«Таби?ат байлы?ы» Тіл ?старту (Танымды?-шы?армашылы? тапсырмаларды топта ?йымдастыру)
«Таби?ат байлы?ы» Тіл ?старту (Танымды?-шы?армашылы? тапсырмаларды топта ?йымдастыру)
Ш?О Семей ?аласы №42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектепті? бастауыш сынып м??алімі-Динара Агзамовна Кунафина
ТА?ЫРЫБЫ: «Таби?ат байлы?ы» Тіл ?старту (Танымды?-шы?армашылы? тапсырмаларды топта ?йымдастыру)
Ма?саты: Жаратылыстану мен тіл ба?ытында?ы ал?ан академиялы? білімі мен да?дыларын т?рлі ?мірлік жа?дайлар мен тиімді ?леуметтенуде ?олдану ?абілетін аны?тау, білім ресурстары ар?ылы ??ірді? таби?ат байлы?ын саралау. Топта ж?мыс істеу комуникативті да?дыларды ?алыптастырады
К?ТІЛЕТІН Н?ТИЖЕСІ: О?ушылар фнукционалды саутттылы?ын жетілдіру ба?ытында тапсырмалар ж?йесін дайындау, саба? барысында ?олдануда кездесетін кедергілерді аны?тап, оларды жоюды? т?рлі т?сілдерін т?жірибеде тиімді ?олдана алуды ?йрену.
?азіргі кезде жер бетінде ??старды? 8600-ден астам т?рі ?мір с?реді. Ал ?аза?станда ??старды? 488 т?рі ?мір с?реді. О?т?стік Американы ??старды? ??рлы?ы деуге болады: м?нда бас?а ??рлы??а ?ара?анда ??стар к?п. М?нда?ы ??старды? т?рі 2 жарым мы?нан астам. М?нда?ы ??старды? к?пшілігін бас?а ??рлы?тан к?ре алмайсыз.
Адамдар таби?атты? байлы?ына кейде пайымды ?арамайды. К?бінесе бір мезеттік пайда ?шін таби?ат?а шексіз зиян келтіреді. ??старды адамдар еті, ж?мырт?асы ж?не ?демі ?ауырсындары ?шін мы?дап жой?ан. Соны? н?тижесінде кейінгі 400 жылда жер бетінен 440-ден астам ??с т?рі жойылып кетті. К?бісінен із ?алма?ан, оларды? ?андай бол?аны да белгісіз. Кейбірінен сол кездегі кітаптарда жазыл?ан деректер бар. Кейінгі жылдарда жойыл?ан ??старды? м?ражайларда терісі ж?не т?лыпы ?ал?ан. Ол адамдарды? тойымсыз екеніні? белгісі сия?ты. Соларды? ішінде – дронт, кезбе кептер, корольдік ж?не маврикалы? тоты??стар бар.
?азіргі кезде ?мір с?ретін ??старды? е? ірісі – африкалы? т?йе??с.
Ал ?азіргі кезде ?мір с?ретін ??старды? е? майдасы – колибри. Оны? м?лшері арадай-а?.
?шатын жырт?ыштарды? е? ірісі – америкалы? айдарлы ??май. ?анатын жай?анда?ы ?зынды?ы ?ш метрге жетеді. Ол Американы? Кордильерасында мекендейді. Айдарлы ??май 5000 метр биіктікте ?ша алады. Олар ?з ?яларын шы?дар?а салады. ?детте, айдарлы ??майлар ?лекселермен ?оректенеді.
?аза?стан авифаунансыны? ішіндегі ?шатын жырт?ыштарды? е? ірісі – таз?ара. Олар тек о?т?стік ж?не о?т?стік-шы?ыс аудандарында ?ялайды. Дегенмен, кезбе таз?араларды? жазда ?аза?станны? барлы? жерінен к?руге болады, ?сіресе, т?я?ты жабайы жануарлар к?п жерлерде (мысалы, киіктер ж?рген жерлерде). М?йіздері ?шін ?лтірілген киіктерді? басында солар отырады. ?лкен (салма?ы 12 кило?а дейін жетеді) ?ара ??с, жала? ?зын мойынды, онысыны? кейбір жерлері ?ош?ыл т?бітпен жабыл?ан, мойныны? т?бінде – ?лкен ?ауырсындардан ??рыл?ан мойын жібі болады.
Просмотр содержимого документа
««Таби?ат байлы?ы» Тіл ?старту (Танымды?-шы?армашылы? тапсырмаларды топта ?йымдастыру)»
ШҚО Семей қаласы №42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі-Динара Агзамовна Кунафина
ТАҚЫРЫБЫ: «Табиғат байлығы» Тіл ұстарту (Танымдық-шығармашылық тапсырмаларды топта ұйымдастыру)
Мақсаты: Жаратылыстану мен тіл бағытындағы алған академиялық білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайлар мен тиімді әлеуметтенуде қолдану қабілетін анықтау, білім ресурстары арқылы өңірдің табиғат байлығын саралау. Топта жұмыс істеу комуникативті дағдыларды қалыптастырады
Ресурстар: Ұлттық энциклопедия, ғаламтор материалдары, PISA халықаралық зерттеуі ұйымының материалдары.
Әдіс-тәсілдер: Микрафон әдісі, БЛУМ стратегиясы.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулық, бағалау парағы.
Құрылғылар: АКТ, маркер, желім, стикер.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: Оқушылар фнукционалды саутттылығын жетілдіру бағытында тапсырмалар жүйесін дайындау, сабақ барысында қолдануда кездесетін кедергілерді анықтап, оларды жоюдың түрлі тәсілдерін тәжірибеде тиімді қолдана алуды үйрену.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 8600-ден астам түрі өмір сүреді. Ал Қазақстанда құстардың 488 түрі өмір сүреді. Оңтүстік Американы құстардың құрлығы деуге болады: мұнда басқа құрлыққа қарағанда құстар көп. Мұндағы құстардың түрі 2 жарым мыңнан астам. Мұндағы құстардың көпшілігін басқа құрлықтан көре алмайсыз.
Адамдар табиғаттың байлығына кейде пайымды қарамайды. Көбінесе бір мезеттік пайда үшін табиғатқа шексіз зиян келтіреді. Құстарды адамдар еті, жұмыртқасы және әдемі қауырсындары үшін мыңдап жойған. Соның нәтижесінде кейінгі 400 жылда жер бетінен 440-ден астам құс түрі жойылып кетті. Көбісінен із қалмаған, олардың қандай болғаны да белгісіз. Кейбірінен сол кездегі кітаптарда жазылған деректер бар. Кейінгі жылдарда жойылған құстардың мұражайларда терісі және тұлыпы қалған. Ол адамдардың тойымсыз екенінің белгісі сияқты. Солардың ішінде – дронт, кезбе кептер, корольдік және маврикалық тотықұстар бар.
Қазіргі кезде өмір сүретін құстардың ең ірісі – африкалық түйеқұс.
Ал қазіргі кезде өмір сүретін құстардың ең майдасы – колибри. Оның мөлшері арадай-ақ.
Ұшатын жыртқыштардың ең ірісі – америкалық айдарлы құмай. Қанатын жайғандағы ұзындығы үш метрге жетеді. Ол Американың Кордильерасында мекендейді. Айдарлы құмай 5000 метр биіктікте ұша алады. Олар өз ұяларын шыңдарға салады. Әдетте, айдарлы құмайлар өлекселермен қоректенеді.
Қазақстан авифаунансының ішіндегі ұшатын жыртқыштардың ең ірісі – тазқара. Олар тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында ұялайды. Дегенмен, кезбе тазқаралардың жазда Қазақстанның барлық жерінен көруге болады, әсіресе, тұяқты жабайы жануарлар көп жерлерде (мысалы, киіктер жүрген жерлерде). Мүйіздері үшін өлтірілген киіктердің басында солар отырады. Үлкен (салмағы 12 килоға дейін жетеді) қара құс, жалаң ұзын мойынды, онысының кейбір жерлері қошқыл түбітпен жабылған, мойнының түбінде – үлкен қауырсындардан құрылған мойын жібі болады.
І тапсырма.
Толықтырутесті:
Ұшатын жыртқыштардың ең ірісі – тазқара....................................... ұялайды.(жауабы- тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында)
Қазіргі кезде өмір сүретін құстардың ең майдасы ..................................... (жауабы- колибри )
Кейінгі жылдарда жойылған құстардың мұражайларда .............................................................. қалған. (жауабы- терісі және тұлыпы)
ІІ тапсырма.
Мәтінде берілген құстарды салмағына қарай орналастыр.
ІІІ тапсырма
«Табиғатты аяла» тақырыбында шағын әңгіме жаз . ....................................
Мәтінде уақыттың қандай қандай атаулары бар, ол уақытты қазіргі мезгілмен сағатқа келтірсең неше, ол кезде көрші мемлекетте сағат нешені көрсетеді? ................................................................................
V тапсырма
Мерзімдерді ретімен орналастыр.
Бесін, екінті, ақшам, таң, ымырт, кешқұрым, ел орынға отыра, түн, түн жарым
VІ тапсырма
Қазақстанда құстардың қандай түрлері бар, олардың ішінде ең үлкен құс және ең кішкентай құс туралы не білесің? ............................................................................................................................................