Бір жыл бойы балалары?ыз балаба?шада ойнап, би-билеп, ?н салып сауаттарын ашып, б?гінде б?лдіршін балапандары?ыз балаба?шамен ?оштасып ?лкен ?мір есігі – мектеп табалдыры?ын бас?алы т?р. Осы ?уаныш?а ??тты болсын айтып, ерте?гілігімізді бастау?а р??сат еті?іздер демекпін.
«Балд?урен» тобын ?ошеметпен ?арсы алы?ыздар.
Музыкамен балалар ала??а кіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "?ош бол ша?ын орталы?ым!" »
«Қош бол, шағын орталығым!»
Тәрбиеші: Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бүгін шапағатын.
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын , шаттығын.
Қайырлы күн, қайырлы күн,
Қуанышты күн бүгін!
Құрметті: Қонақтар, ұстаздар, балалар. Бүгін сіздер шағын орталық «Балдәурен» тобының атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!
Бір жыл бойы балаларыңыз балабақшада ойнап, би-билеп, ән салып сауаттарын ашып, бүгінде бүлдіршін балапандарыңыз балабақшамен қоштасып үлкен өмір есігі – мектеп табалдырығын басқалы тұр. Осы қуанышқа құтты болсын айтып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер демекпін.
«Балдәурен» тобын қошеметпен қарсы алыңыздар.
Музыкамен балалар алаңға кіреді.
Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын! Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын! Мектепке баратын қадамдарың құтты болсын! Бір ата , бір ананың тірегіміз, Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз, Бірлік барда, тірлік бар деген бабам. Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып құттықтау сөз мектеп директоры Алимова Айткүл Едресқызына беріледі.
Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа жеттіңдер.
Мектепке сендер барасыңдар,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл – ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Мерекеде сызылтып ән салады Ән айтып, би де билеп жан салады Бұл ұлы мерекеде ән салғанда Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән: « Балдырған» қойылым
Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар , Мектепке кетіп барады. Өлең айтып бір-бірден , Қимай кетіп барады – дей отырып ортаға балаларымызды шақырамыз.
1-Ерназ:
«Балдәурен» топ есігін,
Үшке тола аттадық.
Балапандай өсіріп,
Балабақшамыз баптады.
2-Диана:
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз,
Біз – осы үйдің сәніміз.
3-Адиль:
Балабақша алтын бесігім,
Айқара ашқан есігін.
«Балдәурен» сенің ботаңмын,
Қандай ыстық есімің.
4-Айбек:
Былтыр келдік бақшаға,
Бойымызда өсті нық.
Үйрендік біз санапта,
Ойындармен таныстық.
5- Ожан Тоғжан:
Жасымыз толды беске,
Ересек біздер боламыз.
Екіні қосып екіге,
Әріп те жаза аламыз.
6-Азат:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер-білім үйренген,
Бақшамызды қимаймыз.
7-Жанерке:
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді.
Есікті қағып Жауқаугүл келеді
Ән: «Бала тілегі»
8-Айару:
Ботақаным бөбек деп Еркелеткен ұл қызын Анамызды ерекше Қуантатын күн бүгін
9-Жанали:
Еркесі едім анамның,
Еркесі едім атамның.
Толып биыл беске,
Мен оқушы атандым.
10-Бибігүл:
Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып бала бақшамен Мектепке біз барамыз
11-Дәурен:
«Балдәурен» аты қандай тамаша,
Көркіне аты жараса.
Балабақшам сондай керемет,
Көз тоймайды қараса.
Бірге: «Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған,
Тәрбиешілеріміз сізге мың алғыс»
«Балдәурен» тобының атынан.
14-Асадали:
Ән салғызып билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп
Ойнатады, күледі.
15-Көркем:
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
16.Бағлан:
Витамин жеп қолынан Өскен сәби баламыз Мереке апай сізге Алғыс айтып барамыз