kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты бастауыш сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л т?рбие са?аты ?шінші сыныптар?а арнал?ан. Отбасы т?рбиесін ны?айту ?шін отан отбасынан басталады. ?лкенге ??рмет кішіге ізет к?рсете білуге т?рбиелеу. Т?рбие са?атыны? негізгі ма?саты отбасы оша? ?асынан басталатын сезіндіру ата аналарды? балаларын д?рыс т?сіне білуге т?рбиелеу. Ма?ал м?телдер, ж?мба?тар, ?ле?дер айт?ызу слайд бойынша с?ра? жауап алу, сауалнама ж?ргізу, ?з ойларын толы? айта білуге ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты бастауыш сынып »

М. Т. Нурдаулетова

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Қазатком орталау мектебі

Сынып сағаты


Тақырыбы: Шаңырағым шаттығым
Мақсаты:
1. Ата - анаға деген құрмет, сыйластық деген ұғымдарды балалардың санасына жеткізіп, қалыптастыру. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін ұғындыру, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. ІІ. Психологиялық дайындық.
    Барлығы:
    Күн жарығын алақанға саламын,
    Жүрегіме басып ұстай аламын.
    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
    Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
    - Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Мұғалім

  • Қайырлы күн , құрметті ұстаздар , ата- аналар шәкірттер ! Біз бүгін бір кішкентай ғажайып әлем жайлы сөз етеміз . Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін ? Қане , ойланып көріңіздерші . Ол өзі бір кішкентай ғана шағын мемлекет . Ол мемлекеттің аты « Жанұя» екен .

Сонымен бүгінгі ата- аналармен балалар бірлескен « Шаңырағым шаттығым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер

  1. Мұғалім:
    - Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
    Онда әкем - анам тұрады
    Ата - әже бауырым
    Бәрі бірге қосылып
    Бір ұғымды құрады 
    (Отбасы)
    - Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)

1 жүргізуші : Сұрақ: - Отбасы деген не?

Оқушы : Менің ойымша отбасы деген...

Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы

2жүргізуші:

  • Отбасын кімдер құрайды ?

  • Отбасын отбасы мүшелері ( ата, әже , әке , ана , бала ,) құрайды

1 жүргізуші Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар?

-Бала тәрбиелеу.

2 жүргізуші :- Отбасы тату болу үшін ең бастысы сыйластық, бір - біріне деген құрмет болу керек екен. Ата - ананың, аға - әпкеміздің ақылын тыңдап, кішіге қамқор болуымыз керек.
- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ.
Анаң - күнің жүрегің
Әкең - өмір тірегің
Әжең - асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Ағаң - қамқор асқарың
Інің - мөлдір аспаның - демекші
1жүргізуші : - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар 3 cыныбында өткелі отырған «Шаңырағым - шаттығым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош - келдіңіздер!

1 жүргізуші
Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар.

2 - жүргізуші: Ата - ана асқар тау алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.

1 - жүргізуші:
Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атауы сіздердің есімдеріңізбен байланысты. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар.

2 - жүргізуші:
Сіздердің шыдамдылықтарыңызбен, қамқорлықтарыңызға біз барынша тәнтіміз. Өйткені біздің өмірдегі тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де өздеріңізге байланысты.

1 жүргізуші :- Әке, шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбасын құрайды.:
Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, құрметті балалар өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамын.
2 жүргізуші :

Алдымен сүй ардақты ата - анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Ата - анаңның мейірімінен тарайды

1 оқушы

От басы – жылы ұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.

2 оқушы

Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз

3 оқушы

Тәрбие мектеп – от басы,
Ақылды баулып, тіл ұштар.
Өрімдей тезге тартылған
Әдепті бейне дұрыстар.

4 оқушы

Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.

Мұғалім :Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары.

Жаманы-қайғысы, азап- соры.

(В.Сухомлинский).

Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады.

Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес. Отбасы – адам баласының дамуына ықпалы зор.
Біздің байтақ еліміз
Отбасынан құралған
Елін сүйер сеніңіз
Өз жанұясын сүйе алған
Келесі кезекте отбасы туралы мақал - мәтелдерге береміз.
1 оқушы

Отан - отбасынан басталады.
2 оқушы

Ата - ана отбасының бастапқы дәнекері, ең бастапқы алтын діңгегі.
3 оқушы

Отбасы – алтын ұяң.
4 оқушы

Ана үйдегі бақ, әке отырған тақ.
5 оқушы

Отбасы адамзатқа тәлім - тәрбие, үлгі өнеге беретін тәрбие ошағы.
6 оқушы

Адам баласының ажары да, бақыты да – Отбасы
7 оқушы

Әр отбасы мемлекеттің іргетасы.
8 оқушы

Отбасы тәрбие бастауы.
9 оқушы

Ата - ана – отбасының басты алтын діңгегі, бастапқы дәнекері.
1 слайд
Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірім кәусар бұлағы – Ана. Ананы ардақтамайтын халықта жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.

1 - жүргізуші:
Кім сендерді балалар сүйетұғын?
Қуанышыңа қуанып қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын – дей келе кезекті аналарымыздың құрметіне арнап

«Анама» әнін орындауға рұқсат етіңіздер.
Өсірген баптап баласын
Әкелер әркез «Жарайсың»
Бар өнерін үйреткен
Оздырған да жүйріктен
Әке – деген ардақты ат.
5 оқушы

Отбасындағы шаңырақтың тірегі-әке. Отбасының қамқоры, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды.Ер баланың әке-досы, әрі ақылшысы, қыз- баланың қамқоршысы
Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі ең қымбат адамым сіз, менің сүйікті әкешім.
Сізсіз әке - ең ақылды, ең сыршыл
Сізсіз әке - ең жақыным, ең шыншыл
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің
Жанымдасың қамқорымсың білемін
Қабыл алғын бала жүрек тілегін
Ән: Әке туралы ән:
2 жүргізуші
Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана, талай ақын - жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
1 оқушы.

Мұхаммед Пайғамбар:
"Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 - оқушы.

Кемал Кеніш:
"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке, өзіңсің"
3 - оқушы.

Ғабиден Мұстафин:

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын

4- оқушы. Дулат Бабатайұлы:
"Ата - ана ақылы - қазылған қара кенмен тең"
5 - оқушы.

Махмұд Қашқари:
" Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
6 - оқушы.

Кемал Кеніш:
"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке, өзіңсің"
2 жүргізуші
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

Оқушы

Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денесіне енетін нәрсе емес, оның да көптеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Яғни, отбасының бақыты, діңгегінің мықты болуы ата – аналардың, сол отбасы мүшелерінің өз қолында деуімізге болады.

Көрініс: Ата мен бала
Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.
- Жоқ балам үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға – үлгі, әке тәрбиесі ұлға – үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы – көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.
2 слайд
Үлкенді сыйлау қазақ халқының ата - салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен - әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасы, өз ата - анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды. Ата – ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді. Оны бағып – қағып тәрбиелеп өсіреді. Білім береді, «Болашағым, өмірімнің жалғасы» деп үміт күтеді, мәпелейді. Адамзат болып, үй ішінің қамқоры болады деп сенім артады. Ата - ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды» деп айтылмаған. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген де осыдан шыққан. Ата - ананың ісінен көпті үйреніп қоймай, солардың тәрбиесінде бойға сіңіре білу - әр баланың парызы.
1 жүргізуші:
1)Тәрбие - баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат - міндеттерімен байланыста болуы керек*
3 слайд
Бала тәрбиесіндегі қағидалар
1) Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір - қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым - қатынас жасаған абзал.


2) Әдепсіз сөз, дөрекі айқай - тәрбиедегі ең жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе оған қарай жауап береді.


3) Егер өзің баланы сыйламай тұрып өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.


4) Баланың айтайын деген өтініші, ақылдасқысы келген мәселен ата - анасы тыңдап, ақыл - кеңес беруі керек.


5) Ата - ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.


1 жүргізуші

- Мейірімділік – адамның бет әлпетінен, іс - әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде - кім басқа адамның ақыл - ойы, мүдде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп - жебесе ол мейірімділікке жатады.
2 жүргізуші

– Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы деп ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай балаларға түсіністікпен қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескертіп, қорытынды шығарып отыру керек.

  1. слайд
    Енді
    7 - қателік:
    1 - қателік: Балаларды орынсыз еркелету.
    2 - қателік: Не істесең оны істе маған бәрі бір деп айту.
    3 - қателік: Аса қаталдық яғни Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата – ана-анамын деп айту.
    4 - қателік: Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін деп айту.
    5 - қателік: Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ деп айту.
    6 - қателік: Балаңызды баршылыққа баулымау.
    7 - қателік: Балаңыздың ісіне, көңіл – күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл – күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т, с, с,

    Уа, адамдар
    Жақсылықты жақсылық пен жалғаңдар
    Игілікті, ізгілікті таңдаңдар
    Өмір кілті қолдарыңда сендердің
    Абайлаңдар
    Тек түсіріп алмаңдар – дегендей, отбасының бірлігі мен берекеті ұрпақ тәрбиесінде өте қажет. Бұл - өте қымбат ұлттық құндылық.

    Мұғалім
    Бала бойындағы жат қылықтардың,, жағымсыз қасиеттердің пайда болуын ата - ана көбіне мектеп тәрбиесіне аудару салуы мүмкін. Жоқ, онда ата - ана қателеседі. Өйткені, біріншіден, бала тәрбиесі ана құрсағынан жатқанда басталады. Екіншіден жаңа туғаннан мектеп жасына дейін балалардың көбісі үйде тәрбиеленеді. Үшіншіден бала мектептен гөрі, үйде уақытты көп өткізеді. Сондықтан, бала тәрбиесіне бірден - бір жауапты ата - ана. Бала тәрбиелі, еңбекқор, инабатты болып өссін деген ата - анаға мынандай кеңестер ұсынамыз:

  2. 5 слайд
    1. Бала алдында, отбасындағы өзара қарым – қатынаста, мәдениетті, сыпайлық сақтау керек.
    2, Ата – ана баланың жора - жолдастарының қандай екенін, олармен қарым - қатынастарын қадағалауы керек.

    3. Баланың оқу - тәрбиесіне үнемі назар аударып, олармен пікірлесіп, әңгімелесіп отыру да ерекше тәсілдердің бірі.
    4. Баланы еңбекқорлыққа тәрбиелеуде, үйдегі шаруалардың да маңызы зор. Ендеше баланы үй шаруашылығына араластыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеңіз!
    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: балам жақсы, тәрбиелі болып өссін деген ата - ана отбасындағы тәрбиеге қатты назар аударуы тиіс деп ойлаймыз.

    1 - жүргізуші
    Отбасы – адам баласының дамуына ықпалы зор.
    Біздің байтақ еліміз
    Отбасынан құралған
    Елін сүйер сеніңіз
    Өз жанұясын сүйе алған
    5 слайд

    Халқымыздың аяулы ұлы Б. Момышұлы кезінде былай мұңайған екен «Жаудан да даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді білмейтін балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке - шеше жоқ»- деген екен. Ол кісі арамызда жоқ. Ал бірақ батыр, жазушы атамыз көтерген мәселе бәрімізді алаңдатуы тиіс.»Балам»дейтін жұрт болмаса,»жұртым» дейтін бала қайдан болсын - демей ме, ендеше ел болып халық болып, әр отбасы болып ұрпағымызды тәрбиелейік.

    Бала тәрбиесі, ұрпағымыздың болашағы кім - кімді де ойландыратын мәселе. Құрметті тәрбие сағатымызға қатысып отырған ата - аналар ендігі кезек сіздерге мына алдарыңыздағы ұяшықтар ретімен таңдай отырып, отбасында кездесетін мәселелер туралы өз ойларыңызды білдіресіздер.

Слайд арқылы тапсырмалар орындалады

Сіздерге көп - көп рахмет. Айтқан пікірлеріңіз барлығы да орынды.

1 оқушы
Ана - сая болар бағың бала
Әке - асқар тауың, дейді қазақта
Бір күн бар жылытар күн, жұбатар күн
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн
Мейлі, ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын
Әке - шеше деген сезімді ұмытар кім?

2 оқушы

– Оң қанатым - әкем
Сол қанатым - анашым
Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік
Мұғалім:
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің
Әке - шуақ шашатын таң екенсің
Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің - дей келе Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар бүгінгі «Шаңырағым шаттығым », отбасындағы ынтымақтастың, бірлік пен берекенің тығыз болуы мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты бастауыш сынып

Автор: Нурдаулетова Меруерт Турсынжановна

Дата: 08.02.2015

Номер свидетельства: 169337


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства