Білімні? жолы бастауыштан басталатыны туралы о?ушылар?а ??ындыру.О?ушылар?а бастауышта ал?ан білімдері негіз болып табылатынына к?з жеткізу. Орта буында?ы ?стаздар?а ?р баланы? ерекшелігін таныта отырып, с?т сапар тілеу.Мектепті ,?стазды деген ??рметтеп,білімге деген ??штарлы?ын арттыру.?з Отаныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты.Бастауышпен ?оштасу»
Тақырыбы: Қош бол бастауыш .
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. 3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып. Кіріспе сөз: 1-жүргізуші Асылан :Армысыздар! Жаны жайсаң қазақ елі!
2-жүргізуші: Регина
- Қайырлы күн асқар тау әкелер мен ардақты да құрметті, ақ жаулықты аналар, ұстаздар!
1-жүргізуші Асылан :
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші Регина
Қош бол бастауышым,
Алғыстарым көп менің.
Ақыл, білім, тәрбиең
Ой санама кеткенін.
1-жүргізуші Асылан ::
- Бүгінгі «Қош бол, бастауыш» атты мерекелік кешімізге Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! (бірге)
2-жүргізуші Регина
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім деп мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым
Түстей боп міне бүгін артта қалды.
1-жүргізуші Асылан : Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметпен шақыралық
4 Ә-сынып оқушыларын ортамызға.
2-жүргізуші Регина
-Құрметті қонақтар! Ең алғаш бізге қалам ұстатып, әліппені үйретіп, білім нәрімен сусындатқан қадірлі, алғашқы ұстазымызды ортаға шақырамыз.
Мұғалім сөзі
- Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп танытқан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды. Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шақ – балалық шақ. Ендеше, сол балалық шақтарыңнан мәңгілік естеріңде қалсын, балалықтың жақсы бір елесі болып қалсын деген мақсатпен, бүгін дәстүрлі үлкен қуанышты шараға жиналып отырмыз. - Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар әрине, бастауыш сыныптың түлектері бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын! - Көрінетін биіктен асқақ іспен Баулитұғын білімге жас кішіден. 4 жыл бойы біліммен сусындатқан Қоштасқалы күн келді бастауышпен. Бастауышты халық та дәріптеген «Білім көзі» деген сөз анық деген. Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен. - Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы тұрған оқушыларға сөз берейік.
2-жүргізуші Регина:
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен кіші жасымыз кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап бүгінгі сәнімізбен.
1-жүргізуші Асылан : Хор: «Жас түлектер»
2-жүргізуші Регина :
-Иә, кеше ғана тардай боп келіп едік қой, есіңде ме ? Бүгін міне, бастауыш буынмен қоштасқалы тұрмыз.
1-жүргізуші Асылан : Дұрыс айтасың, Регина! Кеше ғана жүрексіне табалдырық аттап едік, енді, міне бойымызды түзеп, ойларымызға сана қосып, еліміздің саналы азаматы да болып қалған секілдіміз.
2-жүргізуші Регина
-Иә, білімнің қайнар көзі бастау бұлағы бастауыштан басталады емес пе? Біз сол білім нәрімен сусындап, көктеп келеміз.
1-жүргізуші Асылан :
- Регина, сен дұрыс айтасың. Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі.
Регина:Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырудан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә.
1-жүргізуші Асылан :: Мұғалім – ұстазысыз балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сіздің алар орныңызды
Бірі де жеткізе алмас балалардың, - деп ортаға мың бұралған биші де ару қызымыз ...Мулдагалиева Камшатты « Арман қанаты» биімен қарсы алайық.
өнерін өрлей берсін!
Тақпақтар. 3-4 оқушы.
Данияр Койшин
Мектеп деген білім кені , жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға. Мектеп деген даналардың мекені. Сагиденова Дильназ Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, Алтын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен, Күллі шәкірт саған басын иеді. Байгазин Әшім Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. Тамырланып , сан тарапқа тараған. Аманова Лиана Мектебім- білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай. Әрқашан қасиетті атың маған. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл , Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан, Өзіңнен нәр алып көктедім. Тажибаев Ануар Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың , даналардың . Өмірде сенің алар орыныңа , Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
1-жүргізуші Асылан : Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады емес пе?
2 жүргізуші Регина
-Иә, дұрыс айтасын Асылан сол үшін не бір дарынды ойшылдар да, ғарышкерлер де, жүрек жұртқан батырлар да, қарапайым адамдар да ұстазды қадірлеп, құрметтейді.
Регина
-Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген балық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді тыңдаймыз, жан-жақты білім берген үшін әр бір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
1-жүргізуші Асылан :: «Білімді бол, оқы, үйрен» деп өсірді,
Жақсылыққа баулып та жүр неше түрлі.
Бала үшін бәйек болған күн-түні
Құрметтейік ҰСТАЗ деген есімді.
1-жүргізуші:Хор: « Ұстаз »
Регина
-Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген балық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді тыңдаймыз, жан-жақты білім берген үшін әр бір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
Ұстаз туралы тақпақтар
Тилимбаев Даир
Қонақбев Бекарыс
Мектеп – кеме , білім – теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Төрт жыл алған білім нәрін , Азық етіп ер жетеміз. Таубаева Рахима Жасқана кіріп едік сыныпқа біз. Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Қайталап атымызды сұрасқанбыз. Ахметов Санжар Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған, Шықпаушы едік бір елі айналаңнан. Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе? Жан дүниесін баланың жаулап алған. Наурызбаева Гүлдаурен Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Сағына әркез суреттерді парақтап. Шәкірттерін жиі еске алатын. 1-жүргізуші Асылан : Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп.
Өзіңе арнап жыр айтам
Ардақтап сізді өтем деп.
Регина
-Келесі тамашалайтындарыңыз оқушыларымыздың ұстаздарға арналған өлеңдер
Пән мұғалімдеріне өлеңдер
Алпамыс Мухаммед
Ағылшынша оқыдық тілін білдік, Дыбыстарды талдадық, сырын білдік. Соның бәрін жалықпай, түсіндірдің Соның бәрін біздерге ұғындырдың.
Бисалиева Самина Бұлбұл үнін қаншалық, Тыңдап жүрдік тамсанып. Ақырында Наурыз ағай үйреттің Тамылжыта ән салып.
Есіңде болар, мектепке алғаш келгенің, Үрке қарап, есігін білім ашқаның. Сол білімнің бұлағына шомылтқан Ұстаздарды ұмытпағын, достарым! Жаным толқып, лүпілдейді жүрегім, Бойым өсіп, ойым толып, түледім. Бірі құрбы, бірі шын дос біз үшін Боламыз енді орта сынып түлегі.
Адилова Дильназ
Орыс тілі әр кезде керек ертең Айсұлу апайымыздың көңілі өте көркем. Ашық жарқын жанары қашан көрсең Барлық жандар осындай болса екен.
Сагиденова Дильназ
Орыс тілін құрметтеп, Сүйеміз шын жүректен. Лаура апайымыз анамыздай, Көңілдерге гүл еккен.
Хор .Білім берген біздерге бас иеміз сіздерге
1-жүргізуші Асылан :
Мың алғыс бәріңізге үлес қосқан,
Қараңғыда оқушы көзін ашқан.
«Тілеуі кемедегінің» бір деген бар,
Баршаңызға берсін дейміз ашық аспан, - деп класымыздың сұлу қызы Регинаны ... «.Жылқышы ..» биімен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Тақпақтар Ұстаз туралы
Инабат : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Ақылға келе алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Умиртаев Марат
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Қойшыбаев Данияр Тек үйреттің әділдікті , адалдықты, Жирендік , ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. Аманкелдинова Дина Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай , Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? Мейірлене қарап қойып біздерге, Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Мулдағалиева Камшат Бастауышым- балбұлағым Лаулап жанған шам шырағым. Өзің берген біліміңмен, Самғап ұшар тау қыраның.
Ән әнін Базарова Инабаттың орындауында Мектебім әні
Малика
Асылхан
Ақнұр
1-жүргізуші Асылан :: Жарқылдып тойға келген асыл жандар,
Гүлдей боп көзімізге басылғандар.
2-жүргізуші: Қол жетпес арманды іске асырғандар –
Ата-аналар, құрметті, асыл жандар.
2-жүргізуші. Регина
Ата-ана дейміз бәріміз де,
Ата-ана дейді жас сәби де,
Ата-ана деген бәйтерегі жарқылдап өмірдің
Ата-ана деген алтын қазық, алтын бақ.
1-жүргізуші Асылан :: Мен тілеймін ата-анаға,
Өмір думан, бақ әкелсін.
Азамат боп шығамын мен
Сенетіндей халқым ертең- деп класымыздың әнші қызы Айтпаева Асемайды «Анашым»
әнімен қошеметпен қарсы алыңыздар
2 жүргізуші Регина: Достарымның өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Сыныптасым, құрбыларым, достарым
Көңілді болып жүреді әрдайым – деп көңілді клуб мүшелерін шақырамыз. КВН
Би
1-жүргізуші Асылан :: Алғашқы ұстаз – ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай мәңгі есте қалатын.
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін оңаша еске алатын.
2 Регина:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылықты ешкімнен аямаған
Саялы бақ жаңашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген аяулы ардақты адам - деп 4 Ә класс оқушыларының орындауында Алғашқы вальс
Қабыл алыңыздар
Би Вальс
1-жүргізуші Асылан :: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз беремін құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Тақпақтар
Регина. Хор Балдырғандар вальсі
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан
Ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар .
1-жүргізуші Асылан :: Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгідей салтанатты шақта бір
Құтықтайды ұстаздар мен ата -аналар баршаңды.
Ата – аналардың тілектері
Регина
Бастауышым балбұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін .
Әріп танып білім алып
Рахметімді жаудырамын
1-жүргізуші Асылан :Бастауышым бұлағым
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраның.
Регина
Бастауышым балбұлағым
Өтті сенде қызық шағым
Қоштасар кез жетті міне
Қимастықпен қол былғаймын деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз