Ман?ыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебіні? бастауыш сынып м??алімі Кадырмагамбетова Алия Абуталифовна.Мен Бейнеу ауданында Абай орта мектебін 2003 жылы бітірдім.2015 жылы Бейнеу гуманитарлы?-экономикалы? колледж. бітірдім.?азіргі та?да Манашы орта мектебінде музыка п?нінен саба? беремін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Таби?и материалдармен ж?мыс. Шиден композиция "А??ала жасау"»
Сыныбы: 4-сынып
Пән мұғалімі: Кадырмагамбетова Алия
Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Шиден композиция «Аққала» құрастыру.
Сабақтың мақсаты : а) Оқушыларға шиден аққала жасау үшін жұмыс кезеңдерін
түсіндіру
ә)Оқушыларды тазалыққа және иекемділікке баулу
б) білімділікке тәрбиелеу
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Жасалу үлгісі салынған плакат,ши.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: ши,ПВА желімі,барқыт мата,қатты қағаз,кескіш.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ.Білімдерін тексеру:1.Аққаланы жылдың қай мезгілінде жасайды?
2.Аққаланы неден және қалай жасайды?
IV. Жаңа сабақ . 1) мұғалімнің түсіндірмесі.
Аққала – қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы шиден жасап көрейік..Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
2)Сұрақ-жауап
3) Жұмыстың орындалу реті:
1.Шиді аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алып, тазалаймыз да, суда жібітеміз.
2. Судан алып, оларды кеңсе пышағымен бойлай жарамыз.
3. Жарылған шилерді астына және бетіне қағаз төсеп, үтіктейміз. Одан кейін шилерді ұсақтап бөлеміз.
4. Барқыт матасын қатты қағазға желімдеп аламыз. Содан соң бормен аққаланың мүсінін бейнелейміз.
5. Аққалаға ұсақталған шилерді, ал сыпыртқысының сабы мен басына ұзын жіңішке шилерді желімдейміз.
6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын да шимен жапсырмалаймыз.
7. Ұсақ шимен аққаланы тұтас толтырып шығамыз.
V.Сергіту сәті. Жаңа жыл туралы өлең, тақпақтар айтады.