kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіз елім ?аза?стан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? мазм?ны оны? та?ырыбы мен ма?саты бір – біріне сай.

Саба? бимен  ашылып, отан?а  деген ысты? с?йіспеншіллікпен, ?ле? шума?тарын хормен  ?ле?імен ая?талды.

?рбір бала берілген тапсырманы толы? орындап, м?нерлі та?па? айтып, к?ріністі к?рсетіп, би биледі. Осы т?рбие са?ат барысында балалар ?ліппемен ?оштасып, ?лкен білім жолына атады. Бойына е?бекс?йгіштікті, адамгершілікті ж?не т.б. жа?сы ?асиеттерді сі?ірді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіз елім ?аза?стан! »

Тақырыбы: Тәуелсіз елім Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: 

  1. Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас бүлдіршін балдырғандарға өз елі, Отаны,рәміздері тарихы туралы түсінік береу.

  2. Патриоттыққа Отан сүйгіштікке , адамгершілікке, тәрбиелеу.

  3. Балалардың ой өрісін дамыту.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Жаса, жаса ұлы елім

Өзіңмен бірге соққан жүрегім

Ертегідей қала салған елбасы

Қайда жүрсең саулығыңды тіледім

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 
II.Сұрақ–жауап:

Тәрбиеші:

-  Жарайсыңдар  балалар. Отан деген не? Кім бізге айтып береді?

Балалар:

Туған жер, өлке, иә білеміз.

Тәрбиеші:

Республиканың әнұраны, елтаңбасы және туы туралы түсінік беру.

Амира

Елтаңбада шаңырақ, уықтар, жұлдызша екі тұлпар және Қазақстан деген жазу бар. Тұлпарда екі қанат және бір мүйіз бар.

Тәрбиеші:

Енді балалар туымызға қараймыз. Ол қандай түсте?

Нұрасыл

Тудың түсі көгілдір ортасында алтын түсті күн мен бүркіт, шетінде қазақтың ұлттық оялары бар. Елтаңба немесе ту туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі

Құтты болсын елімнің керегесі

Мәңгілік желбіресін көк туымыз

Кетпесін туған жердің берекесі.

III.Тәрбиешінің әңгімесі

- Біз мемлекетіміздің рәміздерімен мақтанамыз. Желбіреген көк туымыздың астында тұрып, әнұранымызды айтқанда ерекше сезімге бөленеміз.

lV. – Қане, балалар Отан туралы жаттаған мақал-мәтелдерімізді айтып берейікші

Нұрбол: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Алмас: Отан – оттанда ыстық

Нұрсұлтан: Отан үшін отқа түссең күймейсің

Орал: Отансыз адам ормансыз бұлбұл

Дамир: Халықтың ортақ үйі – Отаны.

 

   V.Сергіту сәті.  

Керегесі керіліп

Уықтары иіліп

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй боп көрініп.


Vl. Рефлекция:

  • Балалар желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

  • Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі.


-Біздің балаларымыз «Отан» туралы, Тәуелсіздік туралы өлең айтып берсін.  


Ерасыл

Арайлап таңы атқан

Әлемге даңқы артқан

Бұл менің елім, жерім

Тәуелсіз Қазақстан

Нүркен

Елі үшін аянбай төгіп жер

Намысын бермеген небір ер

Азаттың аңсаған кешегі

Бабалар батырлар өткен жер

Аружан

Жаңғырған жасарған бүгінде

Желбіреп туым тұр көгімде

Халықтың тілегі теңдігі

Мәңгілік жасасын елімде.

Ғалымжан

Алатау, Атырау арасы

Қазақтың байтақ даласы

Сарыарөқа алтайдың көркіне

Тамсаған адамзат баласы

Аружан

Тәуелсіздік тәтті ұғым

Ел мен жерім шаттығым

Тізгінін ұстап тұрмыз біз

Жеткізбес жүйрік аттының



Алтынай

 Киелі байрақта аруақ , бақ:

Иеді басын ел ардақтап.

Көк туды қастерлеп, сүйіпте,

Көтеріп ұстаймыз биікте.

Нұрсая

Алтын күннің түсіп бізге шуағы,

Ақтарылған жырдың қайнар бұлағы.

Ұлтымыздың бір белгісі – теңгеміз.

Асылдарым қарап одан тұрады.

Динара

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң Ұлы Отан,

Елім менің тірегім

Құшағыңда гүл атам.

Нұрсұлтан

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік -байлық , ырыс – құт,

Жарқырасын күніміз,

Жаса , жаса тыныштық.

Алтынбек

Тірлігімен адам байлық жасады,

Бірлігімен асулардан асады,

Адал жандар, жер-ананы қорғаңдар,

Абайлаңдар, бейбітшілік жасағы.
Жансұлу

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтасын сақтығыңды сағың сынбай,

Көрсеңде көресіңді азаппенен.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.

Аружан

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдыретті үнін сүйем.

 

Тәрбиеші:

Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы бақытты күн.

1986 жылы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауырда әділетсіз көтерілістің бірі.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен аналарымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізді.


Жас – арудың жанарында желтоқсан

Қанды ғасыр табанында желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Абақтыға тастағанда желтоқсан

Намысымның шырағы да желтоқсан.

Жігіттердің ұраныда желтоқсан

Жаңа күннің шуағы да желтоқсан.

 

Vll. Қорытындылау:

  Міне балалар, біз бүгінгі ашық сабағымызда қалай Тәуелсіз ел болғанымызды, қандай қиындықтардан өткенімізді, ту, елтаңба және әнұранымызды білдік. Біз балалар бақытты елдің ұрпағымыз.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабақта барлықтарың өз бідімдеріңді жақсы көрсеттіңдер.

Осымен бүгінгі «Тәуелсіз елім Қазақстан!» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз!

Қымбатты ағайындар осымен мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

















«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Келісемін Бекітемін

ТІЖО Мектеп директоры

_______Абылдаева Л _____Кулиева Ж.Ш
















Сыныбы: 0 «Б»

Сынып жетекшісі: Абдиева Ж.А






2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?уелсіз елім ?аза?стан!

Автор: Абдиева Жадыра Адиловна

Дата: 14.03.2015

Номер свидетельства: 186344


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства