kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "??стар - ?анатты достарым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

??стар - ?анатты достарым атты ??стар жайында ?ткізілген т?рбие са?аты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "??стар - ?анатты достарым"»

Күні: Класы: 2 Тақырыбы: Құстар – қанатты достарым
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
    Көрнекіліктер: Альбомдар, суреттер, плакаттар, 
Мұғалім: 
    Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен1-сәуір  десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.
        1-оқушы:   Сәуір  келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
2-оқушы:  Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
3-оқушы:  Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талда бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді «менің» тұрағым.

1- Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
2- Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу  арқылы ықыласын білдіріп отырады.
1- Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
2-: Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

1-оқушы:  Құстар тойын құттықтап,
                          Қуанамыз, қолдаймыз.
                          Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
2-оқушы:  Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Самалына нұр есіп.
3-оқушы:   Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап нұрлы гүлің,
Басқар құстар күнін.

      1- Халық « көкек келді-көктем келді » - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы  бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.
      2- Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге  ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "??стар - ?анатты достарым"

Автор: Берік Айзат Берік?ызы

Дата: 23.05.2016

Номер свидетельства: 329732


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства