kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат ғажап кереметтері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға қамқорлық,шыншылдық қасиеттері жөнінде түсініктерін кеңейту арқылы,қиянат жасамау құндылығының мәнін  ашу.

Міндеттері: 

білімділік: оқушыларға қамқорлық шыншылдық ұғымдарын  түсіндіруарқылы ар ұждан,әділдік қасиеттері жөнінде білімдерін кеңейту.

дамытушылық: оқушылардың бойынан табиғатқа деген көзқарастарын кеңейте отырып сүйіспеншілік қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат ғажап кереметтері»

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мұғалім Мауенова Н.К

Тақырып: Табиғат ғажаптары

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, шыншылдық, әділдік, ар -ұждан

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «қамқорлық» «шыншылдық» қаситеттері жөнінде түсініктерін кеңейту арқылы , қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларға «қамқорлық» «шыншылдық» ұғымдарын түсіндіру арқылы ар ұждан,әділдік қасиеттері жөнінде білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың бойынан табиғатқа деген көзқарастарын кеңейте отырып, сүйіспеншілік, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға қоршаған ортаны, табиғатты сүюге, қорғауға, қамқор болуға, мейірімділікке, қиянат жасамауға тәрбиелеу



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

1. А-3

3. Маркерлер, қаламдар

4. Оқулық

5.Жұмыс дәптері

"Дождь и скрипка" әуені

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 Т-ны еске түсіру (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәті «Саялы орман» 3 мин
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Терең тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз «Саялы орман» еліне келе жатырмыз. Барлығымыздың көңіліміз көтеріңкі, асығып келеміз. Бәріміз бірге шат көңілмен келе жатқандықтан болар аз не көп жүргенімізді байқамай да қалдық, бірақ шарашағандаймыз. Алдымыздан іздеген «Саялы орман» елі кездесті. Аспан тіреген қалың жасыл ағаштар,сансыз гүлдер мен шөптер, саңырауқұлақтар….Осы елге енгеннен-ақ тынысымыз одан да кең ашылып, бойымыздағы күш-қуат тасығандай. Шаршағанымыз басылып, әлдебір жақсы, ізгі әдеттер мен әрекеттер туралы ойлар ақыл ойымызды толтырғандай. Осындай жақсы ойлардан денеміз айрықша жеңілденіп, айналамызбен өз қуанышымызды, осы бақытты сәтімізді бөліскіміз келгендей. Қалың майсалы жасыл шөпке аунап-қунап, жұпар иісті гүлдерді қайта-қайта иіскейміз. Махаббат пен бақытқа толы таза ауа бүкіл денемізді бойлап бара жатқандай.Шынында да табиғаттың саялы орманының денсаулық мекені екендігін шын сезініп тұрмыз.
Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.

-Рахмет
-Саялы орманнан қандай әсер алдыңдар?
- Сендер осындай табиғат аясында серуендеп көрдіңдер ме?


Ескерту


Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 105 беттегі «Бала және інжугүл қоңыраулары» ертегісі бойынша сұрақ қою арқылы ертегіні ашу. 
Сұрақтар: 
1. Бала інжугүлге неліктен қызықты?

2. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты? 
3. Бала бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
4. Егер сендер баланың орнында болсандар, не істер едіңдер? 


2. Дәйексөз

«Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық».

(Халық нақылы) 


Ер балаларға,қыз балаларға және хормен айтқызу.

Осы дәйексөзден сендер қандай ой түйдіңдер?

Дәптерлеріне жаздыру.

Оқушы жауабы тыңдалған соң, мұғалім қорытындылайды.





3. Әңгімелеу. Өсиет әңгіме

«ӘКЕ МЕН БАЛА»

(Аңыз әңгіме)

Ы.Алтынсарин


Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі
тағасын көріп, баласына айтты:
—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан олүш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем- бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесініңқолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді
екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынантүскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып
айтты:
-Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің,енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді
Мәтіннен сұрақ:
- Баласының істеген іс-әрекеті туралы не айтасыз?
- Әкесінің әрекетін қалай түсіндірер едіңдер?

-Әкенің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

-Осы әңгіме қандай құндылықты ашып тұр?

-Баланың әрекеті орынды болды ма, сен оның орынында болсаң не істер едің?


4.Шығармашылық жұмыс.

Топқа бөліну «Мазайка құрастыру» (төрт сурет беріледі,мазайканы құрастырып топқа бөлініп отырады)
І топ «Күн,су,жер,өсімдіктің адамға пайдасы және адамның оған тигізер пайдасы»
ІІ топ «Гүлде кездесетін жақсы қасиеттерін жазу»
ІІІ топ «Аспан көгіндегі күн болсаңдар,жан жағыңдағы адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер»
ІV топ «Табиғатқа тіл бітсе...» төрт жол өлең шығару.


Үй тапсырмасы.

«Қиянат жасамау –адамгершіліктің белгісі»тақырыбында өз 
ойларынан эссе жазу


Топпен ән айту.

«Жас дәуірдің түлегіміз»
Сөзі:Е.Өтетілеуов
Әні:И.Нүсіпбаев
Бау-бақша белдер
Орман,тау,көлдер-
Көрікті шексіз даламыз!

Дәулеті тасқан

Сәулеті асқан

Көңілді,ауыл,қаламыз!

Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей-
Бақытты біздер баламыз!

Өзіміз туған 
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп,толамыз
Жалықпай оққып,
Көңілге тоқып-
Білімді адам боламыз!

Қайырмасы


Аялар бізді

Қамқоршы ізгі

Сүйікті Отан анамыз!

Отанды мақтап

Айтамыз тақпақ

Шырқатып әнге саламыз!

Қайырмасы.


Сұрақтар:

Бұл әнде қандай құндылық көрсетілген?

Қызылмен белгіленген өлең жолдарының мағнасын қалай түсінесіздер?


Соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қосылады.

Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Табиғат ғажап кереметтері

Автор: Мауенова Нургуль Казыкеновна

Дата: 14.04.2017

Номер свидетельства: 409284

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Мектепалды даярлы? тобы.  Мерекелік  іс - шара  "Алтын  к?з""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiepaldydaiarlyktobymieriekielikissharaaltynkuz"
    ["file_id"] => string(6) "284775"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454041642"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства