kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т.Молдағалиев "Республика рәміздері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан – жақты таныстыру. Оқушыларды рәміздердің тарихын білуге, оны қастерлеуге, Тәуелсіздігімізді бағалай білуге үйрету.

2.Оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге, Отанының патриоты болуына тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т.Молдағалиев "Республика рәміздері"»

30 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Кенжегалиева Алтынай Руслановна

Сынып: 4 «Е»

Пән: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Республика рәміздері»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан – жақты таныстыру. Оқушыларды рәміздердің тарихын білуге, оны қастерлеуге, Тәуелсіздігімізді бағалай білуге үйрету.

2.Оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге, Отанының патриоты болуына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтау

Көрнекіліктер: АКТ, Республика рәміздерінің суреттері, плакат, маркер, топ ережесі.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин)

Психологиялық дайындық. (Үш тілде амандасу)

І топ: Қайырлы күн.

ІІ топ: Добрый день

ІІІ топ: Good afternoon

Мұғалім

Оқушы:

Әрбір адам?

Әрбір сабақ?

Әрбір ісің?

Әрбір сөзің?


Туысым, досым, жұрағат.

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Тірлік, тірек, адамдық.

Шындық, бірлік, адалдық.

Топпен таныстыру.

1 топ: Әнұран

2 топ: Елтаңба

3 топ: Ту


Топ ережесін түсіндіру.

«Кемедегінің жаны бір»

1.Контакт. (қолды созу)

2.Педальді тексер. (аяқпен топырлату)

3.Локаторды тексер. (құлақты уқалау)

4.Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)

5.Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)

6.Экипаж мүшелерін тексер. (бірін – бірі қол алысу)

7. Көрші кемелерді тексеру. (Қайырлы күн – добрый день – good afternoon)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин)

Шөмішбай Сариев «Тәуелсіздік монументі»

«Аквариум» ойыны.

1.«Тәуелсіздік манументі» қашан бой көтерді?

(Тәуелсіздіктің бес жылдығына орай Алматы қаласында 1996 жылы 16 желтоқсанда бой көтерді.)

2.Ескерткіштің авторларының бас жетекшісі кім? Ескерткіштің биіктігі қанша?

(Ескерткіштің авторларының бас жетекшісі Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов. Биіктігі 28метр.)

3.«Тәуелсіздік манументі» ескерткіште не бейнеленген?

(Төменгі бөлігі қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді, алдында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Қанатты барыс бейнесі еліміздің тұрақтылығын, мықтылығын бейнелейді.

Ұшар басында сақ жауынгердің бейнесі, дұлығалы Алтын адам. Биіктігі 6 метр, салмағы 4 тонна. Алтын адам- Қазақстанның азаттық символы.)

ІІІ. Жаңа сабақ. (30 мин)

«Бұл кім?» деп сұрамаңыз. (Тақтадағы берілген суретке байланысты сұрақ қояды.)

Бейнежазба көрсету.

1.Қазақстан Республика рәміздеріне не жатады? (Әнұран, елтаңба, көк байрақ)

2. Топтастыру. (Әр топ өз рәміздерін топтастырады)

Т. Молдағалиев – қазіргі таңдағы қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ақын. Ақын 1935 жылы Алматы облысының Жарсу ауылында дүниге келген. Т.Молдағалиев - жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы. Оған “Жалында”, “Балдырғанда” атқарған қызметтері дәлел. Студент кезінің өзінде-ақ “Студент дәптері ” деп аталатын жыр жинағымен халқын қуантып, дарынды ақын атанған. Т.Молдағалиев әр алуан тақырыпта қалам тартқан. Табиғат лирикасына, туған жеріне т.б тақырыпта жазылған өлеңдері сезімге толы.
2011 жылы 10 қазанда дүниеден озған.


Оқулықпен жұмыс.

138 бет, Республика рәміздері. Әр топ өз өлеңдерін өз бетімен, жұппен, топпен оқиды.

Қосымша ақпарат көзі.

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік

тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.


Сергіту сәті

«Hello!» балаларға арналған ағылшын тіліндегі жаттығуды орындайды.

ІҮ. Жаңа сабақты бектіу. (5 мин.)

Қосымша ақпаратпен жұмыстана отырып топтастыру стратегиясын толықтырады.

«Адасқан сөздер»

1 топ:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

2 топ:

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

3 топ:

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу

Отан дер ем!


«Тәуелсіздікке тарту» галерияға саяхат.


Ү. Үйге тапсырма. (2 мин.)

Өлең шумақтарынан үзінді жатта.

«Идеал тапсырма» әдісі. Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы: бір топ қосымша деректер жинаса, екінші топ шығарма жазады. Ал үшінші топ өлең шығарады.


ҮІ. Бағалау. Кері байланыс. (3 мин.)

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек – ойлау. Мен бүгін не үйрендім?

4.Шылдыр шүмек – шынайлық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек – көңіл – күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т.Молдағалиев "Республика рәміздері"

Автор: Кенжегалиева Алтынай Руслановна

Дата: 03.05.2017

Номер свидетельства: 412956


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства