Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Компьютер ойындарының зияны"»
«КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЗИЯНЫ»
Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз.Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Бүгінгі күні теледидар мен компьютер, ұялы телефон балалардың айрылмас досы болып алды. Компьютердегі түрлі қызықты ойындар, тез хабар алмасу жасөспірімдерді тәнті етеді.
Әрине, қазіргі оқу жүйесін компьютерсіз көзге елестету мүмкін емес. Іс жүзінде мектептегі барлық сабақ интерактивті тақтаны пайдалану арқылы өтеді. Жалпы білім беру мектептерінде балалар қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормаларды оқытушының көмегімен сақтай отырып белгіленген уақытта компьютермен «сөйлеседі». Ең қиыны балалар үйге келген соң, ата-анасы жоқта теледидар мен компьютерді қосып жоғары технология әлемімен бетпе-бет қалады.
Экрандардан біздің балаларымызға мультиктің құбыжық кейіпкерлері тіл қатады , а тыс-шабысты, зорлық-зомбылықты, жалаңаш әйелдердің қылықтарын көрген балаға соның бәрі дұрыс көрінеді. Бұларды көрген бала сабақты да естен шығарады. Өзіңіз компьютерде көп отырған баланы байқап көріңіз, олар ашуланшақ, әрі бірдеңені тез түсіне алмайтын болып қалыптасып келе жатыр.
Тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін, бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді.
Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Сондықтан да жоғарыда айтылған жағдайларды ескере келіп, баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс. 1) 1-4 сынып оқушылары тәулігіне 30-40 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне 40-50 минут, 9-11 сынып оқушылары 60 минуттан артық отырмау2) бала монитордан 70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс.3)компьютермен жұмыс істегенде ыңғайлы орындықты қолданыңыз.4) егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзәйнекті пайдаланыңыз.5) өз көздерiңізге демалыс беру үшін көз жаттығуларын жасаңыз.6) баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз. Демек, кез-келген ата-ана балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес ,үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс .
Оқу мен тәрбие, білім барлығы адам санасының психикасының даму үстінде қалыптасып, игеріліп, өмірге құлаш ұрған жастардың болашақтағы жейтін нандарына септігін тигізетін маңызды мәселенің бірі. Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефондағыагент.Ұялы телефон арқылы Mail.ru agent жүйесімен тілдесу оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Агент ауруы – аз-аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда.Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда.@mail.ru агентіне кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады.
Бір алаңдататыны аз дегенде10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми қатерлі ісігінің кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталып отыр. Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіреді.Ал жақында шетелдің мықты мамандары: «Ұялы телефон ер балаларға басқа да зиянды заттарға қарағанда екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады.Өйткені ұялы телефон ер адамдардың репродукциялық қызметіне айрықша зиян екен.
Қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларының жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады.
Қорыта келе ұялы телефон қолданған кезде ескеретін жайт: - ҰБТ-ға педагогикалық – психолгиялық дайындықты қарқынды жүргізуде мектеп оқушыларының ұялы телефоннан және агенттен аулақ болуы керек. - Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесуі керек. - Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болған дұрыс.