Мақсаты:оқушылардың көшеде жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Бағдаршам мен белгілермен таныстыру, зейіндікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:бағдаршам макеті, сақтандырғыш белгілер,көшеде жүру ережесі, жөнге салушының бас киімі мен таяқшасы, суреттер, оқушының салған суреттері, нақыл сөздер, шарлар (қызыл, жасыл, сары)
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың түрі: ойын түрінде
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Жұмбақ
Үш көзі бар: қызыл, жасыл, сары
Біреуін ашса,
Екеуі ұйықтап тұрады. Бұл не?
Оқушылар хормен: Бағдаршам.
Мұғалім: Бүгінгі біздің ертеңгіліктің тақырыбы «Көшеде сақ бол!». Кәне, бәріміз көшеде қалай жүру керек екенін есімізге түсірейік, ал, 1-сыныптың оқушылары, сендер құлақ салып тыңдаңдар. Біріншіден, біз көзімізді жұмып, қаланы елестетейік /көздерін жұмып ашады/, қаланың суретін көрсетемін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты Тақырыбы:"Көшеде сақ бол!."»
Көшеде жүру тәртібі
Тақырыбы: Көшеде сақ бол!
Мақсаты:оқушылардың көшеде жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Бағдаршам мен белгілермен таныстыру, зейіндікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:бағдаршам макеті, сақтандырғыш белгілер,көшеде жүру ережесі, жөнге салушының бас киімі мен таяқшасы, суреттер, оқушының салған суреттері, нақыл сөздер, шарлар (қызыл, жасыл, сары)
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың түрі: ойын түрінде
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Жұмбақ
Үш көзі бар: қызыл, жасыл, сары
Біреуін ашса,
Екеуі ұйықтап тұрады. Бұл не?
Оқушылар хормен: Бағдаршам.
Мұғалім: Бүгінгі біздің ертеңгіліктің тақырыбы «Көшеде сақ бол!». Кәне, бәріміз көшеде қалай жүру керек екенін есімізге түсірейік, ал, 1-сыныптың оқушылары, сендер құлақ салып тыңдаңдар. Біріншіден, біз көзімізді жұмып, қаланы елестетейік /көздерін жұмып ашады/ , қаланың суретін көрсетемін.
Мұғалім: Қалада әртүрлі көп машина бар. Көшеден өту үшін жол ережесін қатаң сақтау керек. Кім маған мына бағдаршамның ережесін айтып береді?
Оқушылар: Қызыл шамы жанса, ол жолаушыларға тоқта деп айтады, осы уақытта машиналар жүреді. Ал сары шамы жанса, ол дайындал деп хабарлайды. Жасыл шам жанса, ол жолаушыларға жолыңды жалғастыра бер дейді. Осы уақытта машиналар бір орында тұрады.
Мұғалім: Яғни, қызыл шам – тоқта.
Сары шам – дайындал,
Жасыл шам – жүр.
Екіншіден, мына белгілерге зер салыңдар.(сақтандырғыш белгілер бір-бірден көрсетіледі, соларды талдаймыз. Оқушылардың салған суреттерін талдаймыз.)
Мұғалім: белгілерді қайталап алдық, еске түсірдік. Ал сен, Дымбілмес, ережені ұғып алдың ба?
Дымбілмес: Иә.
Мұғалім: Ал, қане, айта ғой.
Дымбілмес: Қызыл түсті бағдаршам жанса, онда жолды тездететіп өтіп кету керек.
Мұғалім: Ал неге солай деп ойлайсың?
Дымбілмес: өйткені, қызыл түсті шам – ең әдемі түс.
Мұғалім: Ал жасыл шам жанса?
Дымбілмес: күту керек ол сөнгенше.
Мұғалім: Ал, балалар, Дымбілмес дұрыс айта ма?
Оқушылар: Жоқ.
Мұғалім: Ал сен және оқушылар ережені дұрыс ұғып алу үшін 3 сыныптың оқушылары тақпақтар дайындап келді. (қолында белгілері бар)
1-оқушы: Үлкен-кіші қала бар,
Ой жүгіртіп қарап ал.
Көше заңы тым қатты,
Сақ балыңдар, балалар!
2-оқушы: Бос өткізіп әр күнін,
Көшенің көп тәртібін.
Үйренбеген салақтар,
Үйден шықса алақтар.
3-оқушы: Қызыл, сары , жасыл
Бір өзіңде үш ат.
Қызыл жанса, тоқта!
Жасыл жанса, тез өт!
4-оқушы: Алдында жол бұралаң,
Өту үшін дін аман
«Абайла, да жай айда!» –
Деп ескертер бұл адам.
5-оқушы: Дәл ортаға жеткенше,
Сол жағыңа қарап ал.
Жол ортадан өткенше,
Оң жағыңа қарап ал,
Машина жоқ па екен?!
6-оқушы: «!» белгісі – оның жейді байқаусыз
Өткен кісі
Мына араның тасы көп,
Ақырындап басып өт,
Сақтанып өт!
Мұғалім: Жақсы! Ал, қазір сендердің қалай ұққандарыңды біз қызықты ойындар арқылы білеміз.
1-ойын
Мұғалім: Мен сендердің әрқайсысыңа дөңгелек беремін. Олар әр түсті: қызыл, сары және де жасыл. Мен өлең жолдарын оқимын, ал сендер дұрысын көрсетіңдер.
Бағдаршамның шамдары,
Орындаңдар барлығын.
Көшеде қозғалыс бар,
Машиналар жүйткіген.
Кім шешімін айтады: (қызыл)
Қызыл шамы айтады:
«Тоқта, машина басады!»
«Күтіңдер!» - дейтін шам бар.
Айтыңдаршы, білсеңдер
Қандай шамы жағылар.
Осындай кез келгенде. (сары)
Сары түсті күтіңдер,
Жүруге әзірленіңдер.
Енді алға жүруге, Барлығыңа болады. (жүру)
Жүруге де болады.
/жақсы қатысқан оқушыларға сыйлық ретінде шар беріледі/