kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Табиғат-денсаулық мекені" Өзін-өзі тану пәні.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Табиғат-денсаулық мекені" атты тақырыпта өзін-өзі тану сабағында оқушыларға білім,түсінік беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Табиғат-денсаулық мекені" Өзін-өзі тану пәні.»

Табиғат-денсаулық мекені

Өзін-өзі тану

Сынып: 2 «А»

Тақырыбы: Табиғат-денсаулық мекені 
Мақсаты: Оқушылардың «табиғат» құндылығы туралы түсінігін дамыту. 
- табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; 
- баланың табиғатқа аялы қарым-қатынасын дамыту; 
- табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу. 
Шаттық шеңбері: Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық 
Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған; 
Сен – Күнсің, көтерілген күліп қырдан. 
Сен- көлсің, 
Сен- ормансың, 
Сен- бұлбұлсың, 
Адамға сұлулықты шын ұқтырған. 
Мәтінмен жұмыс. 
Өсиет әңгіме 
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты.Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп,ұзақ кеңесіпті. 
Әрі ойланып,бері ойланып,ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болады. 
Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан»,ортаншы ұлы денсаулықтыңмекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен,ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті. 
Ұлдарына риза болған қария,үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты. 
Қария бақытты да баянды,ұзақ ғұмыр кешіпті. 
1.Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты? 
2.»Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады? 
Таза ауа,таза су,пайдалы тағам,көтеріңкі көңіл күй, адам денсаулығын сақтауға көмектеседі. 
Тыныштық сәті. 
-Балалар,көзімізді жұмып табиғат аясында отырмыз деп елестетейік.(Үнтаспадан тыңдату) 
Бұлттар төніп, 
Жерге шөгіп, 
Дымқыл тұман басады. 
Шөп сарғайып, өңі тайып. 
Дала сұры қашады. 
Балаларым, айтыңдаршы. 
Бұл қай кезде болады ? 
-Енді көзімізді ашайық. 
-Бұл күз мезгілі. 
Шығырмашылық жұмыс.Суретке қарап, «Табиғатпен біргеміз» тақырыбына әңгіме құрастыру. 

Дәйек сөз. 
Бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзін дәптерімізге жазып алайық. 
«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, 
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.» 
Р.Сәтімбекұлы 
Жүректен-жүрекке. 
-Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Табиғат анаға арнап«Табиғат та бір кітап» өлеңін айтайық. 
Тамаша ғой 
Бүгін сен 
Табиғатқа жүгінсең. 
Құлақ түріп, 
Көз тігіп, 
Төңірекке үңілсең. 
Еріп бұлттың ырқына, 
Жоқ болады бір күн ай... 
Табиғат та бір кітап, 
Оқи алсаң,шіркін-ай! 
Қорытындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Табиғат-денсаулық мекені" Өзін-өзі тану пәні.

Автор: Турсанова Жанна Тумырзаевна

Дата: 31.05.2017

Номер свидетельства: 419771


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства