіктігін анықтау.

Қазақстанның физикалық картасы бойынша еліміздегі құрлық бетінің қандай түрі басым екенін анықтау.

  1. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

  2. Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Қазақстандағы таулар атауларын жазу

Ү. Бекіту .

-Сонымен, тау деген не?

- Төбе мен қыратты таудан қалай айыруға болады?

-Биік таулардың аласа таулардан айырмашылығы неде?

-Тауды қандай шаруашылыққа пайдаланады?

-Таулы аймақтарда көктемде қандай қолайсыз жағдайлар тууы мүмкін?

Біздің еліміздің физикалық картасы бойынша ел аумағында құрлық бетінің қандай түрі басым екенін көрсетіп, айтып беру.(оқушылар өздері)

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 32,33- беттерді оқу, мазмұны.оқу. Дәптерге анықтамаларды жазу, гандола аспалы жолының сипаттамасын жазып алу.

Бағалау.



11.Тақырыбы: Үгілу

Мақсаты: Үгілу туралы ақпарат беру. Үгілудің неден пайда болатынын ұғындыру.

Ой-өрісін кеңейту, әңгімелеп ойын толық жеткізуге дағдыландыру.

Қоршаған ортаны әрқашан қорғай білуге ,табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Оқушыларға мазмұндату.

-Сонымен, тау деген не?

- Төбе мен қыратты таудан қалай айыруға болады?

-Биік таулардың аласа таулардан айырмашылығы неде?

-Тауды қандай шаруашылыққа пайдаланады?

-Таулы аймақтарда көктемде қандай қолайсыз жағдайлар тууы мүмкін?

Біздің еліміздің физикалық картасы бойынша ел аумағында құрлық бетінің қандай түрі басым екенін көрсетіп, айтып беру.(оқушылар өздері)

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Үгілу.

І V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе. Үгілу деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?(өздеріне білгенін айтқызу)

Оқулық бойынша жаңа сабаққа мұғалімнің түсіндірмесі.

Суық шыны ыдысқа ыстық су құйғанда ол сынып кетеді.Себебі оның көлемі суынғанда кішірейіп, қызғанда кенет үлкейеді. Осы сияқты тау жыныстары да суынғанда көлемі кішірейіп,жылынғанда ұлғаяды.

Ауа температурасы тәулік ішінде ауытқып тұрады. Тау жыныстары да күндіз қызып, түнде салқындайды.Мұндай өзгеріс тәулік ішінде ғана емес,жыл мезгілдерінде де жүріп жатады.Температураның тәулік және жыл ішіндегі өзгерістерінің әсерінен қатты тау жыныстарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейеді.Соның әсерінен оларға жарықшақтар пайда болады.Сол жарықшақтарға су толып, күзде,көктемде түнге қарай қатады. Мұзға айналғанда су көлемі ұлғаяды. Тау жыныстарындағы жарықшақтар осылай үлкейіп кетеді.

Өсімдіктер де тау жыныстарының бұзылуына әсер етеді. Тас бетінде қына өскенін көргенсіңдер,жел осы қына тұқымын айдап жарықшақтарға тығады. Ол өзіне қажет қоректік заттарды тастан ылғалмен бірге сорып алады.Нәтижесінде тастағы жарықшақ кеңи түседі. Енді ол жерге майда қоқымдар толады. Сол араға шөп,бұта, бара-бара ағаш ұрығының өсуіне жағдай туады. Ағаш тамыры жыл сайын үлкейіп,жарықшаққа тереңдей

ді, жуандайды.Жылдар өткен сайын тау жыныстары бірте-бірте бұзыла береді.

Қатты тау жыныстарының бөлшектеніп,ұсақталуын ү г і л у деп атайды.

Сарамандық жұмыс. Оқулықта берілген сарамандық жұмысты орындау.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Үгілудің анықтамасын жазып алу.

Ү. Қорыту. -Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады? - Үгілу деген не болды? -Үгілген тау жыныстарын көргендерің бар ма? -Тау жыныстарының бұзылуына желдің әсері бар ма?

VI.Үйге тапсырма беру кезеңі:34,35-. Беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге 35-беттегі кестені орындау. Бағалау.



12. Тақырыбы: Жер беті қалай өзгереді?

Мақсаты: Жер бетінің табиғаттың сыртқы күштерінің әсерінен өзгеруі туралы мағлұмат беру.

Ой-өрісін ,сөздік қорын, тіл байлығын, ойын еркін жеткізе білу дағдысын дамыту.

Табиғатты қорғауға , айналадағы қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірліктерін тексеру,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Мазмұнын сұрап, сұрақтарға жауап алу. -Үгілу деген не? -Қатты тау жыныстары қалай бұзылады? -Табиғаттағы ауа райының өзгеруі тау жыныстарына әсер ете ме?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақ тақырыбын ,мақсатын хабарлау. Жер беті қалай өзгереді?

ІҮ. Жаңа сабақ.Кіріспе. -Жер бетінде өзгеріс болады ма?(оқушылардың ойын тыңдау)

Оқулық бойынша түсіндірме.

Үгілген тау жыныстарын бір жерден екінші жерге мұздық,ағын су, жел тасымалдайды.

Биік тау шыңдарын мәңгі мұз басып жатады.Олар үсті-үстіне жиналып мұздық болады.

Олар жинала-жинала салмағы ауырлап ,көлемі үлкейіп төмен қарай баяу сырғиды.

Ғалымдар осындай мұздықтардың тәулігіне 1-5 метр жылжитынын байқаған.Ол тау беткейін қырнап ,жолындағы тау жыныстарын ала кетеді ,жеткен жеріне үйіп тастайды. Мұндай үйінділер биік тау басындағы мұздықтар етегінде жиі кездеседі.

Қия беткейдегі тау жыныстары өз салмағымен жылжып ,төмен түседі. Оларды ағын су ағызып әкетеді.Құлап аққан су тау жыныстарын тасымалдаумен қатар жер бетін өзгертеді.

Су ағызып келе жатқан тастар өзеннің түбін үгітіп,тереңдете түседі. Жағаларды бұзады.

Осылай терең шатқалдар пайда болады..

Жауын суы мен еріген қар суы уақытша ағыс құрайды.Ағын су тау беткейін тілімдейді,жер бетін жырып кетеді.Жазықтарда ағын су әсерінен жыра пайда болатынын өткен сабақтан білесіңдер.

Жел де жер бетін өзгертеді.Жел әрекеті әсіресе құрғақшылық аймақтарда күшті сезіледі.

Үгілген тау жыныстарын жел үрлеп әкетеді. Онымен ілескен ұсақ құм,қиыршықтар жолындағы жартастарды ұрғылап,оларды қажап, мүжиді.

Шөлді аймақтарда құм шөгінділерін ұшырып ,қайта үйеді.Содан құм төбелер пайда болады.

Жер беті табиғаттың осындай сыртқы күштерінің әсерінен өзгереді.Бір кездегі биік таулар аласарып ,төбелерге айналады. Сарыарқадағы аласа таулар бір кездегі асқар биік таулардың қалдығы болып табылады.

Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.

Жер бетін өзгеріске ұшырататын сыртқы табиғат күштерін тізіп жазу.

Ү. Қорыту. -Қандай құбылыстардың әсерінен жер беті өзгеріске ұшырайды?-Бұзылған тау жыныстары қалай тасымалданады? -Терең шатқалдар қалай пайда болған?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:35,36,37-.беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге оқулықтағы сызбаны орындау. Бағалау.


13. Тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі

Мақсаты: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі туралы түсінік беру.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын ,жүйелі түрде мазмұндау қабілеттерін дамыту.

Айналадағы қоршаған ортаны қорғауға ,тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірліктерін тексеру,назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Қандай құбылыстардың әсерінен жер беті өзгеріске ұшырайды?

-Бұзылған тау жыныстары қалай тасымалданады?

-Терең шатқалдар қалай пайда болған? Мазмұнын сұрау

ІІІ.. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі»

ІҮ.. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  • Адам жер бетін қалай өзгертеді деп ойлайсыңдар? Оқулық бойынша түсіндіру.

«Оба»дегеніміз 15-20 метр болатын қолдан үйілген төбе.Оба ертеде ,жаугершілік заманда жау әскерін алыстан байқау үшін әдейі үйіліп жасалған.

Сонымен бірге ертеде атақты адамдар жерленген моланың үстіне де үйілетін болған.

Есік обасын айтуға болады.Обаның үстін көп уақыт өткендіктен өсімдік басып,табиғи төбе сияқты болып кеткен.

«Террикондар» -- шахтадан кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.

Террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды.Қазір өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды.Көмірі таусылған ескі шахталардың орнын бос тау жыныстарымен толтырады.Бірқатары тегістеліп,террасарларға айналдырылады. Ол жерге құнарлы топырақ төгіліп,ағаш,бұта,шөп егіледі.Террикондардың біразы шахтер ауылына көрік беретін жасыл желекке айналды.

Ашық карьерлерден өндірілген пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатын ашқандағы тау жыныстары төңірегінде тау-тау болып үйіледі.

Ондай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит,Соколов –Сарыбай темір кені ,Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында кездеседі.

Мұндай карьерлердің орнына қолдан көл жасап, айналасына ағаш отырғызған тиімді.Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады.

Мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтынын ешкім ойлаған емес.20 ғасырдың орта тұсында ғана алғашқы қауіп дабылдары түсті. 1939жылы АҚШ-тың мұнайды көп өндіретін Калифорния аймағында жердің айтарлықтай қозғалғаны сезілген. Мұнай мен газ өндірген жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағанысебеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 м дейін шөккен.Нәтижесінде қалалар көп зиян шекті.

Жер бетінің шөгуі тездеп,жылына 80см. жеткен.Ғалымдар бұл залалдан құтылу жолын жедел іздестірді. Ақыры бос орынға су айдап толтыруды шешті. Тәжірибе бірден оң нәтиже берді.Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде газ бен мұнай өндірілетін аймақтарда жер қойнауында міндетті түрде су жіберілетін болды.

Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс.

Күн ретін,ауа райын жазу. Адамдардың қандай әрекетінен жер беті өзгеріске ұшырайтынын жазып шығу.

V. Бекіту кезеңі: --Террикондар деген не? Олардың қандай зияны бар?

-Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?

-Оба дегегн не?Есік обасы туралы не білесің?

-Мұнай мен газ алынған орынға су толтырудың маңызы бар ма?

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 37,38,39- беттерді оқу, мазмұны.Террикон, оба сөздерінің түсініктемесін жазу. Бағалау.



14. Тақырыбы: Қазақстанның жер бедері.Тест.

Мақсаты: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.

Тіл байлығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Отанын сүюге, табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, физикалық карта.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өткен сабақ мазмұнын сұрау.

--Террикондар деген не? Олардың қандай зияны бар? -Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады? -Оба дегегн не?Есік обасы туралы не білесің?

-Мұнай мен газ алынған орынға су толтырудың маңызы бар ма?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:

Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қазақстанның жер бедері

ІҮ. Жаңа сабақ. Кіріспе. -Бедер деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Бұл сөзді бұрын естіген бе едіңдер? Сарамандық жұмыс.

Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту. Ойпатты ,қыратты жазықтардықалай ажыратамыз?Тауларды ше?Мұздықтардың шартты белгісі қандай?

Картадан тауып көрсету.

Оқулық бойынша түсінік беру, мазмұнын ашып беру.

Шоқы туралы түсінік беру, шоқыны көргендері болса ,әңгімелету.

Қазақстанның орталық бөлігінде жазықтар мен шоқылардан және аласа таулардан тұратын –Сарыарқа даласы бар. Алатаудың неге солай аталғанына тоқталу.

Картадан Қазақстанның тауларын көрсету,ең биік тауды, оның шыңын таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

Теріп оқу( шоқы, ойпатты жазық,Қазақстанның орталық бөлігі, биік таулар)

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.

Физикалық картадан тапқан таулардың атауларын жазу.

V. Бекіту кезеңі:

-Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не?

-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?

«Алатау»сөзі қандай мағына береді?

-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.

Үлестірме тарату. Үлестірмеде 43-беттегі тест тапсырмасы беріледі.

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 40,41,42- беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге 43-беттегі сызбаны орындау. Бағалау.



15. Тақырыбы: « Пайдалы қазбалар» тарауы. Кенді пайдалы қазбалар.

Қара металл кендері.

Мақсаты: Пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар, қара металл кендері туралы түсіндіру.

Ой-өрісін,тіл байлығы, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ел байлығын босқа ысырап етпеуге, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, темір, күміс. алтын, көмір, қорғасын,алюминий,болат.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Жер бедері деген не болды? - Ең биік тау қандай тау?

-Шоқы деген не? -Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?

«Алатау»сөзі қандай мағына береді?

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Кенді пайдалы қазбалар.Қара металл кендері.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Пайдалы қазба деген не? Ойланып есімізге түсірейік.

Олар қандай топтарға бөлінеді?

Кенді пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель және т.б.кендер жатады.

Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары кен деп аталады.Ал кенді байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді.

Сарамандық жұмыс. Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық? Металдардың кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.

Магнитке жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.

Қара металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.

Дүние жүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.

Шойын мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі бастылары—магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас..Негізгі қорытылып алынатын заты темір болғандықтан бәрін темір кені деп атайды. Ол картада қара үшбұрыш түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.

Еліміздегі барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында шоғырланған.Олардың ең ірісі Соколов-Сарыбай.

Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту.

Теріп оқу.(кен, кенді байыту,темір кені, өндіру әдістері)

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Қара металдарды және түсті металдарды топтап жазу.(магнит арқылы тексерген бойынша)

Ү.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу2.Сарамандық жұмыс.(өздері металл түрлерін магнит арқылы тексеріп көреді.)

VI. Бекіту кезеңі:

-Пайдалы қазба аталу себебін айт.- Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар?

-Шойын қалай өндіріледі? Болат ше?

-Қара металдан қандай металдар қорытылып алынады?

Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.

VII. Үйге тапсырма беру кезеңі 44,45- беттерді оқу, мазмұны.Дәптерге қандай әдіспен өндірілетінін жазу, бос орнына қандай жұмыстар жүргізетін едік?

Бағалау.


16. Тақырыбы: Түсті металл кендері

Мақсаты: Түсті металл кендері туралы түсінігін толықтыру.

Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау, ойын толық айту қабілеттерін дамыту.

Туған елін сүюге, оның әрбір байлығын қадірлеуге, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, түсті металл түрлері.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру.Бір-біріне жақсы тілек айтқызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: -Пайдалы қазба аталу себебін айт. - Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар? -Шойын қалай өндіріледі? Болат ше?

-Қара металдан қандай металдар қорытылып алынады?

Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.

Мазмұнын сұрау, дәптерлеріндегі тапсырманы тексеру.

IІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Түсті металл кендері.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Түсті металл туралы түсінік беру. Әр бір түсті металл ,өздері күнде көріп жүрген түсті металл туралы жеке –жеке тоқталып түсіндіру.

Түсті металл ішіндегі ең көп тарағаны алюминий екенін айту, оларды тұрмысымызда қалай пайдаланып жүргенімізді айту.

Мысты күнделікті қайдан көреміз? Алюминий –ең жеңіл түсті металл.

Мырыш ---көкшіл сұр түсті металл. Шелек, леген, астау мырыштан жасалады. Мырышты тот баспайды.Қорғасын мен мырыш қосылып полиметалл кенін құрайды.Поли—көп деген сөз.

Сарамандық жұмыс. Картадан түсті металдарды шартты белгісі бойынша табу.

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу Түсті металдарды, олардың қасиеттерін әр оқушы айтып қорғайды.

VI. Бекіту кезеңі: Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар?

-Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы?

-Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?

VII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 45,46,47,48- беттерді оқу, мазмұны.Дәптерге 48-беттегі кестені толтыру. Бағалау.


17. Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар.

Мақсаты: Жанғыш пайдалы қазбалар туралы түсіндіру.

Жанғыш пайдалы қазбалар туралы ой-өрісін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Оттан абай болуға , достыққа, ержүрек болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, көмір, бензин

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Кітап, дәптерлерін түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:.

-Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? -Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? -Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?

Картадан шартты белгі бойынша түсті металдарды тауып, оны қорғау.

IIІ. Білімді тексеру кезеңі:

Пайдалы қазбалардың қандай түрлерімен таныстық?

Қара металл, түсті металл, жанғыш пайдалы қазбалардағы ұқсастық пен айырмашылықты кім айтып бере алады?

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Жанғыш пайдалы қазбалар

.V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Жанғыш пайдалы қазба деп неге атаған? Оларға не жатады?

Жаңа сабақты түсіндіріп беру. Тас көмір,мұнай,газ туралы толық мәлімет беру.

Тас көмір үш түрде кездеседі. Ең сапалы түрі антрацит,кәдімге тас көмір, қоңыр көмір. Антрацит металл қорытуға пайдаланатын көмір, қызуы жақсы болғандықтан арнайы металл өңдейтін зауыттарға жібереді. Ол шымқай қара түсті, қолға жұқпайды, металл сияқты жылтырап тұрады.

Ал қара көмір антрациттей жалтырамайды, қызуы да кемірек.

Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды. Жылуы аз, оңай үгіледі, бықсып жанады,күлі көп қалады.Жергілікті отын ретінде пайдаланады.

Мұнай-майлы ,қоймалжың зат. Қошқыл қоңыр, қара көк, кейде қызғылт сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Оның иісі жермай (керосин) иісіндей болады.

Жанғанда қызуды көп береді, күл қалдырмайды,түгел жанып кетеді.

Газ мұнай сияқты отын және химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.

Елімізде мұнай мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі өте бай. Ембі мұнайы майлылығы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады. Одан ең ірі аспаптарды майлайтын май алынады.

Картада мұнай-газ кен орындары, көмір кен орындары көмір- қара шаршымен, мұнай -қара түсті мұнара,ал газ -ақ түсті мұнарамен белгіленеді.

Сарамандық жұмыс.

Картадан жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақтарды көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.

Жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақ атауларын жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сөзжұмбақ шешу.

Көлденеңінен:

  1. Металл мен оның қоспалары алынатын тау жыныстары

  2. Ағынды су

  3. Сұйық отын

  4. Майлы мұнай қай қалада өндіріледі?

  5. Ең сапалы көмір

Тігінен:

  1. Температура мен қысым жоғары болғанда жер астындағы шымтезек неге айналады


6.

К1



е



н

Ө2

з

е

н



М3

ұ


н


а

й

4

Е

м

б

і



А5

н

т

р

а

ц

и

т

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Жанғыш пайдалы қазбаға не жатады?

-Тас көмір қалай пайда болады?-Өңдеу арқылы қандай заттар алынады?Тас көмірді қайда пайдаланады? -Мұнай-газ кен орны деп нені айтады?

-Газ кен орны мен мұнай –газ кен орнының айырмашылығы неде?

-Өндіріс орындары пайдалы қазбаларды өндіруде зиянды жақтарын ойлап ,не істеу керек?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:48,49,50,51,52- беттерді оқу, мазмұны.Дәптерге көмір түрлерін,көмір кен орнын ашқан адамды, мұнайдан алынатын заттарды жазуға.

. Бағалау.



18. Тақырыбы: Тест жұмысы. Тоқсандық қайталау.

Мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.

Есте сақтау, ойлау, өз беттерінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Адалдыққа, жауапкершілікке, жұмысты тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: қайталау Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру, дәптерлерін даярлап , тест жұмысына түсініктеме беру. Дәптерге күн ретін, ауа райын бақылау.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

Сабақ тақырыбын,мақсатын хабарлау. Тоқсандық қорытынды тест.

ІІІ. Тест тапсырмалары:

  1. Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленеді?

А) қимыл-қозғалысымен б) сөйлеу тілімен

Ә) айла-тәсілімен В) өсіп-өнуімен

2. Алғашқы адамның ақыл-ойын, қиялын жетелеуші не болды№

А) аспан Б)таулар

Ә) жұлдыз В) табиғат

3. Алуан түрлі ғимараттарды неге қарап зерделеді?

А)құстың ұшуына Б) табиғат құбылысына

Ә) бал арасының ұясына В) балықтың жүзуіне

4. Мысыр (Египет)еліндегі алып кереметтің бірі?

А) Хеопс пирамидасы Б)Зевс мүсіні

Ә) Александрия манары В) Родос алыбы

5. ЮНЕСКО-ның есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі

Ә) «Алтын адам» В) Республика сарайы

6.Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді?

А) оңтүстік Б)шығыс

Ә) солтүстік В) батыс

7. Жыра неден пайда болады?

А) тастардан Б) судан

Ә) желден В) өсімдіктерден

8. Қайсысы ең биік тауға жатады?

А) Алтай Б)Тянь-Шань

Ә) Сарыарқа В) Алатау

9. Үгілу деп нені айтамыз?

А) дауылдың соғуы Б) найзағайдың ойнауы

Ә) судың тасуы В) тау жыныстарының бөлшектенуі

10. Қазақстанның жер көлемі қанша?

А) 2,7 млн.шаршы км Б) 2,8 млн. шаршы км.

Ә) 2,6 млн. шаршы км. В) 2,9 млн. шаршы км. 11.Еліміздегі ең ірі темір кен орны:

А) Кентау Б) Өскемен

Ә) Соколов-Сарыбай В) Ақтау

12. Жанғыш пайдалы қазбалар:

А) тас көмір, боксит Б) газ, жез

Ә) мұнай ,мырыш В) мұнай, тас көмір

13. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру арқылы не аламыз?

А) фосфорит, мәрмәр Б) бензин,газ, жермай

Ә) полиметалл,мыс В) жанғыш газ, әктас

14. Болатты қалай қорытып алады?

А) Шойынды балқыту арқылы Б) темірді балқыту арқылы

Ә) кенді балқыту арқылы в) мысты балқыту арқылы



15. Антрацит деген н

ІІ тоқсан 13.11.14

. Тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы түсінік беру.

Ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Табиғат байлығын бағалауға ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түс-Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 53,54,55-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды теріп жазу.

Бағалау.

у.№20. Тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы.

Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру.

Ойлау,есте сақтау,қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Табиғатты қорғауға, суды үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» тақырыбының мазмұнын сұрау.Дәптерлерін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлауСу. Табиғаттағы су айналымы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?

Оқулық пен суреттер бойынша табиғаттағы су айналымы туралы ұғындыру.

«Су –тіршілік көзі»тақырыбындағы фильмді көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Судың қандай күйде кездесетінін жазу.

Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Тақтаға суретін салып көр.

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 56,57,58-бет оқу, мазмұндау. Бағалау.


21. Тақырыбы: Жер асты сулары.

Мақсаты: Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру.

Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, мазмұнын өз сөзімен жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Тазалыққа ,достыққа ,табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Мазмұнын айтқызу. Дәптерлерін тексеру. Тақтада су айналымы қалай жүретінін бейнелету.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? -Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау Жер асты сулары.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Кіріспе Жер асты суы дегенді қалай түсінеміз? Біз жер асты суын пайдаланамыз ба?

Сурет бойынша жер асты сулары қалай пайда болатынын өзіміз түсіндіріп көрейік.

Судың бір қасиеті-еріткіштігі. Ол осы қасиетімен жерге сіңген кезінде тау жыныстарындағы түрлі минералдарды ерітеді. Судың физикалық қасиеті өзгереді.Дәм,иіс пайда болады. Температурасы өзгереді. Енді ол сулар минералды су болды.Минералды сулардың ішуге жарамды, жарамсызы болады.Ішуге жарамды судың бір литрінде 2-20 грамм еріген тұз болады. Әртүрлі сырқаттардан айығуға көмектеседі. Оларды шипалы су деп те атайды. Шипалы су шығатын жердің маңына курорттар салынады.Ел арасында «арасан» деп те аталады.Алмаарасан,Қапаларасан, Барлықарасан,Арасанталды,Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Суреттер бойынша еліміздегі шипажайларды жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады? Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен? Жер асты суының қандай пайдасы бар?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 58,59,60-беттерді оқу, мазмұндау.

Бағалау.





22. Тақырыбы: Өзен және көл.

Максаты: Өзен және көл туралы түсіндіру, айырмашылығын ұғындыру.

Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.

Өз Отанына деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату

Дәптерлерін тексеру..

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады?

Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?

Жер асты суының қандай пайдасы бар?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Өзен және көл.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер –құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.Ірі өзендер жоғаарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді.Тікелей мұхиттарға ,теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер—негізгі , ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.

Қазақстанда 85 мың өзен бар.Ұзындығын ескерсек,төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады.Олар: Ертіс,ұз1698км., Сырдария,ұз.1692км.Есіл ұз. 1607км.,Жайық ,ұз1084км өзендері.Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты тағы 3 өзен бар.

Өзендер-желмен жарысар,

Өршіл де асау ағыстар.

Өзенді ластап,лайласаң,

Өзіңе дерт боп жабысар.

Ішуге жарамды судың тағы бір көзі -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды.Көл де пайдалы ,кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий—көлдердің ең үлкені.

Дүние жүзіндегі ең терең көл---Ресей жеріндегі Байкал көлі. Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3- орын алатын. Аралдан кейінгі іріі көл—Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді.

Дискіден өзендер мен көлдер туралы мәлімет беру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, ауа райын жазу.

Картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп. теріп жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қандай көл суын ішуге болады?

-Көлдің буланған суының орнын қалай толтырады?

- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?

Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

Картадан өзендер мен көлдерді тауып, көлдерге қандай өзендер құятынын табу.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:61,62- беттерді оқу,мазмұны..Дәптерге үш қатарға үш өзен, көл атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға.

Бағалау.



23. ТақырыбыСуды қорғау.

Максаты: Суды қорғау тақырыбын түсіндіру.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

Айналаны қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегін үнемдеп, тазалап, тиімді пайдалануға адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өзен және көл туралы мазмұнын сұрау,дәптерлерін тексеру. 2-3 оқушыға оқыту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Қандай көл суын ішуге болады?

-Көлдің буланған суының орнын қалай толтырады?

- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?

Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау. Суды қорғау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Мұғалімнің түсіндірмесі: Ластанған су деп қандай суды айтамыз?

(оқушы пікірін тыңдау) Суды қорғау жайында түсінік беру.

Бір адам тәулігіне 700 литр су жұмсайды екен,Біз пайдаланған су ластанған су деп аталады. Көлден жылына 1метр су қабаты буланады екен.

Арал мен Балқаш көлдері туралы суреттер көрсетіп, олардың тартылып кету себебін түсіндіру. Болашақ ұрпақ осы көлдерді сақтап қалу үшін күрес жүргізуі керек.

«Таулы жер бұлақсыз болмас,сулы жер құрақсыз болмас» деген мақал мазмұнын ашу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап.

3. Карта бойынша жұмыс.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Табиғаттағы суқалай ластанады?

-Ластанған судың ағзаға әсері қандай болады?

- Арал мен Балқаш неге тартылып кетті деп ойлайсың?

Ішуге жарамды су қанша пайызды құрап еді?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 62,63-бет оқу, мазмұндау. Арал мен Балқаш туралы мәлімет жинақтау.

Бағалау.





24.Тақырыбы: Ауа және ауа райы. Ауаның құрамы. Ауа қабығы.

Максаты: Ауа, ауа райы, ауа құрамы, ауа қабығы жайындағы білімдерін толықтырып түсіндіру.

Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын, өз сөзімен ойын жеткізе білу дағдысын дамыту.

Өзара достыққа ,бірлікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Суды қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау,Арал мен Балқаш туралы жұмыстарын үш қатар бойынша қорғау.(3 оқушы.)

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су қалай ластанады?

-Ластанған судың ағзаға әсері қандай болады?

- Арал мен Балқаш неге тартылып кетті деп ойлайсың?

Ішуге жарамды су қанша пайызды құрап еді?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Ауа. Ауа райы. Ауаның құрамы. Ауа қабығы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Ауа туралы не білетін едік? Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?

Ауа көлемі қандай жағдайларға байланысты өзгереді?

Ауаның құрамы болады. Ол үш түрлі газдардың қоспасы. Газдың иісі де, түсі де болмайды, себебі ауаның құрамына кіретін газдардың түсі ,иісі болмайды.

Ауадағы ең көп газ –азот,ол ауаның үштен екі бөлігін құрайды. 78 пайызы азот, 21 пайызы оттегі, 1 пайызы ғана көмірқышқыл газы .Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз.

Ауа қабығына келетін болсақ, Жер шарын ауа тегіс қоршап, қабат түзеді.Оның қалыңдығы бірнеше жүз км жетеді. Осыған қарағанда біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз. Ауа қабығы бінеше қабаттан тұрады. Жерге жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп,жауын-шашын жауады.Екінші бөлігінде газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз. Ал үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады. Ауа қабаты –Жердің қорғанышы. Ол жерді қатты ысып немесе суынып кетуден сақтайды «Аққан жұлдыздар » мен метеориттер туралы айтып өту.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Ауа құрамындағы газ атауларын жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Класты екі топқа бөліп ,бір-біріне сұрақ беру.

«Ауа құрамы» және «Ауа қабаты»

VII. Бекіту Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?

Оттегі неге бітіп қалмайды?

Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?

Ауа қабаты бізге қажет пе? Ауасыз қабатты қалай зерттейді?

-Ауа қызғанда көлемі қалай өзгереді? -Ауа қандай болады?

-Ауаның тіршілік үшін қажеттігін тағы қалай дәлелдеуге болады?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 64,65,66- беттерді оқу, мазмұны.


25. Тақырыбы:Ауа райы .Климат.

Мақсаты: Ауа райы және климат туралы түсінік беру.

Ой-өрісін, сауатты мазмұндау дағдысын, тіл байлығын дамыту.

Ұқыпты болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, карта (жарты шарлар картасы)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Ауа құрамы мен ауа қабаты туралы түсінігін мазмұндату.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?

Оттегі неге бітіп қалмайды?

Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?

Ауа қабаты бізге қажет пе?

Ауасыз қабатты қалай зерттейді?

-Ауа қызғанда көлемі қалай өзгереді?

-Ауа қандай болады?

-Ауаның тіршілік үшін қажеттігін тағы қалай дәлелдеуге болады?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Ауа райы .Климат.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: ауа райы дегенді естіп жүрміз ғой , сол ауа райын не үшін тыңдайсыңдар?

Ауа райы және климат жайында балаларға түсінік беру.

Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, жауын-шашын мөлшері ауа райының жиынтығын құрайды. Метеорологиялық стансалар туралы мағлұмат беру.

Бір жердегі ауа райының жыл сайын қайталануы сол араның климатының қалыптасуын білдіреді. Карта бойынша жер шарындағы ең ыстық және ең суық аймақтарды көрсету, түсіндіру. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Дәптермен жұмыс.Күн ретін, ауа райын жазу.Ауа жиынтығын жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Біздің еліміз қай материкте орналасқан?(картадан көрсету)

Қоңыржай салқын,қоңыржай жылы ауаға не әсер береді?

Республикамызда ең суық температура және ең ыстық температура қандай айларға сәйкес келеді?

VII. Бекіту кезеңі:

Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?

Ауа райын бақылау үшін не қажет?

Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?

Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 66,67,68 –беттерді оқу, мазмұндау. Дәптерге ауа райының құбылысын географиялық алаңқайда бақылап, қорытындысын жазу.

Бағалау.


26. Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Мақсаты: Ауаның ластануы және ауаны қорғау тақырыбын түсіндіру.

Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға, тазалыққа ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Ауа райы және климат тақырыбының мазмұнын сұрау.

Карта бойынша жылуы 20 грдустан төмендемейтін жерлерді және ең суық аймақтарды көрсету.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Ауа райын бақылау үшін не қажет?

Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?

Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.

Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.

Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.

Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Оқулық бойынша түсіндіру.

Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.

Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын.Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар ,улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Дәптермен жұмыс.

Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?

Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?

Екі бағанға жазып, қорытынды жасату.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.

Бағалау.



27. Тақырыбы: Тест жұмыстары.

Мақсаты: Су және ауа тақырыптары бойынша білімдерін тиянақтау,тексеру.

Өз бетінше жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тиянақты болуға, жауапкершілікке, сенімділікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: қайталау сабақ Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімеле.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Су және ауа тақырыбын қайталауға арналған тест жұмысы

Тест тапсырмалары

1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін Б)екіден бірін

Ә) үштен екісін В(төрттен бірін

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш Б)түссіз, дәмсіз

Ә)аққыш В) иісі бар

3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?

А) тұщы Б) қышқыл

Ә) минералды В)салқын

4.Ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Байкал В) Зайсан

5. Өзен сулары қандай болады?

А) тұзды Б)шипалы су

Ә) тұщы В) минералды су

6.Су қанша күйде кездеседі?

А) 4 Б)2

Ә) 3 В) 1

7. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?

А) теңіздің тасуынан Б) судың көп булануынан

Ә) дауылдың соғуынан В) жиі жауған жаңбырдан

8. Адам тәулігіне қанша литрге дейін таза су пайдаланады?

А) 900л Б)200л

Ә)700л В)500л

9.Аралдан кейінгі ірі көл.

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Зайсан В) Ыстықкөл

10.Аралдан жылына қанша метр су буланады?

А) 2м Б) 3м

Ә)1м В) 0м

11.Ауаның түсі қандай ?

А)бұлыңғыр, көкшіл Б)түссіз,мөлдір

Ә) ақшыл,бу В)жылтыр,газ

12.Жер бетінде ауаның ауысуынан не пайда болады?

А)тұман Б) кемпірқосақ

Ә)нөсер В)жел

13.Біздің жерімізге суық ауа қай жақтан келеді?

А)таудан Б)солтүстіктен

Ә)бұлттан В) оңтүстіктен

14.Ауаны тазартудың ең тиімді жолы?

А)газдандыру Б) сүзгіштер қою

Ә) көгалдандыру В) желдеткіш орнату

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі Су ,ауа тақырыбын қайталау . Бағалау



28. Тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары.Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары ,оларды қорғау туралы түсіндіру.

Ой-өрісін , тіл байлығын, шалғын туралы ойын дамыту.

Табиғатқа жанашыр болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, диск.(деректі фильмдер)

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Балалар, сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

ІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары ,шалғынды қорғау.

  1. ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі.

Кіріспе:1. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары жайында қысқаша түсінік.

Жазықтарды далалық өңір немесе дала деп атайды.Ал таулары көп аймақтар таулы өлке деп деп жиі аталады. Еліміздің барлық жерінде өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді.

Әр өңірдің өзіне тән өсімдіктері,жануарлары бар. Олардың табиғат жағдайлары: топырағы, ауа райы бірдей емес; жыл бойы түсетін жауын- шашын мөлшері де әртүрлі; тіпті жыл маусымдарының өзінде (басталу,аяқталу) айырмашылықтар бар.

Қандай жерде ,қандай үлескілерде таралса да тірі ағзалар өзара және өлі табиғатпен бірлесіп қана тіршілік ете алады. Осыны табиғи бірлестік дейді.

2.Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсіндіру.

Шалғын—еліміздің табиғи байлығы.Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді –көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін –шалғын дейді.Шалғындағы шөп жаздың басы мен ортасында жұмсақ болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады.Пішен дайындайтын шалғынды шабындық дейді.

Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі.Олар- уқорғасын,сарғалдақ.

Шалғында бунақденелілер көп болады. Алуан түрлі қоңыздар,шекшектер, түкті аралар да қаптап жүреді.Бозторғай, бөдене, бөктергі,бүркіт сияқты құстар,саршұнақ,көртышқан сияқты жануарлар да аз емес.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін.ауа райын жазу. Улы өсімдіктерді теріп жазу.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Суреттер бойынша түсіндіру. Фильм көрсету.Өздеріне көргендерін әңгімелету.

Ү.Қорыту.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 75-77-беттерді оқу,мазмұны

Дәптерге өсімдіктер мен жануарлар атауларын жазу. Бағалау



29. Тақырыбы: Шалғынды қорғау

Мақсаты: Шалғынды қорғау тақырыбын түсіндіру.

Ой-өрісін, тіл байлығын , ойын жинақтап айту қабілеттерін дамыту.

Табиғатты қорғауға , адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы ,оны қорғау жайлы мазмұнын сұрау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

Дәптерлеріне жазған атауларды оқыту, аралап тексеру.

ІІІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Шалғынды қорғау.

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Кіріспе:

Шалғын неліктен қорғауды қажет етеді?Шөптекті өсімдіктер жаз ортасына қарай жаппай гүлдейді, пісіп жетілген тұқымдарын шашады. Көктемде ол тұқымдардан өсімдіктер қайта көктеп,өсіп жетіледі.Шалғындықта мал жайылмаса ,пішен дайындалмаса шалғын жыл сайын жайқалып өсер еді.Оны арнайы қорғауды қажет етпес еді.

Адам шалғынды пайдаланбай тұра алмайды. Мал жаяды,пішен дайындайды.

Шалғында тіршілік ететін жануарлардың пайдасы бар. Ара,түкті ара,көбелектер ұшып-қонып өсімдіктердің бір-біріне гүл тозаңын тасиды. Өсімдік тозаңданған соң ғана тұқым береді.Шұбалшындар қураған өсімдік қалдықтарын топырақ арасына тасып, оны қарашіріндіге байытады.: құрттар салған қуыстарға ауа кіріп, өсімдік тамыырларының жақсы өсуіне мүмкіндік береді. Шалғын жануарларын да сол үшін қорғау керек.

Шалғын –өзіндік ерекшелігі бар ,аса маңызды табиғи бірлестік.Табиғи бірлестікті ,ондағы тіршілікті тұтас қорғау қажет.

2. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.

Ү. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

Шалғында тіршілік ететін жануарды атап , олардың шалғынға пайдасын әңгімелету

Өзің тұратын өлкеде шалғындар қандай жерлерде кездеседі?Шаруашылықта оны қалай пайдаланады? Көргендеріңді әңгімелеңдер.

VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің?

  • Шалғындағы тіршілік ететін жануарларды қорғамаса шалғынды алқап қандай күйге түседі?

  • Шабындықтағы пішенді қай кезде жинаған дұрыс?

VІ І.Үйге тапсырма беру кезеңі: 77,78,79- беттерді оқу,мазмұны.

Бағалау.





30. Тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты: Дала өсімдіктері мен жануарлары жайында түсінік беру.

Тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілеттерін,жүйелеп мазмұндау қабілеттерін дамыту.

Өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер,диск(деректі фильм)

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,талдау,жинақтау,көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер,диск(деректі фильм)

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  • Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің?

  • Шалғындағы тіршілік ететін жануарларды қорғамаса шалғынды алқап қандай күйге түседі?

  • Шабындықтағы пішенді қай кезде жинаған дұрыс?

  • Шалғынды қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

Шалғын өсімдіктері қай кезде балғын,жұмсақ болады.?

Қандай жануарлар тіршілік етеді?

Бөдене туралы қандай мәлімет алдың?

Бөдененің жұмыртқасының қандай емдік қасиеті бар?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау Дала өсімдіктері мен жануарлары.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Кіріспе:Дала деп нені айтамыз? Далада қандай өсімдіктер мен жануарларды көргендерің бар?

2.Дала өсімдіктері мен жануарлары жайында түсінік беру. Дала—ормансыз жазық алқап. 2.Дала –қуаңшылыққа және аязға төзімді көпжылдық шөптесін өсімдіктер тұрпаты.Ол жер шарының қоңырқай белдеулеріндегі қара топырақты, қоңыр, күлгін топырақты аймақтары. Көп елдерде дала қорықтарда ғана сақталған.

Дала-ылғалды қуаң дала, шөл дала болып бірнеше түрге бөлінеді.Қуаң даланың сәнге бөленетін кезі –көктем.Қар суымен ылғалданып ,шөбі көкмайса болып,көз тартады.Көктемде даланы сары гүлді қазжуа мен жауқазындар жауып кетеді.Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жиналған жуашықтары бар.Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде жер бетіндегі мүшелері кеуіп қалады.Ал жуашықтары топырақ арасында жаз, қыс бойы сақталып,көктемде тағы көктейді.Қуаң дала көбіне мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Изен, бұтақараған,көкпек пен теріскен сияқты бұталар,боз,бетеге,жусан,ботагөз,мыңжапырақ, сарыбас жоңышқа сияқты өсімдіктер кездеседі.Бозторғай,бүркіт,суыр,борсық,дала тасбақасы,саршұнақ,тышқан,түлкі,қасқыр,қарсақ,ор қоян сияқты жануарлар мекендейді.

Қосымша материал бойынша суырлар тіршілігі жайлы баяндау.Шағын төмпешіктер байқасаң,олар суыр төмпешіктері.Суырлар үйір-үйір боп мекендейді. Суыр төмпешіктері едәуір қомақты болады.оның көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м дейін жетеді.Суыр шөптекті өсімдіктермен қоректенеді.

Борсық өсімдік тұқымдарымен ,сабақтарының шырынды ,жұмсақ бөліктерімен және жәндіктермен қоректенеді. Ол жем іздеуге түнде шығады.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Дала өсімдіктері мен жануарларын теріп жазу.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Суреттер көрсетіп ,әр өсімдік пен жануардың атын тауып, оның тіршілігі жайлы әңгімелету.

Деректі фильмді көрсету. Дала өсімдіктері мен жануарлары.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Дала қандай түрге бөлінеді? Қуаң далаға қандай жерлер жатады?Көктемгі дала адамға қандай әсер қалдырады?

- Далада бұталар ,өсімдіктер, жануарлардың қандай түрлері болады екен?

-Өзің тұрған жерде қуаң дала бар ма?Оның аумағы, оргаласқан жері, жалпы түрі, бедері туралы әңгімеле.

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 79,80,81,82- беттерді оқу, мазмұны .Дәптерге 82- беттегі бақылауға арналған тапсырманы жазу.

Бағалау.



31. Тақырыбы: Тест жұмысы .Қайталау.

Мақсаты: Тоқсан бойы өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.

Өз беттерінше ойлау,сұраққа толық жауап беру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ұқыптылыққа, адалдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі : қайталау сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, бақылау.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Тоқсандық қайталауға арналған тест жұмысы.

ІІІ. Тест тапсырмалары:

  1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата:

А) Темір, мұнай Б)газ, жез

Ә) тұз, асбест В) боксит,мырыш

2.Отқа жанбайтын қасиеті бар қазба?

А)фосфорит Б)әктас

Ә) асбест В) ұлутас

3. Абайдың ескерткіші қандай тұғырда орналасқан?

А) ұлутас Б)гранит

Ә) мәрмәр В) асбест

4.Мұнайды арнаулы пешта қыздыру нәтижесінде не алынады?

А)фосфорит, полиметалл Б)бензин,газ,жермай

Ә)мәрмәр, мыс В)жанғыш газ, әктас

5.Бір жағы ащы,бір жағы тұщы көл?

А) Алакөл Б)Балқаш

Ә)Байкал В)Зайсан

6.Ең жылы , жыл бойына 20градустан төмен түспейтін ауа райын қайдан кездестіреміз?

А)экватор сызығының айналасы Б)солтүстік

Ә) оңтүстік В) шығыс\

7.Шалғын өсімдіктері

А) ботагөз,жуа Б) жүзім,өрік

Ә) күреңот, жұпаргүл В) айдаршөп,қайың

8. Шалғынды қорғау үшін қандай өсімдіктердің тұқымын себеді?

А) атқонақ Б)жоңышқа

Ә)бүлдірген В) жусан

9. Шалғындағы ірі жыртқыш

А)сұңқар Б) қарға

Ә) бүркіт В)жапалақ

10.Дала деген не?

А)шалғын, егістік Б) таулы,сулы жер

Ә)жазық,алқап В) өсімдіктері биік ,тоғай

11. Даланы мекендейтін жауарлар

аңдар құстар кеміргіштер

________________ _____________ ______________

_________________ _______________ _______________

_________________ _______________ _______________

12. Даланың көркі

А) бетеге ,жусан Б) жүзгін, ақселеу

Ә) жауқазын, қазжуа В) уқорғасын, күреңот

13. Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі?

А)Қазжуа,атқонақ Б) уқорғасын, сарғалдақ Ә) күреңот, жұпаргүл В) арпабас, тышқанбұршақ

14. Бөдене балапандарын қанша күнде басып шығарады?

А) 16-20 күнде Б) 14-16 күнде

Ә) 15-17 күнде В) 20-25күнде

15. Қуаң далада қандай бұта түрлері өседі?

А) қарақат, итмұрын Б) изен, бұтақараған

Ә) теріскен, қазжуа В) мыңжапырақ, көкпек

Сұрақтарды толықтыру әр мұғалімнің еркінде.

ІҮ. Қорыту --Балалар , қайталай отырып өтілген тақырыптарды еске түсірдік. Алдағы уақытта да білімдеріңді толықтыру үшін ізденіп оқыңдар.Оқығандарыңды көкейге түйіп алыңдар.Қандай тақырыптарды қайталап ,еске түсірдік?

V. Үйге тапсырма беру кезеңі: Өтілгендерді қайталап, ауа райын күнделіктерімізге жазып жүрейік.

ҮІ. Бағалау.Тест жұмыстарын тексеріп ,бағалау.

ІІІ -тоқсан

32. Тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру .Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны ,ерекшелігі туралы ойын дамыту.

Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,көрнекілік,сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

-Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жауарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?

-Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?

Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлауШөл өсімдіктері мен жануарлары.

ІV :Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері ,жануарлары туралы не білесіңдер?Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.

Шөл—суға тапшы аймақ.Оның ауасы, топырағы құрғақ,өсімдіктері селдір,сирек болып келеді.Шөл—құмды,сортаңды,сазды,тақыр,тастақты шөлдерге ажыратылады.

Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.

Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып ,бекітеді.Олар селеубояу, құм қияғы,жүзгін,домалақ кірпіге ұқсас құмаршық,ақсексеуіл.Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.

Өсімдіктері нашар дамыған.Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады.оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі.Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі.Олар көктемде өніп шыққанымен ,өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді.Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді.Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады.Үнемі буланып,жер бетіне тұз ала шығады.Тұз қабатында күйреуіктер өседі.Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді.Әр жерде тікенек бұталар кездеседі.Тақырлар –адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер.Ол---шөбін мал отап,таптап,әбден тақырлап тастаған,бұталары тамырымен қопарылып,сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.

Суы мен азығы тапшы ,жазы ыстық,қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді.

Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ,тасбақа, сұр келес,сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді.Қосымша материалдан алу.(86-бет)

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс Күн ретін,ауа райын жазу..Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.

Селеубояу,ақсексеуіл,жүзгін,құм қияғы, кермек, құмаршық-өсімдіктері.

Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық,ақбөкен,бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы,құлақты кірпі, тасбақа,сұр келес,тышқан, жылан- жануарлары.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Шөл даланың қандай түрлері бар екен?

-Шөлді аймақты адамдар өз қажетіне пайдалану үшін не істеуі керек ?-Шөлді жерге өсімдік қалай өседі?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 82-86-беттерді оқу,мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.

33. Тақырыбы: Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

Мақсаты: Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы жайында түсінік беру. Ой-өрісін, тіл байлығын , ойын жинақтап айту қабілеттерін дамыту.

Табиғатты қорғауға , еңбексүйгіштікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтүрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап,талдау,жинақтау.

Көрнекілігі: суреттер, шөлді дала мен далалы жер туралы диск.(деректі фильм),карта.

  • Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы ,оны қорғау жайлы мазмұнын сұрау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

Дәптерлеріне жазған атауларды оқыту, аралап тексеру.

ІІІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

ІІІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Кіріспе:

-Дала мен шөлді жердің ұқсастығы бар ма?

-Жылдың қай мезгілінде дала мен шөл далада ұқсастық байқалады?

Балалар пікірін тыңдап, жаңа сабаққа көшу.

  1. Карта боынша еліміздегі жазықты алқаптарды еске түсіру.

  2. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының топырағы ылғалды, құнарлы келеді.Сондықтан арнайы суармай-ақ ол жерлерден бидай ,сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады. Жауын-шашын аз жылдары ғана арнайы қондырғылар пайдаланады. Арамшөбі тазаланып, егістік күтіледі. Ал қуаң далалар мен шөлдерді арнайы қазылған арық –тоғандар арқылы суландырады.Оларда әр түрлі дақылдар, бау—бақшалар егіледі.

Суармалы жерлерде күріш,мақта,жүгері,жүзім,қауын,қарбыз өсіріледі. Бұлар күнді және суды көп керек ететін өсімдіктер.Әр өсімдікке суреттерін көрсетіп отырып, жеке түсінік беру.Картадан осы өсімдіктер өсірілетін жерлерді көрсету.

Еліміздегі мал шаруашылығының ең бастысы –қой,мүйізді ірі қара шаруашылықтары.Бұлардан басқа жылқы ,ешкі, түйе, бұғы, құс шаруашылығы да бар.Шөл, шөлейт аймақтарда негізінен қой ,сиыр,жылқы,түйе шаруашылығы жақсы дамыған.Еділбай қойы, қазақтың арқар –мериносы,ақбас сиыр жылқы,түйе ,бұғы, құс өсіру дала мен шөлді аймақтардың негізгі шауашылықтары боп есептеледі.Суреттерін көрсету және картадан оларды өсіретін аймақтарды көрсету.

  1. Деректі фильмді көрсету.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығындағы қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Өздеріне түсінгені бойынша әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:86-91-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге сиыр сүтінен қаншатағам түрлерін әзірлеуге болатынын,мал терісінен қандай бұйымдар жасайтынын жазып келу. 2. Бағалау



34. Тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер, деректі фильмге байланыысты диск.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау,жинақтау, көрнекілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1.Мазмұнын сұрау.Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы.

2. Дәптерлерін тексеріп, оқыту.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Кіріспе: орман-тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді ?

  2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті,топырағы құнарлы,ылғалы мол,топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды.Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар. Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі.Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде ,топырағы құнарлы,ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат,долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл,балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек.қарағай,шырша ,қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа »енген.Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.

Суреттер бойынша түсіндіру.

Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында ,кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек,тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты ,бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт,қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл,жасылдау болады.Сілеусін, борша тышқан, тиін—жануарлары, тоқылдақ,көкқарға, шымшық, жапалақ—орман қамқоршылары.Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік,қасқыр,түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.

Суреттерін көрсетіп түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар?Өз ойларын әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?

- Тоғайда әсіресе не көп өседі?

-Орман-тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 93-95-беттерді оқу, мазмұны, дәптерге 95-беттегі тапсырманы орындау.



35. Тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау.

Мақсаты:Орманның пайдасы және оны қорғау туралы түсіндіру.

Ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын теориялық білімін дамыту.

Орманды жерлерде тазалық сақтауға ,өрттен қорғауға ат салысуға, айналаны қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, көрнекілік

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Табиғат ол- анамыз, Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз Шаттық әнге саламыз.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Орман –тоғай өсімдіктері мен жануарлары туралы білімдерін тексеру.Дәптердегі тапсырмаларын тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?

- Тоғайда әсіресе не көп өседі?

-Орман-тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.

Тоғайда тіршілік ететін құстарды көргендерің бар ма?

ІV .Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау Орманның пайдасы және оны қорғау.

.V .Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Кіріспе: Орманнан қандай заттар алынады? Бұл сұраққа ағаш шебері қалай жауап береді?

Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы қалай жауап береді?

Теміржолшы ше? Дәрі-дәрмек жасаушы қалай айтар еді? Инженер ше?

Балалар өздері білетін мамандар туралы білгенін әңгімелеп береді.

2.«Орман –ең алдымен адамның денсаулығы» еккнін дәрігер айтар еді. Демалысүйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Ол жердің ауасы таза,әрі шипалы. Ормандар болмаса ,ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. Шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Орман –жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы,ьол байлықтың қасиетті қоймасы. Орман-тоғай –баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, оларды ағаш кесуге,жануарларды аулауға қатаң тыйым салынған.Қазақстан жерінде он шақты қорық бар.Өсімдіктер мен жануарлар қорғауға алынып, азайып кеткен түрлері Қазақстанның «Қызыл кітабына»енген. Егер қорғау шараларын жүргізбесе , олар мүлде жойылып кетуі мүмкін. «Қызыл кітап»міне, осындай өсімдіктер мен жануарларды қорғауға шақырады.

Орманды қорғауға берілген ережені оқып, есте сақтауларын айту.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Үшінші класта ана тілі сабағында орман тақырыбына арналған қандай әңгімелерді оқып едік? «Ормандағы оқиға»т.б.

1



2

3

4


Т

о

ғ

а

й


қ

а

р

а

ғ

а

й

А

л

м

а

т

ы



б

а

р

ы

с

т

и

і

н



Көлденеңінен: Тігінен:

1. Боялған тор көзден 1.Шөл мен шөлейттегі өзен аңғарларында не өседі? қандай сөз шығады?

2.Ормандағы алып ағаш

3.Қазақстандағы қорықтардың бірі

4. «Қызыл кітапқа »енген жануар

5. Қарағай бүрімен қоректенетін жануар

Сөзжұмбақты интерактивті тақтадан көрсетсе де болады.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Орманды ,тоғайды қорғамасақ қандай күйге ұшырайды? - Орман-тоғайдың адам үшін қандай маңызы бар? -«Қызыл кітап»деген не?

- Қазақстан жерінде қанша қорық бар? -Қорықтарды ұйымдастырудың қандай маңызы бар ?

- Қандай мамандар орманның пайдасы үшін өз пікірін ортаға салды?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 96,97,98- беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге орманда өсетін ағаштың 2-3 түрін,бұтаның1-2 түрін,шөптекті өсімдіктің 2-3 түрін жазып алу.

ІХ. Бағалау





36. Тақырыбы: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру. Олардың адам баласы үшін пайдасын ұғындыру.Теориялық ойын,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Сұлулыққа,әдемілікке ,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, деректі фильм дискісі.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Орман пайдасы ,оны қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау,дәптерлерін аралап тексеру, оқыту.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: -Орманды ,тоғайды қорғамасақ қандай күйге ұшырайды?

- Орман-тоғайдың адам үшін қандай маңызы бар? -«Қызыл кітап»деген не?

- Қазақстан жерінде қанша қорық бар?

-Қорықтарды ұйымдастырудың қандай маңызы бар ?

- Қандай мамандар орманның пайдасы үшін өз пікірін ортаға салды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Кіріспе: Су туралы, ондағы өсімдіктер мен жануарлар туралы не білесіңдер?Өздерінің көргендері туралы әңгімелету.

2.Картадан қазақстандағы өзендерді тауып көрсету.Көлдерді табу.

3. Құрлық суына өзен,көл, жер асты сулары жатады. Бұдан басқа ірілі-ұсақты су қоймалары, бөгеттер бар. Су қоймасының ылғалы мол,кейде батпақты жағасында шөптекті өсімдіктер : қалың құрақ, шоқ-шоқ қоға, қамыс өседі. Сары тұңғиық,аққугүлді де көруге болады.Ал балықоттың тамыры су түбіне жетпей, су бетінде тарамданып кетеді. Бақа сукөрігі, суқұмық та өседі. Су өсімдіктерінің тамыры жақсы жетілмеген. Су өсімдігі суда еріген қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді.Кейбір су өсімдіктерінің тамыры су астындағы лайға немесе тасқа ілініп ,бекініп өседі, Су қоймасы жануарлар әлеміне де бай.Инелік—торкөзді үлкен қанаттары бар өте әдемі жәндік. Инелік—қомағай, пайдалы жәндік. Суаршын , сазқұндыз,кәмшат,құндыз,сияқты шағын денелі аңдар су қоймасында тіршілік етеді. Сүңгуір қоңыз, тоспа ұлу, алабұға, мөңке де осы арада тіршілік етеді. Олар туралы толықтыра түсінік беріледі.

4.Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.5.Деректі фильмді көрсетіп отырып,түсіндіру.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларының қандай пайдасы бар екенін 4 оқушыдан топтасып,әр топ өсімдік немесе жануар түрінің бірін алып ,сол туралы не білетіндерін жазып ,қорғайды.(Бірін-бірі қайталамуы тиіс)

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Су қоймасының қандай түрлері болады?Су жағалауында,су ішінде өсетін өсімдіктер туралы не білдік?Тіршілігі сумен байланысты жануарды ата. Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын оқу,мазмұны.Дәптерге өз жеріңдегі су қоймасы туралы жазу.ІХ. Бағалау























































































37. Тақырыбы: Су қойма өсімдіктері мен жануарларын қорғау.

Мақсаты: Жаңа сабақ мазмұнын ашып,түсіндіру. Ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, ойын жинақтап айта білу қабілеттерін дамыту.Табиғатты аялауға, тазалыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,талдау, жинақтау. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. : Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өтілген тақырып мазмұнын сұрау.Дәптерге жазып келгенін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Су қоймасының қандай түрлері болады?Су жағалауында,су ішінде өсетін өсімдіктер туралы не білдік?Тіршілігі сумен байланысты жануарды ата. Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Су қоймалары өсімдіктері мен жануарларын қорғаудың қандай маңызы бар екенін түсіндіру.Су қоймасында да ағзалар табиғи бірлестікте тіршілік етеді. Яғни, олардың тіршілігі бір-бірімен және өлі табиғатпен тығыз байланысты. Жағалау өсімдіктері адамның әрекетінен жойылатын болса,онда су шапшаң булана бастайды. Су қоймасы тайызданып, құрғап кетеді. Өнеркәсіп орындары өз қалдықтарымен су қоймаларын жиі ластайды. Нәтижесінде судағы тіршілік иелеріне зиянын тигізеді.Жұпартышқан,құндыз «Қызыл кітапқа »енген18ғасырда құндыздар солтүстік өңірде кеңінен таралған. Бағалы терісі үшін аямай қырылып, 19 ғасырдың аяғында мүлдем жойылып кеткен. 1963 жылдары Жайық өңірінде алғаш рет құндыздар пайда бола бастады. Ресейдің Орынбор облысынан келген деген болжам бар.1974жылы Жайық өзені аңғарында құндыздарды қорғауға кешенді қорық құрылды. Қара күзен де «Қызыл кітапқа »енген жануар. Бұйра бірқазан, сары құтан, аққұтан, жалбағай,аққу, қарашақаз, шүрегей де осы кітапқа енген құстар.Кәсіптік балық –Арал албырты жойылудың аз-ақ алдында тұр.Уылдырығын Әмударияға шашады, негізгі мекені—Арал теңізі.Жетісу бақатісі де су жануары.Оны да қорғап қалуды ғалымдар ұсынып отыр. Су қоймасы маңындағы ағашты кеспеу, шөбін малға таптатпау,суға қалдықтар тастамауға сен де өз үлесіңді қоса аласың.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Дәптермен жұмыс. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын өз беттерінше жазу.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Су қоймаларын қорғаудың маңызы қандай?

-Инелік туралы не білдің?

Жетісу бақатісін не үшін аулайды екен?

-Құрып бара жатқан қандай балық туралы білдіңдер?

-Ол уылдырығын қайда шашатын еді?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 102-104-беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге өз өлкемізде «Қызыл кітапқа» енген жануар болса ,естігенің болса жазып ал. ІХ. Бағалау.



































































































38. Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру.

Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , оған жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы мазмұнын сұрап, үй жұмысын тиянақтау.Дәптердегі жұмысын тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Су қоймаларын қорғаудың маңызы қандай?

-Инелік туралы не білдің? Жетісу бақатісін не үшін аулайды екен?

-Құрып бара жатқан қандай балық туралы білдіңдер?

-Ол уылдырығын қайда шашатын еді?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешіңдер.

1. Жасыл ине киімім, 2. Түрі шар сияқты,

Жайлаймын тау биігін. Түсі қып-қызыл.

Жаңа жылды тойласақ, Дәмі бал сияқты.

Төріңдемін үйіңнің.

Мұғалім түсіндірмесі

Картадан таулы жерлерді көрсету.Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Тау басында жазда да қар жатады. Жата-жата тығыздалып, мұз боп қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, бір-біріне қосылып,өзенге айналады. Таудың күнгей беттері жылы,құрғақ келеді. Теріскей беттері салқын,дымқыл келеді. Осыған байланысты таулы жер өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болады. Тау етегіндегі жазықта жапырақты ормандар бар. Көктерек,қайың,тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат,тобылғы,итмұрын сияқты бұталар , арасында шалғындар бар.Жоғары тау беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Шырша,қарағай,арасында аздап көктерек те кездеседі. Бұталардан ұшқат пен ырғайды кездестіруге болады.Тау етегінде елді мекендер орналасқан. Бір кездерде жапырақты ағаштар мен бұталар аралас өскен. Қазір егістік, бау-бақша,жүзім шаруашылығы дамыған. Күреңот –балды өсімдік. Алтай өлкесінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Шалғынды алқаптан не алынатынын біз білеміз. Биік тауда барыс, сілеусін,арқар бар.Ұлар,қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр,шіл, тоқылдақ сияқты құстар тіршілік етеді. Алтайда бұға шаруашылығы да жақсы дамыған.

Сонымен, таулы жердің жануарлар әлемі де –ел дәулеті,табиғат көркі.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Жануарлар мен өсімдік суреттері бар үлестірмелерді таратып беру, топ бойынша. Әр топ сол сурет бойынша қандай жердікі екенін табады.Оны қорғайды.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары неге алуан түрлі болады?

-Тау етегінен құздарға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады?

-Өзендер қалай пайда болады екен? - Жануарларының қандай пайдасы бар?

-Ең биік тасты құзда тіршілік ететін қандай құс?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 57-59-беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге тау өсімдіктері мен жануарларын жазу.

ІХ. Бағалау.













39 Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.

Мақсаты: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Өткен материалмен байланыстыру арқылы сөйлеу тілін, ой-өрісін ,мазмұнын жүйелі түрде жеткізе білу дағдысын дамыту.

Сұлулыққа, әсемдікті түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер,карта

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Дәптерге орындаған тапсырманы оқыту.

Өткен сабақтың мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары неге алуан түрлі болады? -Тау етегінен құздарға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады?

-Өзендер қалай пайда болады екен?

- Жануарларының қандай пайдасы бар?

-Ең биік тасты құзда тіршілік ететін қандай құс?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалім түсіндірмесі Тауға кім барып көрді?

Ол жердің сұлулығына таңданбайтын жан жоқ. Осындай сұлулықты қорғамаса не болар еді? Айтыңдаршы , біздің мемлекетімізде таулы аймақ қаншалықты?Картадан көрсету. Хан –Тәңірі –Шығыс Тянь-Шаньдағы Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасына орналасқан шың.Биіктігі 6995 метр.Бітімі өте сүйір, негізінен мәрмәрленген әк тастан түзілген. Тұңғыш рет шыңына 1931 жылы кеңес альпинистері шыққан.Хан-Тәңірі---Тянь-Шанның ең ірі мұздану орталығы,ең ірісі—Инелшік мұздығы.

Кербез де сұлу бұғы-маралдар, қуатты ,мықты арқарлар мен таутекелер,алып қозықұмайлар, паң да епті барыстар мекендейтін таулар әлемін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу үшін Қазақстан Республикасында бірнеше қорықтар ұйымдастырылған. Олардың ішіндегі ірілері—Алматы, Ақсу-Жабағылы,Қатонқарағай,Марқакөл қорықтары таулы өңірлерде орналасқан.

Таулы аймақтарға берілген суреттерді көрсетіп, ол туралы өздеріне әңгімелету.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Үлестірме арқылы тест тапсырмасын беру.(110-111-бет)

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

  • Тау өсімдіктері мен жануарларын қорғаудың қандай жолдары бар?

  • Өсімдіктерін қорғамаса адамзатқа қандай кері әсері болар еді?

  • Жануарларын неге қорғап қалу үшін қорықтар құрылған?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 108-109-беттерді оқу, мазмұны.Өз өлкеңдегі тау туралы үлкендерден естігенің болса жазып ал. ІХ. Бағалау



40. Тақырыбы: Жер-ғарыш денесі.(тарау) Ғарыш дегеніміз не?

Мақсаты: Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару . Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу:

Қараңғыда жымыңдайды жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді.(планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)

Планеталар—өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол—Ю.А. Гагарин.

Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу.

-Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?

-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

Қазір ғарыш қалай зерттелуде?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 114-117-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.ІХ.Бағалау.



41.Тақырыбы: Күн –жарық пен жылудың көзі.

Мақсаты: Оқушылардың білім білік дағдысын жарық пен жылутуралы баяндау.

Сабақ түрі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: суреттер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару .Жақсы күнге жақсы тілек тілейік. Барлығымыз аман-есен жүрейік.

Үйренейік көп қызықты алда біз Жер туралы,Күн туралы білейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ғарыш деген не?» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау, дәптерлерін тексеру.

-Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу.

-Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?

-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

Қазір ғарыш қалай зерттелуде?

ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. .Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Күнсіз өмірді елестету мүмкін бе? Онда өміріміз қалай болған болар еді?

Қалай ойлайсыңдар,күнді неге жарық пен жылудың көзі дейді?

Осы сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа сабақты түсіндіреміз.

Күн—тұтас бір жүйенің –Күн жүйесінің орталығы. Күн қатардағы жұлдыздардың бірі. Ол да лаулап жанып тұрған газды шар. Оның беткі қабатындағы қызу 6000 градус шамасында,ал терең түкпірінде 16млн. градусқа дейін жететін болуы керек.Басқа жұлдыздарға қарағанда күн жақынырақ орналасқан соң үлкендеу болып көрінеді. Күн мен Жердің ара қашықтығы 150млн.км. Оның таралу жылдамдығы секундына 300000км.

Күн тым жақын денені қатты қыздырады, ал алыс болса үскірік орнайды.

Күннің көлденеңі 1400000км . Бұл Жердің көлденеңінен 109есеге артық деген сөз. Жерге Күннің қуатының екі миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Басқасы әлем кеңістігіне шашырап кетеді.Осының өзі Жерді жылытуға жетеді. Жерде өтетін сан алуан табиғат құбылыстары Күнсіз тоқтап қалар еді.

Оқулықпен жұмыс.Дауыстап тізбектей оқу.

Сарамандық жұмыс. Дөңес қалың әйнек арқылы күн сәулесін біраз уақыт қағазға түсіріп тұр. Қағаз неге күйді? Өз зерттеулеріне қорытынды жасату.

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Дәптерге күн болған кез бен күн болмаған кездің тіршілікке әсерін жазу.

(класты екі топқа бөлу, бір топ күн бар кездегі тіршілікті жазады,ал келесі топ күн жоқ кездегі тіршілікті жазады)

VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Күн жүйесі деген не?

-Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде?

-Күн бетіндегі,қойнауындағы температура қандай?

-Күн қуаты қалай пайдаланылады?

Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 118,119-беттерді оқу,мазмұны. ІХ:БАғалау.



42. Тақырыбы: Жер –шар тәрізді дене.Глобус-Жердің дәл үлгісі.

Мақсаты: Жердің шар тәрізді екенін ,глобустың жердің дәл үлгісі екенін түсіндіру.

Ой-өрісін, теориялық білімін, сөйлеу тілін дамыту.

Жерді босқа сызбауға, босқа қазбауға, ырымдарды сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта.(жарты шарлар)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күн туралы білгендерін әңгімелету. Мазмұнын толық сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Күн жүйесі деген не? -Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде?

-Күн бетіндегі,қойнауындағы температура қандай?

-Күн қуаты қалай пайдаланылады?

Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Жер-шар тәрізді дене. Глобус—Жердің дәл үлгісі.

V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында.Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий,Шлопан,Жер,Марс)ішіндегі ең үлкені.

Жер-шар тәрізді екенін бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары .Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді.

Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды.Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған.Барлық Жердің шар тәрізді екенін дәлелдейтін мысалдарды айтып,түсінік беру.

Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады.

Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп алынады.

Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады.Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады.

Глобус ХҮ ғ. Бастап шыға бастады. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит дейміз. Мұхиттың құрлыққа кіріп жатқан бөлігін теңіз дейміз.Жер шарында 4мұхит бар аттарын айтып,картадан көрсету.Тынық мұхитының аумағы қалған үш мұхиттың аумағын қосқандағыдай.Материк алтау,оларды айтып ,картадан көрсету. Қазақстан қай материкте орналасқанын айтып .түсіндіру.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқулықпен жұмыс.Дауыстап тізбектей оқу.

Глобустан мұхиттарды, құрлықтарды оқушылардың өздеріне көрсету.

ҮІІ. Қорыту.

  • Ертедегі адамдар жер пішінін қандай деп ойлаған?Жердің шар тәрізді екеніне қандай дәлелдер бар?

  • Жер бақылаушы адамға неге тегіс боп көрінеді?

  • Неліктен глобусты Жердің дәл үлгісі дейді?

  • Масштаб деген не еді?

  • Картадан жан-жағынан 4 бірдей мұхит қоршап жатқан материкті тап.

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 119-122-беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге құрлықтар мен мұхит және теңіздерді глобустан қарап жазуға. ІХ.Бағалау.



43. Тақырыбы: Глобустың градус торы.

Мақсаты: Глобустың градус торы жайында түсінік беру.Глобустан градус тоын табу,ойлау, есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын дамыту.

Ұйымшыл болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік,талдау,жинақтау.

Көрнекілігі: суреттер, глобус, жарты шарлар картасы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өтілген материал мазмұнын сұрау, дәптерлерін тексеру.

Глобустан мұхиттар мен материктерді тапқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

  • Ертедегі адамдар жер пішінін қандай деп ойлаған?Жердің шар тәрізді екеніне қандай дәлелдер бар?

  • Жер бақылаушы адамға неге тегіс боп көрінеді?

  • Неліктен глобусты Жердің дәл үлгісі дейді?

  • Масштаб деген не еді?

  • Картадан жан-жағынан 4 бірдей мұхит қоршап жатқан материкті тап.

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Глобустың градус торы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1Кіріспе: тор деген не? Глобусты көрсетіп тұрып ,онда тор бар екенін сұрау.

2.Сарамандық жұмыс жасап көреміз(кітапта берілген)

3.Жер шарында екі полюс бар. Жерді тең екі шарға бөліп тұрған экватор сызығы.(экватор-латынша теңейткіш деген сөз.)

Жер экваторының ұз. 40000 км. Экватроға қатарласа сызылған сызықтар параллельдер деп аталады. (грекше –қатар жүруші дегенді білдіреді.) ОЛар батыс-шығыс бағытын көрсетеді. Ол полюстерге қарай жүрген сайын қысқара береді.

Екі полюстің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар .Олар—меридиандар. Латын тілінен аударғанда –түскілік дегенді білдіреді.Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді. Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллельдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы дейді.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Қатар отырған екі оқушы бір –біріне глобус бойынша тапсырма береді.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі? Олар қалай аталады?

-Параллельдер деген не? Меридиан деген не? -Градус торын не құрайды?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 122,123- беттерді оқу, мазмұны, глобуспен жұмыс жасап үйрену. ҮІІІ.Бағалау



44. Тақырыбы:Жердің өз білігінен айналуы.Күн мен түннің ауысуы.

Мақсаты: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік беру. Теориялық ойын ,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Градус торы туралы сұрап ,білімдерін тиянақтау. Глобуспен тақтада жұмыс жүргізу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі? Олар қалай аталады?

-Параллельдер деген не? Меридиан деген не? -Градус торын не құрайды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жер білігі дегенді түсіндіріп алу .Ол үшін пластиллиннен домалақ жасап ,ортасынан жіп жіберу . Сол жіптің білік екенін түсіндіру.

Глобустан жер білігін көрсету.Жер осы өз білігінен айналады . Май шамын жағып, өз білігінен айналғанда оның бір жағы қараңғы болатынын түсіндіру. Осылай күн мен түннің ауысатынын түсіндіру.

Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады.Жер өз білігінен ешбір іркіліссіз, бірқалыпты айналып тұрады.

Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту. Теріп оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Күн мен түннің ауысып тұруының адам баласы үшін тигізер пайдасын әркім өз орнында жазып берсін.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Не себепті Күн сәулесі бір мезгілде Жердің бір жақ жартысына ғана түседі?
-Күн мен түн неге ауысады? -Тәулік деген не?

-Жердің өз білігінен айналуының тіршілік үшін қандай маңызы бар?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 124-125- беттерді оқу, мазмұны.Сармандық жұмыс жасап көру глобуспен. ІХ. Бағалау.



45. Тақырыбы: Жердің Күнді айнала қозғалуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы.

Мақсаты: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Жыл мезгілдері қалай ауысатынын ұғындыру. Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, глобус.карта.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Мазмұнын сұрау.Глобуспен күн мен түннің ауысуын көрсету.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Не себепті Күн сәулесі бір мезгілде Жердің бір жақ жартысына ғана түседі?
-Күн мен түн неге ауысады? -Тәулік деген не?

-Жердің өз білігінен айналуының тіршілік үшін қандай маңызы бар?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша жердің күнді айнала қозғалысы туралы .ондағы жыл маусымдарының ауысуы жайлы түсінік беру.

Күн жүйесіне кіретін барлық денелер Күнді айнала қозғалады. Жер де Күнді айналады.Жердің Күн төңірегін дегі басып өтетін жолы Жер орбитасы деп аталады.

Жердің Күнді толық 1 рет айналып шығуына кеткен уақыт жыл деп аталады. 1жылда 365 күн бар.

Оқулық бойынша түсіндірме. Сарамандық тапсырма: 128-беттегі.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Глобусты алып әр материкте қандай мезгіл екенін тауып көру

ҮІІ.Қорыту.-Жыл мезгілдері неге өзгереді? -Жер орбитасы деген не?

- Жер күнді қанша уақытта айналып шығады?

-Қыс пен жаздағы күннің орналасуы қалай болады?

-Өзің сырық көлеңкесі арқылы Күн сәулесінің түсу бұрышын анықта.

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 126- 128-беттерді оқу, мазмұны .Тест тапсырмасын дәптерге орындау. ІХ.Бағалау.



46. Тақырыбы: Қоғам. Отбасы –шағын қоғам.

Мақсаты: Отбасы –шағын қоғам екенін , өзінің сол қоғамның бір мүшесі екенін түсіндіру. Ой-өрісін, сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.Отбасында әдепті болуға, үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,талдау, жинақтау, көрнекілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық .

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Жыл мезгілдері неге өзгереді? -Жер орбитасы деген не?

- Жер күнді қанша уақытта айналып шығады?

-Қыс пен жаздағы күннің орналасуы қалай болады?

--Күн мен түннің ауысуы неге байланысты? -Жыл мезгілдерінің ауысуы ше?

-Күн мен түн ауысуына кеткен уақыт қалай аталады?

-Жердің Күнді айналып шығуына кеткен уақыт қалай аталады?

ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қоғам. Отбасы –шағын қоғам.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: .Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де.

Кіріспе: Отбасы деген не?Отбасының мүшелері деп кімдерді айтамыз?

Қоғам деген не? Мысалы, Қазақстан Республикасының қоғамы, оның алып жатқан аймағы бар,басқарушысы, халқы бар.Осы қоғамның өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді.Отбасын неге «қоғам»дейді? Оның да басшысы бар. Ол не әкесі немесе анасы.Басшы отбасындағы бүкіл шаруаны ұйымдастырады.Барлығына қамқор болып,бастарын біріктіреді.Отбасының тұратын мекенжайы, өз табысына қарай шаруасы болады.Отбасы мүшелері шамасына қарай іс атқарады.Жұмыс істейді, оқиды, үй шаруасымен айналысады.Барлығының ортақ ісі –отбасының татулығы,әр мүшесінің дамуына жағдай туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі.Табысы да ортақ.Отбасында «қор»деген бар.Ол қор қалай жиналады деп ойлайсың?(оқушылардың пікірін тыңдау)Отбасындағы ата-ананың ақылымен туған-туыспен қарым-қатынас реттеледі.Қарым-қатынас түрі көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру,ауырып-сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерді үйлендіру.т.б.Адам өз басынан басқа да шаруаларға көмек қолын созса- ол оның адамгершілігі. Мейірім болған жерде адамдық қасиет те болады. Сен көмек қолын созсаң, саған да керек кезінде көмек қолын созатындар табылады.Осылайша отбасы шағын «қоғамның» жұмысын атқарады.

Отбасы туралы суреттермен әңгіме жүргізу.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Өз отбасы туралы қысқаша мәлімет беру.

(атасы,апасы,әкесі,анасы, бауырлары, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы)

V .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Ата-ана туралы, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, мазмұнын ашу.

Атаңа не істесең,алдыңа сол келеді. Әке көрген оқ жонар,

Атаға қарап ұл өсер, Шеше көрген тон пішер.

Анаға қарап қыз өсер.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.т.б.

Жанұя мүшелері

Ата Міндеттері

Ақылшы, бата береді.

Жанұядағы әрбір адамның атқаратын міндеттерін әңгімеле:

VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Отбасын неге «шағын қоғам» дейміз?

-Отбасында басшы қандай қызмет атқарады?

-Туыстармен қарым-қатынасты кім реттейді?

-Үлкен тойлар, соғым басы, шілдехана сияқты тойлардың пайдасы бар ма?

-Туған-туыстан басқа тағы кімдермен араласасың?

--Өзің отбасыңа қандай көмек бересің?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 132-133- беттерді оқу, мазмұны.

«Отбасындағы татулық»тақырыбына шығарма жазу. ІХ. Бағалау.



47. Тақырыбы:Туған-туысқандар.

Мақсаты: Туған- туысқандар , ағайындар туралы түсінік беру. Ой-өрісін , тіл байлығын,

ағайын-туыстардың атауларын есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Бауырмал, кішіпейіл, қонақжай, үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер ,қуыршақтар.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де , Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Отбасы –шағын қоғам» тақырыбының мазмұнын сұрау. Шығармаларын оқытып, талдау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:-Отбасын неге «шағын қоғам» дейміз? -Отбасында басшы қандай қызмет атқарады? -Туыстармен қарым-қатынасты кім реттейді?

-Үлкен тойлар, соғым басы, шілдехана сияқты тойлардың пайдасы бар ма?

-Туған-туыстан басқа тағы кімдермен араласасың? -Өзің отбасыңа қандай көмек бересің?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Туған-туысқандар.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе:- туыс деп кімдерді айтасыңдар? -Оларды не үшін туыс дейміз ? Өздеріне әңгімелету.

Қазақта жігіттің үш жұрты болады.Олар : өз жұрты, нағашы жұрты,қайын жұрты.

Өз жұрты өзінің ата,әжесі, әке-шешесі, аға –жеңгесі, әпкесі, іні-қарындастары, басқа да аталас туыстары.Нағашы жұрт—өз шешеңнің төркіні. Анаң жақтан болған туыстар саған нағашы болады. Ал сен оларға жиен боласың. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды»деген мақал да бар,ол нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салады. Жігітке ең жақын жұрт –нағашысы. Жиеншар деген туыстық атау бар, жиеннен туған бала жиеннің нағашыларына жиеншар болады. Бажа, бөле дегенді естігендерің бар ма? Апалы-сіңлілі немесе туыстас қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне «бажа»болады

«Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату» дейді. Апалы-сіңлілі қыздардан туған балалар бір-біріне «бөле»болады. Бөле жақын жүріп, тату болады.

Жігіттің бір жұрты--- қайын жұрты. Әйелдің төркіні оның жұбайына қайын жұрт, ал жұбайы оларға күйеу болады. Жезде, балдыз, қайын ата ,қайын ене, қайнаға, қайынбике деген атаулар бар .Әрқайсысы туралы түсінік беру.Құда,құдағи, құдаша, құдабала қыз алып, қыз берісіп , бір баласы екеу болған адамдардың туыстық атауы.

Оқулықпен жұмыс: Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Қуыршақтар алып , туыстық қарым-қатынасқа байланысты рөлдік ойындар орындау.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

  • Жігіттің қанша жұрты бар? Өз жұрты деген кім?

  • Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің?

  • Жиен,жиеншар деп кімдерді айтады?

  • Бөле деген кім?Сенің бөлең бар ма?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 134-136 –беттерді оқу,мазмұны.

Дәптерге өз туыстары туралы жазу. ІХ: Бағалау.

48. Тақырыбы:Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Мақсаты: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер тақырыбын мазмұнымен таныстыру.

Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Үлкенді құрметтеуге , ата-ананы қадірлеуге , кішіпейіл болуға, үлкенге көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық . Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-«Әке- асқар тау, ана-ағып жатқан бұлақ, бала—жағасындағы құрақ» дегенді қалай түсінесіңдер? Үлкенді сыйлау—қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау---әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйламайды. Ата-ана баланы өмірге әкеледі, оны тәрбиелеп өсіреді, білім береді, болашағым, үмітім деп сенеді. Ертең өсіп, азамат боп үйге қамқор болады деп сенеді. Амандасқанда да «бала –шағаң аман ба?» дейді.Жақсы ісімен көзге түссе жігіт болған екен дейді. Адам баласы қартайғанда күші кетеді. Олардың ақылы, тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Қандай қиын іс болса да оның шешімін ата-ана табады.

Ертегіні айтып, үлкеннің ақылын әрқашан тыңдау керек екенін ұғындыру.

Әке ,ана туралы қандай өлеңдер білеміз? Оқытып, мазмұнын ашу.

Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Ата-ана,үлкендер туралы мақал-мәтелден жарысын ұйымдастыру.

VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Ата-анаға қамқоршы дегенді қалай түсінесің?

-Аңызды не үшін осы тақырыпта берген деп ойлайсың?

-Ата-ананың баланы өсіру жолындағы еңбегін айт.

-Ата-анаң қандай қызмет атқарады? Сен оларға қандай жақсылық жасайсың?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 136-137-беттерді оқу,мазмұны. «Қайырым»тақырыбына шығарма жазу. ІХ.Бағалау.



49. Тақырыбы:Мектеп. Алғашқы мұғалім.

Мақсаты: Мектеп тарауы бойынша алғашқы мұғалім жайлы мағлұмат беріп,түсіндіру.

Ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту. Ұстаздардың еңбегін бағалап, оны құрметтей білуге, сыйлауға, ұстаздың мектеп жүрегі екенін айтып, ұстаз атын жоғары ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Ата-ана, туыстар туралы білімдерін тексеру. Мазмұнын сұрау. Шығарманы 1-2 оқушыға оқыту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Ата-анаға қамқоршы дегенді қалай түсінесің?

-Аңызды не үшін осы тақырыпта берген деп ойлайсың?

-Ата-ананың баланы өсіру жолындағы еңбегін айт.

-Ата-анаң қандай қызмет атқарады? Сен оларға қандай жақсылық жасайсың?

ІV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: мектеп туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Мектеп нені үйретеді?Ал сол мектептегі қызметкер кім?Алғашқы ұстаз деп кімді айтасыңдар?

Осы сұрақтарға жауап алып, ұстаз туралы бір әнді айту.

Оқулық бойынша ұстаз атына қатысты мағлұматтармен таныстыру.

Ең алғашқы ұстаз қазақ даласындағы кім еді?Оның қандай өсиет қалдырғанын білесіңдер ме?

Қ.Қайсенов пен Ш. Айтматов әңгімелерін түсіндіру. «Халық ағасы» деп кімдерді айтуға болады? Өз жерімізде кімді халық ағасы деп айтуға болады?

Әулиеата сөзіне сөздік жұмысы. Талғар қаласының да ескі атауы бар. Ол –Талхиз деп аталған.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Мұғалімге тән қасиеттерді жазу . Ол басқа мамандардан қандай ерекшелігі бар мамандық?

Мектеп қабырғасына аттаған кезден бастап сен неге үйренесің?

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

  • Алғашқы мұғалім неге ыстық?

  • «Халық ағасы»кімдер екен?

  • Өз алғашқы мұғаліміңнің қандай жақсы қасиеті есіңде қалды?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 137-138-беттерді оқу,мазмұны. «Алғашқы ұстазым»тақырыбын,а шығарма жазу. ІХ.Бағалау



50. Тақырыбы:Біліміңді пайдаға асыр.

Мақсаты : Жаңа сабақ мазмұнын таныстырып, түсіндіру. Ойлау, есте сақтау, сөздік қорын,әңгімелеу дағдысын қалыптастыру.

Өз білгенін үйретуге, ұқыптылыққа, кез келген уақытта көмекке келуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үй тапсырмасының мазмұнын сұрау.Шығармасын оқыту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Алғашқы мұғалім неге ыстық? «Халық ағасы»кімдер екен?

  • Өз алғашқы мұғаліміңнің қандай жақсы қасиеті есіңде қалды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Кіріспе: білім туралы мақалдар айтып,оны талдау.

2.Адам оқып қана қоймайды. Сонымен қатар көп өнерге де үйренеді.Білімнің көзі—кітапта. Кітапты көп оқыған адамның тілі шешен, сөзі көсем болады. Ерте кезде білім алу тегін болмаған, сол үшін кейбір үлкен кісілер сауатсыз боп қалған .Осындай кісілерге білімді,сауатты адамдар хаттарын, газеттер оқып берген.Әсіресе соғыс жылдарында сауатты балалардың көп пайдасы тиген.Хаттарын жазып, өлеңдерді мәнерлеп оқып берген. Ол кезде телевизор да жоқ. Кино, концерт дегендер сирек қойылатын. Ал қазір барлық техника түрі бар. Барлық ақпарат осындай техника арқасында жалпы жұртқа жеткізілуде. Осындай кезде сен өзіңнен кіші жандарға өз біліміңмен көмек бере аласың. Суреттер көрсетіп, оларды тәрбиелеуге үлес қосасың.Бұл сенің ата-анаңа берген көмегің.

3.Үйде мұғалім боп ойнайсыңдар ма?Әңгімелету.

4.Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Мектептен алған білімнің қандай пайдасы тиіп жатыр, жазбаша түрде орындау.Тізіп жазу.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Бауырыңа көмектесуге мектептен алған білімің көмектесті ме?

- Саған кім көмек жасап еді? -Оқуыңа ата-анаңның қандай көмегі тиді?

Көршіңе, елге қандай көмегіңді тигізесің?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 139-141-беттерді оқу,мазмұны.Өз мұғалімің туралы әңгіме жаз

51. Тақырыбы: Тест жұмысы.Қайталау.

Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру,бақылау. Өз беттерінше жұмыс істеуге, ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: қайталау сабағы Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,бақылау.

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Тест жұмысы.

ІІІ.Тест жұмыстарының тапсырмасы.

  1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?

А)ғарыш Б) планета

Ә) галактика В) метеорит

2. Жерге ең жақын жұлдыз

А)Ай Б)Шолпан

Ә) Күн В) Марс

3.Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?

А) галактикаға Б) жердің серігіне

Ә) күн жүйесіне В) жер шарына

4. Меридиандардың параллельдерден айырмашылығы қандай бағытты көрсетеді?

А) солтүстік-батыс Б) солтүстік-оңтүстік

Ә) шығыс-батыс оңтүстік –батыс

5.Жердің өз білігін айналуына қанша уақыт кетеді?

А)бір ай Б)бір күн,бір түн

Ә) үш апта В)екі тәулік

6. Жердің Күнді толық бір рет айналып шығу үшін қанша мезгіл өтеді?

А) тоғыз ай Б) 235 күн

Ә) төрт мезгіл В) екі мезгіл

7.Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

А) Ай,Сатурн, жұлдыз Б) Жұлдыз, Жер, Ай

Ә) Шолпан,Нептун, Марс В) Юпитер, Уран, жұлдыз

8. Қазақ жерінде ғарышқа алғаш ұшқан кім?

А) Т.Мұсабаев Б) Ю.Гагарин

Ә) Т.Әубәкіров В)Т.Бигелдинов

9. Жердің дәл үлгісі қалай аталады?

А) глобус Б) шеңбер

Ә) карта В) доп

10.Отбасы негізі неде?

А) достықта,тойға баруда

Ә) қаражаттың мол болуында,шет елге баруда

Б) қонақжайлылықта,сыйлық әкелуде

В)махаббат пен түсінушілікте

11.Қазақ халқына тән ата салт

А) қонақ шақыру, той жасау Б)үй салу,ағаш отырғызу

Ә) мешітке бару, жаратушыға сыйыну, В) үлкенді сыйлау, бата алу

12. Ауыл шаруашылығын жандандыру жолдары:

А) түрлі фирмалар салу Б)зауыт салу

Ә) әртүрлі фермалар ашу В) құрылыстар салу

13. Жиен деген кім ?

А) қыздан тараған ұрпақ Б) немереден тараған ұрпақ

Ә)Ұлдан тараған ұрпақ В) туыстардың балалары

14.Құда-құдағи деген кім?

А) Үйленген екі жастың біреуінің әке—шешесі

Ә) құрметті адам

Б) нағашы атасы мен апасы

В) өзінің ата-анасы

15. Мектептің жүрегі деп кімді айтамыз?

А) оқушы Б) директор

Ә) мұғалім В) ата-ана

16. Орман не береді?

А) ағаш,әйнек Б) қағаз,астық

Ә) жеміс-жидек,цемент В)дәрі-дәрмек,жиһаз

17. «Жер бетнің өкпесі»деп нені айтады?

А)тауды Б) шалғынды

Ә) орманды В) жазықты

18.Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты ,епті,батыл аң

А) аю Б)арыстан

Ә) қасқыр В) барыс

19. Биік құзды мекендейтін қай құс?

А) жапалақ Б)қырғауыл

Ә) құр В)ұлар

20. Су бетінде сырғанап жүретін қай жәндік?

А) қоңыз Б) суаршын

Ә) инелік В)ұлу

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Балалар ,біз қайталауда қандай тақырыптарды қамтыдық?

- Қазақстан жерінде қанща қорық бар екен?

-Қорықтар құрудың қаншалықты маңызы бар?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:Қайталау.Дәптерге Өз мұғалімің туралы әңгіме жазу.

ІХ. Бағалау.

ІҮ тоқсан

52. Тақырыбы: Кітап қайдан шығады? Жазғы директор.

Мақсаты: Кітаптың шығу тарихымен таныстыру.Жазғы директор тақырыбының мазмұнын түсіндіру.

Ой-өрісін ,сөйлеу тілін дамыту,кітап ақылшы болатынын , оны қадір тұтып, ұқыпты ұстауларын, бір-бірімен тату,дос болуға, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

  • Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Балалар ,біз қайталауда қандай тақырыптарды қамтыдық?

- Қазақстан жерінде қанща қорық бар екен?

-Қорықтар құрудың қаншалықты маңызы бар?

Картадан қорықтар құрылған аймақтарды көрсету

ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау..

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кітап-- білім бұлағы, Кітаптың іші –сырлы әлем,

Білім –өмір шырағы. Кластың іші---нұрлы әлем.

Кітаптың бетін ашпасаң, өмір де саған есігін ашпайды.

Осы мақалдардың мазмұнын ашып,талдау.

Кітап—адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.Білім мен тәрбиенің көзі. Адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу»деген мағына береді. Кітаптың шығуы мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты.Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Грекия мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды.Балшықтан арнайы тақтайшалар құйылып,бетіне үшкір қаламшалармен жазған.Онан соң кептіріліп,арнайы пештерде күйдірілген. Белгілі бір ретпен текшеленіп жиналды.Қыш кітаптар осылай дүниеге келді.Түркі халықтарының көне жазба мұрасы боп табылатын «Орхон-Енисей»жазба ескерткіші ашық аспан астында тұрған осындай тас кітаптар деп айтуға болады.Одан кейін Мысырда папирус қолданыла бастады.Папирус деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.Орама кітаптар осылай пайда болды.2 ғасырда жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі.Пергам патшалығы тұсында пайда болған бұл материал «пергамент»аталды. Ол жарғақ тері.Біздің заманымыздың 1ғасырынан бастап түптелген парақты кітаптар шыға бастады.2 ғасырында Қытай елінде қағаз жасалды.Орта ғасырларда жазба жұмысы қауырт дамыды,Көркемделіп, қымбат металдармен қапталды.

15 ғасырда неміс ғалымы Иоганн Гутенберг металдан әр әріпті бөлек-бөлек құйып алып, кітап бетін сол әріптерден теріп құрастырды.Оның бетіне бояу жағылдыда,оған қағаз басылып,көшірмесі алынды.Халқымыз кітапты құрметтейді,оған үлкен мән береді.

Оқулықпен жұмыс. «Жазғы директор»тақырыбын дауыстап тізбектей оқыту.

V .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Ең алғаш кітап қандай болды? Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?

Сәулені балалар неге «директор деп атады?»

Өздерің аулада ойнағанда Сәуле сияқты балалар болды ма?

Сәуленің орнында болсаң не істер едің?

VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

Ұлық болсаң, кішік бол.

Аяз би туралы ертегі естеріңде ме ? Ол неге ескі тымағын керегеге іліп қойды?

Директор қандай жұмыстарды атқарады?

Осы сұрақтарға жауап алу. Оқыған кітабың туралы не айта аласың?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:141-146- беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге кітап туралы жаңа мақал-мәтел жазып келу.ІХ.Бағалау



53. Тақырыбы:Біздің ауыл. (тарау) Шаруа қожалығы.

Мақсаты: Ауыл, ондағы шаруашылықтар жайында түсінік беру. Ауылдың ерекшелігін, ондағы еңбек түрлерінің қаладан өзгеше екенін ұғындыру.

Сөйлеу тілін, ойлау,есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

Еңбексүйгіштікке ,тиянақты болуға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Кітап қайдан шығады?» тақырыбының мазмұнын сұрау. «Жазғы директор » кім? Мазмұнын бекіту

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Ең алғаш кітап қандай болды? Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?

Сәулені балалар неге «директор деп атады?»

Өздерің аулада ойнағанда Сәуле сияқты балалар болды ма?

Сәуленің орнында болсаң не істер едің?

Кітаптың шығу тарихын қысқаша теріп айт.

ІV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлауШаруа қожалығы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Кіріспе: Ауыл туралы не айта аласыңдар? Оқушыларды әңгімелету.

2. Шаруа қожалығы --ауылды жерлердегі еңбек бірлестігі. Адамдар жеке кәсіпкерлік жұмыстармен айналысады. Ауыл шаруашылығына арналған жерден өнім өндіреді, ұқсатады, сатады. Мұндай қожалықтарда ата-анасымен бірге ұл-қыздары бірге жұмыс атқарады. Қожалыққа 18 жасқа толған , іске қабілетті кез келген Қазақстан Республикасының азаматы басшы бола алады. Қожалық барлық шауаны өз ішінде шешеді.Қаражат та ,өнім де ортақ Өнімді ,табысты ортақ пайдаланады.. Қожалықтар атадан балаға мирас болып қалады. Қазір қожалықтарға мемлекет тарапынан да көмек беріледі.Шаруа қожалығының құқығын айқындайтын заң қабылданды.. Қожалықтар мемлекетке тиісті салықтарды төлеп отырса болғаны.

Шаруа қожалықтарының халыққа тигізер пайдасы қандай?Оқушы пікірін тыңдау.

Суреттер бойынша шаруа қожалықтарына сай қандай кәсіппен айналысатынын тауып, қатар бойынша жарыс ұйымдастыру.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Біз өткен тақырыптардан шаруа қожалығына қажет қандай ұғымдармен танысқан едік?

Ауа райы, дала, шөл, роман ,таулы аймақ, тұсбағар, карта, өзен мен көл,су мен ауаның қожалық үшін қандай маңызы бар?

Адам еңбегі

Ауыл Қала

Ауыл мен қала еңбегі туралы екі топ жазады.

ҮІІ. Қорыту. -Шаруа қожалығы деген не? - Оған қандай адам басшы бола алады?

- Мемлекет қандай көмек береді? -Шаруа қожалығы қандай кәсіптермен айналыса алады?

-Қожалық мүшелерінің қандай құқығы бар?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 146-148-беттерді оқу, мазмұны. Бір шаруашылыққа экскурсия жасап көр. Көрген ,білгеніңді әңгіме етіп жаз.ІХ: Бағалау.



54. Тақырыбы: Ауыл байлығы. Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі.

Мақсаты:Ауыл байлығы деген не екенін ,ондағы ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі туралы түсінігін тереңдету.

Ой-өрісін, сөздік қорын, сөйлемді жүйелі құрай білу қабілеттерін дамыту.

Ауылды көркейтуге, ұқыпты болуға, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Шаруа қожалығы туралы не білдік? Мазмұнын сұрау. Өзінің жазғанын оқыту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Шаруа қожалығы деген не? - Оған қандай адам басшы бола алады?

- Мемлекет қандай көмек береді? -Шаруа қожалығы қандай кәсіптермен айналыса алады?

-Қожалық мүшелерінің қандай құқығы бар?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.«Ауыл іші –өнер кеніші» деп не үшін айтқан? Сұраққа жауап алу.

2. Ауыл байлығы жайында түсінік. Ауылдағы негізгі байлық—Жер-ана . Құнарлы топыраққа не тастасаң да өнім береді. «Жер де сенің бір анаң» деп бекер айтпаған.

Бұрын ауылдарда «ұжымшар»деген болған. Ол ұжымдық шаруашылық,демек барлық атқарылатын шаруа бірге орындалатын. Енді ондай барлық шауашылықты бір қолға жинамайды. Шаруашылықтың әр түрін жеке меншік шаруашылықтар алып еңбек етуде.Бұл тиімді. Адамдар жоғарыдан бұйрық күтіп отырмайды.Өз жұмыстарының жайын өздері шешеді. Өнім беретін көптеген ұжым бар. Олар : егін, мал, көкөніс өсіреді. Тамақ цехтары бар. Шұжық, ірімшік, құрт жасайды. Киім тігетін комбинаттар бар.

Бұлар бір-біріне бағынбай ма деген сұраққа ауылдағы бүкіл шаруашылықтың барысын ,олардың ортақ мүддесін ретке келтіретін ауыл әкімшілігі бар. Әкімшілікті басқаратын адам әкім, әр ұжымнан бір адам мүше бола алады. Қажет тапқан мәселені ойласып шешеді.

Ауылда басқа да мекемелер бар .Мектеп,аурухана, асхана, т. б.

  1. Ауылдың жаңаша көрінісі жайлы дауыстап тізбектей оқыту арқылы түсінік беру.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Өзің болашақта қандай шаруашылық түрін ұйымдастырар едің?

Ол үшін не керек? Өз ойларын әңгімелету.

ІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Ауыл байлығы неде? -Зауыт жұмысының күшеюі үшін не қажет?

-Зауытқа сүт фермасын ұйымдастырудың қажеті не?

-Сүт зауытына қандай құрал-жабдықтар керек?

-Сүттен жасалған қандай тағамды жақсы көресің?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 148-150- беттерді оқу, мазмұны.



55. Тақырыбы: Мектеп пен өндіріс орнының байланысы.

Мақсаты: Мектеп пен өндіріс орнының байланысы не үшін керек екенін түсіндіру.

Өз бетінше ізденуге, ойлануға, ойын жинақтап айта білуге баулу.

Тиянақты, іскер, ақылмен шеше білуге , сабырлылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын арқылы сабаққа аудару - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өтілген тақырып мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Ауыл байлығы неде?

-Зауыт жұмысының күшеюі үшін не қажет?

-Зауытқа сүт фермасын ұйымдастырудың қажеті не?

-Сүт зауытына қандай құрал-жабдықтар керек?

-Сүттен жасалған қандай тағамды жақсы көресің?

ІV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Мектеп дегенді күнде көріп жүрміз. Ал өндіріс орны дегенді естігендерің бар ма?

Өндіріс деген не? Осы сұрақтарға жауап алып, жаңа сабаққа көшу.

2.Мектепті бітірген соң ,белгілі бір мамандық иесі болу үшін жоғарғы оқу орнына барасың.Оны оқып, білімді маман болғанда елге қызмет етесің.Болашақта қандай мамандық алғың келсе, соған қазірден бастап икемделе бастаған жөн.

Үйде әкесі шеге қақса ,баласы да қағып көреді.Ал шешесі тоқыма тоқыса, қызы да соны қайталап үйреніп алады.Кез келген маман иесі болу үшін де ертерек сол туралы біле берген жөн.Осындай мақсатта кейбір өндіріс орындары мектеппен тұрақты байланыс жасап отырады. Мектеп оқушыларына өз жұмыстарын таныстырады. «Теңізшевройл»мұнай кәсіпорны осындай ісшаралар жүргізуде.Оқушыларды шақырып,өз жұмыстарын көрсетеді. Мұнайлы өңірдегі жер тесетін бұрғыларды,мұнай ұңғыларын көреді.Еңбек қауіпсіздігін сақтау,қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен танысады.Мұнайдан өндірілетін заттарды көреді. Озық техниканы пайдалану үшін көп білім қажет. Көп жұмыс компьютер арқылы басқарылады.Жұмыстың сапалы орындалуына талап күшейді.

Білім болған жерде түрлі кәсіпорындар сапалы өнімі арқылы өркендейді.Сондай кәсіпорын иелері болашақта сендер боласыңдар.

Осындай мектеп пен өндіріс орындарының байланысы арқылы өндірістің сан алуан түрімен танысқан оқушылар өзі ұнатқан салаға қарай мамандық таңдайды. Мектепте жүріп-ақ бала болашақ мамандығына әзірлік жасайды.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Өз жерімізде қандай кәсіпорындар бар? «Ғалия» тігіншілер үйі бар.Макарон шығаратын шағын өндіріс орны бар.Кірпіш құятын ірі зауыт та бар.

Тағы көптеген өндіріс орындары бар. Біз мына аталған үш өндіріс орнын үш қатар алып, қандай жұмысшылар жұмыс істейді, қандай техникалар бар, қандай өнім өндіретіні туралы айтып береді.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Мектеп пен өндіріс орнының байланысы не үшін керек?

- Өзің қандай маман иесі болғың келеді?

-Ауыл мектептері қандай өндіріс орнымен байланыс жасай алады?

-Автоматтандырылған ,компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесіңдер?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі 151-152-беттерді оқу,мазмұны.Газеттерден Қазақстандағы ірі кәсіпорындар туралы шыққан мақала тауып, оқып келу.

ІХ.Бағалау.



56. Тақырыбы: Туған ел. Отан (тарауы). Отаным менің ,байтақ өлкем.

Мақсаты: Туған ел, Отан туралы, еліміздің сайын даласы жайында түсінігін тереңдете түсіндіру.Ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, мазмұнын толық, жинақтап айту қабілеттерін дамыту.Отанға ,халқына деген сүйіспеншілікке , оны қадірлеп, қастерлей білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Мектеп пен өндіріс орындарының байланысы тақырыбы бойынша мазмұнын сұрап білімдерін тексеру. Газеттерден жинаған мақалаларын айтып, талдау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Мектеп пен өндіріс орнының байланысы не үшін керек?

- Өзің қандай маман иесі болғың келеді?

-Ауыл мектептері қандай өндіріс орнымен байланыс жасай алады?

-Автоматтандырылған ,компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесіңдер?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау . Отаным менің ,байтақ өлкем.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Отан туралы өткен кластарда қандай өлеңдер оқып ,жаттап едік? Мақатаевтың «Отан туралы»өлеңін жатқа сұрау.

2. «Жібек жолы»поезы неге солай аталған?

Ұлы Жібек жолы --- Еуразияның батысы мен шығысын байланыстырған керуен жолдары тораптарының шартты атауы.Ұлы Жібек жолы б.з.б. ІІ ғасырдың соңында қалыптасты. Ол Қытайдың Чаньан қаласынан басталып,Римде аяқталатын. Ұлы Жібек жолы сусыз шөл далалар , қиын таулы шыңдар, өзен-көлдер, мұздықтар арқылы өтті.Оның бойымен әр түрлі бағыттарда ерекше тауар тасыған көпес керуендері жүрді.Ең қымбат тауар қытай жібегі саналды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта қызметін атқарды. Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Мерв, Бұхара,Самарқан, Үргеніш,Отырар, Сығанақ, Сайрам,Созақ, Сауран, Тараз, Баласағұн, Талхиз қалалары арқылы өткен.Ұлы Жібек жолы ХІҮ-ХҮ ғасырларда ұлы географиялық ашулардың ,яғни теңіз жолдарының ашылуына байланысты өз маңызын жойды. Кейін мүлдем өмір сүруін тоқтатты.

Ол поез ежелгі Жібек жолы сілемімен жүреді. Алматыдан шыққан поез Ақтоғай арқылы Қытай Халық Республикасы Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімшіге барады.Жібек жолы елде сауда мен мәдениеттің өсуіне ықпалын тигізді. Ол бірнеше тармаққа бөлінген. Оның бір тармағы Ферғана, Самарқан, Иран,Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан.Орта Азияға,Сырдың төменгі ағысын бойлай Қазақстанға жеткен:Қара теңіздің солтүстік- шығысын айналып, Еуропа жеріне қарай өткен. Көп қалалар құм астында қалып қойған.

Жібек жолы деп неге аталғанын сендер үшінші кластың еңбек пәнінен естігенсіңдер.

Қытайда тұт ағашымен қоректенетін тұт жібек көбелегі бар .Оны өндіру жолын Қытайлар құпия ұстаған Жібек өте жеңіл мата. Ұлы Жібек жолы сол заманда аса маңызды саналған.

Біздің мемелекетіміз жер көлемі жағынан нешінші орында еді?

Қазақ жері қойма деп неге аталады?

Тянь-Шань сөзіне сөздік.159-бет.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Қазақстан мемлекеті,оның көрікті қалалары туралы суреттермен жұмыс.

Суреттер бойынша туған елдің қандай мақтаныштары бар екенін әңгімелету.

Алматы,Астана,Атырау,Ақтау,Байқоңыр, Шымкент,Қарағанды ,т.б. қалалар жайлы не білетіндіктерін әңгімелету.Картадан көрсету.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қазақ жері қандай табиғат байлықтарына бай?

-Тасбақаны неге алуға рұқсат етпеді?

-«Ұлы Жібек жолының»қазақ елі үшін қандай маңызы бар?

-Өз өлкең туралы не айта аласың?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 156-159-беттерді оқу, мазмұны.Картамен сарамандық тапсырма орындау. ІХ.Бағалау.



57. Тақырыбы:Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі.

Мақсаты: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресі, олардың мақсаты не болғанын түсіндіру. Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын, күрес кезінде пайдаланған қару түрлері туралы түсінігін дамыту.

Туған елін,жерін, Отанын қорғап, оның туын әрқашан жоғары ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару .

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Отаным менің ,байтақ өлкем» тақырыбының мазмұнын сұрау.

Отан, туған өлке туралы мақал-мәтел жатқа сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Картадан қазақ даласының шекарасын табу. Негізгі қалаларын табу.Ірі өзен,көлдерді табу.

ІV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: Жоңғар деген кімдер?

Ертеде Жоңғария деген мемлекет болған. Қазіргі Батыс Қытайдан қиыр-шығысқа дейінгі жерлерді алып жатқан. Барлық тауы, оның батыс сілемін шипалы Алакөл шайып жатыр.

Солтүстікте созылып жатқан Тарбағатай жоталары. Олардың арасынҚұлыстай жазығы ұштастырып жатыр. 1867 жылы шекара жүргізілгенде Байжігіттен тарайтын Мәмбет пен Қарақұрсақтың атамекені екіге бөлініп, Шығыс жағы Қытайға қарап кетеді. Ауылдар осылай екіге бөлінді.

18 ғасырдың алғашқы жартысында қазақ тарихында өте қиын кезең болды.Жоңғар хандығы сан мыңдаған әскерімен бейбіт жатқан қазақ даласына шабуыл жасады.Олар екі ғасыр бойы қақтығысып отырды.Қазақ пен Жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары ,түптеп келгенде көршілес алып екі елдің –Ресей мен Қытайдың айдап салу саясатынан туған еді. Қазақ елі соғысқа дайын емес еді. Адамдарды қырып, бала-шаға ,әйелдерді байлап әкетіп отырды.Қазақ қалаларын бірінен соң бірін жаулап алып отырды. Бірақ өздері қалада тұра алмады.Ұзаққа созылған соғыста қылыш,айбалта, семсер,найза, қалқан, шоқпар,қалмақ жағында зеңбірек, ал қазақтарда ішінара шиті мылтықтар болды.

Жекпе-жек соғыстың басталуында ,барысында болып отырды.

Жекпе-жектің негізгі қағидалары болды. Хан мен хан,сұлтан мен сұлтан, бас батыр мен бас батыр шығады.Қолбасшылар әскер сапында жекпе-жек ұрыстарына адамдарды арнайы дайындайды.Бұндай жекпе-жектер кейде бірнеше күнге созылып кетеді.Қандай қазақтың біртуар батырларын білетін едік? Өздеріне айтқызу.

Жекпе-жекте жеңген жақтың әскері үлкен жігермен ұрысқа кірісетін. Жеңілгендердің еңсесі түседі. Әр жауынгердің көңіл –күйіне әсер етеді. Жоңғарларға қарсы күрес Отан үшін, Жеңіс үшін болған ,соғысқа кәрі ,жас демей бұқара түгел қатысты. Қазақ әйелдерінде де ел қорғауға атсалысқан жандар көп болған.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Қару түрлерін жазып алу.

VІ . Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Картадан мәтінде аталған жерлерді тауып, көрсету.

Қытай халқы Қазақ елінің қай тұсында орналасқан?

1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына келген мирасқоры Қайыптың ел билеу саясаты шамалы болды.Оның тұсында қазақ елі ыдырады.Шығыстан Жоңғарлар,Бір жағынан Ресей,бір жағынан өзбектер мен башқұрттар қысым көрсетті.Ең қауіптісі—Жоңғарлар еді. Қазақтардың ынтымағы азайды. Сұлтандар өзара тіл табыса алған жоқ.Осының кесірінен 1719 жылы Қайып хан қаза тапты.

Осындай көршілермен қарым-қатынастың нашарлауы Әбілқайыр бастаған Кіші жүзді Ресейдің бодандығын мойындауға әкелді.Ресей Қазақ хандығының осы қиын сәтін саяси –экономикалық мүдделеріне пайдалана білді. Қазақ қоғамының ішкі күрделі жағдайы ,көрші елдердің тұрақты қысым көрсетуі Әбілқайыр ханды Ресей империясынан одақтастық іздеуге мәжбүр етті.1731 жылы қосылды.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қандай қарулар пайдаланды?

-Не себепті қолбасшылар жекпе-жекке батырлар әзірледі?

-Тарихи кинолар көрдің бе?

Жоңғарлар өздері келіп соғыс ашты ма?

-Қазақ неге басқа мемлекеттің бодандығына келісім берген?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 159-162-беттерді оқу,мазмұны. Картадан мәтінде аталған қалаларды тауып үйрен.Жер,су аттарын тап.

ІХ.Бағалау.



58. Тақырыбы: Қазақтың хас батыры-- Қарасай.

Мақсаты: Қазақтың хас батыры –Қарасай ,оның ерлігі жайында түсінік беру.

Ой-өрісін, сөйлеу мәнерін,сөздік қорын , ойын жинақтап айту қабілеттерін дамыту.

Батыр, ержүрек болуға, елін әрқашан қорғауға ,салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен тақырып мазмұнын сұрау.Қазақ батырларының аттарын,хандарын атап шығу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Қандай қарулар пайдаланды?

-Не себепті қолбасшылар жекпе-жекке батырлар әзірледі?

-Тарихи кинолар көрдің бе?

Жоңғарлар өздері келіп соғыс ашты ма?

-Қазақ неге басқа мемлекеттің бодандығына келісім берген?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қазақтың хас батыры –Қарасай.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

кезеңі:Қарасай деген сөзді естігендерің бар ма? Қарасай деп аудан атын неге қойған?

Қарасай—Есім ханның тұсында жоңғарлармен ұрыста көзге түскен батырлардың бірі.

Ол кезде батыр 17 жаста екен. Алғашқы ұрыста –ақ ойраттың екі тайшысы Қарақал мен Тойлыны қолға түсіреді. Хан алдына әкеліп ,бастарын жерге игізеді.Қазақ жеріне көз тіккен, қазақ ханына қарсы шыққан жаудың бәрі осылай маңдайларын жерге ұратын болады. Есім хан өзі батасын берген екен. Қарасайдың атақ-даңқы елге тарап кетеді.

Дөкір атты жоңғардың батыры айламен Қарасайды қолға түсірмек болады. Жақсығұл мерген көмектесіп, аман қалады. Дөкірді қолымен –ақ буындыра салды.Қалмақ батыры Олыхты да жеңген.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.Картадан Тобыл өзенін табу.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Қарасайға 3-4 сөйлемнен тұратын мінездеме жазу.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

  • Батыр қай ханның тұсында соғысқа қатысқан?

  • Батырдың жойқын күші неден көрінеді?

  • Ол қалмақтың қандай батырларын жеңген еді?

  • Қарасай қанша жасында көзге түсе бастады?

  • Бүгінгі күні Қарасай батырға көрсетілген атақ құрмет туралы білесің бе?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 162-164-беттерді оқу, мазмұны. Қарасай батыр туралы мақалалар жинақтау.

ІХ. Бағалау.



59. Тақырыбы: Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы

Мақсаты:Қабанбай батыр туралы,оның ерлігі жайлы түсінік беру.

Ой-өрісін,сөйлеу тілін, сөздік қорын, картадан жер ,өзен-көл атауларын табу қабілеттерін дамыту.

Ел қорғаған батырларды ұмытпай, олардың ерлігін мақтан тұтып жүруге, өздері де елін қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, карта

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Қарасай батыр жайлы білімдерін тексеру.Мазмұнын сұрап, қосымша материалдарын оқыту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

  • Батыр қай ханның тұсында соғысқа қатысқан?

  • Батырдың жойқын күші неден көрінеді?

  • Ол қалмақтың қандай батырларын жеңген еді?

  • Қарасай қанша жасында көзге түсе бастады?

ІV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы».

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қабанбай батыр 1691 жылы дүниеге келген. 1778 жылы қайтыс болған. Қабанбайдың шын есімі Ерасыл. Әкесі Қожағұл өз заманында батыр болған. 7 жасында жетім қалған. Жеңгелері Нарбала деп атаған, себебі, денесі ірі еді. 13 жасында ерлігімен таныла бастады. Қырғыздармен,өзбектермен,жоңғарлармен болған барлық шайқаста болған.Жекпе-жекте қарсыласына дес бермеген. 1750 жылы қазақ жерін жоңғарлардан босату үшін ірі соғыста ерлік көрсетеді. Абылай ханның жарлығымен «Дарабоз батыр»атанған.

Алакөл маңында ұрыста жекпе-жекке қалмақтың Арқауыл батырымен шығады .Ол 27 жаста екен. Ол Қабанбай батырды өзі шақырады.Талай батырларға дес бермеген Қабанбай жасы ұлғайған шағында жас баланың мына ісіне ашуы келді. Қазақ қолбасылары абыржып қалды. Шапырашты Наурызбай батыр мен шығамын деген еді. Одан басқа да батырлар сұранып жатты.Тұлпары Құсбасты көлденең тартқызып, айылын тартты. Қабанбай –алған бетінен қайтпайтын, ержүрек адам еді. Арқауыл батырды найзасына түйреп, лақтырып тастайды.

Абылай ханның оң қолы,ақылшысы болған. Тарбағатай жотасы , түстікке қарай Барлық тауының сілемі мұнартып тұр. Бұл жерлер әлі қалмақтың жері. Сауыр, Маңырақ, Алтай өлкелері азат етілсе деп іштей армандайды.

Сөздік жұмысы. «Тасы өрге домалаған», «түһ дегенде түкірігі жерге түспеген», «қылышынан қан тамған», «дес бермеген»деген тіркестер нені білдіреді?

Жолы болған, табылмайтын,қадірлі, батыр болған, ешкімді алдына шығармаған деген мағына береді.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Картадан мәтінде аталған жер,су аттарын табу.

Қабанбайға мінездеме ауызша қысқаша беру.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

  • Қабанбай батырға қандай жанама аттар берілген?

  • Қай ханның тұсында әйгілі болған батыр?

  • Арқауыл батырдың Қабанбай батырды жекпе-жекке шақыру мақсаты қандай еді?

  • Қабанбаймен бірге соғысқан қандай батырларды білесіңдер?

  • Қабанбай жаудан тағы қандай жерлерді азат етуді ойлады?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 164-167- беттерді оқу, мазмұны.

ІХ. Бағалау



60. Тақырыбы: Егеменді еркін ел.

Мақсаты: Еліміздің егеменді еркін ел болғаны ,қай уақыттан бастап тәуелсіз мемлекет болғанымызды айтып,түсіндіру.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, жүйелі мазмұндау қабілеттерін дамыту. Өз Отанын сүюге, қорғауға, ел бірлігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, деректі фильм дискісі.(Қазақстаным менің)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару Әнұранды айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Қабанбай батыр жайлы түсінігін тексеру. Мазмұнын айт.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

  • Қабанбай батырға қандай жанама аттар берілген?

  • Қай ханның тұсында әйгілі болған батыр?

  • Арқауыл батырдың Қабанбай батырды жекпе-жекке шақыру мақсаты қандай еді?

  • Қабанбаймен бірге соғысқан қандай батырларды білесіңдер?

  • Қабанбай жаудан тағы қандай жерлерді азат етуді ойлады?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Егеменді еркін ел.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Қазақстан Республикасы жайлы өлеңдер оқу. «Республикама қарашы».

2. Биыл ,балалар, тәуелсіз мемлекет болғанымызға 20 жыл толады. Тәуелсіз сөзінің мағынасын түсінеміз бе? (Түсіндіру)

1922жылы құрылған КСРО 1991 жылы өмір сүруін тоқтатты.

Бұрын 1991 жылға дейін Қазақстан Республикасы КСРО деп аталған ірі империяның құрамында еді. 1980 жылдардың жартысынан басталған демократиялық ( «халық билігі»грек тілінен аударғанда) қайта құрулар Кеңес Одағына үлкен өзгерістер әкелді.

Халықтан жасырған тарихи шындықтар ашылды. Адамдар өз ойын ашық айтады.

1990 жылы 25 қазанда «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының егемендігі туралы»Декларация қабылданды.Қазақ жастарының Кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет Целиноградта (Астана) өткен еді. Неміс автономиясының құрылуына қарсы шықты.Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалды. КСРО-ның отаршылдық, әміршіл—әкімшіл саясатына қарсы қазақ жастарының келесі ірі наразылық қимылдары –1986жылғы желтоқсан қозғалысы.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады..Бұл ғасырлар бойы қазақ тарихындағы аңсаған арманның орындалған күні болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн ұлы мереке.Тәуелсіздік алып, ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерді.

Бұрын Қазақстан шет елдермен тікелей байланыс жасай алмайтын. Тек Одақ атынан ғана түрлі іс—шараларға қатысты.

Оқулық бойынша түсінік беру. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Мемлекеттік рәміздер туралы сұрау. Әрқайсысы жайлы жеке-жеке айтып бер.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

  • Қ.Р. тәуелсіздігін қашан жариялады?

  • Тәелсіздік дегенді қалай түсінесің?

  • Қ.Р. Б.Ұ.Ұ. –ға қашан мүше болды?

  • Картадан мәтіндегі аталған мемлекеттерді тап.

VІІІ . Үйге тапсырма беру кезеңі: 167-169-беттерді оқу,мазмұны. Шығарма «Менің елім». ІХ.Бағалау.



61. Тақырыбы: Татулығы жарасқан ұлттар

Мақсаты: Ұлттар достығы, бір мемлекетте 106 ұлт бар екенін, олардың бір-бірімен тату, бейбіт өмір сүріп жатқанын түсіндіру.

Ой-өрісін ,сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тату,дос,болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Мазмұнын сұрау. Шығармасын оқыту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Қ.Р. тәуелсіздігін қашан жариялады?

  • Тәелсіздік дегенді қалай түсінесің?

  • Қ.Р. Б.Ұ.Ұ. –ға қашан мүше болды?

  • Картадан мәтіндегі аталған мемлекеттерді тап.

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және тың игеру жылдары Қазақстанға

қаншама ұлт өкілдері қоныс аударды . Халықтың құрамы күрт өзгерді. Ұжымдастыру жылдары қуғынға ұшыраған қазақтар шет елдерге қоныс аударып,Сонда мекен етіп қалды.Ал керісінше индустрияландыру ,тың игеружылдары келген басқа ұлт өкілдері үшін Қазақстан екінші Отанына айналды. 1937 жылы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан 96 мың кәріс отбасымен көшіріліп әкелінді. 1940-1941 жылдары батыс шекарадан 105 мың поляк Қазақстанға күшпен жер аударылды.Ұлы Отан соғысы басталысымен Еділ өзені бойын мекендейтін 1 миллионнан аса неміс шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақ даласына келді. 1943-1944 жылдары мыңдаған қалмақтар, қарашай, қырым татарлары, балкарлар,чешендер, ингуштар біздің елге жер аударылды. Соғыс кезінде 2,5 миллиондай басқа ұлт өкілдері Қазақстанға қоныстанды.

Тың игеру жылдары 2 миллиондай басқа ұлт өкілдері тағы көшіріліп әкелінді. Қазақстан Республикасының Ата Заңында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан ,Қазақстанды мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Қазір елімізде көптеген ұлттық және жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Оларда балалар ана тілін үйренеді. Түрлі ұлт тілдерінде газеттер шығып тұрады, театрлар жұмыс істейді.

Қаншама түрлі ұлт тұрса да мемлекеттік тіл қазақ тілі болып қала береді.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдері қалай келген екен? Ұлы Отан соғысы туралы , тың игеру жылдары жайлы не білеміз?Ашаршылыққа ұшыраған жылдарына кімдер кінәлі деп ойлайсың? Осы сұрақтарға жауап алу.

VІІ .Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қазақ жерінде қазақтар саны қанша екен?

-Қазақтан кейін көп халық кімдер?

-Кәрістер қай жылы келген?

-Немістер мен поляктар қалай келген екен?

-Ата Заңымызда басқа ұлт өкілдері жайлы не делінген?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 169-171-беттерді оқу,мазмұны. Қазақстандағы өзің білетін ұлттарды жазып келу. ІХ.Бағалау.



62. Тақырыбы:Құқықтық мемлекет

Мақсаты:Құқықтық мемлекет туралы түсінік бнру.

Теориялық ойын, сөйлеу тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Өз Ата Заңын құрметтеуге, ережелерді есте сақтап жүруге ,тәртіп бұзбауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Құқықтық мемлекет.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Адамдар белгілі бір заңдар ,ережелер шеңберінде өмір сүреді.Таңертең тұрғаннан кеш болғанша белгілі бір тәртіпті сақтап жүреміз.Көшеде көше ережесін, мектепте мектеп ережесін ұстанамыз.Ата-анамен қарым-қатынас жасағанда, зат сатып алғанда ,қоғамдық орындардың бәрінде қалыптасқан қағидаларды орындаймыз.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Президенттің төрағалығымен Ата Заңды дайындау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Ол 1,5жыл жұмыс істеді. Шетелдік мамандар да қатыстырылып, әзірленген жобаны бүкіл халық 4 ай бойы талқылады.1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4бөлімнен ,21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен ,өзінің өмір сүруін тоқтатты.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды. Референдум латын тілінен аударғанда –жариялануы тиіс нәрсе. Қазақстан Республикасы -Президент басқаруындағы мемлекет.Ол 7 жыл мерзімге сайланады. Республика деп мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын мемлекеттік басқару түрін айтады.Қ.Р. Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан тұрады.Құқықтық демократиялық мемлекетте азаматтар құқықтары мен бостандықтары ең басты орында тұрады.Демократия дегеніміз грек тілінен аударғанда халық билігі дегенді білдіреді. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы »

деген заң үлгілері болған. Қазақстанның Ата заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы –адам мен оның құқықтары және бостандықтары делінген. Адамның өмір сүру құқығы бала дүние есігін ашқанда пайда болады.Оны бұзуға ешкімнің де құқығы, қақысы жоқ. Қазақстан Конституциясының 2-бөлімі адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына арналған.

1995 жылы Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ол Қ.Р. Президентінің жанындағы кеңесші –ақылшы орган болып табылады. Ассамблея алдына биік мақсаттар қойып отыр. Ол нәсіліне, ұлтына , тіліне, дінге қатынасына, әлеуметтік тегіне қарамастан Республика азаматтарының құқықтарының теңдігін сақтау,еркіндіктерін орнықтыру бағытында жұмыс істейді.Ұлттық мәдениеттерді ,тілдерді ,дәстүрлерді жан-жақты дамытуға атсалысады.

Барлық жерде мемлекеттік заңдылық сақталса ғана қоғамның әр мүшесі еркін,келешекке сенімді, ,мамыражай өмір сүрер еді. Қоғамның әр мүшесінің заң алдындағы теңдігі әр азаматтың қабылданған заңдарды толық бұлжытпай орындауы және жеке адамның заңның үстемдігін мойындауы қамтамасыз етілетін қоғамды құқықтық қоғам деп атау қабылданған.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ . Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Демократия сөзінің мағынасы.

Жаңа Конституция қанша бөлім, қанша баптан тұрады?

Конституция бойынша Қазақстандағы мемлекеттік тіл.




Кестені толтыру.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-ТұңғышКонституция қашан қабылданған?

-Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін қажет?

-Президент қанша жыл мерзімге сайланады?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 171-172-беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге Қ.Р. Конституциясы қабылданған күнді жазу.

ІХ.Бағалау.



63. Тақырыбы: Кәрі Шыңғыстың қасіреті.

Мақсаты: Кәрі Шыңғыстың қасіреті қандай екенін балаларға түсіндіру. Ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын , мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту.

Өз елін қорғауға, оның табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер,карта

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Құқықтық мемлекет» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.

Дәптерлерін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -ТұңғышКонституция қашан қабылданған?

-Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін қажет?

-Президент қанша жыл мерзімге сайланады?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Кәрі Шыңғыстың қасіреті.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Кіріспе:Шыңғыс тауы, Шыңғыс хан дегенді естігендерің бар ма?

Шыңғыс хан туралы қандай кино көрген едіңдер?

2.Қазақтың шексіз даласында тарихтың небір тылсым сырларын бүгіп жатқан орындар аз емес. Солардың бірі –әйгілі Шыңғыс өңірі. Семейден оңтүстік –батысқа қарай екі жүз шақырым жерде орналасқан . Бір кезде осы жермен Шыңғысханның құмырсқадай қалың қолы жортқан. Таудың Шыңғыс ,оның ең биік шоқысының Хан аталуы , кезінде жарты әлемді бағындырған әйгілі Шыңғысханның есімімен байланысты болар. Бұл өңірде Орда тауы, Қарауыл төбе деген атаулар да бар. Қарт Шыңғыс қалмақтармен болған қанды шайқастардың да, небір алапат аштықтың да куәгері болды. Саяси қуғын-сүргіндердің зардабын тартқан халықтың көз жасын көрді. Сонымен қоса, Шыңғыс өңірі атом және сутегі бомбаларының жарылыстарын да бастан кешірді. Бұл нулы тоғайы мен шалғыны жайқалған ,қойнауы аң мен құсқа толы қасиетті өлкенің көрген ғаламат апаты еді.

1949 жылы бұрынғы К.О. басшылары Шыңғыс тауының солтүстік –батыс сілеміндегі Дегелең жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылдады. Әскери –өнеркәсіптік кешеннің басшылары жергілікті тұрғындардың мүдделерімен санаспай ,сынақ өткізетін аумақты кеңейте берді. 1954 жылы Абыралы ауданының жартысына жуығын полигонға босатып беруін талап етті. Республика басшылары бұған қарсы келмеді.Ондаған елді мекендердің тұрғындарын басқа жаққа көшіруге тура келді. Бұл жерге қайта оралмайтындары ескертілді. Ата –бабасының жатқан жерін қимай қоштасып кете барды. Қырық жылдан астам уақыт ішінде Семей атом полигонында 456 жарылыс болды. 1963 жылға дейін атом бомбалары жер бетінде ашық ауада сыналды.

Атом бомбасы жарылған кезде одан көзге көрінбейтін радиациялық сәулелер таралады. Ол сәулелер өсімдіктердің ,жануарлардың өміріне үлкен зиян келтіреді. Адамдардың қанын бұзады, оларды түрлі ауруларға шалдықтырады.

Атом полигоны бұрынғы Семей облысының және Қарағанды , Павлодар облыстарының іргелес жатқан аудан тұрғындарының денсаулығына зиян келтірді. Халықтың генетикалық қорына үлкен қауіп төнді.

Картадан Семей,Қарағанды,Павлодар және Шыңғыстауын көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.-Дегелең ауылы туралы қайдан естіген едіңдер?

-Ана тілі сабағында оқыдық

- Дегелеңде қандай оқиға болған еді?

-Сол жарылыстың әсерінен кім көз жанарынан айырылып еді?

2.Атом полигоны туралы суреттермен таныстырып, оқушыларға әңгімелету.

Телевизордан атом бомбасының жарылысы туралы көргендерің бар ма?

VІІ. Бекіту кезеңі:

-Атом сынақ полигоны қай жылы салынған?

  • Адамдар неге молалармен қоштасты?

  • Айжан әже қабір басына неге барды?

  • Сынақ жарылыстарының қандай зияны бар?

  • Сынақ қанша уақытқа созылды?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 173-175- беттерді оқу,мазмұны. Сынақ полигондары жайлы мәлімет жинақтау. ІХ. Бағалау.



64. Тақырыбы: «Невада --Семей»азаматтық қозғалысы.

Мақсаты: «Невада --Семей»азаматтық қозғалысы жайында мәлімет беріп, түсіндіру.

Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын ,мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту.

Қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамдардың әсерінен бұзылуына жол бермеуге атсалысуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер,карта.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Кәрі Шыңғыстың қасіреті туралы» тақырып мазмұнын сұрау.

Өздері жинаған материалы бойынша әңгімелету.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Атом сынақ полигоны қай жылы салынған?

  • Адамдар неге молалармен қоштасты?

  • Айжан әже қабір басына неге барды?

  • Сынақ жарылыстарының қандай зияны бар?

  • Сынақ қанша уақытқа созылды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

«Невада--Семей» азаматтық қозғалысы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қозғалыс деген не?

Азаматтық қозғалыс деген не? Осы сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Қоршаған ортаға көп зиян алып келген ядролық қару-жарақтарды сынаудың нәтижесі.

Қазақ жерінде қай жылдан бастап атом бомбасы сынала бастағанын білеміз. 1989 жылы Алматы қаласындағы Жазушылар одағы ғимаратының алдына көп халық жиналды. Бұл кезеңде халық бұқарасының саяси белсенділігінің өсу кезеңі болатын. Адамдар түрлі шерулерге, митингілерге қатысып, өз талап-тілектерін ашық айтатын деңгейге жеткен еді.Жиналғандар «Полигон жабылсын!», «Атом бомбасын сынау тоқтатылсын!», «Әскери-өнеркәсіп кешенін басқарушылар халықтың талаптарын ескерсін!», «Жарылыстан зардап шеккендерге көмек берілсін!»деген ұрандар көтерді. Шешендер ортада сөйледі. Атом полигоны әкелген зиянның адам төзбестей деңгейге жеткенін , бұдан ары полигон маңында өмір сүрудің мүмкін емес екенін айтты.Радиациялық аймақта өмір сүре беру бүкіл халықтың генетикалық азғындауына апарып соқтырады. Семей өңіріндегі сынақ полигонының зардабын әлі талай жылдар сезінетін боламыз. Атом сынақ полигоны –халықаралық маңызға ие , аса ірі әскери-стратегиялық нысан. Семей полигоны – әлемдегі ең ірі бес полигонның бірі. Әлемдегі ірі сынақ полигондарының жұмысын тоқтату---дүниежүзілік атом соғысын болдырмаудың алғышарты болар еді. Полигонды жаптырған күннің өзінде 40 жылдан астам уақыт бойы жарылыстан зардап шеккен халықтың денсаулығын қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстар ұшан-теңіз.Осындай жағдайларды ескеріп, жаңа қоғамдық бірлестік құру қажеттігі туындады.

Оның аты «Невада --Семей»болсын деген ұсыныс жасалды.

Невада –АҚШ-тың бір әкімшілік бірлігінің аты. Онда АҚШ-тың атом полигоны орналасқан. Қоғамның атының «Невада –Семей» қойылуы оның жұмысының дүниежүзілік мәнін, түбінде К.О.-ның ғана емес, АҚШ-тың да (өзге елдердің де) полигондарын жабу мақсатын көздегенін көрсетеді.Ол ұйымның жетекшісі Олжас Омарұлы Сүлейменов болды. Өзі құрылған күннен бастап бұл қозғалыс ұйымы қыруар жұмыс атқарды. Ол халықты жұмылдырып,өкімет басшыларын атом бомбасын сынауды тоқтатуды , полигонды алып кетуді талап етті. Ғылыми-медициналық зерттеулер жүргізіп, полигон маңындағы халықтың денсаулығы жайлы мәлімет жинады. Арнайы заң қабылдануын , атом бомбаларын сынаудан зардап шеккендерге көмек –өтемақы берілуін талап етті. «Невада -Семей» халықаралық аренада да көп жұмыстар атқарды. Ақыры халық тілегі орындалды. 1991 жылы мемлекеттік егемендік алған Қ.Р. Президентінің жарлығымен Семей атом сынақ полигоны жабылды.

Оқулықпен жұмыыс. Дауыстап тізбектей оқу.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Атом сынақ полигонының зияны

Сынақ полигонын жабудағы мақсат

Адамзат баласына полигонның зардабы қандай?

«Невада -Семей»қозғалысы ның жетекшісі кім?





Кестені толтыру.

VІІ. Бекіту кезеңі:

  • Қоршаған орта деген не?

  • Қозғалыс неге «Невада--Семей»деп аталған?

  • Ол ұйымның алдына қойған мақсаты қандай?

  • Семей атом полигоны қашан жабылған?

  • Адамдарға полигонның қандай зияны болды?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 175-177- беттерді оқу, мазмұны. Сынақ полигоны туралы мақалалар жинақтау. ІХ.Бағалау.



65. Тақырыбы: Дүниежүзілік қауымдастық құрамында.

Мақсаты: Дүниежүзілік қауымдастық құрамы, ондағы Қазақстан Республикасының орны жайлы түсінік беру.

Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, сұраққа толық жауап қайтару қабілеттерін дамыту.

Өз елін сүюге, қорғауға, әрқашан мақтан тұтуға, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі . Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Невада -Семей» қозғалысы жайлы мазмұнын сұрау.Мақалаларын оқыту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

  • Қоршаған орта деген не?

  • Қозғалыс неге «Невада--Семей»деп аталған?

  • Ол ұйымның алдына қойған мақсаты қандай?

  • Семей атом полигоны қашан жабылған?

  • Адамдарға полигонның қандай зияны болды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау Дүниежүзілік қауымдастық құрамында.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары экономикалық дамудың түбегейлі жақсаруына қол жеткізді. Қазақстан бүгінде сыртқы саясатта бейбіт саясат ұстанып отыр.

Еліміз халықаралық қауымдастық пен түрлі ұйымдардың мүшесі. Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалық қызметіне 2010 жылы кірісті. Ол өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең үлкені болып саналады. Оның құрамына 56 мемлекет кіреді. Қ.Р тәуелсіздік алысымен 1992 жылы ЕҚЫҰ -ға мүше болды. Ол қауіпсіздік жүйені қамтамасыз ету үшін қаруды бақылау, адам құқығы, ғаламшардың түрлі өңірлерінде демократия ұстанымдарын орнату,сайлауларға бақылау жасау, экономикалық ,экологиялық мәселелермен айналысады. 2010 жылдың желтоқсанында Астанада аса ауқымды халықаралық кеңес—ЕҚЫҰ саммиті өтті.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде мұндай ауқымды шараны өткізіп отырған бірінші мемлекет болды. Адамдық өлшем, жергілікті өзін-өзі басқару, ақпаратқа қолжетімдік сияқты күрделі мәселелер жөнінде дискуссиялар жүргізіп талқылау ынтасын көтерді. Астана –2010 саммитіне сарапшылар ЕҚЫҰ –ның даму үдерісіндегі жаңа сапалық кезең деп баға берді.ЕҚЫҰ саммиті Астана саммиті тарихи оқиға болды.Бұл ұйымға төрағалық етуі заңды түрде жоғары бағаланды.Еліміздің беделі бұрынғыдан да жоғарылады.

Суреттерді көрсетіп , олар бойынша әңгімелетіп талдау.

Оқулықпен жұмыс .Іштей өз беттерінше оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Біле жүрейік .Дәптерге жазып алу.

Қазақстан Республикасы БҰҰ кіретін 175 мүше мемлекеттердің ішінде өзінің аумағы көлемі жағынан 9-орында. Халқының саны бойынша 70- орын алады. Қазақ жерінде 84 қала, 200кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Дүние жүзінде қазақ халқының саны –12 млн. Шетелде тұратын қандас бауырларымыздың саны—3,5 млн.

Ең бастысы –қазақ халқы—еуразиялық далалық өркениеттің ең құнарлы қазынасын сақтап қалған ел.

VІІ .Бекіту кезеңі: Қорытындылау

  • ЕҚЫҰ алдына қандай мақсаттар қойды?

  • Саммит неге басқа қалада емес, Астанада өтті?

  • Астана саммитінің маңызы қандай болды?

VІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі: 178-179-беттерді оқу, мазмұны. ІХ.Бағалау.



66. Тақырыбы: Қазақстан туын көкте желбіреткен –АЗИЯДА-2011

Мақсаты: АЗИЯДА -2011 7 -Азия ойындары, ондағы Қазақстанның жеткен жетістігі жайлы түсіндіру.

Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Елжанды, елін қорғап, ел намысын биікке көтере білетін жігерлі өрен болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Дүниежүзілік қауымдастық құрамында» тақырыбының мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

  • ЕҚЫҰ алдына қандай мақсаттар қойды?

  • Саммит неге басқа қалада емес, Астанада өтті?-Астана саммитінің маңызы қандай болды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

2007 жылы Азия ойындары Кувейтте өткен. Сол кезде 2011 жылы 7-Азия ойындары Қазақстанда өтетіні туралы шешім қабылданған. Азиядаға дайындалу барысында елімізде бірнеше спорттық құрылыстар салынды. Астанада замануи мұз сарайы, «Астана -Арена» стадионы,бірегей велотрек, трамплин бой көтерді. Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ таушаңғы орталығы қайта қалпына келтірілді. Азияда 2011 нышаны ілбіс бейнесі болды.

Көп балалар өз көздерімен көріп қайтты.Ашылу салтанаты 30 қаңтарда Астанада жабық футбол алаңында өтті. Қалай болғанын бәріміз телеарналар арқылы көрдік. 27 елден мыңдаған спортшылар спорттың 11 түрі бойынша сынға түсті. Қазақстандық спортшылар Азиядада биік табыстарға қол жеткізді. Ел құрамасы рекордтарды бірінен кейін бірі жасап жатты. Барлығы 70 медаль, алтыны -32, күмісі-21, 17 қола медальді жеңіп алып , саны жағынан бірінші орынға шықты.Дүние жүзі Қазақстанның спорттағы жетістіктерін көрді. Алматы мен Астананың спорт ареналарында құрлықтың ең үздік спортшылары жарысқа түсті.

Өткен ғасырдың 90- жылдарынан бастап қазақстандық спортшылар Азиядағы ойындарға қатыса бастаған. Қазақстан болашақта да ауқымды іс-шараларды өткізуге қабілеті жететін,өзін ірі құрлықтық державалар қатарынан көрсете алатын алғышарттар бар.Ойындарды өткізе жүріп тәжірибе жинақтадық. 2018 жылы Қысқы олимпиадалық ойындарды өткізуге жолдама алды.

Оқулықпен жұмыс.Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

«АЗИЯДА-2011» дискісіндегі мәліметтермен таныстыру. Өздеріне әңгімелету.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-АЗИЯДА-2011 қысқы олимпиада ойындарына қанша мемлекеттен спортшылар қатысты?

-Қазақстанда өтілу маңызы қандай?

-Қандай маңызы бар спорт кешендері бой көтерді?

-Өзің қандай спорт түрімен айналысасың?

- Медальдың саны жағынан нешінші орынға ие болдық?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 179-182-беттерді оқу,мазмұны. Азияда ойындары жайлы мақала жинақтау. ІХ Бағалау.



67. Тақырыбы: Қазақстанның ғарышжайы.

Мақсаты: Қазақстанның ғарышжайы туралы түсінік беру.

Ой-өрісін , сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.

Алғыр, батыл, халқын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Өткен сабақ мазмұнын сұрау.Жинаған мақаламен жұмыс.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-АЗИЯДА-2011 қысқы олимпиада ойындарына қанша мемлекеттен спортшылар қатысты?

-Қазақстанда өтілу маңызы қандай?

-Қандай маңызы бар спорт кешендері бой көтерді?

-Өзің қандай спорт түрімен айналысасың?

- Медальдың саны жағынан нешінші орынға ие болдық?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Ғарыш –араб тілінен аударғанда кеңістік, космос деген мағынаны білдіреді. Ал ғарышжай дегеніміз тылсым әлемге сапар шегетін орын . Байқоңыр –ғарышжай деп айтуға болатын қала. Адамзат баласы жердің тартылу күшін жеңіп, ғарышқа сапар шекті. 1961 жылы әлемді дүр сілкіндірген ұлы оқиға болды. Қазақ жерінде орналасқан Байқоңыр ғарышжайынан Кеңес Одағының азаматы Ю.Гагарин «Восток»кемесімен ұшып, жер айналасындағы орбитаға шықты. Ғарышты бағындыру үшін адам баласына білім, есеп, өте күрделі техника және адамдардың көзсіз ерлігі қажет.Ғарыш кемесін жасап , ұшуды қамтамасыз етуді жүздеген ғалымдар, мыңдаған кәсіпорындар қызмет етті.

Ғарышқа ұзақ мерзімге тұрақты жұмыс істейтін «Мир» Стансасы шығарылды. Оған жүк апаратын кемелер жасалды.Бұрын Байқоңыр ғарышжайы тікелей Мәскеудің нұсқауымен жұмыс жүргізді. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапары ҚР егемендік алуына байланысты 1991 жлы жүзеге асты.Қазақстан аймағындағы атмосфераны және жер бетін, жұлдызды аспанды бақылау ойдағыдай өтті. Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы мен таралуының ғарыштық суреттері алынды.

Т. Мұсабаев –Байқоңыр ғарышжайынан 3 мәрте ғарышқа сапар шеккен адам. (1994,1998,2001) Ресей мен Қазақстанның ғылыми бағдарламасы бойынша тәжірибелер мен зерттеулер жүргізілді.

ҚР «Халық қаһарманы» деген атақты екі ғарышкер де ісіне сай кеудесіне қадады.

ТМД елдерінің ішінде ғарышжай тек біздің ғана мемлекетте бар. Бірақ ғарыш кемелерін Ресей жасап шығарады. Болашақта бәрін де өздерің –ақ өз мемлекетімізден бәрін жасап шығаратын түрлі кәсіпорындар ашады деп сенеміз.Ғарышкерлер мүмкін іштеріңде отырған да шығар.

Картамен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту. .

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:



Ю.Гагарин жайлы не білдің?

Т.Әубәкіров туралы не білдің?

Т.Мұсабаев туралы не білдің?






ҮІІ. Қорыту.

  • Жер айналасындағы орбита дегенді қалай түсінесің?

  • Ғарышты не үшін зерттейміз?

  • Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

  • 3 мәрте ғарышқа ұшқан қай ғарышкер?

  • Жер беті мен ғарышта жүргізілген зерттеулердің қандай айырмашылығы бар?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 183-185-беттерді оқу, мазмұны.

Ғарышкерлер жайлы мәлімет жинақтау.



68. Тақырыбы: Тест жұмыстары. Жылдық қорытынды.

Мақсаты: Балалардың білімін тиянақтап, жыл бойы не үйренгенін тексеру,бақылау.

Өз беттерінше жұмыс жасау, ойлау,есте сақтау, сөздік қорын дамыту. Адал болуға, елге деген құрмет,сүйіспешілікке тәрбиелеу.

Барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық.Тест болатынын хабарлау.

ІІ. Тест тапсырмалары:

Тапсырмалар жайлы қысқаша баяндау.

1.Қысы—жазы басынан қар кетпейтін тау.

А) Алатау Б) Қатонқарағай

Ә)Алтай В)Асы тауы

2. Еліміздегі ең әйгілі қарағайлы орман курорты қайда орналасқан?

А) Қостанайда Б) Алматыда

Ә) Көкшетауда В) Ақтөбеде

3.Биік құзды мекендейтін құс?

А) жапалақ Б) қырғауыл

Ә) құр В) ұлар

4. Таулы жер қорығы қайсысы?

А) Барсакелмес Б) Наурызым

Ә) Қатонқарағай В) Қорғалжын

5. Еліміздің батысындағы теңізді тағаша орап жатқан ойпат
А) Сарыарқа

Ә) Каспий маңы Б) Қызылқұм

В) Ұзынқара

6.Ғарыш араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) Аспан Б) Тау

Ә) Жер В) кеңістік.

7. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

А)1991ж 1 желтоқсан Б) 1986ж 17 желтоқсан

Ә) 1991ж 16 желтоқсан В) 1991ж 31 желтоқсан

8.ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

А) 1920 жылы Б) 1995 жылы

Ә) 1936 жылы В) 1993 жылы

9. ҚР жаңа екінші Конституциясы қашан қабылданды?

А) 1992 жылы Б) 1995 жылы

Ә) 1993 жылы В) 1996 жылы

10.Қазақстан жер аумағы жағынан нешінші орын алады?

А) 1 Б) 5

Ә) 9 В)12

11.Қазақстандағы ең биік жер:

А) Қаратау Б) Хантәңірі шыңы

Ә)Ұлытау В) Алатау

12.Тың игеру жылдары қазақ жеріне қанша өзге ұлт өкілдері қоныстандырылды?

А) 35 мың Б) 48 мың

Ә) 2млн-дай В) 630 мың

13.Адамзат ғарышқа тұңғыш қай жылы аттанды?

А) 1909 жылы Б) 1953 жылы

Ә) 1916 жылы В)1961 жылы

14.Азиада-2011 қысқы олимпиада ойындарында жалпы қанша медаль қоржынға түскен еді?

А)70 Б)80

Ә) 53 В65

15. «Невада -Семей»қоғамдық бірлестігініңжетекшісі кім?

А) О.Сүлейменов Б) М. Шаханов

Ә) М.Әуезов В)Т.Мұсабаев

Мұғалім өз қалауы бойынша сұрақтарды толықтырып алады.

ІІІ. Қорытынды.

-Балалар, біз бір жыл бойы дүниетану сабағынан қаншама табиғат құпияларымен таныстық .Осы білімімізді ұмытпай келесі кластарда толықтыра түсейік.

Картамен жұмыс.

Қазақстанның жер шекарасын көрсету.Жазықтарды,тауларды,суларды табу.

Оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысын, ондағы қалаларды табу.

ІҮ.Бағалау.






















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Та?ырыбы: Адам ?айдан ,?ашан пайда бол?ан?

Автор: ?ожина ?апи?а

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151410


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства