kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы" ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы Ма?саты: о?ушылар?а елімізді? ?ткні мен болаша?ы,даму тарихы туралы ма?л?-маттар бере отырып келешекке сеніммен ?арау?а,елжандылы??а, ?лтын с?юге, ?астерлеуге ?йрету; адамгершілікке, мейірімділікке ?лкенді сыйлау?а т?рбиелеу-ге,о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту,?алыптастыру. К?рнекілігі: плакат,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы" ашы? т?рбие са?аты »

Тақырыбы: Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Мақсаты: оқушыларға еліміздің өткені мен болашағы ,даму тарихы туралы мағлұ-маттар бере отырып келешекке сеніммен қарауға,елжандылыққа , ұлтын сүюге , қастерлеуге үйрету; адамгершілікке , мейірімділікке үлкенді сыйлауға тәрбиелеу-ге,оқушылардың дүниетанымын кеңейту,қалыптастыру.

Көрнекілігі: плакат,еліміздің рәміздері

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасының ең негізгі мейрам-Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Биыл Алаш баласының рухын көтеріп,еңсесін тіктейтін,әр қазақты мақтаныш пен шаттыққа бөлейтін жыл.Тәуелсіздікке 23 жыл! Ал Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл.Бұл екі айтулы уақыттың қай-қайсысы да бар қазақтың басын қосатын, бір-лігін нығайтатын мерейтой.

Н.Назарбаев «Егеменді елдің ертеңі оқу мен білімінің тереңдігімен өлшенеді», «Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді» деген. Сіздердің назарларыңызға «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат еті-ңіздер!

1-жүргізуші: Егемендік – сенің абыройын, намысың, иығыңда қалқаның , маң-дайыңдағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың,қабағыңа біткен айбарың. Ендеше , хал-қым,егемен ,тәуелсіз еліміздің ғұмыры ұзақ болсын!

2-жүргізуші:

Қазақ жері –қонақжай, төрдің жері,

Қазақ жері-қас сақтай елдің жері.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Едігедей , Бабырдың ердің жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ елі өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті ,киелі қасиетті.

Биылғы жыл –қазақ халқы үшін айрықша ардақты,мемлекетіміз үшін ең мерейлі, мерекелі жыл.Биыл біздің егемендік алғанымызға , 23 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 23 жыл күллі қазақтың арман-тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әке-леріміздің аңсаған арманы орындалған 23 жыл.Ұлы мерекеміз құтты болсын!

1-жүргізуші

Қазақстан - егеменді ел,тәуілсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған бел .

Көкке өрлеген байрақты желбіретін,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың,

Тәуелсіздік – ұлтың менен ұраның

Шартарапта шаттығыңдай азаттық,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк Байрағы , Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!

ҚР-ның Әнұраны орындалады

1-жүргізуші:1991 жыл –Тәуелсіз ел атанып,аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.

2-жүргізуші:Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі,астында қияға қанат қаққан қыран тыңыштықтың,берекелі өмірдің белгісі,ал ою-өрнек қай елдікі екенін аңғартады

1-жүргізуші: Ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бей-нелеген тік бұрышты көгілдір мата.Күн – шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті.

Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.

2-жүргізуші: Еліміздің рәміздерін,соның ішінд қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаң-бамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу,оған зор құрметпен қарап тұ-мардай сақтау-бәріміздің абыройлы міндетіміз.

1-оқушы:

Аспан түстес көгілдір

Тікбұрышты матаның

Ортасында төніп тұр

Күн жаяды шапағын.

2-оқушы:

Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесін

Көңілді деп білесің

Азат елдің шалқыған.

3-оқушы.

Ескі белгі-ұрандар

Сары алтындай сақталған.

Күн шұғыла қыран да

Алтын түспен апталған.

2-жүргізуші

Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,шаңырақтың айналасында күн сәулесі –нен тарап уықтар орналасқан,оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр.Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз,ал төменгі жағында «Қазақстан» деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының реңдік белгісі екі

түсті : алтын және көгілдір түсті.

4-оқушы:

Алтын қанат көмкерген

Шанырақ бар уық бар

Әсем бейне сен көрген

Жәй бейне емес ұғып ал

5-оқушы

Көгілдір түс аясы-

Бейбіт дала елесі

Шаңырақ - жұрт панасы

Уақтар – күн сәулесі

6-оқушы

Сүйсіндірген өзінді

Түсіне біл таңбаны.

Жетелер елді алдыға

Пырақ –халық арқасы

7-оқушы:

Жоғарыда түсер көз

Бес тармақты жұлдызға

«Қазақстан» деген сөз

Таныс барлық ұл-қызға.

8-оқушы

Мағынасы сымбатты,

Бар осындай бейнеміз

Маған,саған қымбатты

Елтаңбалы елденбіз!

1-жүргізуші:

Азатық ,тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді.Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұры-лысында ел азатығы үшін талай тарланың тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмтылмас мұң қалдырып ,жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 86-жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады,кімнің көңіліне жара салмады?

2-жүргізуші:

1986 ж. 16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің небәрі 18 минутқа созылған қысқа уақыта өткен пленумы болды. Сол пленумда Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы,Қазақстанға 20 жылдай басшылық еткен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатты. Оның орнына саяси бюроның шешімімен Григорий Колбинді сайлады.

1-оқушы:

Қасқалдлақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн

2-оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазақа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

3-оқушы:

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

4 -оқушы:

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып –қызыл мұз боп жатқан күн

5-оқушы:

Озбырлық күшпен тұншығып

Үмітің оты өшкен күн.

Жанына тапай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн

6 -оқушы:

Ел басына туды күн

Қайғы езіп елдің еңсесін.

Жаншыды-ау жанын батпаң мұң,

Сол бір қарғыс атқан күн

1-жүргізуші:

1991 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президентік сайлау болды.Оның қоры-тындысында Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды.Бұл Қазақстан тари-хында бүкіл халық қатысқан,жасырын дауыс беру арқылы сайланған тұңғыш Президент еді.

2-жүргізуші:

Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,

Биіктердіен естіледі үнім де,

Тұңғыш рет Президент сайланып,

Мойындады барлық әлем бүгінде

1-оқушы:

Бүгін сізді құттықтаймын Нұр аға,

Жыр жазамын сол себепті ойлана.

Бүгін сізді құттықтайды бар халқың,

Сіз секілді Елбасыма жыр жаза.

2-оқушы

Сіз мәңгілік қаларсыз Елбасы боп,

Еліңізді алға тартар сөз басы боп.

Көркейтерсіз мәңгілікке жайнатарсыз,

Қазақстан халқының тұлғасы боп.

3-оқушы

Ел аға шаршамаңыз өмірде,

Көңіліңіз босамасын әр сәтте.

Қазақстан халқы сізге сенеді,

4-оқушы:

Ажарланған сәулет-өнер бәрімен,

Елім үшін мақтанармын әлі мен.

Жас ақындар өлеңімен мақтанса,

Ал әншілер мақтанады әнімен.

5-оқушы

Көрші елдер бізбен тату үнемі,

Бізді айтып мақтан тұтып жүреді.

Елге сыйлы құрметтейді салттарын,

Туған жердің біз боламыз түлегі.

6-оқушы

Сына мені мейлі қалқам сынама,

Азаматы туған жердің бір дара.

Ел аузында аты қалған елбасы,

Жаса мәңгі, жаса мәңгі Нұр аға!

7-оқушы:


Қалады дәл осы күн ел жадында

Қане, қалқам тек қана алға қадымда

Қазақ жұрты жасай берер мәңгілік-

1-жүргізуші:

Отан –әр адамның жүрегіне жақын,жылы,қасиеті сөз . Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері,туған –туыстарымен бірге тұратын атамекені.Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиеті ,киелі ұғым-Отан.

1-оқушы:

Отан дейміз от жақан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер,атамекен,

Биік тау ,орман тоғай ,көлімізді

2-оқушы:

Отан дейміз кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау ,жаңа жол жас қаланы.

Отаның шеті де жоқ,шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

3-оқушы

Мақтанамын мемлекетім барына

Терезең тең басқалармен,тарылма.

Өз елінің жырын жырлап,мұнын мұңдап әр ұлан

Өз еліңнің қорғаушысы болу керек қашанда.

4-оқушы:

Мен жас ұланмын,

Мемлекетің қорғанымын ертеңгі.

Нұрға ,гүлге толтырамын

Өзім туған өлкемді.

5-оқушы:

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс ,сауапты.

Әр отбасы,әрбір қазақ ,әр адам

Тәуелсіздік үшін жауапты

Ән: «Атамекен»

1-жүргізуші:

ХХІ ғасыр –білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз-өткенімізді білетін,бүгінді түсінетін,ертеңімізге сенімен қарайтын азамат болу.Енді ең басты бақытымыз егемендіктің 23 жылдық шежіресіне ой жіберейік.

  • 1991 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті сайланды.

  • 1992 жыл - Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды.

  • 1993 жыл - Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

  • 1993 жыл -15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы-Теңге айналымға енді.

  • 1994 жыл – Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен көкке самғады.

  • 1995 жыл- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізілді.

  • 1996 жыл - Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

  • 1997 жыл – қазанда Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы жарияланды.

  • 1998 жыл –Халықтар бірлігі және ұлтық тарих жылы

  • 1999 жыл – Тәуелсіз Қазақствн тұрғындарының бірінші сайлауы.

  • 2000 жыл - Қазақстан Республикасының әскери доктринасын бекітті.

  • 2001 жыл – Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

  • 2002 жыл – Денсаулық жылы

  • 2003-2005 жыл – ауылды қолдау жылы.

  • 2004 жыл –Астана Президент Резиденциясы Ақорданың ашылуы.

  • 2005 жыл –Дүниежүзі қазақтарының 3-ші құрылтайы.

  • 2006 жыл – Президентің ұлықтау рәсімі.

  • 2007 жыл –Мемлекеттік тіл жылы.

  • 2008 жыл – Астанаға 10 жыл.

  • 2009 жыл –Семей – Невада полигонының жабылғанына 20 жыл.

  • 2010 жыл – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне төрағалық өтті.

  • 2011 жыл – VII Қысқы Азия ойындары өтті.

  • 2012 жыл-

  • 2013 жыл -

  • 2014 жыл -

1-оқушы

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн!

Азаттықтың ақ таңы

Арайланып атқан күн!

Көңіл толып, шаттанып,

Қуанышқа батқан күн.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық,біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік-ұлы той!

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары

2-жүргізуші

Тәуелсіздік –түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік –-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік –елдіктің киелі кепілі,келелі келешегіміздің ,ұлттық татулығымыздың нышаны.

1-оқушы:

Тәуелсіз 23 жыл,

Сенің нұрың сөнбесін,

Ашық аспан жарық күн.

Келешегі сөнбесін

Қазақ деген халықтың

2-оқушы

Тәуелсіз 23 жыл

Күн болды бұл керемет

Ақ түйе қарны жарылған

Ел болдық шүкі иншалла

Әлемге аты танылған

3-оқушы

Тәуелсіз 23 жыл

Тәуелсіздік-тәтті ұғым,қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Зеңгір көкте желбіреді көк байрағы!

4-оқушы

Тәуелсіз 23 жыл!

Туынды биік ұстадық,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшінді бастап бақытты болашағыңа

Барлығы бірге:

Жасай бер,жаса,Тәуелсіз Қазақстан

Ән : «Ұланымыз ұлы елдің»

1-жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктен

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

2-жүргізуші:

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақбоз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

(сахнаға алдын ала дайын тұрған 13 оқушы шығады.Олар «Тәуелсіздік» сөзіне анық-тама береді)

1-оқушы

Тәуелсіз 11 әріп құралған

Сан ғасырлар бар қазаққа

Талай дара даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан

2-оқушы:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей келешек, жан –тәңіңмен ұғып біл.

11 әріп не мағына береді,

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл

3-оқушы: Т – білдіреді тендікті

4-оқушы: Ә- әдептілік,өрлікті

5-оқушы: У-уайымсыз уақытты

6-оқушы: Е- егемендік ,елдікті

7-оқушы: Л – дейді лағып лепірме

8-оқушы: С-сенімділік секілді ең

9-оқушы: І- ілтипат пен ізет

10-оқушы: З-зиялылық тілек қой

11-оқушы: Д-шақырады достыққа

12-оқушы: І- ілкімді боп сақтыққа

13-оқушы: К-дейді күн бол көктегі, көз алартпа көршілерге,қол сұқпа.

Жүргізуші: Тәуелсіздік ? Тәуелсіздік бізге не берді?

Жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұланы қандай болу керек?

Жүргізуші: Тәуелсіздік маған өз анам тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік берді.

Жүргізуші: Тәуелсіздік-елдің ұланы біз сияқты бақытты.

1-оқушы:

Көк аспанда тулардың

Желбірейтін күні –бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні бұл

2-оқушы

Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні –бұл

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні –бұл

3-оқушы

Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні – бұл

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні –бұл

4-оқушы:

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні –бұл

Бір – бірімен жарасып

Бауырласқан күні –бұл

5-оқушы

Дүбірлетсің өңірді,

Дүрілдетсің дүлдүлі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні

Ән «Жаса, Қазақстан»

1-жүргізуші: Міне ,біз бүгін Тәуелсіздікке жету үшін ата-бабаларымыздың ,аға –әпкелеріміздің қиын да бел –белесті асулардан өткендігі туралы тарихымызға шолу жасадық.

2-жүргізуші: Жоғарыда айтылған ойларды түйіндейтін болсақ:Тәуелсіз елдің ұлы өжет,қызы қайырымды,қаһарман

1-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,балаңдай мәпеле ,құдайдай құрмете!

2-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы,Әнұранымыз әуенді,асқақ бола түсін!

1-жүргізуші: Еліміздің белгісі көк туымыз әрқашан желбірей берсін!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік тұғыры берік болсын!

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы" ашы? т?рбие са?аты

Автор: Утепова Жанар Валиевна

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179792


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства