kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Отбасы - бақыт мекенім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының мақсаты ана мен бала арасындағы қарым -қатынасты және ата -ананың мектеппен қарым қатынасын нығайту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Отбасы - бақыт мекенім"»

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы- бақыт мекенім»

 

Мақсаты: «Отан отбасынан басталады». Отанға деген, отбасыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер, нақыл сөздер, шарлар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Отбасым – бақыт мекенім » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастамақ бұрын, балалардың «Отан» туралы өлеңдерін тыңдаңыздар.

жүргізуші

Бүгінгі біздің сыныбымызда «Отбасым — бақыт мекенім» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-ші Дұйсенқали
2-ші Қылышбек
3-ші Әзіхан

4-ші Арипханов

Шаттық шеңберіне тұру.

Мұғалім: — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын.

1 бала — Баршаларына сәттілік тілеймін.

1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.

2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.

2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз

3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.

3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.

4 бала – Өз елімді құрмет тұтамын.

4 ана – Ұл-қыздарымыздың патриот болып өсуіне ықпал ететін тәрбие берейік.

Сайысқа қатысу ретін анықтау.

1 . Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1) Абдрахманова Эльмира — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2) Зиябекова Күлпан  — бастауыш сынып мұғалімі
3) Есханова Дина  — ата-ана

Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері болады.

2. Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім — Таныстыру
2 бөлім — «Бала арманы» үй тапсырмасы
3 бөлім —«Сұрақ-жауап» сайысы
4 бөлім — «Өнер» өз өнері сайысы

  1. Жүргізуші:

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.

Балалардың таныстыруы.

Оқушы:

Әжемнің саясында ержетіп мен,

Аялы  ақ бесікке тербетілгем.

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен.


Жүрегімде әжемнің әжімі бар,

Жүрегімде достардың әзілі бар,

Жүрегімде өмірдің қызығы  бар,

Жүрегімде жанымның азығы бар.


Ержетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы.

Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны.

Ән «Әже»

1 .Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала арманы» үй тапсырмасын тамашалайық. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.

1. отбасы — Дүйсенқали
2. отбасы — Әзіхан

3. отбасы - Қылышбек

4. отбасы - Арипханов

Жүргізуші: (қорытынды сөз): Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағымыз келеді:

Оқушы:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Би: «Тәуелсіздік» қыздар орындауында

Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік — деп,

сайысымыздың 3 бөлімі — «Сұрақ-жауап» сайысын бастайық.

1-ші

1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

3. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? «Құрмаш!

5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? «қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ,

қымыз, шұбат.»

6. «Қазақ хрестоматиясын жазған кім?» (Ы.Алтынсарин)

7. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

2-ші

  1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы (Ы.Алтынсарин)

  2. Абайдың туған жылы? (1845ж)

  3. Ақылды сөзінің түбірі ( ақыл)

  4. Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А.Байтұрсынов)

  5. Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)

  6. Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)

  7. Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б

3-ші

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата)

4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра(

5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

6. Бес дұшпанды атаңыз? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)

4-ші

  1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

  2. 18жасқа толмаған адам ( бала)

  3. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

  4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)

  5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  6. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

  7. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, әнұран)

  8. Би. Қыздар орындауында

Әділ қазы мүшелерінен сұрақ-жауап сайысына берген бағаларын сұрасақ.

Оқушы:

Ана жанын ана болсаң ұғарсың.

Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,

Балаң үшін биіктен де құларсың.

Ана мейірі күн көзімен пара-пар.

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!

Оқушы:

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген- тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.


Не десең де әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең  қолтығыңнан тұр демеп.

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.


Ән: «Ана»

Жүргізуші:

Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.

Қорытынды сайыс: Сайыскерлердің өз өнерін тамашалайық

(Өз өнерлерін көрсетеді)

Би. Ұлдар биі

Әділ қазы мүшелерінен «Өнер» сайысына берген бағаларын сұрасақ.
Қорытынды сөз: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды — демекші бір-бірімізге әрқашан көмектесейік.

Қорытынды: Ата-аналардың тілегі,


Жүргізуші:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты "Отбасы - бақыт мекенім"

Автор: Орман Гүлмира Рысқұлқызы

Дата: 15.01.2019

Номер свидетельства: 495458

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Отбасы – бақыт мекені"
    ["seo_title"] => string(24) "otbasy_bak_yt_miekieni_1"
    ["file_id"] => string(6) "409452"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492320790"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Отбасым-бақыт мекенім" (тәрбие сағаты)"
    ["seo_title"] => string(40) "otbasym_bak_yt_miekienim_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "349470"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1476552149"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Отбасым- бақыт мекенім""
    ["seo_title"] => string(21) "otbasym_bakyt_mekenim"
    ["file_id"] => string(6) "560865"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1603306060"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Отбасым - бақыт мекенім"
    ["seo_title"] => string(24) "otbasym_bak_yt_miekienim"
    ["file_id"] => string(6) "385011"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485669561"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Т?рбие са?аты. «Шуа?ы тар?амасын жер ?стіні?» "
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-shuag-y-tark-amasyn-zhier-ustinin"
    ["file_id"] => string(6) "168587"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423248425"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства