О?ушыларды? таби?ат туралы д?ниетанымдарын ке?ейту. С?здік ?орларын, еркін с?йлеу, ойлау ?абілеттерін дамыту. Таби?ат?а деген ?лтты? рухты сі?іріп, айнала ?орша?ан орта?а деген мейірімділік ?ам?орлы?, тазалы? сезімдерін оята отырып т?рбиелеу.Маманды? иелеріні? е?бектерін ?лгі ете отырып, ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Таби?атты аялайы? ашы? саба?»
Сабақ тақырыбы:Табиғатты аяла.
Сабақ мақсаты: 1 Оқушыладың табиғат туралы дүниетанымдарын кеңейту.
2. Сөздік қорларын, еркін сөйлеу, ойлау қабылеттерін дамыту.
3. Табиғатқа деген ұлттық рухты сіңіріп, айнала қоршаған ортаға деген мейрімділік, қамқорлық, тазалық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу. Мамандық иелерінің еңбегін үлгі етіп, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнесуреттер, бейнетаспа,сурет көрмесі,
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ- жауап, шығармашылық, ой бөлісу, халықтық педагогика элементтері.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру.
2.Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Туған жерді сүю-парыз,
Сүюу үшін білу –парыз.
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру –парыз.(М.Әлімбаев).
I. Табиғат туралы білгенімізді ортаға салайық. Көздеріңді жұмыңдар.(Бейнетаспадан әртүрлі құстардың сайраған дауысы, сылдырап аққан су дыбыстары, сыбдырлаған ағаштардың дыбыстары).-Көздеріңе қай жерде жүргендерің елестейді?
Табиғат.
Табиғат дегенде сендердің ойларыңа не келеді?
Топтастыру стратегиясы .(слайд)
Орманның қандай пайдасы бар?Оқушылар жауабы.
Ораман-ауаны ластанудан сақтайды.
Орман-тынығатын орын т.б
Биология пәні мұғалімі: - Орман- экологиялық таза күн энергиясын биологиялық нұсқада тасмалдаушы. Болашақта орман алқабы мол Англия, Австрия электр энергиясын ағаштан алуды жоспарлап отыр.Орман-ластанған суды тазалаушы.
-Құстардың қандай пайдасы бар? Оқушылар жауабы. Ата-аналар пікірі.
-Биологтың сөзі. Шымшықтардың « жанұясы» бір жазда 1000-ған дернәсілдерді құртады.Құмырсқаның 5 илеуі зинкестерден 1 га жерді қорғайды. Судың, ауаның,күннің табиатта алатын орны маңызды.( Видиофильм. (Тірі табиғат»)
II. Табиғатты қорғау.Оқушылар пікірі. Ата-аналар пікірі. Биологтың пікірі.(Слайд).
Мұғалім сөзі.Бүкіл әлемдік тіршіліктің 4 құдіретті негізі. Күн-ана,Жер-ана,Су-ана, Ауа - ананы қорғау мемлекетіміздің әрбір азаматының парызы.
III . «БОЛМАЙДЫ» ойыны.
(слайд).
Ата-аналардың, оқушылардың табиғат туралы тиым сөздері.
Тиым сөздер. Жас жемісті жұлма. Өзіңді қоршаған ортаны ластама, қағазды жыртып тастама. Суға түкірме,қоқыс тастап бүлдірме. Ағаштың бұталарын сындырма,гүлді жұлма.
Сабағымызға эколог пен заңгер қатысып отыр сол адамдарға сөз береміз.
ЭКОЛОГ.
Орманды, суды,ауаны экологиялық сауатты пайдалану ,табиғатты тиімді пайдалану принципі кіреді. Химикаттарды пайдалану зиянкестерді құртуда пайдалы, ал табиғат экожүйсіне зинды.Сондықтан табиғатты пайдаланудың тиімді, зиян келмейтін жақтарын пайдалануымыз керек.Қазақстандағы қорықтардың аумағын кеңейтіп,әр ауылда,аудандарда,қалаларда саябақтарды көбейту керек. Қазақта мақал бар. Бір тал кессең – он тал ек. Судың да сұрауы бар.Ауаны былғама – алланың демі ,- деген.Тыңдағандарыңызға рахмет.Қазақстан корықтары. (слайд).
ЗАҢГЕР.
Мен барлық айтылғандарды мұқият тыңдадым. Қазір табиғатты қорғауға үлкен көңіл бөлуде. Табиғатты қорғау , тиімді пайдалану жөнінде заңдар қарастырылып және қабылданып жатыр.Кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға қабылданған заңды бұзғаны үшін жауап беруі тиіс. Табиғат үшін экологиялық қылмыс жазасы өте қатаң болуы керек. Себебі: Табиғат - біздің алтын бесігіміз.Табиғат—ана. Біз, яғни Қазақстанның әр бір азаматы табиғатты тиімді пайдаланып, зор жауапкершілікпен қоғайтын болсақ, біздің мемлекетіміздің экономикасының дамуына үлкен үлес қосамыз. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Биология,эколог, заңгер еңбектеріне рахметімізді білдіру.Оқушыларға осындай мамандық иесі болуға бағыт беру.
3. Қорытынды.
1. Табиғаттың панасымыз.
Түйіп айтар сөзіміз
Табиғаттың панасы—
Біздің мына өзіміз.
IV. Сурет көрмесіне шолу.( Видеофилм «Табиғат»)
V. Тұмарша. Экологтар эмблемасы. Тұмаршаны эколог тапсырады. Табиғат қамқоршылары көп болсын деген тілекпен.
4. Үйге тапсырма: « Табиғат анамыз». Шағын әңгіме.