Білімділік: Таби?атта?ы суды? адам ?міріндегі ма?ызы туралы ма?л?мат бере отырып, таби?атта?ы су айналымы туралы т?сініктерін ке?ейту. Іс-т?жірибе ж?зінде о?ушылар?а таби?атта?ы су айналымы туралы білімдерін ке?ейту.
Дамытушылы?: О?ушыларды шы?армашылы??а баулу, ?з беттерімен ж?мыс жасай алу ?абілетін ж?не ойлау ?абілеттерін дамыту.
Просмотр содержимого документа
««Таби?атта?ы су айналымы» 4сынып ,«Тамыр» 2сынып »
Искакова А.К. бастауыш сынып мұғалімі,Қазан орта мектебі, Қазан ауылы , Ақжар ауданы ,СКО
Сабақ тақырыбы: Буын. Ата насихаты.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың буын туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау
1, 2, 3 буынды сөздерді ажыратуға жаттықтыру
2. оқу-жазу дағдыларын арттыра отырып, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту
3. оқушыларды ұйымшалдыққа, бірлікке гәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, Қазақстан байрағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бар адамды құрметтеп ,
Бас иеміз біз.
Үй тапсырмасын тексеру
«Қазақстан байрғы» жатқа сұрау
I. Бағдарлау-мотивациялық кезең.(оқушы қызушылығын ояту)
Балалар, сендер ата немесе әке туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
Ата көрген - оқ жонар,
Ана көрген - тон пішер.
Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер.
Мұғалім оқушылармен бірге осы мақалдардың мағынасын талдап, бүгінгі мәтіннің тақырыбымен таныстырады.
Операционалдық-орындаушылық кезең:
Кітаппен жұмыс.
76-жаттыгу:
1.Муғалім ертегіні мәнерлеп оқуы.
2.Оқушылар кезекпен ертегіні оқиды.
Ертегі бойынша сұрақтар:
-Әкесі балаларына қандай ақыл айтты?
-Әкесі «Тірліктің күші - бірлікте» деп неліктен айтты?
Әке, күн, бала сөздерін буынға бөліп жаз.
Сөздік жұмысы:
Араздасу - ұрысу, керісу.
Сабау - қатты шыбық.
77-жаттығу.
Кі-тап, би-ші-лер, о-қу-шы, қа-ғаз, жү-ге-рі.
Сергіту сәті:
Бір, екі , үш,
Бойға жинап күш.
Әдемі етіп жазамыз,
Күнде бестік аламыз
78-жаттығу.
Топпен жұмыс: «Кім жылдам?» Мына суреттер бойынша кестеге бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді орналастыр (Әр топ өз сөздерінің суреттерін тақтадағы кестеге іледі, кесте үш түсті: қызыл,жасыл,сары: суреттер әр топқа беріліді, соның ішінен балалар өздерінің топтарына тиісті сөздердің суреттерін алып тақтағы кестеге магнитпен қадайды, сөздерін жазады: сынып соған қарап сөздерді дәптерлеріне жазады.)