kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-сыныпқа арналған дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?»

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:

Пән: Дүниетану № 30 сабақ

Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі. Бөлімше: 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік.

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?

Оқыту мақсаты

3.1.4.3. түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.

Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • күнделікті өмірде қауіп төндіретін жағдайларды қарастыра алатын болады;

  • көмек көрсету қызметінің телефон нөмірлерін білетін болады.

Көптеген оқушылар:

  • төтенше жағдай кезінде өмір мен денсаулықты сақтап қалуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді білетін болады;

  • алғашқы көмек көрсетудің әдістерін білетін болады.

Кейбір оқушылар:

  • қауіп-қатердің түрлерін, нысандарын және шығу көздерін анықтай алатын болады;






– төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттің жоспарын құрастыра білетін болады.

Тілдік мақсат

Оқушылар өз пікірін білдіре алады және оны дәлелдей алады.

Пәндік лексика және терминология:

Қоршаған орта, төтенше жағдайлар, қажетті телефон нөмірлері.

Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.

Кімде-кім біреудің өмірін құтқарса, ол бүкіл әлемді құтқарады. Табиғат мұқият атқарылмаған іс-әрекеттерді, қателіктерді кешірмейді. Ралф Эмерсон

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіп-қатер қайдан төнуі мүмкін?

  • Төтенше жағдай болғанда қандай нөмірлерге қоңырау шалу керек?

  • Алғашқы көмекті қалай көрсету керек?

Хат:

Қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кездегі жасалатын іс-әрекеттердің жоспарын құрастыру.

Алдыңғы білімдер

Табиғи ортадағы менің қауіпсіздігім

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Балалар, күнде ұйқымыздан оянғанда бізді жаңа күн, жаңа мүмкіндіктер күтіп тұрады. Күн атып, бүкіл әлемге өзінің сәулесін шашады. Біз одан қуат алып, күнімізді

бастаймыз. Әркім күнделікті ісімен айналысады. Алайда әр күніміз ойдағыдай өте бермейді. Себебі айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар. Осы жайында сөз етпестен бұрын «Леопольд мысықтың жазы» мультфильміндегі «Бұл жағымсыз жағдайдан да өтеміз» әнін тыңдап алайық.

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен сабағымызды осы әнмен бастап отырмыз? (Бізді

көшеде түрлі жағымсыз жағдайлар күтіп тұруы мүмкін. Бұл әнде сол жағдайлар туралы айтылады).


Мұғалім: Біздің айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар және кез келген уақытта олар

өмірімізге зиян келтіруі мүмкін. Қоршаған ортадағы кез келген нәрсе адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Алайда біз ол қауіп-қатерлерді алдын ала көре және сезе алуды, сонымен қатар, оны болдырмау жолдарын қарастыруды үйреніп жатырмыз. Халық даналығында

«Сақтансаң, сақтайды!» деген сөз бар.

– Қауіп-қатер сөзін естігенде көз алдарыңа не келеді?






Аудиожазба



Тақта





«Қауіп-қатер» сөзіне ассоциация картасын құрастыру.

Топпен жұмыс жасау.

– «Тіршілік ортасы» деген сөз тіркесін «қауіп-қатер» сөзімен байланыстырып көріңдер.

Жұмыстарды көрсету.

А 3 парақтары, маркерлер

Жаңа сабақ

Оқулықтағы «Есіңдн сақта!» мәтінін оқу.

Ұжымдаса отырып, «Қауіпті аймақ» сызбасымен жұмыс жасау.

Оқулық


Мұғалім: Әңгімелерді мұқият тыңдап, соған қатысты өз ойларыңды айтып, пікірлеріңді білдіріңдер.

1) ...Бір адам алай-дүлей желден кейін жағажай бойымен жүріп келе жатып, алыста бір адамның ерсі би билеп жатқанын көреді. Қасына жақындай келе, ол адамның билеп

жатпағандығын түсінеді. Адам құмның арасынан бірдеңе алып, оны мұхитқа қарай лақтырып жатыр екен. Ол тағы да жақындай түсіп, былай деп сұрады:

  • Сіз не істеп жатырсыз?

  • Толқынның жағаға шығарып тастаған теңіз жұлдыздарын қайтадан суға лақтырып жатырмын.

– Не үшін?

  • Күн шықты, ал су болса кері кетті. Егер мен оларды суға тастамасам, олар өліп қалуы мүмкін.

  • Бірақ жағажай ұзындығы қаншама километрге созылып жатыр. Ал бұл жерде мыңдаған теңіз жұлдыздары бар, сіз барлығына бірдей жәрдемдесе алмайсыз ғой. Сіздің жасап жатқан ісіңіздің ешқандай мәні жоқ, бұл ештеңені өзгерте алмайды.

Жігіт қолына тағы бір теңіз жұлдызын алып, оған қарап шығып, теңізге лақтырды. Сосын былай деді:

  • Ал теңіз жұлдызы үшін бұл жәрдемімнің мәні бар, ол тірі қалып, өмір сүретін болады. Демек, ол үшін бәрі өзгереді.

(Мысал)

Слайдтар








Дәптер









Слайдтар


2) Аспанға қарап отырмыз. Қара бұлт ақырын жылжып келеді. Оның қара болғаны соншалық,



айналаның бәрі түнере бастады. Аспанды қою бұлт қаптады.



Біз үйге қарай қаштық. Бұлтқа қарсы жүгіріп келеміз.



Аяқ астынан жел соға бастады. Айналамыздағы барлық нәрсені үйіріп барады. Шаң көтеріле



бастады. Құрғақ шөптер ұшып жүр. Бұталар мен ағаштар желдің әсерінен ары-бері қозғалып






тұр. Үйге қарай жүгіріп келеміз.

Міне, жаңбыр қатты құя бастады. Үсті-басымыз су бола бастады. Найзағайдың ойнауы және күннің қатты күркіреуі бізді одан ары қорқыта түсті.

Мен жерге құлап түсіп, орнымнан тұрып, қайта жүгіріп барамын. Артымнан біреу қуып келе жатқандай, қатты жылдамдықпен жүгіріп келемін.

Міне, үйге жақындадық. Енді жүз қадам жасасақ, шатырдың астында боламыз. Бір-бірімізге жақындап, кереуетте отырмыз. Күннің қатты күркіреуі саяжайымызды орнынан шайқалтып жібергендей болды. Жаңбыр үйдің төбесіне даңғырлата құйып жатыр. Жауынның қатты

жауғанынан айналада ештеңе көрінбейді. (Михаил Зощенко)

3) Ертеде бір өзен болыпты. Басында ол биік, әдемі шыршалар мен ақ қайыңдардың арасында тығылып аққан кішкентай, көңілді бұлақ болыпты. Барлығы бұлақ суының тазалығына, оның дәмділігіне қызығыпты. Сосын бұлақ нағыз өзенге айналыпты. Өзеннің ағысы бұрынғыдай қатты емес еді, бірақ оның суы әлі де тұп-тұнық және таза болатын.

Өзен саяхаттағанды өте қатты жақсы көрді. Бір күні ол қалаға келді. Мұнда шыршалар мен қайыңдар өспейтін, оның есесіне адамдар тұратын үлкен, биік үйлер бар еді. Адамдар өте көп болды. Олар өзенді көріп қатты қуанды және одан қалада қалуды сұрады. Өзен келісімін береді. Енді оның үстімен кеме, қайық жүзе бастады, адамдар шомылып, жағасында күнге

қыздырынып жататын болды. Өзен бүкіл қаланы сумен қамтамасыз етіп тұрды.

Жылдар өтіп жатты, адамдар өзенге бойларын үйретті, бірақ одан ештеңе сұрамады, керісінше өзенге қатысты ойларына не келсе, соны жасайтын болды. Бір күні өзеннің жағасынан үлкен зауыт тұрғызды. Зауыттың құбырынан өзенге ласталған, лай су аға бастады. Бұл жағдай өзенге ауыр тиді, ол ластанып, лайланып, қарая бастады. Ешкім баяғыдай оның тазалығына, әдемілігіне қызықпайтын болды. Ешкім оның жағасында серуен құрмайтын болды. Өзенге неше түрлі керексіз заттарды, мысалы, банкілер, ағаштың кесілген қалдықтарын тастай

бастады. Өзенге көліктерін, кірлерін жуа бастады. Қала тұрғындарының ешқайсысы өзеннің де тірі жан екендігін ойламады.

(Н. Рыжов)


Сергіту сәті.

Ең ұқыпты оқушылар шапалақ соқсын! Ең еңбекқұмар оқушылар секірсін!


Дәптер





Ең жинақы оқушылар отырсын! Ең қайырымдылары айналсын!

Ең сөзшең оқушылар адымдай бастасын!


Мұғалім: Адамдар күнделікті үйінен шығады да, тіршілігі қайнап жатқан үлкен әлемге кіріп кетеді. Бұл әлемде адам өміріне қауіп төндіретін, мәселен, байқаусызда жараланып қалудан

басталып және лаңкестік әрекетке тап келумен аяқталатын жағдайлар орын алуы мүмкін. Осы секілді жағдайларды «төтенше жағдайлар» деп атайды. Төтенше деген ауыр, қиын деген мағынаны білдіреді. Демек, төтенше жағдайлар дегеніміз – адам тап келуі мүмкін ауыр, қиын, жағымсыз жағдайлар. Осындай оқиғалар орын алып жатса, қалай өзіңді аман алып қалуға

болады, қалай тез әрі дұрыс шешім қабылдауға болады, кімнен көмек сұрауға болады?

Берілген тапсырманы орындау.

Мұғалім: Жылдың әр мезгілінде сендерге қандай қауіп-қатерлер төнуі мүмкін? (Т)

Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасын орындау. Жұмыстарды көрсету.

Мұғалім: Кез келген төтенше жағдайда адам жарақат алып қалуы мүмкін.

Тапсырманы орындау. (Т) «Өзім жасаймын»

1.

Сенің досың серуендеп жүргенде құлап қалып, оның аяғын әйнек тіліп кетті. Қолдарыңда ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Іс-әрекеттерің қандай болады?

Жауаптары:

  1. Жараның үстіндегі тамырды саусақпен қатты қысу;

  2. Жарадан 3-5 см жоғары жерді бұраумен орау;

  3. Қан кетіп жатқан жерді таңғышпен қысып байлау;

  4. Аяқты барынша бүгу;

  5. Аяқты көкірек қуысынан жоғары көтеру;

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Бұрауды жалаңаш теріге таңуға бола ма? (Жоқ)

  2. Қандай шөп қан кетуді тоқтатады? (Жолжелкен)

  3. Қанның көктамырдан немесе күретамырдан шығып жатқанын қалай білуге болады?


Карточкалар Оқулық




Түрлі-түсті суреттер








Бұрау, таңғыш



Карточкалар Оқулық



Жолжелкен





(Көктамырдан қара-қошқыл, ал күретамырдан алқызыл қан шығады)

2.

Сен үзіліс кезінде ойнап жүрдің, кенет сенің мұрныңнан қан кетті. Іс-әрекетің қандай болады?

Жауаптары:

  1. Алға қарай иіліп отыру

  2. Мұрынға мұз қою

  3. Егер көмектеспесе, мұрынды 5-10 минутқа саусақпен қысып отыру.

  4. Егер көмектеспесе, тұз ерітіндісіне мақтаны сулап алып (бір стақан суға 1 шәй қасық тұз) мұрынға салу.

  5. Егер көмектеспесе, дәрігерге қаралу.

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Мұрыннан аққан қан тамаққа қарай ағылуы үшін шалқалап жатуға бола ма? (Жоқ)

  2. Қанды сутек тотығымен тоқтатуға бола ма? (Иә)

  3. Мұрыннан қан кеткеннен кейін шәй, кофе ішуге бола ма? (Жоқ)

3.

Бақшада жүргенде сені сона немесе ара шағып алды. Іс-әрекетің қандай болады?

Жауаптары:

  1. Теріден араның бізгегін бас бармақтың тырнағымен қысып отырып алып тастау;

  2. Жараға суық компресс қою.

  3. Оның аяқтары басынан жоғары тұруы үшін арқамен шалқалап жату;

  4. Тыныс алуды жеңілдету (белдікті, көйлектің жағасын ағыту)

  5. Көрпе жамылу;

  6. Ештеңе ішіп, ештеңе жемеу керек.

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Сонаның бізгегін алып тастау керек пе? (Жоқ, сона бізгегін қалдырмайды)

  2. Ал егер ара тіліңді шағып алса, ол күлкілі ме? (Жоқ, бұл өте қауіпті, тұншығып қалуың мүмкін)

  3. Ара немесе сона шаққан кезде есіңнен танып қалуың мүмкін бе? (Иә, мүмкін, тіпті соңы өлімге алып келу де мүмкін)


Түрлі-түсті суреттер



Мақта, тұз, стақан







Бұрау, таңғыш







Түрлі-түсті суреттер





4.

Сендер от тұтандырып, балық сорпасын қайнатамыз деп шештіңдер. Ыдыстағы қайнап жатқан су төңкеріліп түсіп, досың қолын күйдіріп алды. Іс-әрекеттерің қандай болады? Жауаптары:

  1. Күйген жерге мұз салынған қалтаны немесе суық суды 5-10 минутқа қою.

  2. Күйген жердің айналасын спиртпен, жасыл дәрімен немесе марганец ерітіндісімен сүрту.

  3. Тазартылған таңғышпен байлау.

  4. Күйіп қалған адамға ауырсынуды басатын дәрі беру.

  5. Оны ауруханаға жеткізу.

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Күйген жерден зақымданған теріні, киімнің қалдықтарын алып тастауға бола ма? (Жоқ)

  2. Күйген жерді спиртпен, жасыл дәрімен, йодпен, маймен, жақпа маймен сүртуге, ұнтақ жағуға бола ма? (Жоқ)

  3. Күйген жерді таңғышпен қатты байлауға бола ма? (Жоқ)



Дәптер



Суық компрес

Суық су, спирт, марганец ерітіндісі, таңғыш


Йод, жақпа май, таңғыш

Рефлексия

«Нысананы көзде» дәптермен жұмыс.

Дәптер

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы «Өзім жасаймын» тапсырмасы.

Оқулық



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?

Автор: Шафхатова Маржангүл Рахметоллақызы

Дата: 13.01.2021

Номер свидетельства: 569962


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства