kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "?ліппемен ?оштасу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін орта?а салу, білім - білік да?дыларын к?рсету. П?нге деген ?ызы?ушылы?тарын ке?ейту. Ізденімпаз ?асиеттерін дамыту. Эстетикалы? тал?амдарын тере?дете т?су. Ой-?рісін, тіл байлы?ын дамыту. Отанын, ту?ан жерін, мектебін с?юге т?рбиелеу. ?аза?стан Республикасыны? азаматы мен азаматшасы болу?а т?рбиелеу,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "?ліппемен ?оштасу"»

Рахмет саған әліппе

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,білім –білікдағдыларын көрсету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой –өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаз қасиеттерін дамыту. Эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, Отанын, туған жерін, мектебін сүюге, Қ.Р. –ң білімді азаматы мен азаматшасы болуға тәрбиелеу.

  Көрнекілігі: әріптер, гүлдер, әліппе, ана тілі , математика макеті, плакаттар, шарлар т.б.

Наурызбек:        Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

  Ержан:Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.

Іңкәр:   Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Уа, халайық!

Ортаға шақырайық қол соға.

Сүйікті біздің ұстазды,

Шәкірттермен ортаға.  

Мұғалім:

Армасыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі-әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді ашып беруге

Мектебіміздің директоры: Н.К.Челеева

Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Досқалиева апайларды ортаға шақырайық.

Мұғалім:Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

Аяулым:    Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Әріп сырын түсіндім мақтанамын.
Әріп сырын үйреткен әліппемде,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.


-    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Бар білімнің бастауы

Білімдегі жарық не?

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:
-    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:       Әліппе-әліппе-әліппе

Әліппе:

Менің атым -  Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Аған менен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық.

Мұғалім: Қош келдің, Әліппе, кел төрлет. Біздің сыныптың балаларының білімі мен өнерлерін тамашалаңыз..

 Әліппедегі барлық 42 әріпті танып білдік, ендеше осы әріптер әлеміне саяхатқа шығайық…

Әбілхайыр:  Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

 Ерасыл:  Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеңіндер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.

  Ырысбек: Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде түсінші:

Рай: А – деген ол аналар ғой ардақты,

Ә – деген ол әкелер ғой салмақты,

Б – деген ол балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.


Әліппе: Балалар мен сендердің білімдеріңді тексерейін деп жұмбақтар ала келдім. Қане кім тез жұмбақты шешеді екен.

  1. Қаба т– қабат қаптама

Ақылың болса аттама (кітап)

  1. Сақинаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (О дыбысы)

  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған (бор)

Мұғалім: Әліппенің тойында,

Әркім құштар ойынға.

Әріптер сыр ашады,

Қыздар биге басады

 Би:  «Шарара»

  Әліппе:Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

  • Математика, дүниетану, ән күй, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру т.б.


  • Мұғалім: -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ортаға математиканы шақырайық.

  • Хормен математиканы шақыру.

Математика: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен математика пәні болам. Мен сендердің білімдеріңізді тексеруге көптеген есептер ала келдім.

1.  Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы 
Болады неше алма?
( 7)

  1. Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі,       

Кәне, кім тез шешеді? 5

  1. Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек                  

Барлығы неше үйрек? 8

 Ықылас: Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңызды етіп оқыңдар

Математика сабағын.

  Нұр:        1-дегенім бесік
Шықтым содан өсіп.

  2-дегенім егін
Далам,тауым,көлім.
Ибраһим:      3-дегенім үміт
Үмітжақсыжігіт.
4-дегенім төзім
Төзе білем өзім.
Мадияр:  5-дегенім бақыт
Бағалайтынуақыт.
6-дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл.
Данияр: 7-дегенім жалау
Жүректегі алау.

8-дегенім сөзім
Серт беретін кезім.
Диас: 9-дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.

10-дегенім Отан
Қорғас
ын оны ботам.

 Әліппе: Балалар, мен сендердің білімдеріңді көріп ризамын. Енді мен кетейін.

Мұғалім: Балалардың сізге арнаған өлең шумақтарын тыңдап кетіңіз.

  Дина: Таныстырған 42-әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.

 Ибрахим:   Қош бол сүйікті Әліппем.
Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.

 Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хор:  «Рахмет саған, Әліппе» әні (Әліппе кетеді)

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.

Би: «Арива»

Мұғалім: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі өлең шумақтары аналар сіздерге арналады.

 Наурызбек: Баланың да тірегі,

Ананың да тірегі.

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

 

Іңкәр: Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Аяулым:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата ана қуанышымызға ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне, балаңыз!

Ержан: Атағым Алатаудай болсын биік 
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп. 
Алдында әрқашанда тағзым етіп, 
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп. 

«Ұстазым» әні

Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
– Уақыттарыңызды бөліп, қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рахмет!
– Қош сау болыңыздар.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "?ліппемен ?оштасу"

Автор: Акболаева Жадра Шортанбаевна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311927


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства