Тақырыбы: Табиғаттағы су. Сабақ түрі: аралас сабақ . Мақсаттары: 1.Оқушыларды су қоймаларымен, өзен бөліктерімен, жерасты суларымен таныстыру;олардың өсімдік, жануар мен адамның өмірінде атқаратын рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың глубоспен,картамен және мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 3. Суға қамқорлық қарауға және табиғатты сүюге, бағалай білуге баулу. Жұмыс түрі: аралас . Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері Өзекті сұрақ: Табиғаттағы суды біз қай жерлерден кездестіреміз?
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. II.Білімді белсендіру. --- Екінші сыныпта сендер «Су» туралы оқып,білгенсіңдер. --- Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
▪ Пішіні жоқ ▪ Түссіз ▪ Мөлдір ▪ Дәмі жоқ ▪ Иісі жоқ ▪ Ағады
III.Сабақтың мақсаты мен міндеті. ---Табиғаттағы суды біз қай жерлерден кездестіреміз? --- Су қоймалары деген не?Қандай су қоймалары болады? IV.Жаңа материалды оқу. 1.Глобуспен жұмыс. --- Глобустан әртүрлі су қоймаларын көрсет.Олар бір-бірінен айырмашылығы қандай? Сен тұратын жерде қандай су қоймалары бар? 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқы және сұрақтарға жауап бер. --- Өзен қандай бөліктерден тұрады? --- Суретке қара.Өзен бөліктерін көрсет және ата. --- Көл деген не?Өзендер қандай болады? 3.Жерасты су, бұлақ және құдық туралы мұғалімнің әңгімесі. IV. Білімді бекіту. 1.Дәптермен жұмыс.Өзекті сұрақты талдау. --- Су қоймалары туралы не білдіңдер? Сөзжұмбақтың шешуі: 1.Өзеннің басталар жері: бастау. 2.Өзеннің теңізге, көлге, бөгенге немесе өзінен үлкенірек өзенге құяр тұсы: саға. 3.Өзеннің екі жағы: жағалау. 4.Өзен суы ағатын жер: арна. 2.Жұптық жұмыс.Қазақстан картасына қара.Әртүрлі су қоймаларының аттарын жазып ал.( Өзен, көл, мұхит және теңіздердің аттарының жазылуына көңіл аудар).
Қандай нақыл сөздер бар? • Суды босқа төкпе! • Сумен ойнама! • Бұлақ көрсең көзін аш. • Судай таза бол. • Судан таза, сүттен ақ.
А) Мақал жалғастыру. Мақсаты: түсіп қалған сөзді тауып айту. * Таулы жер бұлақсыз болмас, ... жер құрақсыз болмас. (сулы) * От арық, ... семіз. (су) * Сөздің басы – құлақ, ... басы – бұлақ. (судың) * Азған елде намыс жоқ, ... жерде қамыс жоқ.(сусыз) Тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу. «Суды қорғау» Тірек сөздер: суды үнемдеу, қоқыстар тастамау, судың жағасын ластамау, зиянды заттарды төкпеу, өнеркәсіп, шахта, көлік, шайынды, мұнай, кен орындары, адам ағзасының улануы, балықтардың азаюы, арал теңізі, өзен, Ой жалғау «Жер бетінде су жойылып кетсе, онда ... » ойды аяқтау. Оқушылардың пікірін тыңдау, талқылау. (тіршілік тоқтап қалады) Қорытындылау, бағалау.